Перейти на главную страницу
Сі, Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне түсіп дұрыс шешім қабылдадыңыз. Біздің университеттің беделі тек Алматы аумағында ғана емес шетел және барлық мемлекеттер территориясында жоғары. Сенің университетпен өздігіңше танысуың үшін және алдыңғы барлық мүмкіндікті пайдалануың үшін осы анықтама жасалынды.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті (ШТжІКУ) 2005 жылы құрылды. Құрылтайшысы «Орталық Азия мәдениет Қоры» қоғамдық қоры болып табылады. Университет коммерциялық емес мемлекеттік емес статусын иеленуші білім беру мекемесі, кең ауқымды көп салалы жоғарғы оқу орны, кең ауқымды мамандықтар аясында жоғары кәсіптік білімді (бакалавриат) мамандарды дайындауда білім беру бағдарламасын таратушы, сонымен қатар магистратураның төрт мамандығы; қайта дайындау және жоғары кәсіптік білімді ғылыми және ғылыми – педагогикалық қызметкерлер, мамандардың біліктілігін көтеру, қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізетін жас оқу орындарының бірі болып табылады.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті (ШТжІКУ) – қордың халықаралық университеті, Қазақстанда 10 әлем тілдерін оқытушы екінші жоғары оқу орны болып табылады.
ШТжІКУ Қазақстандағы «Университет Қоры» атауына лайық 2 орталық (тілдерді оқыту орталығы, тестілеу және деректерді өңдеу Орталығы), 1 колледж (Алматы Қазақ – түрік гуманитарлы техникалық колледжі), 1 институт (Күлтегін атындағы ғылыми – зерттеу институты), 7 кафедра ортасында оқу – білімдік қызметін жүргізеді.
ШТжІКУ жыл сайын «Біріккен қызметтер хаттамасы» негізінде жалпы 64 ұйыммен және АҚШ университеттерімен, Түркия, Англия, Испания, Ирландия, Венгрия, Ресей, Украина, Қытай, Әзербайжан, Қырғызстан және белгия ООН мен және 4 шетелдік туристік қоғамымен халықаралық ғылыми және мәдени ісшараларын жүзеге асырады.
Осы уақытта университетте білім беруге арналған 2 оқу корпусы бар, біреуі–3 қабатты, екіншісі–7 қабатты. Университетте интернет зал, компьютерлік тестілеу орталығы, лингафон кабинеті, бай кітапхана, оқу залы, үлкен акт залы, евростандартпен жабдықталған 320 орындық жатақхана, 3 мезгілдік ыстық тамақ, әлеуметтік – медициналық орталық, асхана, жатақхана, спорт залы үстел ойындарына арналған зал бар. Барлық аудиториялар заманауи инновациялық технологиямен жарақталған. ШТжІКУ–дің демеушілері Орталық Азия Мәдениет Қоры, ТИКА, ТУРКУАЗ, КАТИАД, Қазақстандағы Түркия елшілігі, Алматыдағы Түркия Консульствосы, КЗИ банк, Түрік мәдениет орталығы болып табылады.
ШТжІКУ–де барлық бөлімдерде және ғылымның негізгі салаларында студенттер кем дегенде 2 тілде оқытылады (бірі – шығыс, екіншісі – батыс). Қазақстандағы жүктелім бағдарламасы Түркия мен Қытай елдерінде де жүргізіледі.
Жыл сайын 40–тан 80–ге дейін студенттер мен магистранттар академиялық оңтайлылықпен 1 семестр немесе бір жыл Түркия мен Қытайдың жоғары оқу орындарында оқытылады.
ШТжІКУ–де «Дінтану» мамандығы 1 – 2 курс студенттері, 3 – 4 курс студенттері Түркияның « Сакария» университетінде бюджеттік негізде халықаралық ынтымақтастық келісіміне сай оқытылады.
Университетте жоғары білім берумен бірге магистратура бағдарламасы бар. Біздің кейбір бітірушілеріміз Түркия мен Қытайда магистратура оқиды.
ШТжІКУ–де ақылы оқитын студенттермен бірге мемлекеттік грантта оқитын студенттер де бар. Университет жоғары балмен оқитын студенттер үшін ішкі грант және әлеуметтік–экономикалық жағдайы нашар студенттер үшін 5%–дан 50%–ға дейін оқуға төменгі жеңілдік жасайды.
ШТжІКУ–ті 2009 жылы және 2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік аттестациясынан табыспен өтті, 2010 жылы Түркияның Халықаралық Стандарттар Институтының «TS – EN – ISO 9001: 2008» сапа менеджменті сертификатын алды.
ШТжІКУ студенттерінің ар кодексі
Ар кодексі студенттердің белгілі жұмыс кестесін ұсынады және олардың құқықтары мен міндеттерін қарастырады.
ШТжІКУ студентерінің құқықтары:
-ЖММБС сәйкес сапалы білімі алуға:
-ЖММБС жеке оқу жоспарына сәйкес оқыту
-басқа ЖОО (таңдау пәндері) элективті пәндерін үйрену
-Оқу жоспарына сәйкес, балама пәндерді таңдап өз білімдерінің қабілетті мен қажеттілігімен келісе отырып қосымша білім беру қызметтерін пайдалана алады.
Бір оқу орнынан басқа орнына, бір мамандықтан екінші мамандыққа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі белгіленген ереже бойынша ауысады және қайта қабылданады.
Университет кітапханасының ақпараттық ресурстарын, оқылатын пәндерден оқу әдістемелік кешенді тегін пайдалану, көзқарасы мен тапсырымдарын еркін айта алады.ҚР заңнамасына сәйкес жедел әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырады.
