Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 71страница 72страница 73страница 74
адарушыдан.

3 Сонымен Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол мақтаулар оның жүрегіне тәкәппарлық сезімін ұялатып түбі опат болады, деп тұр.

Біздің ойымызша бұның тағы да бір түсінікткмесі бар ол мынадай: «Мақтауға бір Аллаһ ғана лайықты» – аударушыдан.



1 Яғни, оның сөзінің өтірік-шындығы жайлы жауапты.

2 Яғни, бұл хадистер сырт көзге қарағанда бір-бірімен қарама-қайшы болғанымен олардың еш қарама-қайшылығы жоқ, өйткені олар біріне мақтау зиян тигізетін, ал енді бірінен мақтау зиян тигізбейтін әр-түрлі адамдар жайлы айтылған.

1 Сарғ – Шамның жанындағы елді мекеннің аты.

2 Яғни, жаумен соғыспақ ниетпен шықтың.

3 Сонымен Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде не деп айтқанын естімеген соң барлық беделді адамдармен сөйлесіп, өзі шешім қабылдады.

4 Яғни, егер бұны басқа біреу айтса, мен таң қамас едім, деп тұр.

1 Яғни, Шариғаттың үкімімен қаны хәләл (рұқсат) етілген адамдардан басқа адамды өлтіру.

1 Дибадж – негізі жібектен құралған қымбат мата. Жібек киім мен дибадждан жасалған киімге тыйым тек қана ер кісілерге қастысты.

2 Яғни, имансыздар.

3 Халандж – ыдыс жасайтын қатты ағаш.

1 «Ахмас» (жекеше түрде «хумс» - діндегі нағыздар). Бұлай (жахілет заманында) Қағбаны қасиеттеуші екі рудың адамдарын атайтын. Олар Қағбаны айналып тауап еткенде өздерінің киімдерімен тауап ететін, ал басқа рудың адамдары Қағбаны тауап етпекші болса, онда ахмасидтерден киім сатып алулары керек болатын да, ал егер киім сатып ала алмаса, онда жалаңаш тауап етулерін талап ететін.

2 Бұл жерде Шариғат рұқсат бермесе де, өзінің шығу тегінен бас тартқанды рұқсат санаған адамдар жайлы айтылып жатыр.

1 Харам – барлық тірі жанды өлтіруге және ағаштарды сындыруға тыйым салынған қасиетті аумақ.

2 Құл, не болмаса абыройы төмен адам.

3 Яғни, мұсылмандардың бірі біреуді өзінің қорғанынан алса, қалғандары оны мойындап ешкім қорғанға алынған адамға тиіспеу керек, яғни қоғанға алушы мен қорғанға алынған адамның арасындағы шартың орындалуына көмек жасауы керек.

4 Бұл жерде құл болып сосын бас бостандығын алған адамдар жайлы айтылып жатыр. Олар бас бостандығын алған соң бұрынғы қожайынының алдында белгілі бір міндеттері қалып бұрынғы қожайыны оның қамқоршысы саналатын. Сонда бұрынғы қожайынының келісімісіз басқаның қамқорлығына кетуге рұқсат болмайтын.

5 Орысша нұсқасында: «...Аллаһ сендерді Өз Өзінен сақтандырады (ескертеді)...», - деп аударылған – аударушыдан. Яғни, азаптай алатын жазасынан ескертеді.

6 Яғни, жазалағанда.

1 Арабтардың жәһілет заманында құлшылық қылған пұт құдайлары.

2 Яғни, құмар ойынын.

3 Күнәсінің өтемі ретінде.

4 Яғни, Пайғмбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде адамдармен көп сөйлескені соншалық, өзінің айтып жатқан әңгімесіне көңіл аударту үшін шаршаған уақытта дем алу үшін даусын бәсеңдетсе демалып болған соң даусын көтеріп сөйлеген. Сондай-ақ бұның басқаша аудармасы болуы мұмкуін: «...біресе ол туралы жиренішпен айтса, енді бірде оны мәнін өте жоғары етіп айтты».

1 Яғни, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Дажжалдың азғыруы жайлы айтып, адамдар оның аса маңыздылығын түсініп қорыққан.

2 Басқаша айтқанда, оның жалған сөздері (мен дәлелдерін) өзім жоққа шығарамын.

