Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орыс тілі кафедрасы

СИЛЛАБУС
«Латын тілі» пәні бойынша
5В110100 «Мейірбике ісі»

мамандығы үшін


Оқу сағатының көлемі – 90 сағат(2 кредит)

II курс



ІІІ семестр

Карағанды 2011ж.
Силлабус «Латын тілі» элективті пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде

5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін 05.05.2011ж. құрастырылған.


Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді.

№1 Хаттама 29.08.2011ж

Орыс тілі кафедрасының

меңгерушісі ____________ Айкенова Р.А.








  • Оқытушылар туралы мәлімет:

1.Кафедра меңгерушісі:Айкенова Рыскельды Айкеновна,педагогика ғылымының кандидаты, доцент педагогикалық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми қызығушылықтары:тілдерді оқытудың жаңа технологиялары,педагогика.

Орыс және латын тілдерінен сабақ береді.

2.Сизов Дмитрий Владимирович – филология ғылымының кандидаты. Педагогикалық жұмыс стажы – 11 жыл. Ғылыми қызығушылықтары: когнитивті лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, лингвокультурология, психолингвистика. Орыс және латын тілдерінен сабақ береді.

3.Тлеумбетова Дана Бековна- аға оқытушы,педагогикалық жұмыс стажы- 18 жыл.Орыс және латын тілдерінен сабақ береді. Ғылыми қызығушылықтары:тілдерді оқытудың жаңа технологиялары,педагогика,психология.

4.Омашева Жанара Магауяновна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс стажы- 19 жыл. Орыс және латын тілдерінен сабақ береді. Ғылыми қызығушылықтары:лингвистика, мәдениетаралық коммуникация.

5.Туспекова Жанар Жексенбаевна- оқытушы,педагогикалық жұмыс стажы-6 жыл.Қазақ және латын тілдерінен сабақ береді. Ғылыми қызығушылықтары: педагогика, психология.


Байланыс ақпараты: Караганды қаласы, Алалыкин 7 көшесі, орыс тілі кафедрасы.

Пәннің саясаты:

Латын тілінен бағдарламаны құрастыру концепциясында оқытушы әр сабақта студентпен грамматиканың тұрақты білімін,термин жасауды.лексиканы және алған білімдерін тәжірибе жүзінде талап етуін қарастырады.Студент барлық семинарлық сабақтарға қатысу және сабақтарда тапсырмаларды, жаттығуларды орындау ,тест сұрақтарына жауап беру,СӨЖ тақырыптарын дайындауда белсенді ат салысуы қажет.



Аралық бақылауды орындауға қойылатын талаптар:

Студент оқыған грамматикалық және лексикалық материалдарды,медицинаның үш тарауы – анатомиялық,клиникалық, фармацевтикалық терминологиялары бойынша медициналық терминдерді аудару дағдыларын меңгеруі керек.



Тапсырмаларды және жаттығуларды орындауға қойылатын талаптар: Жаңа грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін алу, үй тапсырмасын орындау және сабаққа әрқашан дайын болу керек.

СӨЖ орындауға қойылатын талаптар:СӨЖ тапсырмаларын орындау тақырыпты өз бетінше меңгеру,әдебиетпен жұмыс жасау,ұсынылған бағдарлама бойынша медициналық терминдерді жазбаша аударуын және жобаны дайындауды қарастырады.СӨЖ тапсырмаларын әр студент жазбаша және белгілі мерзімде тапсырады.

Жобаны қорғауға қойылатын талаптар:Жобаны қорғау СӨЖ бағалау парағы бойынша жүргізіледі.

Емтиханды тапсыруға қойылатын талаптар:

Емтихан студенттің барлық өткен тақырыптарын қамтиды.



Міндетті түрде уақытында орындау және тапсыру керек.

1.тәжірибелік тапсырмаларды;

2.өздік жұмыстарының барлық түрлерін (ОЖСӨЖ және СӨЖ)

3.аралық және қорытынды бақылауды




Кіріспе

Латын тілін оқыту және медициналық терминологияның негіздерін меңгеруі пәннің логикалық-дидактикалық құрылымына сәйкес жүргізіледі және жүйеленген терминологиялық оқыту принципіне негізделеді.Медициналық терминологияның әрбір үш жүйесі өзіндік грамматикалық, сөз жасамдық және лексикалық ерекшеліктері болғандықтан, оқыту жеке тараулар түрінде жүргізіледі(анатомиялық, клиникалық, фармацевтикалық терминологиялар).Бекіту және бақылау әдістемесіне сәйкес әр бөлімде пәнге байланысты лексикалық және грамматикалық материалдар іріктеліп алынған. Латын тілі пәні бойынша теориялық және клиникалық пәндерімен пәнаралық байланыста болады, яғни интеграциялық принципі сақталады.Латын тілін оқытудың жалпы білім беретін аспектісі жалпы мәдениеттік, тарихи-медициналық деонтологиялық және эстетикалық сипаттағы ежелгі ойшылдардың нақыл сөздері мен афоризмдерін пайдалануды қажет етеді.