Түркияда немесе Қытайда 1 немесе 2 семестр оқу алады.Балалар бағдарламасын аяқталған. ШТжІКУ түлектері магистратураға түсуге және орналасуға толық құқылы жұмысқа ШТжІКУ студенттерінің міндеттері
Жеке оқу жоспарын құру
Жеке оқу жоспарына сәйкес оқу пәндерін игеру
Таңдау бағыты бойынша теориялық білімді практикалық дағдымен ұштастыру
Күнделікті сабаққа қатысу
Сабаққа кешікпеу
Сабақты қалдырмау денсаулығына байланысты қалдырған жағдайда медициналық анықтама тапсыру
Қалдырған сабақтарды оқытушымен белгіленген уақытта тапсыру
Студенттің өздік жұмысының барлық түрін оқу пәні бойынша орындау
Ағымдық аралық және жалпы білім бақылауларынан өту
Оқу методикалық оқулықтар мен университеттің бағалы құндылықтарына жауапкершілікпен қарау
Шет тілдер әне Іскерлік карьера университетінде ішкі тәртіпті сақтау)сырт киімдермен жүруге,темекі шегуге ,қатты сөйлеуге тыйым салынады(
Оқытушылар мен студенттерге құрмет пен қарау
Сабаққа іскерлік иегімен кіру
Ұқыпты және жауапты болу
Сабаққа уақытында ұялы телефонды өшіру
Студенттер өз денсаулығын сақтауға міндетті,рухани және тән саулығын жетілдіру
Студент өз міндеттерін орындамаған жағдайда тәртіптік қатаң жаза қолданылады
Білім берудің несиелік жүйесі
Оқу үрдісіне қатысты мәселелер бойынша оқу бөлімінің басшысы Каримова Гүлім Сарсемханқызына, офис-регистратор Шалтаева Меруертке жолығып сұрауларыңызға болады.
Біздің мекен-жайымыз: 050026, Алматы қаласы,Алмалы ауданы,Қазыбек би көшесі 168/ Исаева көшесінің қиылысында
Телефон: )8727( 379 78 94
Факс:) 8727( 379 78 93
Каб. |
РЕКТОРАТ | |
48 |
Ректор |
Доктор, профессор Сабри Хизметли |
38 |
Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор |
Доктор, профессор Хурие Екхлеф |
49 |
Ғылым және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор |
Сатаев Санат Акылжанович |
50 |
Оқу және оқу әдістемелік жөніндегі проректор |
Ақтамбердиева Зауре Салкеевна |
53 |
Университет деканы |
Каримова Алия Боранбаева |
44 |
Батыс тілдер кафедрасының меңгерушісі |
Дабылтаева Райхан Есбергеновна |
52 |
Шығыс тілдер кафедрасының меңгерушісі |
Серикбаева Гулшат Жапаргалиевна |
44 |
Батыс тілдер кафедрасының лаборанты |
Ошанова Шолпан Женисбековна |
52 |
Шығыс тілдер кафедрасының лаборанты |
Алипбекова Аманкул Куралбековна |
72 |
Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі |
Айтжанова Айгуль Едиловна |
72 |
Экономика және басқару кафедрасының лаборанты |
Алмаганбетова Гулжайна Муратбаевна |
70 |
Туризм кафедрасының меңгерушісі |
Омаров Қайрат |
32 |
Туризм кафедрасының лаборанты |
Садвакасова Арай Турусхановна |
|
Тарих және халықаралық қатынас кафедрасының меңгерушісі |
Ногаева Зауре Каттебаевна |
32 |
Тарих және халықаралық қатынас кафедрасының лаборанты |
Куванышбаева Ардақ Азатқазықызы |
33 |
Дінтану кафедрасының меңгерушісі |
Қонар Сағымкүл Құрманкулқызы |
33 |
Дінтану кафедрасының лаборанты |
Егізбаева Ақдидар Айдарханқызы |
Университет бөлімшесі | ||
31 |
Оқубөлімініңбастығы |
Каримова Гүлім Сәрсемханқызы |
31 |
Диспетчер |
Аққожина Шолпан Қанатқызы |
28 |
Офис-регистратор |
Шолтаева Меруерт Әубәкірқызы Сқақова Райгүл Кенешбайқызы Каюпова Гүлнұр Аманкелдіқызы Уалханова Райхан Ерікқызы |
31 |
Оқу бөлімінің методисті |
Құдабаева Самал Акимханқызы |
|
Кітапхана меңгерушісі |
Нурғалиева Дәметкүл |
54 |
Тіл орталығының директоры |
Сапарова Ақшолпан Абайқызы |
22 |
Жастар ұйымының орынбасары |
Милазов Мансұр |
21 |
Медициналық пункт |
Жалғасбаева Альфия Халмұхамбетқызы |
|
Асхана меңгерушісі |
Хасанбай Бекзат |
22 |
Қашықтықтан оқыту маманы |
Сейтжапарова Айшолпан Бақытқызы |
22 |
Стратегиялық жоспар және менеджмент сапасын бақылау бөлім меңгерушісі |
Жыланғозова Аяла Текисбайқызы |
ШТжІКУ-ң 2 оқу корпусы бар, Күлтегін атындағы ғылыми зерттеушілік Алматы қазақ түрік гуманитарлық технологиялық колледжі, қоғамдық тамақтану комплексі, медициналық қызмет, дене шынықтыру залы, көп жақты кітапхана және мультимедиялық сыныптар, компьютерлі технологиялы орталықтар, ақпаратты білім беру орталығы, инновациялық технологиялар және тестілеу орталығы, тілдер орталығы, лингафон кабинеттері. ШТжІКУ дің академиялық құрамына кіреді:
Экономика және әкімшілік қызмет көрсету
Туризм және коммуникация
Тарих және халықаралық қатынастар
Дінтану
Батыс тілдері
Информатика және есеп аудит
Күлтегін атындағы ғылыми зерттеу институты
Алматы қазақ түрік гуманитарлық технологиялық колледжі
Компьютер технологиясы орталығы
Тестілеу орталығы
Тілдер орталығы
«Менеджменттің сапасын бақылау және стратегиялық жобалау» бөлімі.
Қашықтықтан оқыту бөлімі
Мамандарды дайындау күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрлері бойынша АБ мемлекеттік лицензия бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кақыты шектеусіз және келесі мамандықтар бойынша білім алуға құқылы:
Бакалавриат:
5В011100 - Информатика
5В020300 - Тарих
5В011900 - Шет тілдер: екі шет тілі
5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті
5В020600 - Дінтану
5В020700 - Аударма ісі
5В050400 - Журналистика
5В0202200 - Халықаралық қатынастар
5В050600 - Экономика
5В050700 - Менеджмент
5В050800 - Есеп және аудит
5В051100 – Маркетинг
5В090200 – Туризм
6М020300 - Тарих
6М 020400 - Аударма ісі
6М011900 - Шет тілі: екі шет тілі
6М020600 - Дінтану
Университеттің кітапханасы
Студенттерді білімді,әдістемелік – біліми, ғылыми және басқа да әдебиетті – қамтамасыз етуде, УИЯиДК кітапханасы үлкен орын алады. Кітапханада әдебиеттерді беру 4 пункт арқылы жүзеге асады: 2 оқу залы, 2 абонемент. Оқу залындағы орындардың жалпы саны – 125. Кітапхананың жалпы ауданы 300кв.м.Оқу,әдістемелік оқу,ғылыми, көркем және басқа да қосымша әдебиеттердің жалпы көлемі, соның ішінде электрондық және магниттік ұстаушыларда, 343742 бірлікті құрайды.