3 Яғни, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жоқта әр-бір мұсылманды Дажжалдың азғыруынан және ақиқат жолынан тайып кетпеуінен Аллаһтың Өзі жердемдеседі.

4 Бір көзі ісінген адам жайлы айтылып жатуы да мүмкін.

5 Бір хабарлар бойынша Абд аль-'Узза бин Катан бану мусталяқ руының адамы болып жаһілет заманында-ақ қайтыс болған, ал имам Ахмад келтірген нұсқасында, ол Ислам дінін қабылдағаны және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл сөздерін есітіп: «Иә Аллаһтың елшісі, менің онымен ұқсастығымның маған зияны тиуі мүмкін бе?», - деп сұрағанда, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жоқ, өйткені сен имандысың, ал ол болса – кәпір», - дегені келтіріледі.

6 Бұл жерде бірінші он аяты жайлы айтылып тұр, ал бұл хадистің басқа нұсқасында Дажжалдың азғыруынан сақтану үшін бұл сүренің соңғы он аятын оқу керектігі жайлы айтылады.

7 Яғни, ол күні күнделікті бес намазды оқысақ жеткілікті болады ма?, деп жатыр. Бұл сұрақтың басқа күні айға және аптаға да тең күндеріне қатысы бар екендігі анық.

8 Бұл дегеніміз, ол күні таң намазынан кейін бесін намазын, жәй күндері сол намаздардың арасында шамамен қанша уақыт өтсе сол уақытты өлшеп бесін намазын оқуы керек, солай әр намаздың арасын өлшеп отыру қажет.

Қазіргі күндерідің өзінде-ақ бұл хдистегі нұсқауларды солтүстік және оңтұстік полюске жақын орналасқан мұсылмандар қолдануда. Ол жерлерде күні бірнеше тәулікке созылатын күндер және түні бірнеше тәулікке созылатын күндер бар, олар да сондай күндері тәулік ішіндегі намазды есептеп оқиды – аударушыдан.



9 Дәжжәл адамдарға, мен сендердің құдайларыңмын, деп, соған иман келтіруге шақырды.

1 Людд —Иерусалимнің жанында орналасқан елді мекен.

2 Йаджуж бен Маджуж (библиядағы Гог пен Магог) — Құранда айтылған адамдарға жау, Жердің қиыр шығыста қабырғаның ар жағында тұратын жандар. Ахірет күнінің алдында бұл қабырға құлап «Йаджуж бен Маджуж ағытылып, әр-бір төбеден келгенге дейін» «Әнбиә» сүресі, 96 аят.

3 Яғни, аштық болады.

4 Йаджуд бен Маджуждің мәйітінің сасық иісінен.

1 Яғни, адамдардың көзінше қосыла беретін есектер секілді.

2 Яғни, олар ұшқан құс секлді жамандыққа жеңіл болып бір-бірін жабайы аңдай қудалайтын болады.

3 Басқаша айтқанда, Ахіреттің бірінші сүрі үріліп барлық тірі жан өлтіріледі.

1 Арабша «анкаб» — тесік; қазылған жолдар.

2 Тайләсан — жасыл парсылық шапан.

3 Яғни, одан аз ғана адам құтылған азғырудай азғыру болмайды.

1 Яғни, бұның бәрі сенің Дәжжәл екендігіңді одан артық айқындайды.

2 Яғни, Алаһ үшін Дәжжәлдің құдіреті емес, адамдардың оның артынан ергені маңыздырақ болады.

3 Бұл хадистің аль-Бухари келтірген нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі: «...және оның көздерінің арасында «кәпір» (имансыз), деген жазулар болады». Жоғарыда айтылған әріптер өзара арабтың «имнсыз» (кәфир) және «имансыздық» (куфр) сөзінің түбірін құрайды.

1 Гаркад – тікенді бұтаның түрі.

2 Бұл Ахірет күнінің басталуының алдында болады.

3 Таулы өткелдің аты.

1 Сүлеймен пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олай шешкені, ол әйелдің бала үшін бәріне дайын тұрғаны болды.

2 Өлетіндігі.

1 Аллаһ Тағала айтты: «Және сендерден тек залым болғандарға ғана кесірі тиіп қалмайтын пітнеден сақтаныңдар...» «Әнфәл» сүресі, 25 аят.

2 Яғни, Аллаһтың не жайлы айтпағанын сұрастырмаңдар, өйткені оларың өздеріңе қосымша қиын міндеттемелерді жүктеуге алып келуі мүмкін.

