Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы - сабақ сапасын жетілдіру.

Шаймарданова Б.Ш.

Мемлекеттік мекеме №15 орта мектебі

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛІК ДАМУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІНЕН САБАҚ БЕРУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ.


Бүгінгі таңдағы еліміз бен бүкіл әлемде жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар білім беру саласына өзіндік ықпалын тигізуде. Келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мәні, мазмұны мен түрлері, түбірімен жан-жақты қайта ойластырылып, жаңа сапаға жету міндеті көзделуде.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да былай деп атап көрсетілген:

«Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Орта білім беру елдің тұтас үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны ретінде жұмыс істейді.

Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мыналар қажет:

1.Білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін тіл мен әдебиет, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру.»

Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: « Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.» - деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің білгірі ғана емес педагогикалық- психологиялық, саяси экономикалық білімді және ақпараттық сауатты заман талабына сай білім беруде жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, іздену мен дамудан шаршамайтын жан болғанда ғана жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Адамның субъектілік қасиеттерін дамыту туралы қағидалар өте көп. Бірақ нақтылы жоспар, басшылық жасай отырып қана субъектілікті дамытуда нәтижеге жетуге болады. Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесімен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. «Субъект» (латынша:Subjeetum – бастауыш) деген мағынаны білдіреді.Оқыту субъектісінің өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және оқыту әрекетінің қорытындысын анықтаудағы оқыту жүйесі сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады.

К.А.Абульханованың анықтауы бойынша, субъект үйлесімді,өзін-өзі жүзеге асыратын,иеархиялық дамуда биік бір белеске жеткен тұлға болып табылады. Субъектілік қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында ғана танылады және дамып, жетіледі. Жеке тұлғаның өзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер – белсенділік, дербестік, жауапкершілік және т.с.с. субъектілік ұстанымының негізгі қағидалары болып табылады. Осы қасиеттерге сүйене отырып субъектілікті дамытуға болады. Қазақстан Республикаcының «Білім туралы» заңында оқыту формасын,әдістерін,технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген,бұл білім мекемелерінің мүғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процестерді кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептегі жаратылыстану пәндерінің негізі бастауыш білім беру сатысында дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-қоғам,адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия,география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат,экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Соның ішінде биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан оқушы орта буында өсімдік құрылысы, өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субъектіге түсіп,ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде білім берудегі озық технологиялардың бірі «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын. Сынтұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді меңгеруі, ізденуі,шығармашылыққа бағыт алуы. Оның бірнеше стратегиялары бар: тірек-сызба, ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы,эссе жазу.

Менің сабақ беру барысында пайдаланып жүрген проблемам: «Биология және химия сабақтарында жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру.» Ондағы мақсатым-оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ойлауға,қосымша материалдарды іздестіріп, оларды орынды пайдалануға баулу,білім деңгейін толықтыру. Шығармашылық қабілет әр баланың бойында болуы мүмкін.Мұғалімнің міндеті- оқушы бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсете отырып,қабілеттің дамуына түрткі бола білу. Сонымен оқушы шығармашы- ғы дегеніміз не?

Осы мақсаттарға көз жеткізу үшін 7-8-9 сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау жобасының бірнеше әдістерін пайдаланып сабақтар өткізіп жүрмін.

Атап айтсақ:Ассоциация, топтастыру, Венн диаграммасы, эссе жазу.

Мысалы: « Темекі шегудің тыныс алу мүшелеріне зияны» тақырыбында өткен сабақта ассоциация, зерттеу шеберханасы (іздену, суреттеу, эссе) әдістері пайдаланылды.

Қызығушылықты ояту үшін темекінің тыныс алу мүшелеріне зияны тақырыбына ассоциация құрылды. Оқушылар өздері білетін темекінің зияны туралы білімдерін тақтаға жазады. Мағынаны тану үшін оқушыларды үш топқа бөліп, зерттеу шеберханасының төмендегі әдістерін қолдандым:

1.Іздену әдісі бойынша алдын ала оқушыларға « Темекінің зияны, тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу» туралы қосымша материалдар жинауға тапсырма беріледі. Сол тапсырма бойынша оқушылардың ізденісі тыңдалады.

2. Суреттеу әдісі бойынша әр топ тақырыпқа сай сурет салып оның мазмұнын түсіндіріп береді.

3. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға жұртшылықтан сұхбат алуға, сұрақтар әзірлеп келу тапсырылған болатын. Осы әзірленген сұрақтар бойынша топтар бір-біріне сұрақтар беріп, сұхбат алынды:

1. Тыныс алу мүшелері ауруларының адам организмі үшін зияны туралы айтып берсеңіз?

2. Сіз темекі шегесіз бе?

3. Мектептегі темекі шегетін оқушыларға қатаң шара қолдану керек пе?

« Ой-толғаныс» бөлімінде оқушылар осы тақырып бойынша алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстыра отырып, « Менің болашағым» тақырыбында бес минуттық эссе жазу арқылы сабақ қорытындыланып бекітілді.



Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді:

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады.

  • оқушыны басқа жақтарынан таниды.

  • өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды.

  • оқушының жұмысын бағалайды.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында оқушы әрекетіне тоқталсақ:

  • мақсат қоюға үйренеді.

  • әр нәрсеге өз көзқарасы қалыптасады.

  • бұрынғы білетіндерін салыстырады.

  • бірігіп жұмыс жасайды.

  • бір-бірімен тіл табысады, келісімге келуді үйренеді.

  • қорытынды жасай алады. Білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыруда қызмет етіп келе жатқан оқыту технологияларының бірі- М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы – құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі үш бөліктен тұрады: кіріспе , сөйлесу, қорытынды. Әр оқу модулінің сағат саны оқу бағдарламасы бойынша сол тарауға, тақырыпқа бөлінген сағат санына байланысты.Осы орайда биология және химия сабақтарының кейбір маңызды тақырыптарын модульді технологиямен өткізуді тәжірибеге енгізіп жүрмін.Мысалы, 8 сыныпта химия пәні бойынша бірінші тарауды төрт модульге бөле отырып жоспарлауға болады. Барлығы жиырма жеті сағат. Әр модульде алты-жеті сағаттан болады. Биологиядан « Қан, лимфа және қанайналым» тақырыбын оқытудың осы формасымен ұйымдастыруға болады. Бұл модульге тоғыз сағат бөлінді.

Алғашқы модуль сабағы мұғалімнің кіріспе, дәріс беру сабағы ретінде өткізіліп, құрылған модуль жүйесімен таныстырылады. Екінші-жетінші сабақтар диалог түрінде « Қарлы кесек», «Бірін-бірі оқыту», « Брейн-ринг» ойындары, зертханалық жұмыс түрінде 8-9 сабақтар тест, сынақ алу түрінде өткізіледі. Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қараcтырады, оқушы ғылыми көздерді оқулықты пайдаланады. Модульдік технология формаларын пайдалана отырып оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырылған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылтады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы « Қазақстан мектебі», №2 2004жыл, 8 бет.

  2. Қазақстан Республикасының Білім заңы.

  3. М.М. Жанпейісова «Модульдік технология оқушыны жан-жақты дамытудың бірден-бір құралы.»

  4. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технологияның көзі. Алматы 2001, 75 бет.

  5. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86 бет.

  6. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 бет.

Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру

Білім беру процесінің субъектілік даму шарты ретінде жаратылыстану циклы пәндерінен сабақ беру сапасын жетілдіру

68.52kb.

13 09 2014
1 стр.


Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру

ОҚушылардың математика сабағына танымдық Қызығушылықтарын дамыту және білім беру сапасын жетілдіру үшін өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастыру

71.54kb.

12 10 2014
1 стр.


Білім беру үрдісінде cубьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
62.19kb.

25 09 2014
1 стр.


Конспектісі Тақырыбы : «Көшеде» Дайындаған : Ж. Р. Сексеналина Қарағанды қаласы

Мақсаты: әлеуметтік ойын арқылы балаларда шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіру

42.71kb.

13 10 2014
1 стр.


Оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырып

Сабақ мақсаты: Пациенттерге фармацевтік көмек және қызмет көрсеткен жағдайда қарым-қатынастың үш жақты құқығын сақтауды жүзеге асыруда қарым-қатынас дағдыларын және білімін студент

50.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары

Тұлғааралық қарым-қатынас теориялары

1497.61kb.

25 12 2014
8 стр.


2 I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау

Психология ғылымында қарым-қатынасты қалыптастырудағы психологтың ролі

648.12kb.

25 12 2014
4 стр.


Елеубаева К. К. «№15 орта мектеп» мм

Оқу үрдісінің қарым – қатынасының құзырлық дамуы. Даралап оқыту үрдісінің қатысымдық әдісі, қарым- қатынас технологиясы, жаттығулардың түрлері

42.01kb.

23 09 2014
1 стр.