оқу және оқу-әдістемелік абонемент – Сіз оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді үйге алсаңыз болады.
көркем әдебиет және өнер бойынша әдебиеттер абонементінде Сіз: көркем әдебиетті – үйге(кітапханашы белгілеген мерзімде ); өнер бойынша әдебиетті – оқу залында аласыз.
Абонементте әдебиет үйге келесі мерзімде беріледі:
Жеткілікті данасы бар, ешқандай оқу жылында ешқандай шектеусіз оқу әдебиеті.
Кітапханада шекті данасы бар оқу әдебиеті мерзіммен 10 күнге беріледі.
2-3 данасы бар ғылыми әдебиет 5 күнге дейін ғана беріледі.
Мерзімдік басылымдар,сөздіктер, анықтамалықтар,энциклопедиялар, нормативтік құжаттар үйге берілмейді.
Егер материалға оқырманнан сұраныс болмаса,немесе қысқарса,және де егер басылымның бір данасы ғана болса, немесе жоғарғы сұраныста болса, онда қолдану мерзімін ұзартуға болады.
Әрбір алынған басылым данасы үшін оқырман кітап формулярына қол қояды.Кітапты қайтарғанда оқырман қолы кітапханашының қолымен жойылады.
Әдебиеттің 5 данасын береді.Әдебиетті кітапханадан шығаруға тыйым салынады.Егер бұл тәртіп бұзылса оқырманды кітапхананы қолдану құқығынан айырады белгілі бір мерзімде, ол тәртіп бұзу деңгейіне байланысты, және де тәртіпті бұзғаны үшін кітапхана администрациясы жазалау мерзімін белгілейді.
Сіз кітапттарға және мерзімдік басылымдарға ұқыпты қарауыңыз керек.Басылымды алғанда Сіз оның күйін тексеріп, ақау табылған жағдайда кітапханашыға мәлімдеуіңіз керек.Басылымды соңғы қолданған оқырман жауапты;
Егер Сіз кітапты жоғалтсаңыз немесе бүлдірсеңіз, Сіз оның орынына сондай басылымда бір дана бересіз немесе бірдей бағалы басылымның әдебиетімен.
Электрондық каталог. Кітапхананың қорын көрсететін экономика туралы әдебиеттің библиографикалық сипаттамасы арқылы 2003 жылдан, басқа білім салалары 2008 жылдан,және жаңа әдебиеттердің түсірілімімен көбейді.(Кітаптар, мерзімді басылымдар мақалдар)
Аудио және видеокассеталар оқу мәліметтерімен: (профессорслық – мұғалімдік құрамның лекциялары);электрондық ақпарат тасымалдаушылардағы оқулықтар және оқу құралдары (компакт – дискілер,CD-ROM) –Жеке дискетке,видео-аудиокассетаға жазу және көру .
Спутниктік теледидар арқылы оқу бағдарламасы.
Құжатты сканерлеу және мәтіндерді шығару.
Ғаламтор желісінде жұмыс.
Университеттің Жергілікті желісіне кітапхананың қосылуы.
Электрондық каталогты қолдану («кітаптар», «мақалалар», «диссертациялар және авторефераттар», «сирек кітапттар»).Автор, аты, кілттік сөздер,шығару мағұлматтары,шығарылымдар, шығару жылы және т.б. арқылы таңдалады.
Оқырман билет - УИЯиДК кітапханасын қолдану құқығын беретін құжат.
Билетті басқа адамға беруге тыйым салынады, тәртіп бұзушылардан 3 ай мерзімі бойына кітапхананы қолдану құқығынан айырады.
Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады – 1 ай мерзіміндей бойына кітапхананы қолдану құқығынан айырады.
Кітапты немесе басқа басылымды алу барысында оқырман кітапханашыға ақауын көрсетіп, нұсқау керек.
Ғылыми және оқу әдебиеті шекті мөлшерде бір ай мерзіміне ғана беріледі.
Оқу әдебиеті бір семестрге беріледі.
Егер оқырман кітапты жоғалтса немесе бүлдірсе, онда сондай бағасын қайтаруға міндетті, немесе нарықтық бағасын орынына беру.
Егер университеттің шығармашылық құрамының құрылымына байланысты сұрақ туындаса, және сіздің оларға қатысыңыз болса жастар комитетінің төрағасы - Тарих және Халықаралық қатынастар кафедрасының 4 студенті, Мансур Милазовқа жолығыңыз.
Кітапхана күнделікті - 9.00 – 19.00 жұмыс істейді.
УИЯиДК мақсаттарының бірі озық оқу әдістер мен технологиялар арқылы білім беру, біліммен студенттерді қаруландыру, жоғарғы маман және халықаралық нарықтық еңбекте бәсекелік деңгейде қамтамасыз ету.Жоғарғы оқудың жаңа жүйесі уақытында және адамдарды болашаққа дайындауға бейімдеу,яғни тек оқу деңгейі емес, сонымен қатар жаңа ақыл иесін, заманауи бейне, ойлану әдісін жасау, тез ауысып отыратын экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық шындықтың оршаған ортасына бейімдеу.Осы мақсатқа жету, нарықтық технологияны білімге енгізуге амалдандырады,сондықтан УИЯиДК басшылығы оның университетте тез енгізілуіне әсер етті.
Несиелік оқыту технологиясы – бұл оқыту жүйесі, өзіндік білімнің деңгейін жоғарлатуға және шығармашылық білімді индивидуализация негізінде жоғарлатуға,оқыту траекториясы таңдаушылық және несие түрінде білім көлемінің есебін көбейтуге бағытталады.
Қазақстандық университтердің несиелік оқыту технологиясына көшуі:
Әделдік оқыту кеңістігіне ену қажеттілігі,
Оқыту траекториясын құруға қатысушыларды көңілдерін аудару;
Білім алушылардың академиялық жинақылығы.
