Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар

бірінші вице-министрінің

2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 3-қосымша


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 131 бұйрығымен бекітілген
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу

әдістемесі


  1. Осы Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасауға арналған.

  2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

  1. кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялардың өнімділігін арттырудың үздіксіз және динамикалық үдерісі, сондай-ақ объектінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің және өндірістік нәтижелерінің сапалы жаңартылуына алып келетін кәсіпорынның басқару жүйелерін жетілдіруі;

  2. инвестициялық жобаның кешенді жоспары – экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзге де қажетті құжаттамалар пакеті;

  3. еңбек өнімділігі – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 18 шілдедегі №199 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін экономикалық көрсеткіш;

  4. өтінім беруші – Бағдарламаға қатысуға өтінім берген және Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі жеке және заңды тұлғалар;

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге қолжеткізуді көздейді:

  1. инвестициялық жобаның қаржылық өтімділігі;

  2. Еңбек өнімділігін екі есеге, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орта салалық деңгейден кем дегенде бір жарым есеге немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге арттыру;

  3. өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдер).

  1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде өтінім беруші ұсынылған бастапқы деректер мен есептеулердің толықтығы мен шынайылығы үшін жуапкершілікті өз мойнына алады. Барлық бастапқы деректер мен есептік шамаларға олар алынған дереккөздер көрсетіледі. Өтінім берушінің ұсынылатын деректерді қасақана бұрмалауы сараптаманы тоқтатуға және жобадан бас тартуға негіз болады.

  2. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын Өтінім беруші қағаз және электронды тасымалдаушыларда ұсынады: Word-форматы файлдарындағы мәтіндік құжаттар, Excel - форматы файлдарындағы есептік кестелер.

  3. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленеді, түптеледі, тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жазылған қағаз пломбамен бекітіледі, сондай-ақ мөр бедері бар, Өтінім берушінің бірінші басшының қолы қойылады. Қолы мен мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжат парағына қойылуы тиіс. Консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеген жағдайда инвестициялық жобаның кешенді жоспарына кешенді жоспардың басты бетіне консалтингтік компанияның мөр бедері бар бірінші басшысың қол қойуы тиіс. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге Өтінім берушінің бірінші басшысының қолымен және мөр бедері бар расталған оның көшірмесін де ұсынуы тиіс.

  4. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге Өтінім берушінің бірінші басшысының қолымен және мөр бедерімен расталған оның көшірмесін, сондай-ақ әр құрал операторы үшін 1 (бір) көшірмеден қосымша береді.

  5. Бағдарламаның тиімді болуы мақсатында кешенді жоспарды әзірлеуші инвестициялық жоба шеңберінде Бағдарламаның барлық құралдарының барынша қолданылу мүмкіндігін қарастырылады.

  6. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысанда ресімделеді.

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын жасау әдістемесінің Қосымшасы


нысан
Инвестициялық жобаның кешенді жоспары


  1. Жалпы мәліметтер




  1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

  • заңды тұлғаның атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысан, салалық тиістілігі, лауазымы мен басшының аты, тегі, әкесінің аты;

  • заңды және іс жүзіндегі мекенжайы, телефоны, факс, e-mail;

  • кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен мерзімі.

  1. Өтінім берушінің ағымдағы жағдайын талдау:

  • Кәсіпорынның қызметі, оның өндірістік құрылымы, кәсіпорын шығаратын өнім (жұмыстар, қызметтер);

  • соңғы 3 (үш) жылдағы негізгі өнім түрлерін өндірудің даму қарқыны: өнім шығару бойынша қолданыстағы қуаттылықтар, табиғи және бағалық мәнде өнім шығару;

  • шығарылатын өнімнің негізгі тұтынушылары;

  • ішкі және сыртқы нарықтарда іске асырылатын өнімнің үлесі.

  1. Ұйымдастыру құрылымы мен кәсіпорынның кадрлық құрамын талдау:

  • ұйымдастыру құрылымының сипаттамасы;

  • кәсіпорын бөлімшелерінің жұмыскерлерінің саны мен сапасы туралы ақпарат және басқару персоналы туралы мәліметтер, оның ішінде, атқаратын қызметі, білімі, біліктілігі, жасы, жұмыс өтілі бойынша деректер;

  • персоналдың біліктілігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы ақпарат;

  • жобаны басқарудың ұйымдастырушылық кестесі (негізгі қатысушылары, олардың өзара іс-қимыл схемасы);

  • жобаға сәйкес штаттық кесте;

  • басқару тәжірибесі;

  • осы сияқты жобаларды іске асырудың тәжірибесі.