Пәннің мақсаты: студенттерге халықаралық медициналық терминология негіздері, анатомиялық, фармацевтикалық(жалпы рецептурамен) және клиникалық - медициналық терминологияның үш тарауы бойынша білім алуға көмектесу.

Оқытудың міндеттері:

  • медициналық терминология негіздерін оқыту, оның үш жүйесіндегі, яғни анатомиялық, клиникалық және фармацевтикалық терминологиядағы ғылыми түсініктерін дұрыс атау дағдысын дамыту;

  • медициналық терминологияның негіздеріне оқытып шығу

  • студенттің кәсіптік тіл мәдениетін қалыптастыру

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Латын тілін оқыту барысында терминология жағынан сауатты дәрігер дайындауға және оның кәсібіне байланысты тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Студент білуге тиісті:

  • әріптер мен әріп тіркестердің жазылуын,

  • дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін,

  • оқудың негізгі ережелерін,

  • зат есімдердің септелуін,

  • сын есімдердің септелуін,

  • сын есімдердің зат есімдермен қиысуын,

  • дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулардың жасалу тәсілдерін

  • есте сақтау ұзақтығы деңгейіндегі лексикалық минимумын

  • рецепттің құрылысын және жазылуына қойылатын талаптарын.

Студент істей алуға тиісті:

  • бағдарлама көлемінде латын тілінде оқуды және жазуды

  • медициналық терминдерді қазақ тілінен латын тіліне және керісінше аудара білуді

  • рецепттерді сауатты жазып, оларды латын тіліне аударып, және латын тілінен қазақ тіліне аудара білуді

  • латын тілінде химиялық қосылыстардың атауларын құрастыруды(оксидтердің,тұздардың,қышқылдардың)

  • дәрі-дәрмектердің атауларында белгілі бір хабары бар түбірлерді анықтай алуды

  • клиникалық терминдердің жалпы мағынасын анықтау,қалыптасқан өнімді үлгілерге сәйкес және терминоэлементтерді қолдана отырып, клиникалық терминдерді жасай білуді

  • коммуникативтік дағдыларды меңгеруді


Студент дағдыларды меңгеруге тиісті:

  • латын тілінде медициналық терминдерді оқу,жазу;

  • медициналық терминдерді қазақ тіліне аудару

  • рецепттерді сауатты жазып, оларды қазақ тіліне аудара білу

  • медициналық терминология білімдерін қолдана отырып химиялық қосылыстардың атауларын құрастыру

  • дәрі-дәрмектердің атауларында белгілі бір хабары бар түбірлерді анықтай алу және олардың негізінде терминдерді қазақ тіліне аудару

Студент сұрақ қоюда білікті болуы қажет:

  • теориялық және тәжірибелік пәндерде ғылыми түсініктерді латынша терминдерімен атау;

  • өздік жұмысының ақпаратымен (оқу,ақпараттық,нормативтік,ғылыми)


реквизитке дейінгі : орыс, қазақ және шетел тілдер
реквизиттен кейінгі: анатомия, физиология , фармакология
Пәннің қысқаша мазмұны: Пәннің мазмұны анатомиялық, клиникалық, фармацевтикалық терминологияларын оқыту болып табылады.Әрбір медициналық терминологияның жүйесі өзіндік грамматикалық, сөзжасамдық және лексикасы жағынан ерекшеленеді, сондықтан пәнді оқыту жеке бөлім бойынша жүргізіледі.Әр бөлімді бекітуге және бақылауға арналған салалық лексикалық және грамматикалық материалдар таңдалған.

«Анатомиялық терминология» бөлімі мынадай негізгі грамматикалық тақырыптарды енгізеді:атау және ілік септіктерінің жекеше және көпше түрлері, зат есімдердің род категориясы,сын есімдердің сипаттамасы,сын есімдердің салыстырмалы шырай категориясы,сын есімдердің зат есімдермен қиысу принципі, анатомиялық терминдердің құрылымы.

