Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Имам Әбу Бакр ибн Әби әд-Дуньянің 
қысқаша өмірбаяны
(хижра бойынша 208-281ж.ж.)

1. Оның есімі, шыққан тегі мен дүниеге келуі:

‘Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн ‘Убайд ибн Суфьян ибн Қайс әл-Қураши. Әбу Бакр ибн Әби әд-Дунья деген атпен танымал.


Хижра бойынша 208 жылы Бағдад қаласында дүниеге келген.

2. Ол туралы ғалымдардың сөздері:

Ибн Кәсир былай деген: “Әбу Бакр ибн Әби әд-Дунья хафиз (хадис ғылымының хас шебері), танымал жазушы. Оның “рақаиқ” (жүректі жібітетін мәселелер) пен басқа да тақырыптар туралы өте пайдалы, аса танымал, кең тараған жүзден астам шығармасы бар. Және олардың саны үш жүзге жуық деп айтылды, басқа бірде одан да көп деп айтылды, ал басқа біреулер одан азырақ деді”[1]

Ибн Кәсир ол туралы тағы былай деген: “Ол сенімді, шыншыл, хафиз, ақкөңіл кісі болатын”[2]

Ибн Әби Хатим ол туралы: “Мен және әкем одан әртүрлі асарлар жазып жүрдік. Әкемнен ол туралы сұраған кезде, ол: “Бағдадтан шыққан шыншыл кісі” деп жауап берді” – деген. [3]

Ол кісі қайтыс болған күні Исма’ил ибн Исхақ әл-Қадый: “Аллаһ Тағала Әбу Бакрге Өз мейірімін төксін! Оның өлімімен бірге көптеген білім де кетті” – деген. [4]

Әл-Хатыйб әл-Бағдади былай деген: “Ол халифтің көптеген балаларын тәрбиелеген”[5]

Ахмад ибн Камил былай деген: “Ибн Әби әд-Дунья халиф әл-Му’тадыйдтің тәрбиешісі болған”[6]

Әз-Заһаби былай жеткізген: “Ибн Әби әд-Дуньяның білімі кең, әрі көптеген асарларды білгендіктен, біреумен бірге отыра қалса, оны бір мезетте күлдіріп те, жылатып та жіберетін еді”[7]

Ибн Кәсир былай деген: “Ол халиф әл-Му’тадыйд пен оның ұлы әл-Муктафи деген атпен танылған ‘Али ибн әл-Му’тадыйдтің тәрбиешісі болған. Ибн Әбу әд-Дунья әр сайын олардан он бес динар алып тұратын”[8]

Хайруддин әз-Зирикли: “Ол сөз сөйлеудің әдісін білетін, адамдардың болмысына сәйкес келетін нәрселерден хабардар уағызшы еді. Ол қаласа қасындағыларды күлдіретін, қаласа - жылататын” - деген. [9]

Ибн ән-Надим былай деген: “Ол діндар, заһид, асарлар мен хабарлар мәселесіндегі ғалым еді”[10]

Ибн Тағри Барди былай деген: “Ол халифтердің балаларының тәрбиешісі еді, солардың ішінде әл-Му’тадыйд пен оның ұлы әл-Муктафи де бар. Ол ғұлама, заһид, раббани (тәрбиелеуші дана ғалым), Аллаһқа құлшылық қылушы еді. Оның ғажайып еңбектері бар. Адамдардың көпшілігі оның жинаған білімін мұқтаж. Көпшілігі одан хадис жеткізген, олардың бәрі Ибн Әби әд-Дуньяның сенімді, шыншыл әрі ізгі кісі екеніне бірауыздан келіскен”[11]



3. Оның ұстаздары

Оның көптеген ұстаздары бар. Солардың ішіндегі атақтылары:


1. Мухаммад ибн Исма’ил әл-Бухари
2. Әбу Дәуд Суләйман ибн әл-Әш’ас әс-Сиджистани
3. Әбу ‘Убайд әл-Қасим ибн Сәлләм
4. Мухаммад ибн Идрис Әбу Хатим әр-Рази
5. «Әл-Уәқиди» кітабының авторы Мухаммад ибн Са’д 
6. Ханнад ибн әс-Сарий әт-Тамими әд-Дарими
7. Әбу ‘Убайда ибн әл-Фудайл ибн ‘Ияд