  1. Жобаның өзектілігі:

  • жобаның өзектілігі: жобаны орындау қажеттілігі мен орындылығы;

  • жобаның рентабельділігінің және экономикалық орындылығының негіздемесі.

  1. Жобаның мақсаты.




  1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі




  1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға (түсініктеме келтіріледі) сәйкестігі.

  2. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарының нақты салалық бағдарламаға (түсініктеме келтіріледі) сәйкестігі.

  3. Күтілетін еңбек өнімділігін бағалау (ұлттық статистика мәліметтері бойынша экономиканың тиісті салаларында ағымдық және/немесе орташа салалық деңгеймен жоспарланып отырған еңбек өнімділігінің көрсеткіші мәнінің есептеулері мен салыстырулары келтіріледі).

  4. Өндірістің күтілетін энергия тиімділігін бағалау (ағымдағы энергия тұтынуды жоспарланып отырғанымен есептеу және салыстыру келтірілген, сондай-ақ өнім бірлігінің өндірісіне энергия тұтыну).

  5. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы, ағымдағы өтімділігі, өзіндік қаражаттармен қамтамасыз етілуі, несиелік берешектер (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін соңғы 3 (үш) жылда, ал жаңалары үшін іс жүзінде жұмыс істеген уақытына) туралы ақпарат ашылады;

  • соңғы 3 (үш) жылда шығындардың болмауы;

  • акционерлік қоғамдар үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесін тіркеу (лицензияның көшірмесін қоса тіркеу), (егер Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі ұсынған жағдайда, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса берілуі мүмкін.



  1. Кәсіпорынды жаңғырту бағыттарын негіздеу




  1. Өндірістік технологияларды жаңғырту қажеттігінің негіздемесі:

  • пайдаланылатын технологиялардың талдауы (өндірістің қолданылатын технологияларының ағымдағы жағдайы туралы ақпарат);

  • өнім өндірісінің қолда бар тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырмалы талдауы;

  • енгізілетін технологияны сипаттау, оны таңдау және балама нұсқалармен салыстыруды негіздеу құны туралы ақпарат, инновациялылық;

  • күтілетін нәтижелер (қаржылық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.).

2) Технологиялық жабдықты жаңғырту қажеттігінің негіздемесі:

- қолда бар технологиялық жабдықты сипаттау (жабдықтың ағымдағы жағдайы, тозу деңгейі, жобалық және нақты жүктелу деңгейі туралы ақпарат), өндірістік кешендер/технологиялық учаскелер үшін қосымша жабдықтарды сатып алудың мүмкіндіктері туралы ақпарат;

- технологиялық жабдықтауды таңдау мен балама нұсқаларды қабылдамау дәйектемесі (таңдалған жабдықтың артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырмалы талдауы, тізбесі, құны және негізгі техникалық сипаттамасы);

- болжалды жеткізушілер туралы мәліметтер (жеткізушілермен жасалған/дайындалған келісімдерді қоса бере отырып, жеткізушілер байланыс туралы мәліметтері);



  • ресурстарды тұтынудың қажетті көлемі туралы электрлік және жылу энергиясы, су және т.б., сондай-ақ, технологиялық жабдықты енгізудің нәтижесінде көрсетілген ресурстарды тұтынудағы өзгерістер;

  • Кеден органының алдын ала шешімін тіркей отырып жабдықтың таңдалған кешеніне СЭҚТН берілген кодтары туралы ақпарат.

3) Кәсіпорында өнім сапасын басқару жүйесі:

- шығарылатын өнімнің сапалы сипаттамалары және оларды үздіксіз жақсарту бойынша шаралар, сондай-ақ өнімнің сапасына әсер ететін сипатталады (шикізат, өндірістің қолданылатын технологиясы және т.б);

- шығарылуы болжанатын өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі туралы ақпарат.

4) Өндірістік алаң мен инфрақұрылым:

- жобаны орналастыру орны, сипаттамасы және орналасуы;

- өндірістік аланың инфрақұрылымы (электрмен қамту, сумен қамту, жылумен қамту, газбен қамту, кәріз, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.);

- жаңа өндірістік алаңдарға және өзге де инфрақұрылымға деген қажеттіліктер бойынша деректер.

5) Жобаны ғылыми-инновациялық қолдау:



  • кәсіпорының қазіргі ғылыми-инновациялық әлеуеті (кадрлар, ғылыми қызмет, инновацияларды әзірлеу мен енгізуді ынталандыру тетіктері мен құралдары).

  • кадрларды тартуға, ғылыми қолдауды, инновацияларды ынталандыру механизімдерін негіздеуге жасалатын жобаны тиімді ғылыми-инновациялық қамтамасыз ету қажеттілігі.