«Фармацевтикалық терминология және рецептура» бөлімі мынадай тақырыптарды енгізеді: «Фармацевтикалық терминология», «Дәрілік құралдардың номенклатурасы», «Латын тіліндегі химиялық номенклатура», «Рецепттің құрылысы»

«Клиникалық терминология» бөлімі патологиялық анатомия терминологиясына негізделеді. Бұл бөлімде аурулардың атаулары, патологиялық қалпы,медициналық пәндердің атаулары,операциялардың түрлері, емдеудің әдістері мен тәсілдері,медициналық техникадағы құрал-жабдықтарының атаулары беріледі.Клиникалық терминологияны меңгеру үшін студенттерге сөзжасамның өнімді үлгілерін және тәсілдерін,сөзжасамдық элементтердің және жиі кездесетін түбірлердің минимумын,клиникалық терминдердің құрылымдық ерекшеліктерін, грек-латын дублеттерінің белгіленуін, жеке терминоэлементтерін меңгеруі керек.


Семинарлық сабақтардың тақырыптық жоспары:




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі


Ұзақтығы

1

Кредит №1

І Цикл Анатомиялық терминология Фонетика. Алфавит.

семинар

2

2

Анатомиялық терминологияға кіріспе. Зат есім. Қиыспаған анықтауыш.

семинар

2

3

Сын есім. Грамматикалық категориялар.Қиысқан анықтауыш.


семинар

2

4

Күшейтпелі шырай. 3 септеумен септелетін бір және үш жалғаулы сын есімдер.Құрамы аралас анатомиялық терминдер


семинар

2

5

ІІІ септеу зат есімдерінің родтық жалғаулары.Ережеден тыс род категориясының ерекшеліктері.ІІІ септеу зат есімдері мен құрамы аралас анатомиялық терминдер

TBL(Team – Based Learning)-командалық әдіс

2

6

Зат есім мен сын есімдердің атау және ілік септіктерінің көпше түрі.

семинар

2

7

ІІ Цикл Клиникалық терминология

Клиникалық терминология туралы жалпы түсінік. Терминоэлемент туралы түсінік. Клиникалық терминологиядағы сөзжасам.



семинар

2

8

Күрделі терминнің құрылымындағы ТЭ орны.Клиникалық терминология құрылымының жалпы көрінісі.

семинар

1

Кредит №2

Күрделі терминнің құрылымындағы ТЭ орны.Клиникалық терминология құрылымының жалпы көрінісі



семинар

1

9

Мүшені,жынысты,жасты және ұлпаларды білдіретін грек-латын дублеттерінің атаулары

семинар

2

10

Әртүрлі физикалық қасиеттерді,сапаны,қатынастарды және басқа белгілерді білдіретін жеке терминоэлементтер.

TBL(Team – Based Learning)-командалық әдіс

2

ІІІ Цикл Фармацевтикалық терминология

11

Етістік.Етістіктің грамматикалық категориялары. Рецептурадағы бұйрық және шартты райлар.

семинар

2

12

Тривиальды атауларындағы жиі кездесетін түбірлер.

семинар

2

13

Химиялық элементтердің, қышқылдардың, оксидтердің, тұздардың атаулары.

семинар

2

14

Дәрі –дәрмектердің бірнеше сөзден тұратын атаулары

TBL(Team – Based Learning)-командалық әдіс

2

15

Таблеткалар мен балауыз дәрілердің ерекше жазылуы.

Ең маңызды рецептуралық қысқартулар



семинар

2







Барлығы:

30


ОЖСӨЖ тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Өткізу түрі


Ұзақтығы

1

Кредит №1

Цикл Анатомиялық терминология

Дыбыстардың ұзақтығы мен қысқалығы. Екпін ережесі.



практикалық сабақ

2

2

Анатомиялық терминнің құрылымы

практикалық сабақ

2

3

Салыстырмалы шырай.Сөздік форма. Септеу.


практикалық сабақ

2

4

ІІІ септеу зат есімдері.Жалпы ерекшеліктері.Сөз негізінің өзгеруі.

практикалық сабақ

2

5

Латын тіліндегі зат есімдердің және сын есімдердің көпше түрі.