1 Бұл сөздердің мағынасы, иманды адам өзінің қателіктерін қайталамау керек, дегені – ал бәрін білуші бір Аллаһ қана.

2 Абу Хурайрараның, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бұл айтқандарының бәрі Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, естігендері.

1 Бұл жерде «аманат», дегені, ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын шариғат білімі. Бұл хдистің Аль-Бухари келтірген тағы бір нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені елтіріледі: «Ахірет күнінің жақындағанының белгілерінің бірі, ол білімді жастардан іздей бастағаны». Сонымен бұл жерде әңгіме, таза ілімнің жоғалып, надандықтың өршитіндігі жайлы болып тұр.

2 Яғни, парыз намазының уақыты мен оның барлық іс-әрекеттерінің дұрыс орындалуы.

3 Бұл хадистің басқа нұқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені келтіріледі: «ал егер олар бәрін дұрыс істесе, онда сендерге, оларға да сауабы тиеді.

4 Егер имам біле тұра әдейі қателік жасайтын болса, онда ол күнәсін тартады. Ал егер имам білмей (не абайсызда) намаз бұзылатындай қате жасайтын болса, онда ол намазын қайталап оқып шығу керек, бірақ та бүдан оның артында тұрған адамдардың намазы бұзылмайды. Басқа жағдайда бұның мына аударылым түрі дұрысырақ болар еді: «...онда сендерге бәрібір сауабы тиеді де, бірақ оларға намазын тағы қайталап оқып шығу кереку».

5 «Аль-Имран» сүресі, 110 аят.

6 Яғни, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бұл сөздерді Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, естіген.

7 Таң қалады дегені, Аллаһ бұндай көп сый күтіп тұрған адамдарға риза болады дегені. Сондай-ақ бұл жерде алдыңғы хадистегідей, алдымен тұтқынға түсіп, сосын Исламның ақаиқаттығына көздері жетіп өз еріктермін Ислам қабылдап және сол арқылы Жәннәтқа кіретін адамдар жайлы айтылып жатыр.

8 «Биляд» — «ел, аймақ», дегенді білдіретін «баләд» сөзінің көпше түрі.

1 Яғни, шайтан адамдардың ішіндегі достарына харам істерді жасауға ұмтылдырады.

2 Яғни, шайтан риза болатын амалдар жасалатын орын.

3 «Мухаммад» сүресі, 19 аят.

4 Яғни, Мухаммад пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алдындағы пайғамбарлардан.

5 Тәпсірлерде бұның түрлі мағыналары келтіріледі. Олардың бірі бойынша, егер ісі үшін Аллаһтың және адамдардың алдында ұялмайтын болса, онда оны істей беруге болады, яғни ондай істің хәләдігі. Ал енді бірінде бұл сөздерді қорқыту ретінде түсінуге болады: егер сен ұяттан безген болсаң, онда не істегің енлсе соны істей бер, бірақ артынан Аллаһ соның үшін жазаңды береді.

6 Яғни, түтінсіз оттың жалынынан. «Рахман» сүресінің 15 аятын қара.

7 Бұл жерде былай деп айтылған Құран аяты жайлы айтылып жатыр: «Одан (топырақтан) сендерді жараттық. Оған қайтарамыз да екінші рет содан шығарамыз». «Та-ха» сүресі, 55 аят.

1 Яғни, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мінезі Құранның бүкіл үкімдеріне сай келетін.

2 Рамаданның соңғы он күніндегі үздіксіз мешітте болуы.

3 Яғни: «Субхана-Лааһи, иә Аллаһтың елшісі, біз сен жайлы басқа (жаман) ойда болуымыз мұмкін бе?!», - деп таңырқап жатыр.

1 «Аллаһ риза болған», мұсылмандардың Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, талдың астында аль-Худабияда берген анттары.

2 Сонда оның даусы сегіз миль қашықтыққа дейін жетті, делінеді.

3 Құранда Бадр соғысы жайлы былай делінеді: «Атқан кезде сен атпадың, бірақ Аллаһ атты» «Әнфел» сүресі 17, аят.

4 Яғни, екі жақтың да күші бірдей еді.

5 «Мүминұн» сүресі, 51 аят.

6 «Бақара» сүресі, 172 аят.

