


Акмагамбетова А.М.
Учитель гимназии №92
Математика
3 – cынып
Cабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрін табу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу тәсілдері туралы түсінік беру. Барлық амалдарға берілген есептер, амалдардың орындалу тәртібі туралы берілген есептерді шығаруды меңгерту.
2. Амалдарды, өрнектерді шығаруды пысықтай отырып, ойлау, қорытынды жасау дағдылары мен сөздік қорларын дамыту.
3. Табиғат әсемдігіне сүйсіне отырып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекіліктік, қорытынды, талдау, жинақтау, интерактивті тақтамен жұмыс.
Көрнекілік: слайдтарға салынған ойынға негізделген көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Біз бүгін математика пәнінен тапсырмалар орындай отырып, келген қонақтарға өз білімімізді көрсетпекпіз. Бәріміз орнымыздан тұрып, мына өлең шумағын айтып жіберейік: 1 – слайдта:
Достығы жарасқан ( оң қолдарын оң жаққа созады.)
Сыйлы біз баламыз. ( оң қолдарын түсірмей, сол қолдарын сол жаққа созады.)
Келісіп бәрімен, (Бір – бірін көрсетеді.)
Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді)
Бәріміз бір болсақ, (Бәрі қол ұстасады.)
Бәрін де жеңеді.
Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)
Таудай боп өсеміз! (Қолдарын жоғары ұстаған күйінде біріктіреді).
- Олай болса, бүгінгі қиындықтардың барлығын қалай шешеміз? – Біріге отырып, бірлесіп.
- Біріге көтерген жүк жеңіл дейді. Олай болса, мен сендерге сәттілік тілеймін.
Балалар: - Біз де сізге, өзімізге сәттілік тілейміз!- дейді де орындарына отырады.
ІІІ. Үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар қалдықпен бөлуге сәйкес берілген № 8 тапсырманы оқиды да, тексеруін айтып өтеді. Орындарында отырған оқушылар өздерінің жұмыстарын тексеріп отырады.
ІV. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар. Осыдан кейін слайдтар кезектесіп ашылып отырады.
2 – слайд: Бізді қуана қарсы алған мына аңдар да сәттілік тілеп тұрған сияқты. Бүгінгі күннің тақырыбы мен сынып жұмысын жазып қояйық.
Олай болса, бүгінгі сендердің білімдеріңді сынап, тапсырма әкелетін, бағалайтын – құстар болмақ. Сабақ соңында бұл құстар қандай құстар екенін айтасыңдар.
3 – слайд. Бізге қонаққа келген не екен? Оны мына слайдқа қарап айтып жіберіңдерші: Қарлығаш. Ол қандай құс? Ол – адамның досы. Әкелген тапсырмасын көрейік. Фигуралар шығады да, олар туралы төмендегідей сұрақтар қоямын:
- Фигураларды атаңдар. Осы жерде ұқсас фигуралар бар ма? Олар несімен ұқсас. Ортақ қасиеттерін атаңдар. - Бұлардың барлық бұрыштары тік, қабырғалары төрт – төрттен.
- Қандай айырмашылықтары бар? – Тік төртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары тең, ал шаршының барлық қабырғалары тең.
- Олай болса, біз бүгін осы фигуралардың периметрін табу тәсілдерімен танысамыз дей отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
4 – слайдтағы екі фигураның өлшемдерін ала отырып, екі оқушыға осы фигуралардың периметрін тапқызу керек. Олар өздері білетін тәсілмен шығарады, яғни периметр дегеніміз барлық қабырғасының қосындысы дей отырып, барлық қабырғаларын бір – біріне қосып шығады. Осыны басшылыққа ала отырып, екінші тәсілімен таныстырып кету керек.
8 + 8 + 4 + 4 = (8 + 4) × 2 = 24 - 8 – ден екі рет және 4 – тен екі рет алғандықтан, ықшамдап осылай да жазуға болады. осыған қарай отырып, қандай қорытынды жасауға болады? – деген сұрақ қоя отырып, тік төртбұрыштың периметрін табу ережесін оқушылардың өздеріне қорытындылату керек. № 5 – слайдты ашып, оқушылардың шығарған қорытындысына тұжырым жасатамыз.
Шаршының периметрін де осы жолмен табамыз да, 6 – слайдтағы қорытындымен таныстырып, ережені шығартамыз. Қарлығаш риза болып, ұшып кетті.
№7 слайдтағы құс не екен? – Ұзын сирақ тырналар; - Балаларыңыз жаңа сабақты қалай түсінді екен, мына тапсырмаларды орындап жіберсін дейді. Орындап жіберейік. 3 қатарға 3 тапсырма беріледі де, ең бірінші тік төртбұрыштың, сосын шаршының периметрін жаңа тәсілмен табады.
Үш қатардан бір – бірден оқушылар шығады.
V. Өткен тақырыптарды пысықтау жаттығулары:
№8 слайд оқушыларға №8 есепті шығаруға нұсқау беріп тұр. Бір оқушы оқып, есептің шарты, сұрағы, не белгілі, не белгісіз екендігі анықталған соң, оқушылар орындарында, бір оқушы тақтада орындайды.
1) Алды - ? 3 · 4 Ш: 42 – 3 · 4 = 30
Қалды - ? 42 Ж: 30 текше
2) Қабырғасы - ? 4 · 10 Ш: 4 · 10 + 16 = 56 +12
Төбесі – 16
Шатыры – 12 ? Ж: барлығы 68 текше
Сергіту: Аштың ба таңмен көзіңді? (Орындарынан тұрады.)
Сілкін де сергіт өзіңді. (Денелерін сілкіндіреді.)
Шымырлап дене шынықтыр,
Бір мезет тізе бүгіп тұр. (Тізе бүгіп тұрады.)
Бір мезет артқа шалқала, (Шалқаяды.)
Ысқыла шөппен арқаңа. (Арқаларын қолмен ысады.)
Құс болып ұшып, қанат қақ. (Қолдарымен қанат қағады.)
Ысқыла төсті тарақтап. (Төстерін қозғалтады.)
Жоғары үш – төрт қарғы да, (Қарғиды.)
Иіліп еңкей алдыңа. (Иіледі.)
№9 слайдтағы құс - үйрек. Ол оқушыларға үлестірмелер әкеліпті. №6 тапсырмадағы мысалдарды үлестірмелерге жазып, тақтаға әр қатарға 3 оқушыдан шығарып, 6 мысалды орындату.
600 ; 6 + 9 · 10
500 : 50 + 20 · 4
200 - (56 : 8) · 5
650 – (5 · 10) · 2
100 – (35 : 7) + 5
8 · 100 – 70 : 7
№ 10 слайдта бозторғай. – Балаларыңыздың ауызша есептеуге кім жүйрік екенін байқайын дейді. №7, 9 – тапсырмаларды ауызша шығарсын депті. Оқушылар тізбектеп ауызша шығарады.
- Құстардың барлығы риза болды. Бұлар қандай құстар? Оларды неге жыл құстары дейміз?
VІ. Шығармашылық тапсырма. №11. Себебі. Бір аптада 7 күн бар.
VІІ. Қорытынды. – Не үйрендік? Не білдік? Соны ортаға салайық, дей отырып, №12 тапсырманы ауызша орындап жіберейік.
- Мына өлеңді естігендерің бар ма? Оны сендердің ата – аналарың айтатын болар?
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Ұшып бара жатқан құстарды немен салыстырған? Н. Өнербаевтың орындауында «Құстар әні». Балалар орындарынан тұрып қимыл – қозғалыстар жасайды.
VІІІ. Бағалау.