практикалық сабақ

2

6

Тарау бойынша соңғы сабақ

бақылау жұмысы

1

ІІ Цикл Клиникалық терминология

Клиникалық терминологиядағы сөзжасам. Префикстеу. Жұрнақталу .Сөздердің бірігуі


практикалық сабақ



1


7

Клиникалық терминологиядағы сөзжасам. Префикстеу. Жұрнақталу .Сөздердің бірігуі

практикалық сабақ

2

8

Кредит №2

Грек-латын дублеттері және жалғыз ТЭ




практикалық сабақ

1

Грек-латын дублеттері және жалғыз ТЭ


практикалық сабақ

1

9-10

Үдерістің функционалды және патологиялық қалыптарды білдіретін жеке терминоэлементтер.
Бірнеше сөзден тұратын клиникалық терминдер


практикалық сабақ
практикалық сабақ


2

2


11

Тарау бойынша соңғы сабақ

бақылау жұмысы

1


ІІІ Цикл Фармацевтикалық терминология

практикалық сабақ

1

12

Фармацевтикалық терминология. Дәрілік құралдардың номенклатурасы.
Латын тіліндегі химиялық номенклатура

практикалық сабақ

практикалық сабақ



1
1

12

Рецепттің құрылысы. Дәрілік форма туралы қысқаша түсінік. Құрамында дәрілік формасы бар препараттардың атаулары

практикалық сабақ

2

13

Табыс септігі және аблятив. Предлогтар,

практикалық сабақ

2

14

Табыс септігі және аблятив. Предлогтар

практикалық сабақ

1

15

Тарау бойынша соңғы сабақ

бақылау жұмысы

1







Барлығы:

30


Кеңес беру уақыты: Кеңес кафедра тағайындаған кестеге сәйкес өткізіледі.

Аралық бақылау уақыты:

Мамандық

Курс/поток/топ

Пән

апта/күні

Уақыты

5В110100 «Мейірбике ісі»

2 курс, .№201,202топ

«Латын тілі»

7 апта/

13.10.2011



17.45-18.35











13 апта/

28.11.2011



8.00-8.50



Қорытынды бақылау уақыты: сабақ кестесі бойынша
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар
СӨЖ тақырыптық жоспары



Сабақтың тақырыбы

Орындау түрі

Ұзақтығы

1

Ежелгі шығыс медицинаның жазба ескерткіштері.

Тақырыпты өз бетінше оқу,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

2

Латын тілінің тарихынан.

Тақырыпты өз бетінше оқу,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

3

Медицина тарихындағы латын және ұлттық тілдерінің рөлі


Тақырыпты өз бетінше оқу,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

4

«Gaudeamus» студенттердің әнұраны

Тақырыпты өз бетінше оқу, жобаны дайындау. PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

2

5

Деонтология.Латын афоризмдері.


Тақырыпты өз бетінше оқу, нақыл сөздер жинағымен жұмыс жасау,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

6

Осы және өткен шақ есімшесі.


Тақырыпты өз бетінше оқу,құрамы аралас анатомиялық терминдерді аудару,терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

7

Анатомиялық терминнің құрылымы

Тақырыпты өз бетінше оқу,құрамы аралас анатомиялық терминдерді аудару,терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

8

Грек тілі туралы қысқаша түсінік.

Тақырыпты өз бетінше оқу, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

2

9

Клиникалық терминологиядағы сөзжасам.


Тақырыпты өз бетінше оқу,оқу-құралы бойынша клиникалық терминдерді аудару, терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

.


2

10

Кәсіби медицина сөздері

.


Тақырыпты өз бетінше оқу,оқулық және Тақырыпты өз бетінше оқу,оқу-құралы бойынша клиникалық терминдерді аудару, терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

2

11

Осы шақтың негізгі және ырықсыз етістері

Тақырыпты өз бетінше оқу,оқулық бойынша жазбаша тапсырмаларды орындау, терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

2

12

Рецептурадағы үстеулер мен есімдіктер


Тақырыпты өз бетінше оқу,оқулық және оқу-құрал бойынша рецепттерді аудару, терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі

2

13

Фармацевтикалық терминология мен рецептурадағы негізгі және ырықсыз етістерінің есімшесі.

Тақырыпты өз бетінше оқу,оқулық бойынша жазбаша жаттығуларды орындау, терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау,

PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



2

14

Әлемдік синонимия.Халықаралық патенттелмеген атаулар.


Тақырыпты өз бетінше оқу, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі




15

Гиппократ анты


Тақырыпты өз бетінше оқу, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі










Барлығы:

30

Пән бойынша проекті тапсыру және орындау графигі:

СӨЖ әр студент жазбаша, кафедрада белгіленген мерзімде тапсырады.СӨЖ бағалау жобаны бағалау парағы бойынша жүргізіледі.




Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

СӨЖ бойынша тақырыптың №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын студент сабақ беретін оқытушыға кафедраның «Кеңес беруде» қарастырылған күнде,сағатта тапсырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

негізгі:

1. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологии. – М.:

Медицина. – 2004.

2. Чернявский М.Н. Латинский язык и основы фармацевтической терминологии – М.:Медицина. – 2002

3.Глазкова Л.В. Пособие по латинскому языку: клиническая терминология.-Караганда:КГМА.-2002

4. Глазкова Л.В. Пособие по латинскому языку: Фармацевтическая терминология. -

Караганда: КГМА. -2002.

5. Айкенова Р.А.,Омашева Ж.М.,Туспекова Ж.Ж. Латын тілі пәні бойынша оқу құралы(фармацевтикалық терминология).- Караганда,2006.



қосымша:

1.Ахметов М.А. Медицина терминдерінің сөздігі.-Алматы-2005

2.К.К. Капенова, М.Е. Тебенов Орысша-қазақша медицина терминдерінің сөздігі. Қарағанды-2007

3.Глазкова Л.В. Vademecum.-Караганда: КГМА.-2008.

4.Рахишев А.Р. Международная анатомическая номенклатура. – Алматы: Асем-

систем. - 2003.




Оқыту және үйрету әдістері:

  • семинарлық сабақтар үшін: әңгіме, ауызша сұрау, жұптасып жүмыс істеу, ауызша және жазбаша жаттығуларды орындау

  • тәжірибелік сабақтар үшін: әңгіме, ауызша сұрау, жұптасып жүмыс істеу, ауызша және жазбаша жаттығуларды орындау,барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушының кеңес беруі

  • TBL (Team – Based Learning)үшін: шағын топтар, пікірталас, жобаларды дайындау;

  • СӨЖ үшін: тақырыпты өз бетінше оқу, PBL(Problem-Based Learning) - жоба әдісі



Білім бағасының ережесі және критериі:

Баға шкаласы


Таңбалау жүйесі бойынша бағалау

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-49


Білім бағасының критериі

«Өте жақсы» баға білім алушыға,егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған,зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған,бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан,коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған,ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып,пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%- дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізгісіз ескертулері болмаған,коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізгісіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша әдебиеттерді пайдаланған,ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып,немесе негізгісіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген,бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын,үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегімен қажет еткен,коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізгісіз ескертулері болған,зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген,материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.



«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгісіз материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған,бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

  • Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі

(ҚММУ ағымдық жылға бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады2011ж)

Ii курс ІІІ семестр Карағанды 2011ж

Кафедра меңгерушісі: Айкенова Рыскельды Айкеновна,педагогика ғылымының кандидаты, доцент педагогикалық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми қызығушылықтары: тілдерді оқытудың жаңа технолог

222.66kb.

12 10 2014
1 стр.


Министерство здравоохранения и социального развития

Курс I-II-III, семестр 2, 3, 4, 5, форма обучения очная

330.26kb.

08 10 2014
1 стр.


3-й курс, V семестр Новосибирск 2005

В. А. Лавриненко, С. Д. Мызина, М. С. Виноградова, Л. В. Шестопалова, И. Ф. Жимулев, Е. А. Бакланов, М. Е. Топчиян, В. К. Кедринский

534.03kb.

15 09 2014
4 стр.


3 курс, 6 семестр /. Теоретические вопросы

Пояснение. В ответе на любой из данных вопросов придерживаться следующего плана

18.9kb.

08 10 2014
1 стр.


Аға оқытушы Бопабаев Е. Ч

Мамандығы 5В030100 –халықаралық құқық 2 курс 3 семестр күндізгі қазақ бөлімі 201-топ

156.64kb.

25 12 2014
1 стр.


Вопросы к экзамену I курс 2 семестр

Дать определение линейного дифференциального уравнения первого порядка и изложить метод его решения

26.89kb.

17 12 2014
1 стр.


Лекция 1 (час) Курс: 5 Семестр:

Тема: Основные положения применения методов статистического анализа при изучении общественного здоровья и здравоохранения

33.66kb.

12 10 2014
1 стр.


Темы семинаров С. О. Раевского на осенний семестр 2011-12 Февральская 2 курс

Кассандра. Психотерапия истерии (завершение). Работа с личной сказкой в психоаналитическом и юнгианском подходах

25.67kb.

06 10 2014
1 стр.