Арнайы тұтынушыға маман дайындау;
Оқыту процессіне ақпараттық технологиялар енгізу:
Несиелік оқыту технологиясы кезінді университетте білім беру демократизация қағидасына негізделді, ол:
Курстардың көп таңдау тіркесі;
Студенттің индивидуалды оқыту траекториясын құру;
Студенттердің сыни пікірнің дамуы;
Оқытудық интерактивті әдісін оқытудың кең қолдануы.
Кеңселік – тіркеу бөлімі
Кеңселік – тіркеу бөлімі – студентті қолдау қызметі, студенттің оқу тарихындағы бүкіл жетістіктерін тіркеумен айналысып,тіркеуден бастап таңдау бойынша және экзамендік –рейтингтік .Студент білімін бақылаудың барлық түрлерінің ұйымын және студенттің академиялық рейтингті қамтамасыз етеді.
Элективтік тәртіпте тіркеу процессін басқару;
Студент білім бақылау ұйымы;
Білім алушының академиялық рейтинг есебі;
Студенттің үлгерімі жайлы жазулардың сақталуы және өңделуі;
Студенттің үлгерімі туралы есепті дайындау;
Үлгермей жүоген студенттерің тізімін құру;
Студенттерің жазғы семестр және оның ұйымын тіркеу.
Сіз таңдаған тәртіп ресми тіркеу арқылы жүзеге асады, кеңселік тіркеу бөлімі арқылы келісіледі.
Тәртіпті анықтау жетекшінің (эвайзер) басқаруымен анықталады.Эдвайзер презентация әдісімен элективті тәртіп каталогын ұсынады, тәртіпті оқытуда кеңес береді.
Тіркеу Күні және айы академиялық күнтізбемен анықталады.
Тәртіпті таңдап, Сіз ұнаған элективті тәртіпті көрсетіп тіркеу формасын толтырасыз, тіркеу бөлімі Сіздің индивидуалды оқыту жоспарын құрайды(ИОЖ).ИОЖ үш данасы болады, біреуі Сіз өзіңіз жасайсыз, дұрыстығын тексере отырып және қол қойып, оны тіркеу бөліміне және деканатқа қайтарасыз.
Индивидуалды оқыту жоспары жыл сайын жасалады.
Екінші курс және одан жоғарғы курс ИОЖ өзгеріс енгізуге құқығы бар 10% дейін көлемде 10 тамызға дейін.
Тіркеу бөлімі ИОЖ негізінде академиялық топтар және құрайды.Егер берілген тәртіпке студенттер аз жазылса (20 адам), тәртіп құрылмайды.Тіркеу бөлімі ақпаратық стендте УИЯиДК - ның оқыту порталында (www.ydu.kz ) хабарландыру береді. Бұл тәртіпке жазылған студенттер 25 тамызға дейін индивидуалды оқыту жоспарын келесі жылға жасауы керек.
Егер студент келесі курсқа ауысқан жағдайда өзінің ИОЖ уақытында тіркеу бөліміне тапсырмаса, немесе тіркеуден бас тартса онда оның оқыту негізіне базалық жұмыс оқу жоспары өз қолына алады.
Тіркеуге өтесіз, егер алдыңғы семестрдың тәртібін сәтті игерсеңіз, талап ететін несие және жеткілікті академиялық рейтинг жинасаңыз.
Тәртіп бойынша Оқытушылар арасында кандидатураны таңдай алу құқығыңыз бар.
Егер бір оқытушыға жазылған студенттер саны шектен тыс көп болса, қосымша академиялық топ құрылады.Квалификациясы сәйкес оқытушы тағайындалады.
Оқытушылар арасындағы кандидатураны таңдау құқығы үлгерімі жоғары студент иығында.
Сіздің жетекшілеріңіз – куратор және эдвайзер
Куратор оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді, университет әкімшілігімен, қоғамдық бірлестіктермен, оқыту қызметкерлерімен және топтағы студенттермен тығыз байланыс орнатады.
Куратордың қызметі студенттің бойындағы азаматтық жауапкершілік сезімін және отан сүйгіштікті дамытуға бағытталған, және олардың жан-жақты мәдени дамуына, қоғамда және топта достық қарым-қатынастарын орнатуға, оқуға деген адал ниетін, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмыстарға баулу қызметтері жатады. Оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін куратор жиналыстар, әңгімелесулер, университет түлектерімен кездесу, және экскурсиялар жүргізу әдістерін пайдаланады.
Куратор келесі міндеттерді атқарады:
Топ жиналыстарын ұйымдастырады, және негізгі қоғамдық шараларға қатысады;
Студенттердің үлгерімдері мен тәртіптерін бақылайды, уақытында қажетті көмектерді көрсетеді;
Топқа сабақ беретін оқытушылармен әрқашан байланыста болады;
Топ старостасын сайлауға және бекітуге қатысады.
Жеке білім алу түрлерін таңдау және іске асыру, кредитті жүйеде және жоғарғы оқу орындарындатұтастық пен оқу жоспарындағы икемділікті қамтамасыз ету үшін кеңес қызметімен, немесе, атап айтқандай, академиялық кеңес қызметкерлерімен – эдвайзерлермен қамтамасыз етіледі.
Эдвайзер – оқытушы, жеке білім алу түрлерін таңдау, студенттердің білім беру программасын меңгеруіне жердемдесуші. Сонымен қатар, эдвайзер болашақ мамандығы бойынша туындаған сұрақтарды шешудегі, дипломдық жұмыс тақырыбын таңдаудағы, кәсіптік тәжірибесі жөніндегі базасын анықтауға консультанттық қызмет атқарады. Эдвайзерлер білім алушылардың академиялық қызығушылықтарын ұсыну, және оның жеке оқу жоспарын құру мен түзетуге жәрдемдесуі тиіс.
Эдвайзердің міндеттері:
Жеке білім алу түрлерін таңдау, студенттердің білім беру программасын меңгеруіне жердемдесуші.
Мамандығына байланысты білім алу түрін таңдаған кездегі студенттің жеке қызығушылықтары, икемділіктері, және қажеттіліктерін анықтау.
Студенттерге дисциплина таңдауда көмек көрсету.
Білім алушылардың академиялық қызығушылықтарын ұсыну, және оның жеке оқу жоспарын құру мен түзетуге жәрдемдесу.