4. Оның шәкірттері

Сонымен қатар оның көптеген шәкірттері бар. Солардың ішіндегі танымалдылары:


1. ‘Абдур-Рахман ибн Әби Хатим әр-Рази
2. Мухаммад ибн Язид ибн Маджаһ әл-Қазуини
3. Әбу Бакр Мухаммад ибн ‘Абдилләһ әш-Шафи’и

5. Оның шығармалары:

Ибн Кәсир былай деген: “Жүзден астам шығармасы бар. Және олардың саны үш жүзге жуық деп айтылды, басқа бірде одан да көп деп айтылды, ал басқа біреулер одан азырақ деді”[12]

Ол әртүрлі тақырыптарда кітаптар жазды. Мысалы, Құранның қырағаттары, хадистер, таухид, фиқһ, зуһдтық, рақаиқ (жүректі жібітетін мәселелер), әдеп, фадаил (белгілі бір істің артықшылықтары туралы), тарих, өмірбаян мен басқа да мәселелерге байланысты кітаптары мол.

Оның жүз кітабын атап өтейік:



1. Әд-Ду’а 
2. Әз-Зикр 
3. Әхуәл әл-Қияма 
4. Ахбар әл-мулюк 
5. Ахбар әс-Саури 
6. Ахбар Му’ауия 
7. Ахбар Қурайш 
8. Әл-Адаб
9. Әл-‘Азама
10. Әл-‘Афу
11. Әл-Ахләқ
12. Әл-Амр бил-ма’руф уә-ннаһи ‘анил-мункар 
13. Әл-‘Ақл уә фадлюһу 
14. Әл-‘Ауз
15. Әл-Әулия 
16. Әл-Ба’с уә-ннушур
17. Әл-Джиран 
18. Әл-Жиһад
19. Әл-Фарадж ба’д әш-шидда 
20. Әл-Фатуа 
21. Әл-Фауаид 
22. Әл-Хадая
23. Әл-Хамм уәл-хузн
24. Әл-‘Идайн 
25. Әл-Ихләс уә-нния 
26. Әл-Ихуан
27. Әл-‘Илм 
28. Әл-Хуләфә
29. Әл-Мәджус
30. Әл-Мағази
31. Әл-Манамат 
32. Әл-Марад уәл-каффарат 
33. Әл-Мауқиф 
34. Әл-Мәут
35. Әл-Мухтадарун 
36. Әл-‘Уббад
37. Әл-Удхия
38. Әл-‘Умр уә-шшәбәб
39. Әл-‘Уқубат
40. Әл-Қира’а
41. Әл-Қубур
42. Әл-Уәсая 
43. Әл-Яқин 
44. Әр-Рида
45. Әр-Риққа уәл-бука 
46. Әш-Шукр
47. Әс-Сабр уә-ссауаб ‘аләйһ
48. Әс-Садақа
49. Әс-Самт 
50. Әс-Сунна
51. Әт-Тарих
52. Әт-Тахадджуд уә қиям әл-ләйл
53. Әт-Тақуа 
54. Әт-Тауаккул 
55. Әт-Тауба 
56. Әз-Зуһд 
57. Замм әд-дунья
58. Замм әл-бағи
59. Замм әл-бухл
60. Замм әл-ғадаб 
61. Замм әл-ғиба уә-ннамима
62. Замм әл-кәзиб уә әһлиһ
63. Замм әр-риба 
64. Замм әр-рия
65. Замм әш-шаһауат
66. Фадаил әл-Қуран
67. Фадаил ‘Али
68. Фадл әл-‘Аббас 
69. Фадл лә иләһә иллә-ллаһ 
70. Фадл Рамадан 
71. Фи’л әл-мункар 
72. Фиқһ ән-нәбий
73. Хусн әз-занн би-лләһ
74. И’та әс-саил
75. Карамат әл-әулия
76. Макаид әш-шайтан 
77. Макарим әл-ахләқ
78. Мақтал әл-Хусайн 
79. Мақтал ‘Али
80. Мақтал әз-Зубайр
81. Мақтал Ибн әз-Зубайр
82. Мақтал Ибн Джубайр 
83. Мақтал ‘Усман
84. Мақтал Талха 
85. Мауа’из әл-хуләф
86. Муджабу әд-да’уа
87. ‘Уқубат әл-әнбия
88. Садақа әл-фитр
89. Шаджара Туба
90. Сидрат әл-мунтаһа
91. Сыйфат әл-джанна 
92. Сыйфат әл-мизан
93. Сыйфат ән-нар 
94. Сыйфат ән-нәбий 
95. Сыйфат әс-сыйрат
96. Тарих әл-хуләфә
97. Та’бир әр-руъя 
98. Тағир әз-заман 
99. Тазуидж Фатима
100. Зуһд Малик ибн Динар

