Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Тақырыбы

Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру.



Мақсаты

1.Халқымызға ұлттық киім үлгілері туралы түсінік беру, жұмыстың орындалу тәсілін үйрету.


2. Адамдардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту.

3. Адамдарды ұқыптылыққа, үнемділікке, талғампаздыққа, іскерлікке, тәрбиелеу.

4.Ою-өрнектерді киімдерге әсемдеп безендіруді суреттер арқылы көрсету.

Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру



Мазмұны

  1. Кіріспе..............................................................................2-4

  2. Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы............................................................5-7

  3. Ою-өрнектерді киім үлгілеріне қолдану..............8-12

  4. Қорытынды...................................................................13-14

  5. Пайдаланылған әдебиеттер...................................15

I.Кіріспе.

Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады.Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.

Салтанатымен таңқалдырған қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте болған үшінші конгресстің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылғаны тарихтан белгілі. Тіпті Кіші жүз ханы Жәңгірдің орыс патшасына сый ретінде тарту жасаған киіз үй мен оның жасау бұйымдарының Санкт-Петерборды тамсандырып, кейін оны неміс королінің қалап алғаны мәлім. Міне сондықтан бүгінгі көрмеге қазақ үйінің сәнін келтіретін түскиіз бен текемет, түкті кілем, қоржын, қап-тыстары мен басқұрмалар қойылып отыр. Бұл ескінің көзіндей көне дүниелер кезінде ел ішінен жиналып алынған, бүгінде олар музейдің қорында жауһар жәдігерлер ретінде сақталуда.

Халқымыздың бізге жеткен осындай ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ғылымдар ою-өрнектердің әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарының бірі- қалындық жабынындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, әр түрлі күміс теңге, салпыншақтар арқылы безендіріліп, берік болу жағын қарастырылған. Сөйтіп, қалай болғанда да ою-өрнек халық өмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-ғасырға жалғасып отыр. Оған куә бүгінгі көрмеге қойылған жәдігерлер. Бұлар арқылы әр замандағы адам баласының эстетикалық талғамын байқауға болады. Мәселен, әйел адамның қысқы күбісі мен құшақ ХІХғ аяғындағы шеберлерінің іскерлігін көрсетсе, ақын Ботакөз Баймұқанованың кішкене шай сандығындағы ою-өрнектер ХХғ шеберлердің жұмысы.

Бүгінде ел ішінде осындай он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз емес. Солардың бірі республика көлемінде танымал ұлттық киім үлгілерін тігетін «Мария-ханым» сән салоны. 1999жылы «Мария» салонында әр түрлі маталардан құралып, әсем тігілген «құрақ шапан» бүгінгі шеберлердің жұмысы. Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы ежелден – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б. Бұл құрақты шапан салонның суретшісі Ғалия Күспанованың туындысы. Ол 2003 жылы Мәскеуде, 2005жылы Ақтауда, 2009жылы Астана қаласында өткен Халықаралық сән үлгілерінің үлкен байқауларында көрсетілген сән үлгісі.

Әйел адамдардың бешпетіне, қамзолына бәйшешек гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнелесе оның мәнісі өмірі гүлдей болсын деген ұғымды білдірген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Салонның суретші-модельері Ғалия Күспанова-Нагуманова өз туындыларында қазақ халқының ұлттық киімін ерекше әшекейлеуге барынша ықылас аударып отырады. Бүгінде оның басшылығымен салон филиалы Астана қаласында қызмет істеуде. Салон Астана қаласында шығарылатын елдегі үздік «Сән индустриясы» тізіміне енгізілген.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен.. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады.Қазақтың ою және өрнек деген сөзі біріге келіп, латынша «орнамент » деген ұғымды білдіреді. Орнамент көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни өсімдік немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Оюдың әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер- құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Мәселен, көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін егіз анды жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-тендікті сақтау ұғымын білдірген. Ертеде ұзатылған қыз өзінің үйіне сәлемдеме ретінде текемет немесе сырмақ жіберетін болған. Ондағы ою-өрнек түрі мен түсіне қарап ата-анасы қызының жай күйіне қанық болған. Мысалы қошқар мүйіз бен өсімдік стилі көбірек салынса қызының бай, дәулетті отбасына барғанын, бақытты екенін білген. Ал егер олардың ортасында жапалақ бейнесі берілсе ол қызының бақытсыз халде екенін сездірген.Демек қазақтың әрбір ою бояуларының да өзіндік сырының болғаны. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу болып саналған. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Қазақта қоржын өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі болып саналған. Қоржын бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдірген.