Студенттердің үлгерімі бойынша қарастырылып жатқан сұрақтары және олардың академиялық деңгейіне сараптау комиссиясының жұмыстарына қатысу.
Эдвайзер студентті Университеттің академиялық өмірінің ерекшеліктерімен, оқу жоспарының мазмұнымен, диплом алу талаптарымен, таңдалған мамандықтағы мүмкіндіктермен таныстырады және олардың икемдерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, мақсаттарын ескере отырып жеке білім алуларындағы бағытты таңдауға көмектеседі.
Студенттің өзіндік жұмысы
Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) – беілген тақырыптар тізімін өз бетімен, оқытушының нұсқауымен, белгілі бір әдебиеттерді пайдалана отырып меңгеру.
Студенттің өзіндік жұмысы оқу жопарынан тыс студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын (СОӨЖ) оқытушымен бірге, және оқу жоспарынан тыс оқытушысыз студенттің өзіндік жұмысын қамтиды.
СӨЖ және СОӨЖ бойынша әдіскерлік ұсыныстар кафедраның профессорлар және оқытушылар құрамымен жобаланады, оған мына құжаттар енеді:
СӨЖ графикалары, оқу пәндерінің барлық кезеңдеріне ойластырылған оқу бағдарламасы.
Тапсырмалар жүйесі.
Рефераттар, докладттар және шығармашылық жұмыстар тақырыбы.
Курстық жұмыстар мен дипломдық жұмыстардың тақырыптары.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Консультативтік көмек түрлері.
Бақылау түрлері мен формалары.
Бағаның критерийі, ұсынылған жұмыс көлемі, оның ұсынылу уақытын болжау және т.б.
СОӨЖ барлық пәндер бойынша арнайы белгіленгкн күні, уақыты және бекітілген аудиторияларда жүргізіледі.
СОӨЖ жұмыстары консультативті және интерактивті формаларға ие болады, олардың арақатынасы олардың күрделілігіне, берілген аудиторлық сағат санына, студенттердің дайындығына байланысты болады.
Сондықтан, егер сіздің рейтингіңіз төмен болған жағдайда, қосымша консультациялар алғыңыз келсе, берілген тапсырмаларды орындау бойынша қиындықтарға тап болсаңыз оқытушы дәстүрлі сабақ өткізеді. Егер ондай қиындықтарыңыз жоқ болса, академиялық рейтингіңіз жақсы немесе өте жақсы болса оқытушы сізді дәстүрлі сабақтардан босатуға құқылы, және де сіздің үлгіріміңізді тексері үшін арнайы тестілер мен бақылаулар алу жұмыстарын жүргізіп отыру әбден мүмкін.
Сонымен қатар өзіндік жұмыс сіздің сабаққа жеке дайындығыңыз бен экзамендерді оқытушысыз да жүзеге асыруыңызды құрайды.
СӨЖ тақырыптары кітапханадағы, лингафон сыныптарындағы, компьютер сыныптарындағы, медиатекадағы, оқыту телевидениясындағы, арнаулы лабораториялардағы материалдар бойынша беріледі.
СӨЖ тексеру жазбаша және ауызша айту түрлерінде жүргізіледі. Жазбаша түрде болған жағдайда ол конспект, реферат, доклад, шығармашылық, бақылау, жазбаша, курстық, дипломдық жұмыстар, ғылыми мақала, аудио және видео баяндама ретінде жүзеге асады. Ауызша түрдегі СӨЖ әңгіме, конференция, кәсіптік ойын, баяндама, доклад, шығарма, хабарлама, жеке әңгімелесу түрінде жүзеге асады.
Студенттердің білімін комплексті тексеру рубеждық бақылау, қорытынды бақылау және мемлекеттік қорытынды аттестациялауында жүзеге асады.
Бақылаудың барлық түрлері әр пән бойынша бағалау жүйесі көпбалдық әріптік шкаласы системасы бойынша жүргізіледі.
Сіздің бағаларыңыздың өлшемі:
«А», «А-» (өте жақсы) – егер сіз берілген тапсырмаларды терең түсіне отырып, сұрақтарға еркін жауап бере алсаңыз, өз ойыңызды мәдениетті түрде жеткізе алсаңыз, тапсырмаларды орындап жүрсеңіз, шешімдеріңізді дұрыс түсіндіре алсаңыз, және материалдарыңыз қатесіз жасалған болса.
«В+», «В», «В-» (жақсы) – егер сіз жоспардағы материалды нақты меңгерсеңіз, сұрақтарға жауабыңызды бере алсаңыз, тапсырмаларды орындау білсеңіз.
«С+», «С», «С-», «D+», «D» (қанағаттандырарлық) – егер сіз тек негізгі материалды меңгерсеңіз.
«F» («қанағаттандырылмаған») – егер де сіз бағдарлама материалының ауқымды бөлешгін білмесеңіз, қателіктер жасап, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасыңыз.
Білімді тексерудің көпбаллдық әріптік жүйесі
Әріптік жүйемен бағалау |
Сандық эквиваленті |
Пайыздық құрамы |
Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы |
А-
|
3,67
|
90-94
| |
В+
|
3,33
|
85-89
| |
В
|
3,0
|
80-84
|
Жақсы |
В-
|
2,67
|
75-79
| |
С+
|
2,33
|
70-74
| |
C-
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
1,67
|
60-64
| |
D+
|
1,33
|
55-59
| |
D
|
1,0
|
50-54
| |
F
|
0
|
0-49
|
Қанағатсыз |
Баға таңдауы А- тан А-ға дейін, В- тан В+ дейін, D-дан С+ дейінгі тербелісте жоғарыда аталған критерилер мен сіздің біліміңіздің дәрежесі және қабілетіңізге сәйкес анықталады. Бағаның әріптік және пайыздық эквиваленті мұғалімнің оқу журналында белгіленеді. Мысалы: В+ (87).
Тәртіпті тексеру кезінде студентер білімінің ағымдық бақылауының көптеген түрлері қарастырылады: ауызша сұрақ, жазбаша сұрақ, аралас сұрақ, үй тапсырмасын ұсыну және қорғау, пікір талас, трейнингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стади, тесттер. Ағымдық бақылау семинарлық, тәжірибелік, зертханалық дәрістер және оқытушы басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы(СОӨЖ) арқылы жүзеге асырылады.