1 Кейбір тәпсіршілер Сайхан мен Жайханда арабтардың Сырдария мен Амударияны атаған Сайхуны мен Джайхуны, деп түсіну керек, дейді, ал ан-Науауи болса бұл жерде басқа өзендер жайлы айтылып жатыр, деп ойлайды.

2 Бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған соғыс. Ол соғыста үш мың әскерлік мұсылмандар, Шамның оңтүстік шекарасында екі жүз мыңдық Византия әскеріне тойтарыс берген – аударушыдан.

3 Бұл жерде ижтихад жайлы айтылып жатыр: яғни, шариғаттың үкімдерінде тура жауап болмай, өздігімен сол үкімдерге сүйене отырып шешім қабылдау.

4 Яғни, Аллаһ пен Оның үкіміне сай келсе.

5 Яғни, парыз оразадан қазасы болса.

1 Аз-Зубайрдың перденің ар жағын өтіп оны құшақтағаны аз-Зубайр, Айшаның туған жиені еді, яғни Айшаның апасы Асманың баласы.

1 Яғни, Құран аяттарын жақсы білетіндер.

2 Яғни, уәдесін бұзсын.

1 Дәлірек айтатын болсақ гекко тұқымдас кесірткелер тобы («самм абрас» не болмаса «вазаг»).

2 Ибраһим, оған сәлем болсын, отқа тасталғанда барлық жануарлар оны сөндіргісі келсе, ал бұл кесіртке отты керісінше желпіп үрлеген.

3 Яғни, түсінде біреуді көреді.

1 Тағы бір хадистерде Пайғаамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Жәннәтқа менің үмметімнен жетпіс мың адам есепсіз кіреді, деген сөздері келтіріледі.

2 Исмайлдың шешесі Хажжар (інжілдегі Агарь) болған. Оны Ибрһимнің әйелі Сараға мысыр патшасы сыйлық ретінде берген, ал Сара болса оны өзі Ибраһимге сыйлаған.

3 Яғни, соңынан Қағба салынған жер.

4 «Ибраһим» сүресі, 37 аят.

1 Бұл хадистің басқа нұсқасында: «...ол бізге аң аулап келу үшін кетті», - делінеді.

1 Бұл жерде Ибрһимнің тұрған жері (макам Ибраһим) – Қағба мен зәмзәмнің арасында тұрған адамның ізі бар тас жайлы айтылып тұр.

2 «Бақара» сүресі, 127 аят.

1 Трюфель – саңырауқұлақтың ерекше бір түрі.

2 Бұл жерде яһудилерге көктен түсірілген мәннә жайлы айтылып тұр. Сондай-ақ мәннә, деп нығметтер жайлы да айтылуы мүмкін, бұл жағдайда хадистің мағынасы былай болады: «Трюфельдер Аллаһтың нығметтерінен болады...», ал бәрін білуші бір Аллаһ қана.

3 Яғни, бұл дүниенің қызығынан да жақсырағын..

1 Меккелік көпқұдайшылдар.

2 Әдетте Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрдайым Аллаһты есіне алып, Одан сұрап дұға жасап отыратын, ал егер оны бұл ісінен бір нәрсе алаңдататын болса, онда ол бұны күнә санайтын да онысы үшін кешірім сұрайтын. Сонымен «оранған» сөзінің мағынасы, ол жоғарыда айтылған істермен айналыспайтын, не болмаса әдеттегіден аз айналысатын кездері жайлы айтылып тұр.

3 Әрине бұны күнәләр жасауға ұмтылдыру, деп түсінуге болмайды. Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл айтқандарының мағынасы, ол адамдардың Аллаһтан кешірім сұраудың қажеттілігі мен Аллаһ Тағаланың кешіргенді жақсы көретіндігіне көңіл аудартқысы келгендігі.

1 Араб әріптерімен «Мұсылман қорғаны» кітабінің №250 дұғасында келтірілген – аударушыдан.

2 Яғни, Аллаһтан кешірім сұраудың ең жақсы түрі.

3 Бұл дегеніміз, Саған деген сенімімді одан ары қарай жалғастырып, Өзіңе ықыласты түрде құлшылық етемін.

4 Араб әріптерімен «Мұсылман қорғаны» кітабінің №79 дұғасында келтірілген – аударушыдан.

