Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Интернет- байқауына арналған ашық

сабақтың түсініктемесі.

Мен, Оразалина Алмагүл Бейсенбайқызы осы оқу жылында ересектер тобының балаларымен таным, қатынас, шығармашылық білім саласы бойынша айналамен таныстырудан кіріктірілген ашық сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»- атты ашық сабақ жалпы топ балаларымен өткізілді. Ашық сабақта мынадай көрнекіліктер қолдандым: ағаштар, құстар, аюдың апаны, шананың суреті, май шам, қағаз, бояу, ақ, қара қалташалар, слайд, көңіл- күйлер, әр балаға жеке- жеке көңіл- күй эмблемалары, әр- түрлі сабаққа қатысты әуендер.

Сабақ жалпы әңгімелесу, сұрақ- жауап, көрсету, түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру, триз әдіс- тәсілдерімен іске асырылды. Ересектер тобының балаларымен сабақты өткізуде қиындық шамасы туындай қойған жоқ. Осы сабақтың алдында балалармен алдын ала жұмыстар жүргізілді. Серуенде қысқы табиғатты, қыстап қалатын құстарды бақылап, сонымен қатар серуен кезінде балалардың қысқы ойындары суретке түсірілді. Бұл түскен суреттерін слайд түрінде сабақ барысында көрсетілді. Менің ойымша сабағым балалардың қызығушылығын арттыратындай деңгейде өткізілді. Жалпылама алғанда сабақ үш мақсатпен қамтылды: дамыту, үйрету, тәрбиелеу. Бұл мақсаттар сабақ барысында орындалды. Балалардың қысқы табиғат жайында құстап қалатын құстар туралы білімдерін жетілдірілді. Сабақ бағдарламаға сай өткізілді. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты саяхат түрінде өткіздім. Балалардың қыс мезгілі, қыстап қалатын құстар туралы білімдері кеңейтілді. Сабақ балалардың айналадағы дүниені танып білуге деген қызығушылықтары арттырылды. Бұл ашық сабақ барысында ТРИЗ әдісімен «Жақсы- жаман»- атты ойыны қолданылды сонымен қатар сабақ соңында өздерінің сабақтан алған әсерлерін ақ қағазға суреттеп бейнеледі. Сабақ өту барысында белсенділік танытқан балалар болды. Мұндай сабақтарда әр баланың жеке көз қарасы қалыптасып, мол тәжірибе алады, әрі есінде қалады. Бұл мен үшін өте маңызды болып есептеледі. Сабақ өту барысында жетістіктерге қол жеткізген жетістіктерім: Берілген тапсырманы түсініп орындай алды. Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысты. Сабақта үстінде балалардың өзін- өзі ұстау мәдениеті өте жоғары болды.

Сабақ барысында қол жеткен жетістіктерім:

Қыстайтын құстардың атын, оларды ажырата біледі.

Құстарға қомқор болуды.

Құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын ажыратуды біледі.
Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ.
Ашық сабақ.

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Сабақтың тақырыбы: Қысқы орманға саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу.

Айналамен таныстыру сабағына қызығушылықтарын арттыру.



Көрнекіліктер: ағаштар, құстар, аюдың апаны, шананың суреті, май шам, қағаз, бояу, ақ, қара қалташалар, слайд. көңіл- күйлер, әр балаға жеке- жеке көңіл- күй эмблемалары.

Сабақтың барысы:

Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме?

Есенсіздер ме?

Құрметті қонақтар қош келдіңіздер!



Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру сабағы. Балалар сабаққа қандай көңіл- күймен келдіңдер.

Балалардың жауабы: (Тамаша)

-Иә балалар көңіл- күйлеріңнің тамаша екені кеуделеріңдегі эмблемада көрініп тұр. Ендеше балалар

ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға

саяхатқа аттанамыз. Тамаша көңіл- күйлерімізбен шанаға отырып саяхатқа аттанайық. Орманға тез ,әрі көңілді жету үшін ән айтып барайық.

Ән айтылады: «Қыс қызығын көреміз»

Тәрбиеші: -Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.

-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қай ай?

-Ауа райы қандай?(суық)


-Жерде не жатыр?(қар)

-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды)

- Айнала қандай?

-Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды екен.



Осы кезде құстардың дауысы шығады. (Әуен қойылады)

Тәрбиеші: -Мынау не,балалар? (құстар).

-Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

Құстар аз көрінеді, қыстап қалған құстар ғана. Олар: ала қарғалар, торғайлар, сауысқандар, суық торғайлар. Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын. Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді. Ағаш бүршігімен,кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.

-Ал,қалған құстар қайда? (олар жылы жаққа ұшып кеткен).

-Ал,құстар орманға қандай пайда келтіреді? (ағашарды құрт-құмырсқадан тазартады).

-Құстар туралы тақпақ білесіндер ма?



Жансая:

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Дария:

Қарға, қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар.

Бұтаға келіп қорғалар.

Тәрбиеші: -Қараңдаршы,балалар,мынау не ? (ін). Мынау аюдың іні. Оны басқаша айтқанда аюдың апаны дейді. Аю қыста ұйқыға кетеді.Ол енді көктемде бірақ оянады. Аю жеміс-жидекпен, балықпен қоректенеді.

