Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ.
Ашық сабақ.

Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Сабақтың тақырыбы: Қысқы орманға саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу.

Айналамен таныстыру сабағына қызығушылықтарын арттыру.



Көрнекіліктер: ағаштар, құстар, аюдың апаны, шананың суреті, май шам, қағаз, бояу, ақ, қара қалташалар, слайд. көңіл- күйлер, әр балаға жеке- жеке көңіл- күй эмблемалары.

Сабақтың барысы:

Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме?

Есенсіздер ме?

Құрметті қонақтар қош келдіңіздер!



Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізде айналамен таныстыру сабағы. Балалар сабаққа қандай көңіл- күймен келдіңдер.

Балалардың жауабы: (Тамаша)

-Иә балалар көңіл- күйлеріңнің тамаша екені кеуделеріңдегі эмблемада көрініп тұр. Ендеше балалар

ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені бүгінгі сабақта біз сендермен орманға

саяхатқа аттанамыз. Тамаша көңіл- күйлерімізбен шанаға отырып саяхатқа аттанайық. Орманға тез ,әрі көңілді жету үшін ән айтып барайық.

Ән айтылады: «Қыс қызығын көреміз»

Тәрбиеші: -Міне, балалар, орманға да келіп жеттік.

-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қай ай?

-Ауа райы қандай?(суық)


-Жерде не жатыр?(қар)

-Айналаға қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?(ағаштарды)

- Айнала қандай?

-Қыс қандай болады? (қарлы, боранды, аязды)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды екен.



Осы кезде құстардың дауысы шығады. (Әуен қойылады)

Тәрбиеші: -Мынау не,балалар? (құстар).

-Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

Құстар аз көрінеді, қыстап қалған құстар ғана. Олар: ала қарғалар, торғайлар, сауысқандар, суық торғайлар. Бұл құстарға қыста қорек табу өте қиын. Олар аңдардың ізіндегі қардан ашылған шөптің дәнін теріп жейді. Ағаш бүршігімен,кепкен жеміс-жидекпен қоректенеді.

-Ал,қалған құстар қайда? (олар жылы жаққа ұшып кеткен).

-Ал,құстар орманға қандай пайда келтіреді? (ағашарды құрт-құмырсқадан тазартады).

-Құстар туралы тақпақ білесіндер ма?



Жансая:

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Дария:

Қарға, қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар.

Бұтаға келіп қорғалар.

Тәрбиеші: -Қараңдаршы,балалар,мынау не ? (ін). Мынау аюдың іні. Оны басқаша айтқанда аюдың апаны дейді. Аю қыста ұйқыға кетеді.Ол енді көктемде бірақ оянады. Аю жеміс-жидекпен, балықпен қоректенеді.

Аю туралы тақпақ кім біледі ?



Алтынай:

Орманда қар, жерде қар,

Қар жамылған аюлар.

Тәтті ұйқыға тым құмар,

Тыныш- тыныш!

Осыдан кейін қоян кіріп келеді.

Қоян: -Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Бұл «Айгөлек» тобының балалары. Біз орманға саяхатқа келдік.

Қоян: Мен- кіммін таныдыңдар ма?. Біз орман тұрғындары келген қонақтарға ризамыз. Онда мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

1)Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

( Қар)


2)Суға батпайды, отқа жанбайды.

(мұз)


3)Ақсақалды атаны-ай,

Мінезінің шатағы-ай.

(Қыс)

Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.



Енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр: Ойын «Жақсы- жаман»

  • Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.

  • Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?

Жақсы, онда Дария қай қалтаға салады екенін көрейік.

  • Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?

  • Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?

Камила қандай қалтаға салады екен.

  • Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?

  • Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала.

  • Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?

  • Жақсы. Қалташаға салайық.

Қоян: Ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын!

Сөздік жұмыс: Қар- снег, қыс- зима, құстар- птицы, орман- лес.

(Балалар қайталайды)



Тәрбиеші :- Сендерге бүгінгі орманға жасаған саяхатымыз ұнадыма ма?

-Осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер. Ел байлығы-жер байлығы. Осы байлығымызды аялайық.