Аралық бақылау өткізу формасы: жазбаша бақылау немесе зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауызша тыңдау коллоквиум, конференцияға қатысу, т.б.
Ағымдық және аралық бақылау нәтижелерінің негізінде мұғалім «рейтингтік ведомосқа» енгізілетін (50% дa 50% болып саналатын) аралық рейтинг қорытындылайды (Р1 немесе Р2). Нәтижелер толық санға дейін дөңгелектенеді.
Мысалы, 7 аптаға Р1 есептейік. Ағымдық бақылаудың орташа бағасы 84% құрайды («В»), аралық бақылау нәтижелері 87% («В»).
Осылайша,
Р2 15 аптада да eсептеледі.
Бір бос қалған сабақ үшін рейтингтен алынып тасталады. Мысалы, Р1=В+(87%)-5%=В(82).
Емтихан басталғанға дейін Сіз өзіңіздің Р1 мен Р2 көтере аласыз. Ол үшін факультет деканының атына анықтамалық құжаттармен бірге өтініш жазуыңыз керек.
Егер де Сіз Р1 мен Р2 өткізу кезінде маңызды себептермен қатыспаған болсаңыз, Сіз оны жеке өткізуге құқыңыз бар. Факультет деканының рұқсатымен емтихан басталғанға дейін Р1 мен Р2 жеке кестеге сай өткізу керексіз.
Емтихан алдында тәртіп бойынша Р1 мен Р2 негізінде орташа рейтинг есептеледі.
Орташа рейтинг формула бойынша есептеледі:
Егер тәртіп бойынша курстық жұмыс қорғау қарастырылса, курстық жұмыс бағасы Р3 ретінде қабылданады және орташа рейтинг осы формуламен есептеледі: Рорт.
Сонымен қатар, егер сіз курстық жұмысты қорғамасыңыз емтиханға жіберілмейсіз.
Сіз тәртіп бойынша емтиханға орташа рейтингіңіз D(50) болса жіберілесіз. Егер рейтингіңіз одан төмен болса, оны емтиханға дейін көтеруіңіз қажет.
Емтиханға рейтингі 50%-дaн төмен емес студенттер жіберіледі. Қалған студенттер қорытынды бақылауға дейін өздерінің Рорт көтеруі керек.
Студенттеің білімінің қорытынды бағасы емтихан кестесі бойынша жүргізіледі.
Емтихан сессия арқылы анықталады.
Жазбаша емтихан уақыты 3 сағаттан аспайды.
Емтихан - «автомат» өткізілмейді.
Жазбаша емтихан қорытындысы 2 күн ішінде хабарландырылады.
Егер сіз белгілі бір себептерменм емтиханға келе алмаған жағдайда және тиісті құжаттарыңыз болған жағдайда университет деканы немесе офис-регистратордың рұқсатымен жекеше емтихан өткңзуге құқыңыз бар.
Орташа рейтинг және емтихан бағасының қосындысы бойынша қорытынды баға шығады.
Орташа рейтингтің 60% және емтихан бағасының 40% қосылады.
Емтиханды қайта тапсыру, төменгі бағаны жоғарлату мақсатында және төменгі баға алған жағдайда тиым салынады.
Сіздің емтихан қорытындысын аппеляцияға беруге құқыңыз бар.
Аппеляция барысында сіздің жауаптарыңыз қайта тексеріліп қаралады.
Аппеляция нәтижесі бағаңызды көтеруге, төмендеуге немесе өз қалпында қалуы мүмкін.
Аппеляцияға арыз беру емтихан қорытындысы хабарланғаннан кейін 3 күн мерзімінде тіркеу бөлімінде қабылданады.
Студенттің білімін бағалау мысалы:
Ағымды рейтинг көп әріпті құрылым А және F-ке дейін және баллдар арқылы бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. В+ (85)
Аралық бақылауда көп әріпті құрылым және баллдармен бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. С+ (70) .
Одан кейін студенттің семестр бойынша істеген жұмысын бағалайтын рейтинг арқылы ағымды және аралық рейтингінің орташа бағасы шығады.
Мысалы:
Рс= (85+70)/2=77.5 және ол 78 баллға бүтінделеді.
5. студенттің семестр бойынша жұмыстары қосынды рейтінгі бойынша былай анықталады:
Студенттің рейтингі 0,6 дейін көбейтіледі. Осылай семестр бойынша жұмысы 60% бағаланады. Мысалы, Иванов И.И. 78*0,6=46,78 және 48 ге бүтінделеді.
Қорытынды рейтинг 0,4 ке дейін көбейтіледі. Емтихан бағасы 40%ға.
Мысалы, Иванов И.И. 100*0,4=40.
Жалпы Рс и Ир қосынды рейтинг шығады. Мысалы Иванов И.И.=47+40=87, яғни В+.
Иванов И.И. қорытынды бағасы В+ болады және транскрипте қойылады.
GPA дегеніміз не және оны қалай есептейміз?
Кредиттік технология бойынша студенттің үлгерімін көрсету үшін GPA (Grade Point Average). Ол - мамандық бойынша студенттің орта бағасы. Студенттің келесі курсқа көшірілуіне қолданылады.
Назар аударыңыз! Сессияны жақсы бағамен аяқтау шарт емес! GPA-ның белгіленген келесі курсқа көшу баллын жинау қажет. Шет тулдер және іскерлік карьера университетінде GPA-ның келесі курсқа көшу формуласы берілген:
1 курстан 2 –ка – 1,33 кем емес
2 курстан 3-ка – 1,67 кем емес
3 курстан 4-ка – 2,33 кем емесъ4 курстан мемлекеттік емтиханға және практикасымен – 2,45 кем емес.
Егер сіз көшіру баллын жинай алмай, бірақ дистанциялық бөлімге тиісті балл жинасаңыз, бұл жағдайда сіз оқу формасын ауыстыра аласыз, яғни келесі курстың күндізгі бөлімінен сырттан оқу бқліміне.
Орта балл студенттің барлық пәндерінің қорытынды баллы мына формуламен есептеледі:
ФОРМУЛА
|
-сандық эквивалент бойынша қорытынды бағалар |
|
-кредит бойынша оқыған пәндер көлемі |
|
-жалпы оқу барысында өткен пәндер саны |
Пән атауы |
баға |
балл |
кредит |
Математика |
А |
3.67 |
3 |
Информатика |
В |
2.67 |
3 |
Философия |
С |
2.33 |
3 |
Қазақ тілі |
D |
1.33 |
3 |
Педагогика, психология негіздері |
В+ |
3,33 |
3 |
3 курсқа арналғанGРА2,5-ті жинаса, студент 4 курсқа өтеді.
