Перейти на главную страницу
Психологиялық жағдай туғыза отырып,оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту.
Слямжанова А.У.
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» ММ
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.
Сонымен қатар әрбір адам ортасына деген көзқарасы мен әрекетіне қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Адамның айналасын танып білуге жануардан айырмашылығы ортаға бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетке көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Балаларды оқытуға зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруда ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жорғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады. Тақырыпты меңгеруге өз күшіне сену қасиеті қалыптасады.
Мектеп қабырғасында оқушылар жақсы да, жаман да оқиды. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Ол үшін мұғалімге жақын аямай еңбек ету қажет. Орта буынды шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналасуға икемді жас деуге толық болады. Осы арада оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни балалық шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отырамын. Алдындағы жетістіктеріне құптаушылық көрсетіп, сезім күйін бақылап, қамқорлық жасаймын. Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, алдыға проблема қойып оны шешуге ықпал жасап отырамын. Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беремін. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.
Ағылшын тілі бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. Бесінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын.
Мысалы: бесінші сыныпта оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Осы кезде барлық оқушылардың әр-түрлі жұмыс істейтін қабілетін байқап, олардың шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технлогиясын қолданамын. Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстаймын. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады, ал мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы болып қалады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.
Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп дәлелдеуге тырысады, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Қойылатын сұрақтар проблемалы ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі, оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Бұл сабақтарда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған сұрақ бала жүрегіне жетпейді.
Мысалы: бесінші сыныпта “I need to buy a computer” тақырыбында оқушылар оны қайда қою керек екенін, ыңғайлы болу үшін, және ешкімге, кедергі жасамай басқа жанұя мүшелері де қолдана алатынын айтады. Ол арқылы не істей алатындарын айтады.
I need to buy a computer. I want to put it near the window. I can use it after classes to type and draw. My brother and sister can play computer games.
Талдау - бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады, интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдаулар арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер бойына сіңіріледі.
Мысалы: жетінші сыныпта өткізген “Health problem” атты сабағы мысалға жатады. Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі, - денсаулығы жақсы, жан-жақты білімі дамыған, өз-өзін рухани бай және жаны да сау болу үшін, әр оқушы өзі сауатты болу керек екенін, тақырыпты талдау арқылы саналарына жетеді.
When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?
Осындай сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыстырамын.
Мысалы: жетінші сыныпта “Having pen-friends” тақырыбында оқушылар өзінің досын суреттегенде оның әр-түрлі жағын, іс-әрекетін, сырт-пішінін, мінезін және өз досымен ортақтасып жүргізетін іс-әрекетін салыстыра түрде айтып беруі – оның сөз қорын молайтады, ережелерді қолдануын және сөйлеу қабілетін дамытады.
Егер досының жазған хаты болса өте жақсы, ол сыныпта кей фактілерін оқып береді.
Тағы бір мысал: бесінші сыныпта оқытылған “My flat” тақырыбын оқу кезінде әр оқушыға үйдің жиһазынан әр түрлі заттың суреті таратылып, және оған қоса бір бет ақ қағаз беріледі. Оқушы алдындағы суреттегі затты қағазға барынша суреттеп жазады. Суреттерді түгел жинап, тақтаға іліп қоямын. Ал қағазға жазғанды араластырып, үстел үстіне теріс қаратып қоямын. Оқушылар бір-бірлеп келіп үстел үстінен таңдаған жұмысты алып, оқып, тақтадағы суретті тауып алады. Қалған оқушылар айтылған әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.
Осындай жұмыс түрлері баланың тез ойлап, мағыналы, дұрыс сөйлем құруларына ықпал етеді, және жоғары эмоциялық жағдайда өтеді. Ең негізгісі – балаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Оқушылардың ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырмаларда күрделініп отырады.
Мысалы: «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30 – 50 сөзден құралған мәтінді даярлап оқушыларға үлестіремін. Олар сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.
“Where did you get it?”
When uncle Peter came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much Little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said you have very good eyes where did you get it the boy answered from the rat- trap.
Тапсырманы орындаған соң оқып, мазмұнын айтып береді.
Тағы бір мысал: «Әңгіме құра»
Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін, кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын. Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
Таза және кір киінген баланың суретін көрсетемін.
Тақырыбы «Clothes».
Сұрақтар: Who is this? What is this boy? What kind of clothes is he wearing? Is this good or bad? Why?
Сол жеке сурет бойынша әңгіме құрап шығады. Жалпы, менің оқытудағы өзекті проблемам - оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыруды негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың ұш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор болғандықтан өз іс тәжірибемде қолданамын.
Ағылшын тілінен окушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген келесі жұмыстар құрылыммен іске асады.
1. Ж. Қараев «Оқытудың ұш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы».
2. Тұрысбаева «Дамыта оқыту технологиясы».
3. Иманғалиева А. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы».
Психологиялық жағдай туғыза отырып,оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту
23 09 2014
1 стр.
Марафонның негiзгi мақсаты оқушылардың оқу танымдық қызметiн ынталандыру; дарынды балаларды айқындау; оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту
08 10 2014
1 стр.
Мақсаты: ата –аналар мен балаларының арасында қызықты ойын ұйымдастыру; өзара жақындық пен жылулық ұялату; оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру; бәсекелестікке баулу
14 09 2014
1 стр.
Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру
25 12 2014
1 стр.
25 09 2014
1 стр.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойын ашық айта білуге және шығарманың тілдік ерекшелігін талдау
17 12 2014
1 стр.
Адамдардың өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік шеберлігін дамыту
17 12 2014
1 стр.
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
17 12 2014
3 стр.