Білім беру үрдісінде cубьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қасымқанова Ж.С.
Оралқан Бөкей атындағы
№44 мектеп-лицейі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ
СУБЬЕКТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда, үкіметіміз білім беру мекемелерін тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр, бұл оқушыны бастауыш сыныптан шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға дайындауды қажет етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі жеке адамды қалыптастыруға бағытталған ролі және педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауы қажеттілігі қарастырылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз.Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деп атап көрсеткен. Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін-білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында шығармашылық бағыттарда жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын,біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті туралы айтылған.
Сондықтан алдыма қойған зерттеушілік мақсатым: білім беру үрдісінде субьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндетім: 1. Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту, әдіс-тәсілдерін меңгеру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету
2. Оқушылардың өздеріне деген сенімділігін, жауапкершілігін, бірегейлігін қалыптастыру.
Болжам:
Егер бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үрдісінде Л.В Занков әдістемелік жүйесін тиімді қолданатын болсақ, онда оқушының ақыл ойын дамыту, ақыл ой қызметінің бала өміріндегі маңызын сезіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекеттерінің негізгі жүйесін қалыптастыру, сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным процестері дамиды.
Зерттеу нысаны: 2 сынып оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеу пәні: шығармашылық қабілет. Субьект қалыптастыру
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан да үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы қиын да, жауапты жұмыс. Бастауыш сынып мұғалімі ең алғашқы күннен бастап өз шәкіртінің психологиясын жан-жақты зерттеп, одан әрі тілі мен ойын дамытуға, еркін сөйлей алуына, өз ортасында жақсы қарым-қатынаста болуына басты қадамдар жасап, оны жалғастырудың, дамытудың жолдарын іздейді.
Шығармашылыққа қалыптастыру идеясы В.И Загвязинский, В.А Кан-Калик, А.И Кочетов, Н.В Кузмина, З.С Левчук, М.Р Львова, В.И Щербина т.б ғалымдардың еңбектерінде кенінен қарастырылған.[1] Олар шығармашылыққа басты орын берілетін қасиеттерге баса назар ааударды. Педагогтің шығармашылық ізденімпаздыққа дайындығының диагностикасының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, А.И Кочетов жоғарғы жалпы мәдениет, шығармашылық әрекет көрсеткішінің тиімділігін және мұғалім шеберлігінің өзіндік диагностикасын ұсынады.
Психологиялық сөздікте (Фромм) шығармашылық 3 жаңа құндылықтарды, әсіресе материалды және рухани құндылықтарды құру процесі ретінде анықталынады. Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша бұл тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілетті. [2] Ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:
• педагогикалық ойдың пайда болуы
• түпкі ойды талдау
• педагогикалық ойды әрекетке айналдыру
• шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А Кан-Калик, Н.Д Никандров)
• Жаңалықты көру
• Педагогикалық өнертапқыштық құрастыру үлгілеу
• Жетілдіру ( Д.Б. Богоявленская) [4]
Ойлай білген адам кейінгі мен бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады. Ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
-
Өлең жолдарын құрастыруға үйрету,
-
Ұйқасын тапқызу, сөз бен сөзді байланыстыру.
-
Алдарына ой тастау.
-
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
-
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
-
Мәтін әңгімені өз бетінше аяқтау.
-
Шағын үзіндіге өзіндік ой қорытындысын жазу.
Өлең жолын құрастыру 1-ші сыныптан сауат ашу барысында басталады. Ол үшін алдымен ұйқас сөзінін мәнін түсіндіріп, ұйқастарды табуға тапсырма беремін. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жолдар арқылы ұйқас жасау үйретіледі.
У-У-У Са-Са-Са
Тәртіпті болу Келіп қонды маса
Е-Е-Е За-За-За
Барамыз мектепке Біздің сынып таза
Жұмыс нәтижелі болу үшін бұл әдістерді тұрақты түрде қолдану қажет. Сол кезде ғана жұмыс нәтижесін береді. Әрине қиыншылықтар болады,ол орыс тілді оқушылардың көп болуынан. Қазір біраз оқушылар белгілі тақырыптар бойынша өз өлеңдерін жазып жүр. Олар жыл көлемінде мектептің газетіне жарияланып тұрды. Мысалы: Нұржанқызы Аружан деген оқушым «Мен» деген тақырыпта өз ұйқастарын жақсы қолданған.