Қысқы және жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша үлгерімі жақсы студенттер келесі курсқа өтеді. Оған академиялық қарызы жоқ,белгіленген көлемдеGPAжинаған студенттер жатады.
Студент оқу пәндері бойынша білімін қорытындылау бақылауынан үлгеріптапсыра алмаса, емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алсанемесе емтиханға келмесе онда ол академиялық қарызы бар болып саналады.
Академиялық қарызы бар студенттер үшін жазғы ақылы семестрұйымдастырылады.
Курсты қайталап оқу үшін ШТжІКУ Ғылыми Кеңесінің бекітуіменбелгіленген көлемде ақы төлеу қарастырылады.
Жазғы ақылы семестр ұйымдастырумынандай тәртіп бойынша жүргізіледі:
- студенттержазғы емтихан сессиясына дейін деканатқажазғы семестрге қатысуға байланысты өтінішін жазуы керек;
- студенттержазғы семестрде оқу үшін бір кредиттің ақысын төлеуі тиіс;
- деканаттар жазғы семестрде оқуға арналған сабақ кестесінің негізінде белгіленген мерзімге ұсыныс береді;
Егер сіз жазғы семестрге өтініш жазбағаннемесе жазған болсаңыз, бірақ жазғы семестрдің оқу ақысын төлемеген болсаңыз, онда сіз қайталап оқу курсына қалдырыласыз.
Жазғы семестрдің емтихан қорытындысы бойынша студенттің GPA балы есептеледі.Студент белгіленген балды жинай алса, келесі курсқа көшіріледі; барлық қарызын тапсырғанымен, GPA балын жинай алмаса – келесі жылға(ақылы!) қайталап оқу курсына қалдырылады.
Назар аударыңыз! Жазғы семестрде Сіз 4 сабақты ғана оқи аласыз. Өйткені Сіздің 4 сабақтан артық академиялық қарызыңыз болса, онда Сіз бірден қайталап оқу жылына қалдырыласыз.
Жазғы семестрге қалмас үшін сессия қорытындысы бойынша академиялық қарыз болып қалуға жол бермеуіңіз керек, сондай-ақ пәндердің көпшілігінен жоғары балл жинауға тырысуыңыз керек.
Қайталап оқу жылы белгіленген балды жинай алмаған, сондай-ақ академиялық қарызын тапсырмаған үлгерімі төмен студенттер үшін қарастырылған.
Қайталап оқу жылына жазғы семестрде академиялық қарызыбар немесе 4 сабақтан артық қарызы бар студенттерқалдырылады.
Қайталап оқу жылының оқу ақысы толық оқу жылының белгіленген сомасымен төленеді.
Кредиттік жүйе бойынша жұмыс істеу, таңдау пәндерін тіркеу, білімді бағалау, GPA есептеу, қайталап оқу жылына қалу, жазғы семестрде оқу сияқты мәселелер туралы з деканаттарыңызға немесе тіркеу бөліміне баруыңызға болады:
Қорытынды аттестация мамандықтардың оқу жоспары қарастырған уақытта өтеді. Белгіленген уақытының ұзақтығы 4 аптадан кем емес. Сіздің бітіру жұмыстарының жазылу тәртібімен танысуға, таңдалған зерттеу бағыттары бойынша эдвайзермен кеңесуге құқыңыз бар.
КЭУК бітіруші түлектері оқу жылы бойына барлық емтихандарды «А»,«А-» бағасына тапсырған, оқу жоспарындағы барлық пәндерден 75 пайыздан кем емес, ал басқа пәндерден – «В+», «В», «В-» бағаларын және қорытындысында GPA орташа үлгерім балы3,5-тен кем емес, сондай-ақ бітіру жұмысын қорғаған немесе мемлекеттік емтиханды «А», «А-» бағасына тапсырғандарға үздік диплом беріледі. Қызыл дипломның қорытынды жинақ балы 3,67-ден кем болмау керек.
Университеттен қандай жағдайда шығарылуы мүмкін?Сіз медициналық көрсеткіш бойынша немесе басқа ЖОО-ға ауысуға байланысты оқуды ары қарай жалғастырғыңыз келмеген жағдайда өз қалауыңыз бойынша оқудан шығуға құқығыңыз бар.
ЖОО міндеттері қарастырылған Жарлығының, ішкі тәртібінің бұзылуы, оқу тәртібінің бұзылуы, ЖОО әкімшілігінің оқу төлемақы келісімшартының бұзылуы болған жағдайда сізді оқудан шығарады.
Оқу жылы бойына себепсіз 40-тан аса сабақты жіберген болсаңыз, сізді ақтап алатын анықтама құжаттары деканатқа өз уақытында өткізілмеген жағдайда сіз оқудан шығарыласыз.
Оқудан шығарылу және оқуға қайта кіру мәселелері бойынша оқу бөліміне барыңыз:
Оқу бөлімінің бастығы – Каримова Гулім Сәрсемхановна
Тел.. 379 78 94 (132)
Қайталап оқу жылына қалған мемлекеттік білім беру грантында оқитын студенттер алдағы оқу мерзімінде гранттан алынып тасталынады.
Университеттің білім беру гранты жоғары балды сертификат алған талапкерлерге беріледі.
Студенттер саны бір топта - 10-15 адам.
Университеттің гранты бүкіл оқу процесіне беріледі,егер оқуы өте жақсы болса.
Университет білім грантын бүкіл күндізгі бөлімде « Дінтану» мамандығының студенттеріне беріледі.
Университет білім грантың кешкі және сыртқы бөлімдер « дінтану» мамандығының,мұғалім болып жұмыс істейтің студенттерге беріледі.
Қай жағдайда университеттің гранттынан айырылып калуы мүмкін?
Студенттер, ішкі оқу білім беретін гранты, академиялық қарызы бар, қайтып курста қалуы, гранттан айырылады.
Студент академиялық демалысты,оқуды уақытша тоқтату денсаулығына байланысты, сонымен бірге екіқабат және босану жағдайда.
