Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қарағанды облысы,

Сәтбаев қаласы

27 орта мектебі

математика пәні мұғалімі

Ибраева Есенкүл Алиакпарқызы



29. 01. 2013 жыл

7 сыныптар.

Тақырыбы: «Математика және спорт» сайысы



Мақсаты:

1. Математика мен спортты байланыстыра отырып,

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және

спорттық ойынға деген көзқарасын, сүйіспеншілігін

қалыптастыру.

2. Қауіпсіздік ережелерді сақтау.



Сайыстың өткізілуі: Спорт мұғалімі рапорт беру.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастаймыз. "Білімді, интелектуальды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет". Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың-өздеріннің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады. «Математика және спорт» атты сайысты бастаймыз.



Сайыстың жүргізілуі:

1. Таныстыру.

2. Доппен мәреге жету.

3. Скакалкамен секіру.

4. Нысаны көздеу (шардың ішіндегі тапсырманы орындау)

Әділқазылар алқасын сайлау. 1. Оқу ісінін меңгерушісі - Идирова Г.; 2. Математика пән мұғалімдері - Жанадилов О.М.; Смайлова Г.Қ.; Құлашова Н.Ж.

Сайыстың шарттары әрбір әділқазылар алдына дайындалып қойылған.

- дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай;

- дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай;

- жауабы жоқ болса, 0 ұпай.

- тәртіп бұзған топтан, 2 ұпай кемітіледі.

Сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.



1-команда: 7А сыныбы «Функция» - білгірлер тобы.

Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!

Қарсыласты сайыстарда жеңе біл!»



2-команда: 7Ә сыныбы «Аргумент» - зейінділер тобы.

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»



3-команда: 7Б сыныбы «Парабола» - дарындылар тобы

Ұраны: «Болашақтың ұрпағымыз бүгінгі,

Көрсетпекпіз сайыста тапқырлық пен білімді!»



4-команда: 7В сыныбы «Гипербола» - тапқырлар тобы

Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Білімен шықсын біздің жақсы атымыз.»

Ал, балалар енді ойынымыздың біріші турын бастаймыз.

І сайыс: «Доппен мәреге жету»

Шарты: мына бөгеттерден өтіп, тапсырмалар столына жетіп, математикалық тапсырма алып, оны шешіп беру керек. Сол жолмен қайтып барып эстафетаны ары қарай жалғастыру керек. Шығарылған есепке 10 ұпай беріледі және бірінші эстафетаны аяқтаған командаға 10 ұпай қосылады.

(Тапсырмалар столдың үстінде тұрады.)




ІІ сайыс : «Скакалкамен секіру» Тапсырмалар столына барып тапсырма алады. Командаларға логикалық есептер беріледі. 1 минуттың ішінде шешу қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады. Шешіп болғаннан соң нысанаға доп түсіру керек, түсірген командаға 10 ұпай қосылады.

Қазылар алқасына екі сайыстың қорытындысы бойынша сөз беріледі.


ІІІ сайыс: «Нысананы көздеу»

Команда мүшесі шарды көздеп, оны жарып, ішіндегі тапсыраманы орындау қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.


IV тур : «Белбеу»

Шарты: команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек. Тапсырма алып оны орындау керек. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.

Қазылар алқасынан ұпайлардың қорытындысын сұраймыз.

Қорытынды: жоғары ұпай жинаған команданы марапаттау.




Сайыс тапсырмалары:
1-сайыс

1. Дәлелденбейтін тұжырым. (Аксиома)

2. Координаталық жазықтықтықта неше ширек бар? (4)

3. Бұрыш түрлері нешеу? ( 6)

4. Үшбұрыш теңдігінің қасиеті нешеу? (3)

5. ОХ осі қалай аталады? (Абсцисса)

6. Квадрат теңдеудің графигі (парабола)

2-сайыс

1. Вертикаль бұрыштар қандай болады? (тең)

2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180)

3. Санның бір дәрежесі неге тең? (Санның өзіне тең)

4. Кез-келген санның нөл дәрежесі (1)

5. Бұрышты қаққа бөлетін сәуле (биссектриса)

6. Тұстас бұрыштардың қосындысы (180)

3-сайыс

1. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? ( 6 бала)

2. Үстелде 3 стакан сүт бар. Айбек 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар? (3)

3. Бір торда 3 қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай? (қоянды тормен бірге алған)

4. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)

5. Бір топ үйрек ұшып келеді. Олар барлығы 5-еу.Біреуі жерге қонса нешеуі қалады? (1-еу)

6. Екі адам қалаға келе жатып, 8 ауылдасын көрді. Қалаға неше адам келді?

(2 адам)

4-сайыс

1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой. (17 бас мал)

2. Кездесіп бір топ аңменен,

Болды отыз бас малменен,

Олар кетті һәм достасып,

Үш түлкі мен қоштасып.

Әуре болып құмар босқа,

Күлкі болма зерек досқа!

Теңдеуді ойлап құрыңыз?!

Бас қанша,айтшы тұрыңыз? (Х-3=30, х=27)

3. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. ( цифрлар)

4. Түзудің бір бөлігі,

Екі шеткі нүкте көрігі,

Ұзындығы және бар,

Айтшы сыйлық сенікі. (кесінді)

5. Нәрселерді санағанда ,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сандар)

6. Санасан сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,



Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

Жыл 7 сыныптар. Тақырыбы: «Математика және спорт»

Бұған дайындалу қажет. Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың-өздеріннің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады. «Математика және спорт» атты сайысты ба

47.82kb.

17 12 2014
1 стр.


Мектептін 0-4 сыныптар оқушыларын және әлеуметтік қорғалмаған және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан 5-11 сыныптар оқушыларын ыстық аспен тамақтануын

Калық тәрбие мектеп-кешені мм, мектептін 0-4 сыныптар оқушыларын және әлеуметтік қорғалмаған және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларынан 5-11 сыныптар оқушыларын ыстық аспен

19.82kb.

17 12 2014
1 стр.


Семинарды «Физика»,«Математика» және «Технология»

Семинарды «Физика»,«Математика» және «Технология» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы директорының орынбасары Н. Г. Кисарова жүргізеді. семинардың тақырыбы

27.99kb.

23 09 2014
1 стр.


Дене шынықтыру және спорт туралы

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дам

421.56kb.

14 12 2014
3 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби спортшыларды және спорт резервтерін дайындау, бұқаралық спорт түрлеріне халықты тарту, туризм саласының дамуына жағдай жасау

707.94kb.

14 10 2014
6 стр.


Пәні: Матемаика Сыныбы: 4-сынып Сабақ тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» Мақсаты

Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және

65.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Хабарлама 2013 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясы «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша V республикалық студенттік олимпиада өткізеді

Импиадаға қатысушыға Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын барлық жоо-ы жіберіледі

29.52kb.

18 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік орган болып таб

36.62kb.

16 12 2014
1 стр.