Балабақшаның атауы : №5 сәбилер бақшасы
Аты-жөні: Гүлнара Сүлейменқызы Ахметова
Лауазымы : Тәрбиеші
Жұмыс өтілі: 13
Санаты: бірінші
Тақырыбы: «Қоянның хикаясы»
Топтың жас шамалық ерекшелігі: Ересек «Б»
Білім беру саласы: Қатынас + шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Қоянның хикаясы»
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сөздік, есте сақтау қабілеттерін арттыру,театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп, достық сезіміне тәрбиелеу;
Жаңа сөздер: мамық, жұмсақ;
Әдіс-тәсілі: сахналау, әңгімелеп түсіндіру, сұрақ жауап, мадақтау қорытындылау.
Көрнекілік: орман тіршілігі бейнеленген ширма, ойыншықтар ( қоян, тиын, түлкі, аю, қасқыр, арыстан)
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті
|
Ұ/О «Шаттық шеңбер» ойыны (жеңіл әуенмен)
Армысың жарқыраған күн!
Армысың жер-Ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың, достарым
Балалар «емес» арқылы жұмбақ шешкілерің келеме?
Қысқа емес – ұзын, батыр емес – қорқақ.
Қөрегі оның қияр емес – сәбіз.
Ол не?
- Балалар, қоян туралы қандай ертегілер білесіңдер?
Ал қоян туралы тағы білгелерің келе ме?
Олай болса қазір белгілер арқылы 2 топқа бөлінейік.
-
Қағазды бүктеу арқылы қоянның достарын жасайсындар.
-
Қағазды төрт бұрыштап бүктейміз, артығын қиямыз.
Ғажайып сәт. Релаксация.(әсем әуен ойнайды).
-Балалар, қане бәріміз көзімізді жұмып, бір сәтке орманды елестетейікші айнала аппақ қар, қарда толған іздер.
-Көздерінді ащындар, айтыңдаршы кім қандай аңдардың ізін көрді?
Дид/ойын «Ненің ізі»
М: ойлау қабілеттерін арттыру.
Осы іздердін ішінен ең қорқак аңның ізін табындаршы.
Бүгін біз балалар сендермен сол қоянның басынан кешкен хикая мен танысамыз.
Қуыршақ театры арқылы « Қоянның хикаясы» атты ертегімен таныстыру.
-
Сендерге ертегі ұнады ма?
-
Қорқақ қоян неден шаршады?
-
Қоян қалай атанды?
-
Бірінші неге кездесті?
-
Ал екінші неге?
-
Үшінші неге?
-
Төртінші ше?
-
Қорытындылау:
-
Балалар, қане бәріміз бүгінгі ертегіні есімізге түсірейікші оған бізге сиқырлы қолшатыр көмектессін
|
Балалар шеңбер бойында тұрады.
Армысың жарқыраған күн!
Армысың жер-Ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың, достарым!
-Иә, шешейік!
-Ол – Қоян.
Балалардың жауабы.
Бұның жауабы – йә.
Балалар белгі арқылы 2 топқа бөлінеді.
-
топ «Әдебиет» орталығында «Қоянның хикаясы» атты ертегімен танысады.
-
топ «Өнер» орталығына барады.
Балалар мұқият тындайды.
Балалар көздерін жұмып, елестетіп отырады.
Балалар іздерді қарап олардың иелерін айтады.
- Иә, ұнады.
- Қорқудан шаршады.
- «Батыр» коян аталды.
Тиінге кездесті.
Түлкіге кездесті.
- Қасқырға
- Аюға
Қол шатырды айналдырып ертегінің ретін естеріне түсіреді.
|