-Қоян,бізді жақсы қарсы алғанына рахмет. Біздің балабақшамызға қайтатын уақытымыз келді, шанамызға отырып қайтайық

Қоян: Сау болыңдар,балалар! Онда менде өз үйіме қайтайын.

Тәрбиеші:

-Балабақшамызға тез әрі ,көңілді қайту үшін білетін «Қыс қызығын көреміз»- атты әніміздің жалғасын айтып барайық.

Балалар әуенмен топқа оралады

Тәрбиеші: Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ? Орманда не көрдік? Қысқы орманды көрдік. Сол табиғаттан алған әсерлерімізді қағаз бетіне бейнелеп көрейік. Қыс мезгіліне байланысты балауызбен , яғни май шам арқылы сиқырлы суреттерді бейнелейміз. (бейнелеу кезінде көңілді әуен ойнап тұрады)

Салынған суреттерді анықтап қарау, жақсы салған жұмыстарды мадақтау.



Сергіту сәті:

Тауға шықсаң –қалың қар,

Сайға түссең- қалың қар,

Шырша үсті-қалың қар,

Жерді бассаң- қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

- Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

Қазір мен сендерге балалар бүгінгі ашық сабағымызға арнап тосын сый дайындадым, слайдты тамашалау. Тосын сый ұнады ма?

Тәрбиеші:

-Ал балалар олай болса мен сендерге сұрақтар қоямын.

- Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша!

- Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.

- Ауа райы қандай? Тамаша!

- Бүгінгі сабағымыз қандай? Тамаша!

- Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша!

-Көңіл күйіміз қандай? Тамаша!

Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық!

(Бәрі бірге)

Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.

Біз сіздерге сәттілік тілейміз!

Біз сіздерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз!

– деп сабаққа келген қонақтарға

(Смайлик береді)

Кел балалар тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,



Сау- саламат болайық!

Сабақтың алдында балалармен серуенде жүргізілген жұмыстардан көріністер:

g:\dcim\104canon\img_8379.jpg
g:\dcim\104canon\img_8424.jpg
g:\dcim\104canon\img_8468.jpg
g:\dcim\104canon\img_8441.jpg

Ашық сабақтардан көріністер:

g:\dcim\104canon\img_8511.jpgg:\dcim\104canon\img_8591.jpg
g:\dcim\104canon\img_8547.jpgg:\dcim\104canon\img_8531.jpg

g:\dcim\104canon\img_8560.jpgg:\dcim\104canon\img_8585.jpg

g:\dcim\104canon\img_8570.jpgg:\dcim\104canon\img_8572.jpg
Ашық сабаққа қатысқан қонақтар:

g:\dcim\104canon\img_8576.jpgg:\dcim\104canon\img_8578.jpg

Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». Бөлімі

Салынған суреттерін өздері тамашалап, өз жұмыстарына қуанды. Сабақ соңында қорытындылап, бүгін не үйренгендерін сұрадым. Балалар бүгін не үйренгендерін, не салғандарын таласа айтты

47.16kb.

16 12 2014
1 стр.


«Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету, жабайы аңдардың қысқы тіршілігімен таныстыру, театрландыру әрекеті арқылы балалардың тан

72.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Шығармашылық», Кіріктірілген:«Таным», «Қатынас» Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті:

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Мүсіндеу әдістерін пыс

69.3kb.

12 10 2014
1 стр.


Күні: 10. 12. 12. Пән: Қазақстан тарихы 8 -сынып Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі Сабақтың мақсаты

Тәрбиелілік: ұлттық патриотизмге тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Е. Пугачев көтерілісінің картасы, тірек сызбалар. Сабақ

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Күні: 02. 13 Пән: Дүниежүзі тарихы Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту,сұрақ-жауап. Сабақ көрнекілігі: Көркем суреттер, тірек сызбалар Сабақтың барысы: І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі ІІ

27.04kb.

25 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.


Ашық сабақ музыка сабақтың тақырыбы: «Жалынды ақын Махамбет»

Білімділік: а оқушыларды қазақтың біртуар ұлы Махамбет бабамыздың өмірімен, шығармашылығымен, ақындық, термешілік өнерімен таныстыру

71.21kb.

14 12 2014
1 стр.