Академиялық демалыс тек дәрігердік коммисиялық қортыңдысы болса ғана ,ұзақтылығы 6-12 ай ,ерекше жағдай – 2 жылға дейін. Студент академиялық демалыска шығу үшін сессияға дейін береді.
Академиялық демалыста жүрген студент,мемлекеттік білім беретін тапсырыста,әрі қарай мемлекеттік білім беретін тапсырыс оқу құқығын сақтайды.Оны қаржыландыру тек академиялық демалыс уақытқа ғана тоқтатылады,кейін ол жаңғарады.
Академиялық демалыстан келгенде студент дәрігердің қорытыңдысың корсету қажет. Ол студент оқуға кірісу мүмкіндігіне байланысты. Академиялық демалыстан шыққын студент разницасын тапсыру керек,егер болса.
Қай жағдайда стипендия беріледі?
Шәкіртақы мен оқитын білім алушылар қайта оқу курсына қалған, берілген шәкіртақыдан айырылып әрі қарай ақылы түрде білім алады.
Доктарантура мен магистратурадағылардың ауысуы ұжымдық білімі мен басқада тек ғана ақылы түрде іске асырылады.
Білім алушының басқа оқу орнына ауысуы келесі жоспар бойынша іске асырылады:
Білім алушылардың басқа оқу орнына ауысқысы келсе ауысу туралы оқу орнының басшысына өтініш жазада, оқып жатқан орнын және қағаз түрінде ауысуы туралы келісім мөрмен басылып, қызықтырған оқу орнына көрсетіледі;
Өтініш жазған оқу орнына көшірмесі болуы шарт:
Оқу карточкасы, факультет деканы мен кол қойылған, транскрипта, тіркеу бөлімінің қолы, және мөр мен басылған; жалпылама және комплекстік емтихан сертификаты, шәкіртақыны туралы куәлік, оқу басшылығының көшірмесі;
Оқу бөлімінің басшылығымен тіркеу орталығымен көрсетілген құжаттар айырмашылығын анықтап жұмысшының компоненті курстық пландық жұмысы;
Басшылықтың визасына сәйкес оқу орны білім алушының ауысуы туралы бұйрық беріледі;
Оқу басшылығы білім алушының оқыған орны, осындай өтініштен соң оқудан шығуы туралы бұйрық береді және үш күн ішінде мекеме оқудан кетірілген туралы бұйрықты білім алушы таңдаған оқу орнына жібереді;
Білім алушының оқыған оқу орнында карточка мен транскрипта, студент билеті жән жіберлілген құжаттардың көшірмесі қалады;
Ауысу кезінде шәкіртақы білім алушының басқа оқу орнына қабылдап жатқан оқу орнының басшылығы білім беру жүйесімен бюджеттік бағдарлама мен берілген бұйрық көшірмесі мен білім шәкіртақысы мен куәлік көшірмесі мен, атына жазылған оқу орнының ауқымы;
Білім алушылардың ауысуы мен, мемлекеттік білім беру, бекітілген оқы орындары мен сонымен қатар педагогикалық мамандардың бөлінген квота мен басқа оқы орны шәкіртақы мне жіберілмейді;
Білім алушының ақылы түрде оқытлуы оқу орындарына өзара келісімшар арқылы жүргізіледі;
Білім алушы оқы орнынан шығарылса өзінің қалаған мамандығына түсе алады;
Ақылы түрде білім алатын білім алушылар, оқуын төлемегендер, дер кезінде төлесе, төрт апта ішінде қарызын жаба алады;
Қайта қалпына келтіру ликвидациясының айырмашылығы жұмысшының оқу жоспары мен басты жоспары мен жүзеге асырылады.
Қалпына келу жүйесі келесі жоспар бойынша іске асырылады:
Білім алушы оқу басшылығына қайта калпына келтіру жөнінде өтініш жазады, Өтінішке академиялық анықтама беріледі;
Білім басшылығы Академиялық анықтама бойынша анықтайды;
УМР проекторы мен сәйкес университет деканы, оқу басшылығы және оқу орнының басшылығы білім алушының қайта қалпына келтіру бұйрығын бекітеді.
Қайта қалпына келтіру өтініші жұмыс күніне байланысты қойылады.
Егер білім алушы басқа ұжымдық қайта қалпына келтірілген білім орталығымен, оқу орнының басшылығы білім алушының бұрын оқыған оқу орнына, жазбаша түрде жеке құжатын, өзіне көшірмесін қалдырып, анықтама, оқу карточкасын студенттік билетін жібереді.
Басшылық ұжымы мен шешілген бұйрықты басқа оқу орны үш күн ішінде қарастыруы керек.
Білім алушының бір мамандықтан екінші мамандықтан ауысуына оқу формасы мен басқа ақылы түрде жүзеге асырылады.
Білім алушының бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуы оқу орнының ішінде сәйкестендірілген өзгерту бойынша келісім шартқа және басшылық бұйрығымен іске асырылады.
Білім алушының шәкіртақы, дәрігерлік құжат комиссиясы рұқсат етілмеген болса, нәтижесінде өз мамандығынан басқа мамандыққа ауысады.
Өтінішті ректор жазға жіне қысқы демалыста қарастырады,
Біздің университеттің беделі тек Алматы аумағында ғана емес шетел және барлық мемлекеттер территориясында жоғары. Сенің университетпен өздігіңше танысуың үшін және алдыңғы барлық м
25 12 2014
1 стр.
Звание «Студент исследователь» вводится как одна из форм поощрения студентов Волгоградского государственного социально-педагогического университета, принимающих активное участие в
11 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
По итогам учебно-производственной практики студент обязан представить отчет о деятельности сми, в котором студент проходил практику, включающий
11 10 2014
1 стр.
В россии же многие студенты при всей своей одаренности и глубине воспринимают студенчество как период беспечности, когда всё обратимо — можно проспать, прогулять, не выучить, списа
11 10 2014
1 стр.
И. А. Тұтқышбай, а ш.ғ. к. А. Ильясов, Н. Ибраемов студент, М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қаласы, Қазақстан
12 10 2014
1 стр.
Ну а бывший студент нашего колледжа, ныне студент Казанской консерватории (Республика Татарстан) Нартаев Алмаз завоевал Гран-при. Он бывший
16 12 2014
1 стр.
Интернет-газета ГазетаИркутск ру. Студент из Вьетнама снимает документальное кино об Иркутске
11 10 2014
1 стр.