  1. Маркетингтік жоспар немесе стратегия




  1. Кәсіпорынның қазіргі маркетингтік жүйесін талдау:

  • кәсіпорынның маркетингтік-өткізу бөлімшесінің құрылымы, штаты, мақсаттары мен міндеттері;

  • кәсіпорында өнімді өткізуді басқару туралы ақпарат (өткізу жүйесі – көтерме сауда желілері, бөлшек сауда желілері, тікелей сатулар, өткізу тығыздығы, сауда қорларын анықтау, көлікті жоспарлау);

  • кәсіпорында өнімді жылжытуды басқару туралы ақпарат (жарнамалық және PR іс-шараларды әзірлеу, сатуларды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар, сауда маркасына қатысты саясат).

  1. Өнім нарығын зерттеу:

  • нарықтағы қазіргі сұраныс пен ұсынысты бағалау (негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, өндіріс және тұтыну көлемдері, нарық үлестері, баға\сапа ара қатынасы);

  • соңғы 5 жылдағы өнімнің өндірісі, импорты, экспорты серпінін бағалау;

  • қазіргі әлеуетті жергілікті өндірушілер тарапынан сұраныстың, ұсыныстың және бәсекелестік деңгейінің күтілетін өзгерістері.

  • жаңғырту нәтижесінде шығарылатын өнімге баға деңгейлерінің күтілетін өзгерістері;

  • өнімді өткізудің перспективті нарықтарының орналасқан жері;

  • өнімнің өткізу нарықтарына шығуы бойынша қолданыстағы және күтілетін кедендік, салықтық және басқа да кедергілер.

  1. Шикізаттар, материалдар мен өндірістін өзге де факторларының нарығын зерттеу:

  • өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы (жабдықтаушылар бойынша деректері, өндірістік алаңнан алшақтығы);

  • өндірістің шикізаттың, материалдарының және өзге де факторларының қолжетімділігі;

  • заттай және ақшалай көріністегі жабдықтау бағдарламасы (жобаны іске асырудың әрбір жылына);

  1. Маркетингтік стратегия

  • болжанатын өткізу көлемінің негізделуі;

  • өндірістік қуаттылықтарды жылдар бойынша пайдаланудың болжанатын деңгейіне сүйене отырып өнім өндірісінің көлемі;

  • шығарылатын өнімнің номенклатурасы;

  • өнімге баға қалыптастыру;

  • өнім экспорттың жалпы көлемінен өнім экспортының үлесі;

  • өнімді іштей тұтыну, оның ішінде, өзіндік тұтыну.

  1. Жобаның келісімшарттық пысықтауы:

  • шикізатты, материалдар мен жинақтаушыларды сатып алуға арналған келісімшарттармен жобаның қамтамасыз етілуі (сипаттамасы, жеткізушілер тізбесі, сомасы, бағалар, көлемдері, шарттары мен жеткізу, төлеу мерзімдері);

  • өнімді өткізуге арналған келісімшарттармен жобаның қамтамасыз етілуі (жеткізушілер тізбесі, сомалар, бағалар, көлемдер, жеткізу, төлеу шарттары мен мерзімдері).



  1. Қаржылық жоспар




  1. Жобаның көлемі, құрылымы мен қаржыландыру көздері:

  • жобаны іске асырудың әр жылы бойынша жобаны іске асыру үшін қажетті қаражаттар көлемі;

  • қаржыландырудың сұралатын шарттары сипатталады;

  • жоба іске асырудың әр жылы бойынша жергілікті валютада жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы (жабдық, технология, тасымалдау, кедендік ресімдеумен, сертификаттаумен және сақтаумен байланысты және т.б. шығындар);

  • жобаны қаржыландыру құрылымы мен көздері (қарыз және меншікті қаражаттар, құралдар операторларының қаражаттары).

  1. Шығындар жоспары:

  • жылдар бойынша заттай және ақшалай көріністе жоба бойынша шығындарды бөле отырып жаңғырту нәтижесінде өтінім беруші қызметіне егжей-тегжейлі болжамы;

  • ақшалай көріністе жаңғырту нәтижесінде өнім бірлігінің өзіндік құнына калькуляция, оның ішінде заттай көріністе шикізат, материалдар мен жинақтаушылар шығындарының нормаларын көрсету.

  1. Табыстар жоспары (заттай және құндық көріністе жылдар бойынша жобадан сатуды бөле отырып, барлық қызметтен сату жоспары).