 «Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек» деп тегін айтылмаған. Жоғарғы талап-талғамға қарай әдемі киіне білудің өзі мәдениеттіліктің бір көрінісі десек, ХІХғасырдың аяғында ХХғасырдың басында Орал қаласының көшелерінен осындай сәнді киім киген бикештерді кездестіруге болатын еді. Олардың сол кездегі іскерлер тіккен, бұл киімдердің үлгілері қазіргі шеберлерді де таңқалдырары сөзсіз.Осынау әсем туындылардағы ұлттық ою-өрнек дегеніміз бір сөзбен айтқанда-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады десек артық айтқандық емес. Олар адамды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Демек ұлттық ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Өйткені осыншама әсем оюды ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болары айқын.

II.Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы.

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды. Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды. Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі. Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана–шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.



III.Ою-өрнектерді киім үлгілеріне қолдану.

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.



Айыр қалпақ

Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.

Жарғақ шалбар

Иленіп, әбден өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.



Тымақ

Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып келеді.

Саптама етік

Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.

Байпақ

Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.байпақ

Кимешек

Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.



Бөрікбөрік

Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .

Мәсі

Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонытын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті көсі порындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/f/f1/%d0%9c%d3%99%d1%81%d1%96.jpg

Тақия

Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/2/28/%d0%a2%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d0%b8%d1%8f.jpg



Шапан

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/d/de/%d0%a8%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d0%bd.jpg









IV.Қорытынды.

Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері


даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген-түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы. Мысалы, кешеге дейін ата-әжелеріміз тұтынып келген киіз үй мен оның ішіндегі сан түрлі бұйым, мүліктер осының айқын айғағы. Кезінде көрнекті этнограф, марқұм Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі мәдениетінің сөз өнері, қол өнері және музыка өнері деген ірі-ірі үш ұстынын егжей-тегжейлі зерттеп, соның төңірегінде бірталай тұщымды ой-тұжырымдар жасағаны мәлім.Қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған.

Ақиқатына келгенде, адам баласының табиғаты, әсіресе, әйел затының жаратылысы әу бастан ұят пен әдепке құрылған. Сонау Адам атамыз бен Хауа анамыздың дәуірінде де денені жауып киіну дәстүрі болған. Қасиетті Құран кәрімде мұны дәлелдейтін анық аяттар бар. Сондай-ақ адам баласы анасынан жалаңаш туылып, кейін саналы түрде өз денесін жауып жүруге бейім жаратылыс. Демек ашылған ұятты жерлерді жабу табиғатымызда бар. Сондықтан киім киюдің эстетикалық, ғұрыптық, этнопәлсапалық қызметтерінен бұрын жаратылыспен астасқан діни талап екендігі шүбәсіз. Алайда бүгінде әр адам өзінің өмірлік ұстанымдарына, дүниетанымына, наным-сеніміне, білім деңгейі мен қызметіне, заман талабына сай әр түрлі киінеді. Біреулер киімді сәттіліктің серігі санап, барынша сәнді киінуге тырысады. Енді біреулер өзінің сұлу дене бітімін жұртқа көрсетіп тұратындай ашық-шашық киім кигенді ұнатады. Тағы бірі киінуді өнерге балайды. Қысқасы, киім киюге қатысты ой-пікірлер мен ұстанымдар жетерлік. Алайда бұлардың бәрінен де бөлек бір көзқарас бар. Ол – Алла тағаланың бұйырғанындай етіп киіну. Расын айтқанда, адамға намаз оқу, ораза ұстау қандай бұйрық болса, Құранның талабына сай киіну де дәл сондай бұйрық. Ендеше дінді ұстанған адамның оның талабы бойынша киінуі заңды. Бүгінде жаһанның төрт бұрышында қаншама ұлттар мен ұлыстар мұсылмандықты ұстанып, шариғат бойынша киінуде. Демек киім киюдің сеніммен, иманмен астасқан жағы да бар. Мұны ұмытуға болмайды.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог // Алматы: Өнер, 2009., 1-т. – 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі – Нұрсан Әлімбай;
    Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9




Мақсаты Халқымызға ұлттық киім үлгілері туралы түсінік беру, жұмыстың орындалу тәсілін үйрету

Адамдардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту

227.37kb.

17 12 2014
1 стр.


1сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы

468.44kb.

15 12 2014
3 стр.


Математика 3 – cынып Cабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу тәсілдері туралы түсінік беру. Барлық амалдарға берілген есептер, амалдардың орындалу тәртібі туралы берілге

43.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Көз Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көз туралы түсінік беру. 2 Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету. Салауаттылыққа баулу

37.21kb.

16 12 2014
1 стр.


7-сынып 12. 2008. Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру

81.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ Сабақтың мақсаты

Сабақтың мақсаты : а қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

40.9kb.

25 12 2014
1 стр.