Мына тұрған мен
Денемде көп мең
Біздің сынып кең
Жердің асты кең
Жаксы бала сен
Көлде шықты сең.
Осындай мысалдарды тағы да келтіруге болады. Сабақтан тыс уақытта мынандай жұмыс түрлерін қолданамын:
1) Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікір таластар өткізу, алған әсерлері бойынша шығарма жазу,
2) Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақта пайдалану,
3) Шығармалардың авторлары туралы мағлұмат жинау,реферат жазу,
4) Әр тақырып,тарауға кітапша жасау.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында мынадай жаттығулар бердім
А) сөз беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып көп сөз құрау (уақыты 3 мин) Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы – 9 немесе одан көп сөз. Орташа деңгей- 7,8 сөз. Төмеңгі деңгей – алты және одан аз сөз. Қорытындысында мынандай диагностика шықты. Ол қыркүйек айының соңында алынды . «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы» У.Б.Жексенбаева. Алматы, 2005ж.
Жоғары деңгей – 49%
Орташа деңгей – 32%
Төмен деңгей – 19 %
Жыл соңында жоғары деңгей-61%, орташа деңгей 33%, төмен деңгей-6% болды.
Диагностика нәтижесі бойынша сыныптың көрсеткіш деңгейі жоғары,еңдеше бұл сынып оқушыларының белсенділіктері,ынталары жоғары.Олай болса,бұл оқушыларды шығармашылыққа баулуға болатынына көзім жетті.
-жоғары
-орташа
-төмен
49% 32% 19%
Диагностика нәтижесі осылай бағаланды. Шығармашылық қабілетті анықтау сауалнамалары баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Жыл басынан 3 тоқсанға дейін 3 шығарма жоспарланған. Шығармалар 25-30 сөзден тұру керек. Оларды қорытындылай келе мынадай нәтиже шықты.
Өзім «Мұрагер» бағдарламасы бойынша музыка сабағынан беремін. Бұл сабақтар қазақ ата бабамыздан қалған күй өнерінің қыр сырын нотасыз үйрету. Сонымен қатар атақты күйшілердің өмірі мен шығармашылығынан, күйдің шығу тарихынан мәлімет беру. «Мұрагер» бағдарламасымен жүретін әр сабақта оқушы өзін әр қырынан көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Бұл сабақтарда баланың есте сақтау қабілеттері дамиды,мақтаныш сезімдері оянады,ерекше сезімге бөленеді.Соның нәтижесінде 40 оқушым домбыраны меңгеріп, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артты.
Болашақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мынадай жоспармен жұмыс жасап жатырмын.
-
шығармашылық жұмыстарды жинақтау;
-
кітапшалар жасау;
-
оқушы портфолиосын жетілдіру;
-
ана тілі дәптеріне қосымша дәптер дайындау;
5) ізденімпаздық жұмыстарға қатысу, жобалау технологиясына байланысты зерттеу жұмыстарына қатысу.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы тұжырымдамаларды талдай келе мынадай қорытындыға келдім: шығармашылық-өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан ол сабақтан тыс, сыныптан тыс уақыттарға жылжытылмай әр сабақта өтілетіндей оқу бағдарламасының оқу мазмұнында болуы шарт.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Кочетов А.И Культура педагогического исследования-М, 1996
-
Фром Э. Человек для себя –М, 1992
-
Нұрмұханова Г. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі. Б.М 2004 №10 36-37б
-
Д.Б.Богоявленская Пути к творчеству М-1981 42-43 стр
-
У.Б.Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау. Алматы 2005ж. 31-32 бет
-
Бекова Г.Шығармашылық ізденістер. Б.М 1998 №2 24-28 бет
-
Занков Л.В. Дидактика и жизнь. М Просвещение. 1970. 200 стр