Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Өзін-өзі өлтіру туралы

Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес,

маңыздысы (Аллаһтың) сені сүюі!

имам Ибн Касир

(Аллаһ оны рахым етсін)

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Ибн Касир өзінің Құранға жасаған тәпсірінде келтірген мына даналықты әрбір мүмін адам тануға әрі түсінуге тиіс: «Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүюі!»

Осы айтылған сөздің мағынасы мұсылман адам өзінің Аллаһты сүйетінін білдірумен ғана шекетелмеуі және осымен ғана өзін жұбатып қоймауы керектігінде. Оны ең алдымен «Аллаһ мені сүйеді ме?» деген ой мазалауы керек, өйткені сүйгеннің әрбірі сүйікті бола бермейді!

Дін – бұлжымас қағидалар мен заңдардың шектеулі жинағы, әрі адам тек соларға қатаң ілесу арқылы ғана Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты бола алады. Және біздің кезімізде мұсылмандардың көптеген іс-әрекеттері бәлкім Аллаһқа деген сүйіспеншіліктен жасалып жатқан шығар, алайда олар Оған керек пе?! Бәлкім, керісінше, бұл Аллаһқа жек көрінішті шығар?!

Мысалы, біздің қоғамымызда дін үшін «жанкештілік» деп аталып кеткен актілерді жасау көкейтесті мәселеге айналғанындай. Және бұл идея тіпті осыны Ислам мен мұсылмандардың мүдделерін қорғаудың құралы етіп көрсеткісі келетін өз жақтастарын да табуда. Бірақ кез келген дұрыс ойлайтын мұсылман адам осыған орай: «Ал Аллаһтың алдында өзін-өзі өлтіру тіпті «Дін үшін!» деген ұранмен жасалған болса да заңды ма?», - деп сұрақ қояды.

Егер мүмін адам Құран мәтіндері мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне жүгінсе, ол Аллаһтың мына сөздерін көреді: «Өздеріңді өздерің өлтірмеңдер, расында, Аллаһ сендерге Рахымды» (4:30).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде былай деп айтылған:

Сабит ибн Даххактан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім қандай да бір нәрсемен өзін-өзі өлтірсе, Қиямет Күні сол нәрсемен азапталады». әл-Бухари 6047, Муслим 176.

Сондай-ақ, Абу Хурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім әдейі өзін таудан тастап опат етсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім әдейі у ішіп өзін опат етсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол уды қолында ұстап, үздіксіз ішумен болады; кім өзін темірмен өлтірсе, мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірмен өзінің қарнын үздіксіз өз қолымен ұра береді», - деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 175.

Сондай-ақ, Абу Хурайрадан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кім өзін-өзі тұншықтырса, өзін-өзі тұншықтыруын Отта жалғастырады, ал кім өзін-өзі сойып өлтірсе, мұны Отта да істейді». әл-Бухари 1365.

Жундабадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Көп жарақаттары бар бір адам өзін-өзі өлтірді және сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Менің құлым өз еркімен менен озды, сол үшін мен оған Жәннатты харам еттім». әл-Бухари 1364.

Жәбир ибн Самурадан (Аллаһ оған разы болсын): “Бірде жарақат алған бір адам өзін-өзі өлтіргенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқымады (мұндай теріс іс-әрекетпен келіспегендігі және оны сөккендігі себепті)”, – деп жеткізіледі. Шейх әл-Әлбани бұл хадистің сахихтығын растаған. “Сахих әт-тарғиб” 2457.

Құран мен Сүннеттің бұл айқын мәтіндері кез келген себеппен өзін-өзі саналы түрде өлтіруге өте қатаң тыйым салынғандығына нұсқайды, әрі осы тыйымның күшін жоятын ешқандай ерекшелік жоқ. Демек, бұл іс-әрекет Аллаһқа сүйікті бола алмайды, керісінше, мұндайды істеген адам ұлы жазаға тартылудың қауіпінде болады. Ендеше осындай қорқытушы мәтіндерден соң қалайша тақуа мұсылман адам өзін-өзі өлтіруге бара алады?!

Ал өзіне білім жеткен соң жоғарыда келтірілген қасиетті мәтіндерді елемей, осындай актілер дінде рұқсат етілген деген ұстанымды қорғауға тырысып жатқан адамға келер болсақ, ол шын ықыласпен өзіне мына сұрақты қойсын: оны не итермелеп жатыр: өзіне ең қымбат болған нәрсемен дін үшін қоштасуды қалауы ма әлде сонда да қорқақтық, өш алуға деген құштарлық, әлсіздік, сабырлықтың жетпеуі, кесірлікті қалауы немесе басқа да жеке амбициялары ма?!

Ал Аллаһ Құранда былай дейді: «Аллаһтан бір жол-жорықсыз, өз әуес-қалауына ергеннен әрі адасқан кім бар?» (әл-Қасас сүресі, 50-аят);



«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсылық деп есептеген біреу тура жолға ерген біреумен тең бе? Расында, Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады» (Фатыр сүресі, 8-аят);

«Ал сонда Раббысынан түскен басшылыққа ілескен біреу өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестерін құптай берген біреумен тең бе?» (Мухаммад 47: 14).

Әрі ең соңында айтарым: Аллаһтан қорқыңдар және сендерді бұл дүниедегі бақытсыздыққа және Ақыреттегі азап шегушілікке итермелейтін шайтанның олжасына айналмаңдар!



Аллаһтан қорқыңдар, әрі Ол сіздерге діндегі дұрыс түсінікті нәсіп етіп, айқын да жасырын да болған адасушылықтар мен бүліктерден сақтасын!
Және Аллаһтың елшісі әрі құлы Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Дереккөз: www.athar.kz

Өзін-өзі өлтіру туралы Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүюі! имам Ибн Касир

Ибн Касир өзінің Құранға жасаған тәпсірінде келтірген мына даналықты әрбір мүмін адам тануға әрі түсінуге тиіс: «Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүю

39.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Имам Әбу Бакр ибн Әби әд-Дуньянің қысқаша өмірбаяны

Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн ‘Убайд ибн Суфьян ибн Қайс әл-Қураши. Әбу Бакр ибн Әби әд-Дунья деген атпен танымал

98.23kb.

15 12 2014
1 стр.


-

Его посланников и последним из Его пророков является Мухаммад ибн Абдулла ибн Абд аль-Мутталиб ибн Хашим ибн Абд Манаф ибн Кусайй ибн Килаб ибн Мурра ибн Ка'б ибн Лу'айй ибн Галиб

3990.67kb.

16 12 2014
26 стр.


Өзін-өзі өлтіру актілерінің ЖӘне жарылыстардың ауыр зардаптары

Төртінші ереже: Мұсылман адамға дұшпандардың аймағында оларға қатысты қиянат жасауына тыйым салынады, егер олар оған қауіпсіздік берген болса

1121.64kb.

25 12 2014
5 стр.


Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

«Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» және 1998 жылы 24 наурыздағы «Нормативтік құ

284.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1 тармақтың 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының

158.16kb.

08 10 2014
1 стр.


Жоба «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданы өткiзу туралы ереже

Азақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

43.47kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабак 1 Сынып Күні Сабақтың тақырыбы

Оқулықтың 8 беттіндегі «Өзін өзі тану еліне саяхат». «Өзін өзі тану елі» «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерден тұрады

33.67kb.

17 12 2014
1 стр.