5 «Саләм» сөзі арабтың үш әріптен құралған «с-л-м» түбірінен тұрады, ол сөздің мағыналарының бірі «бейбіт; пәк», болып табылады. Сонымен Аллаһтың «Саләм» есімі, барлық кемшіліктен және Оның бүкіл ұлылығы мен кәмілдігіне сәйкес келмейтін сипатарынан пәк дегенді білдіреді.

1 Араб әріптерімен «Мұсылман қорғаны» кітабінің №66 дұғасында келтірілген – аударушыдан.

2 Яғни, таухидтен мықты ұстанып.

3 Яғни, әйелдердің етеккірі келген кезде намаз оқымайтындығы.

1 Яғни, осы дүниеде адамға тыныс алу қандай табиғи құбылыс болса, Жәнәтта Аллаһты мақтап, дәріптеу де сондай табиғи жеңіл құбылыс болады.

2 «Сәжде» сүресі, 17 аят.

1 Олардың бір-бірін көрмейтіндігі, не шатырдың көлемінің үлкендігінен, не олар бір-бірінен бір нәрсемен бөлінгендігінен.

1 «Сәжде» сүресі, 17 аят.

1 Яғни, Аллаһқа қарау еш бір қиындық туғызбайды және Аллаһ Тағаланы әркім анық көреді.

2 Бұл жерде, Ахіретте Жәннәтқа кірушілердің жүзі ағарып, ал Тозаққа кіретіндердің жүздері қараятындығы жайлы айтылып жатыр, ал Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Қияметте кей беттер ағарып, кей беттер қараяды...» «Аль- Имран» сүресі, 106 аят

3 Адамдар мен Аллаһтың арасындағы, адамдарға Аллаһ Тағаланы көруге тосқауыл болатын перде.


<предыдущая страница


Имам Мухйиддин ан-Науауи Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!

Барлық мақтау Өзінен басқа сыйынуға лайықты Құдай болмаған, Аллаһ Тағалаға ғана тән! Соңғы Пайғамбар Мухаммадқа, оның жанұясы мен туған туысқандарына және оның сахабаларына, Аллаһт

10039.75kb.

15 10 2014
74 стр.


Аса қамқор, ерекше мейрмді Аллаһтың атымен бастаймын. Ислам діні туралы қысқаша түсініктеме

Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Елшілердің имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сәлем-салауаттар болсын2

97.56kb.

15 12 2014
1 стр.


Аса Рақымды, ерекше Мейрімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтаулар тура жолға бастаушы Аллаһқа Тағалаға тән

Пайғамбар (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны істеуден қатты сақтандырып, былай деді: Бес уақыт намаз арасында және екі жұманың арасында істелген үлкен күнәлардан ба

164.26kb.

25 12 2014
1 стр.


Юнисеф бұҰ Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» жобасы бойынша халықаралық тәжірибе

Лемнің әр түрлі құрылықтарында орналасқан балаға мейірімді қалалардың саны 867 құрайды. Көпшілігі Еуропада, әсіресе Францияда, Италия және Испанияда орналасқан. Одан басқа балаларғ

43.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Өзін-өзі өлтіру туралы Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүюі! имам Ибн Касир

Ибн Касир өзінің Құранға жасаған тәпсірінде келтірген мына даналықты әрбір мүмін адам тануға әрі түсінуге тиіс: «Маңыздысы сенің (Аллаһты) сүюің емес, маңыздысы (Аллаһтың) сені сүю

39.29kb.

25 12 2014
1 стр.


Балаға мейірімді қала ретінде Павлодар қаласын аккредитацияға дайындау үшін жергілікті деңгейде мүдделі тараптармен өзара ынтымақтастық бойынша резолюция

Азақстан Республикасының Конституциясына және Балалардың құқықтары туралы Конвенциясына негізделе және юнисеф бұҰ Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» халықаралық жобасын іске а

519.57kb.

14 12 2014
3 стр.


-

Мәликилердің соңғы буындарының көбі де имам Мәликтің ақидасында емес. Олар имам Мәликтің мәзһабынан тек фиқһты ғана алады, ал ақидаға келер болсақ, олар тариқаттар мен басқа да кей

82.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Жихад жақсырақ па, білім бе?

Хузайфадан Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Білімнің артықшылығы ғибадаттың артықшылығынан жоғары, ал діннің түпкі негізінде тақуалық жатыр» деп айтқа

17.84kb.

15 10 2014
1 стр.