Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
106 «Ердәулет» бөбекжай балабақшасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»,

Кіріктірілген:«Таным», «Қатынас»

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті:

«Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Күз сыйлығы»

Тәрбиеші: Бөрібекова М.Е

Шымкент – 2012

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Күз сыйлығы».

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту.Мүсіндеу әдістерін пысықтау қол қимылын дамыту. Ермексаздың түсіне қарай еркін қолдану арқылы көкөніс-жемістердің мүсінін жасауды үйрету.

Көрнекілігі: Күзгі бақ көрінісі. Күз және жеміс-көкөніс суреттерімен муляждар.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.

Билингвалдық компонент: алма-яблоко, қияр-огурец.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялау



- Балалар, бізде бүгін ерекше күн.

- Біздің оқу іс-әрекетті көруге көптеген қонақтар келді. Келген қонақтарға сәлемімізді жолдайық:


Ия балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық.

Онда барлығымыз бірге келген қонақтарға қуанышымызды білдірейік.

-деп оқу іс-әрекетімізді бастайық.


Бүгін аптаның нешінші күні?

Жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Айларын атаңдар.

Күз мезгілі екенін қалай білеміз?
-Дұрыс айттыңдар.

-Балалар, біз күз мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?

Қанекей кім айтады?

-Ғажайып сәт:

Көңілді әуенмен, күз кіреді.
Сары жібек көйлегімді

желбіретіп,

Жапырағын ағаштың

селбіретіп.

Тойға бөлеп елімді

«Күз» боп келдім

Нұр тамшысын аспанның

мөлдіретіп.


Балалар, біз де күзге тақпақ айтып берейік.
-Рахмет балалар!

- Мен сендерге ойын алып келдім.


- Жарайсыңдар балалар!

Дәмін татып қай жеміс екенін тез және тура таптыңдар.


Сергіту жаттығуы.



Ойын: «Ғажайып қоржын».

мақсаты: қоржыннан алған жеміс-көкөністерді атау.


Алма – домалақ, түсі қызыл, сары, жасыл, дәмі тәтті.

Қияр – сопақша, түсі жасыл.

Сәбіз – түсі қызыл-сары, өте дәмді.

Анар – домалақ, дәмі қышқыл-тәтті.

Барлық көкөніс пен жемістер дәруменге бай.

Алма мен қиярдың мүсінін жасалу тәсілін балаларға көрсетіп,оларды екі орталыққа бөлу:

I – Жемістер орталығы.

мақсаты: алманың мүсінін алақан арасында ермексаздан жасау.
II – Көкөністер орталығы.

мақсаты: қиярдың мүсінін алақан арасында ермексаздан жасау.

Қонаққа кім келді?

Қандай жеміс пен көкөністің мүсінін жасадық?

Ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінберілген тақырыпта сұрақ-жауап арқылы қортындылау, балаларды мақтау.


Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал қанекей бәріміз!

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме Апайлар!!!
Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша!


Балалар сұрақтарға толық және нақты жауап береді.
Ағаштардан сары, қызыл, қоңыр жапырақтар ұшып жерге түседі.

Ауа-райы суық болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жылы киінеміз




Інжу:

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.
Аружан:

Түсіп жатыр аулада

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ма?

Сарғайыпты жапырақ.

Жомарт күз

Жемісті мол теретін

«Күз» дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен «Күз» деген!

Ойын: «Дәміне қарай тап!»

Орнымыздан тұрамыз,

Бау-бақшаға барамыз.

Алма теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз.

Сәбіз, қияр тереміз,

Бәрін себетке саламыз,

Тобымызға келеміз,

Қолымызды жуамыз.

Орнымызды табамыз.


Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.

Алма,қияр,сәбіз, анар.

«Шебер қолдар» тақырыбында балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Күз келді!

Алма, қияр.

Балалар өзінің іс-әрекетін әңгімелейді, мүсіндеген жұмысына баға береді.




Күтілетін нәтижелер:

Түсінуі керек: Күз мезгілінде барлық жеміс, көкөністер пісіп, жиын-терім

болатынын түсіне білді.



Жасай алады: Балалар өз бетімен іс-әрекет жасап, алма мен қиярдың

мүсінін жасауды меңгере білді.

Шығармашылық», Кіріктірілген:«Таным», «Қатынас» Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті:

Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Балалардың талабын арттыра отырып, көкөністер мен жемістерді ажыратып білуге білімдерін дамыту. Мүсіндеу әдістерін пыс

69.3kb.

12 10 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Cу өмір нәрі Мақсаты

Білімділік: Су тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту, судың әр түрлі күйде түрлерімен таныстыру

63.06kb.

11 10 2014
1 стр.


Бөлімдері : «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»,«Шығармашылық» Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Шұғыла" бөбекжайы МҚкм "Айналайын" тобынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

592.82kb.

16 12 2014
4 стр.


Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта». Бөлімі

Салынған суреттерін өздері тамашалап, өз жұмыстарына қуанды. Сабақ соңында қорытындылап, бүгін не үйренгендерін сұрадым. Балалар бүгін не үйренгендерін, не салғандарын таласа айтты

47.16kb.

16 12 2014
1 стр.


«Таным» білім беру саласы. Бөлімі: Айналамен таныстыру Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қысқы орман»

Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілінің қысқы көрінісі мен ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету, жабайы аңдардың қысқы тіршілігімен таныстыру, театрландыру әрекеті арқылы балалардың тан

72.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Білім беру үрдісінде cубьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
62.19kb.

25 09 2014
1 стр.


Қатынас + шығармашылық

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сөздік, есте сақтау қабілеттерін арттыру,театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп, достық сезіміне тәрбиелеу

25.26kb.

25 12 2014
1 стр.