6. Оның дүниеден озуы

Имам Ибн Әби әд-Дунья хижра бойынша 281 жылы 14 жумада әл-ахира күні Бағдад қаласында дүниеден озды. Сол жерде «әш-Шунизия» қабірстанында жер қойнына берілді. Аллаһ Тағала оны Өз мейіріміне бөлесін және Ислам жолындағы еңбегі үшін Жәннат бақтарымен қуандырсын!


__________________________________________________________
[1] Ибн Кәсир «әл-Бидая уә-нниһая» (14/657).
[2] Ибн Кәсир «әл-Бидая уә-нниһая» (14/657).
[3] Ибн Әби Хатим «әл-Джарх уә-тта’диль» (5/163).
[4] Әл-Хатыйб әл-Бағдади «Тарих Бағдад» (11/293).
[5] Әл-Хатыйб әл-Бағдади «Тарих Бағдад» (11/293).
[6] Әз-Заһаби «Сияр ә’ләм ән-нубалә» (13/400).
[7] Әз-Заһаби «Сияр ә’ләм ән-нубалә» (13/400).
[8] Ибн Кәсир «әл-Бидая уән-ниһая» (14/657).
[9] Әз-Зирикли «әл-Ә’ләм» (4/118).
[10] Ибн ән-Надим «әл-Фихрисат» ( 236).
[11] Ибн Тағри Барди «ән-Нуджум әз-заһира фи мулюк Миср уәл-Қахира» (3/98).
[12] Ибн Кәсир «әл-Бидая уә-нниһая» (14/657).

Дерек көзі: «Ханифия» форумы

Имам Әбу Бакр ибн Әби әд-Дуньянің қысқаша өмірбаяны

Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн ‘Убайд ибн Суфьян ибн Қайс әл-Қураши. Әбу Бакр ибн Әби әд-Дунья деген атпен танымал

98.23kb.

15 12 2014
1 стр.


-

Его посланников и последним из Его пророков является Мухаммад ибн Абдулла ибн Абд аль-Мутталиб ибн Хашим ибн Абд Манаф ибн Кусайй ибн Килаб ибн Мурра ибн Ка'б ибн Лу'айй ибн Галиб

3990.67kb.

16 12 2014
26 стр.


Абу Бакр Мухаммад ибн Джа‘фар ан-Наршахи. «Та’рих-и Бухара»

В издательстве «Узбекистон Миллий Энциклопедияси» готовится к печати книга Абу Бакр Мухаммад ибн Джа‘фар ан-Наршахи. «Та’рих-и Бухара» («История Бухары»). Введение, перевод и приме

12.27kb.

09 09 2014
1 стр.


-

Его имя: Абу Ибрагим, Исмаил ибн Яхья ибн Исмаил ибн Амру ибн Муслим аль-Музани, аль-Мисри

146.14kb.

25 12 2014
1 стр.


Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны

Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген

122.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Өзін-өзі өлтіру туралы Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүюі! имам Ибн Касир

Ибн Касир өзінің Құранға жасаған тәпсірінде келтірген мына даналықты әрбір мүмін адам тануға әрі түсінуге тиіс: «Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүю

39.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Фадлан Ахмед Ибн. Полное имя арабского путешественника Ахмед ибн Фадлан ибн аль-Аббас ибн Рашид ибн Хаммад. О жизни этого человека известно очень мало

Сулеймана, завоевавшего Египет в 904-905 годах для Багдадского халифа. В составе посольства багдадского халифа путешествовал через Бухару и Хорезм в Волжскую Болгарию

39.56kb.

14 12 2014
1 стр.


-

Сказал Ибн Махди: "Рассказал нам Абдаллах ибн Мубарак от ал-Авзаи, который рассказал: "Говорил Умар ибн Абдель Азиз: "Если ты увидел людей, которые втайне беседуют о религии их о ч

550.67kb.

12 10 2014
4 стр.