Аю туралы тақпақ кім біледі ?



Алтынай:

Орманда қар, жерде қар,

Қар жамылған аюлар.

Тәтті ұйқыға тым құмар,

Тыныш- тыныш!

Осыдан кейін қоян кіріп келеді.

Қоян: -Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Бұл «Айгөлек» тобының балалары. Біз орманға саяхатқа келдік.

Қоян: Мен- кіммін таныдыңдар ма?. Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз. Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

1)Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

( Қар)


2)Суға батпайды, отқа жанбайды.

(мұз)


3)Ақсақалды атаны-ай,

Мінезінің шатағы-ай.

(Қыс)

Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.



Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы- жаман»

  • Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.

  • Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?

Жақсы, онда Дария қай қалтаға салады екенін көрейік.

  • Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?

  • Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?

Камила қандай қалтаға салады екен.

  • Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?

  • Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала.

  • Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?

  • Жақсы. Қалташаға салайық.

Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!

Сөздік жұмыс: Қар- снег, қыс- зима, құстар- птицы, орман- лес.

(Балалар қайталайды)



Тәрбиеші :- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнадыма ма?

-Осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы-жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.



-Қоян,бізді жақсы қарсы алғанына рахмет. Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз келді, шанамызға отырып қайтайық

Қоян: Сау болыңдар,балалар! Онда менде өз үйіме қайтайын.

Тәрбиеші:

-Балабақшамызға тез әрі ,көңілді қайту үшін білетін «Қыс қызығын көреміз»- атты әніміздің жалғасын айтып барайық.

Балалар әуенмен топқа оралады

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ? Орманда не көрдік? Қысқы орманды көрдік. Сол табиғаттан алған әсерлерімізді қағаз бетіне бейнелеп көрейік. Қыс мезгіліне байланысты балауызбен , яғни май шам арқылы сиқырлы суреттерді бейнелейміз. (бейнелеу кезінде көңілді әуен ойнап тұрады)

Салынған суреттерді анықтап қарау, жақсы салған жұмыстарды мадақтау.



Сергіту сәті:

Тауға шықсаң –қалың қар,

Сайға түссең- қалың қар,

Шырша үсті-қалың қар,

Жерді бассаң- қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

- Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

Қазір мен сендерге балалар бүгінгі ашық сабағымызға арнап тосын сый дайындадым, слайдты тамашалау. Тосын сый ұнады ма?

Тәрбиеші:

-Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.

- Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!

- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

- Ауа райы қандай? Тамаша!

- Бүгінгі сабағымыз қандай? Тамаша!

- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!

-Көңіл күйіміз қандай? Тамаша!

Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық!

(Бәрі бірге)

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Біз сіздерге сәттілік тілейміз!

Біз сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз!

– деп сабаққа келген қонақтарға

(Смайлик береді)

Кел балалар тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,



Сау- саламат болайық!

Сабақтың алдында балалармен серуенде жүргізілген жұмыстардан көріністер:

g:\dcim\104canon\img_8379.jpg
g:\dcim\104canon\img_8424.jpg
g:\dcim\104canon\img_8468.jpg
g:\dcim\104canon\img_8441.jpg

Ашық сабақтардан көріністер:

g:\dcim\104canon\img_8511.jpgg:\dcim\104canon\img_8591.jpg
g:\dcim\104canon\img_8547.jpgg:\dcim\104canon\img_8531.jpg

g:\dcim\104canon\img_8560.jpgg:\dcim\104canon\img_8585.jpg

g:\dcim\104canon\img_8570.jpgg:\dcim\104canon\img_8572.jpg
Ашық сабаққа қатысқан қонақтар:

g:\dcim\104canon\img_8576.jpgg:\dcim\104canon\img_8578.jpg

Интернет- байқауына арналған ашық сабақтың түсініктемесі

Ашық сабақта мынадай көрнекіліктер қолдандым: ағаштар, құстар, аюдың апаны, шананың суреті, май шам, қағаз, бояу, ақ, қара қалташалар, слайд, көңіл- күйлер, әр балаға жеке- жеке кө

72.94kb.

25 12 2014
1 стр.


Ашық кюбез – реанимацияға арналған қарқынды терапевтикалық күтім Қолдануға арналған нұсқау

Сіз және науқастың қауіпсіздігі үшін

851.64kb.

25 12 2014
6 стр.


Әлеуметтік қысқаметражды кино түсіру байқауына қатысуға арналған өтінімнің үлгісі Ізденуші туралы мәліметтер

Егер «иә» болса, гранттың нөмірін көрсетіп жазуыңызды сұраймыз

33.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы:Үш арыстың үлгілері

Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі : Елғондиева Сайран

34.69kb.

14 10 2014
1 стр.


Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының 2011 жылдың желтоқсан айына арналған репертуары

Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған ашық есік күні: сурет, кітап және костюм көрмесі

19.18kb.

17 12 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


«Бекiтемiн» ожбб №4 мектеп директоры Ашық сабақтың тақырыбы

Тәуліктік наряд, оның құрамы, тағайындалу тәртібін және лауазымдық тұлғалардың негізгі міндеттерін оқып, білу

68.54kb.

15 10 2014
1 стр.


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.