  2. Қаржылық міндеттемелер:

  • өтінім берушіде бар қаржы міндеттемелерінің тізбесі келтіріледі, оның ішінде қайтарылатын қаржылық көмек, несиелер, облигациялар, екінші деңгейдегі банкілердің кепілдіктері (кредиторды, шарттың нөмірін, игеруді бастаған күнін, судалық берешектің қалдығын, сыйақының жылдық мөлшерлемесі, төлемдер кезеңділігін, мерзімдерінің өтіп кетуінің бар болуын көрсету);

  • негізгі қарыз және сыйақылар бар бойынша берешектерді өтеу кестесі, жоспарланатын қарыздар және берешектерді өтеудің жиынтық кестесі көрсетіледі.

  1. Ақша қаражаттарының ағындары (кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен алынатын ақша қаражатының түсуі мен шығуына болжамдар, тұтынушылар тарапынан және жеткізушілер пайдасына төлем бойынша болжанатын кешіктірулерді есепке ала отырып, жылдар бойынша ақша қаражаттарының ағымдарын келтіру).

6) Жоба тиімділігіне талдау (қаржылық циклдің, (NPV) таза келтірілген құнының, табыстылықтың ішкі нормасына (IRR), жобаның өзін ақтау мерзімінің есебі, жобаның табысты төмендетуге, шығындарды ұлғайтуға, экономикалық шығындар мен табыстарды салыстыру келтіріледі).


  1. Тәуекелді бағалау




  1. Жобаның SWOT-талдауы (күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен мүмкіндіктері).

  2. Жоба бойынша ықтимал тәуекелдерді бағалау (тәуекелдерді анықтау және оның бастапқы талдауы, олардың пайда болуының барлық мүмкін нысандары бойынша тәуекелдердің туындау ықтималдығы):

- экономикалық тәуекелдер (жобаның өзін ақтамауының коммерциялық және қаржылық тәуекелдері, қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамау, асыра өндіру немесе өнімді өткізе алмау тәуекелі, бәсекелестіктің өсу тәуекелі және т.с.с.);

- техникалық және технологиялық тәуекелдер (жобаның қажеттілігіне сәйкес өндірістің таңдалған технологиясының, жабдықтар кешенінің сәйкессіздігі, материалдармен қамтамасыз етілмеуі тәуекелі, пайдалануға уақытылы енгізу тәуекелі, қысқаша ақпарат келтіріледі);

- тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар.



  1. Экологиялық бөлім




  1. Жобаның қоршаған орта жағдайына әсері мен зиянды әсерді кеміту жөніндегі іс-шаралар жоспары:

- қоршаған ортаға болжалды қолайсыз әсер ету деңгейлерін анықтауға бағытталған техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын сипаттау;

- қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау (алдын ала ҚОӘБ), арналған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;

- қоршаған ортаға теріс әсер етуді шектеумен байланысты табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі.

2) Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер ету бойынша халықаралық стандарттар мен қоршаған ортаға ықпал ету бойынша нормативтерге сәйкестігі.




8. Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі (айлар бойынша).



Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу

Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 мамырдағы №131 бұйрығымен бекітілген

132kb.

08 10 2014
1 стр.


Қосымша №2 «Инвестициялық жобаларды талқылау рәсіміне» Жобаның қаржылық-экономикалық талдауы

Осы рәсім «Инвестициялық жобаны талқылау туралы ережеге» (бұдан ары Қосымша) №2 қосымшасы, ажырамайтын бөлігі болып табылады

31.48kb.

08 10 2014
1 стр.


Жылға «Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша жедел есеп

Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

383.14kb.

16 12 2014
1 стр.


Бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды бекiту туралы

Стан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы n 276 Бiрлескен бұйрығы

514.54kb.

17 12 2014
4 стр.


Инвестициялық преференциялар жөніндегі жадынама инвестициялық преференцияларды алуға арналған қажетті құжаттар

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм уәкiлеттi органына қарастыру үшін Заңның 19 бабында көрсетілген қосымша құжаттармен беріледі

94.3kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы «08» шілдедегі

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің 2011-2015 жылдарға арналған ведомстволық жоспарын әзірлеу, оны ҚОҚМ ресми сайтында жариялау және барлық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық

154.57kb.

25 12 2014
1 стр.


Дипломдық жобаның тақырыбы «fastwel контроллері негізінде мыс штейнін алудың автоматтандыру жүйесін және ақпараттық қамтамасыз етуін әзірлеу»

Дипломдық жобада қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігі, экономикалық есептеулер келтірілген. Дипломдық жоба М. О. Әуезов атындағы ОҚму – дің «Автоматтандыру, телекоммуникац

1926.68kb.

16 12 2014
14 стр.


Қосымша 4 жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі

Жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат: Кәсіпорынның атауы, құрылған мерзімі, басшысы туралы ақпарат

154.1kb.

13 10 2014
1 стр.