Инвестициялық преференциялар жөніндегі
ЖАДЫНАМА
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған қажетті құжаттар
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм уәкiлеттi органына қарастыру үшін Заңның 19 бабында көрсетілген қосымша құжаттармен беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралыанықтама;
2) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;
3) инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның белгiленген талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құның және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдардысатыпалуға жұмсалған шығындардын егiздейтiн тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi;
5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздерiмен кепiлдiктерiн белгiлейтiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөріменрасталған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражатынан қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;
6) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiкзаттайгранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi;
7) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша
берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың шаралары
Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың құқық және экономика негіздерін анықтайды, ҚР инвестицияларды асырудағы инвесторларға құқықтарын қорғауын кепіл етеді, инвесторларға қатысты дауларды шешу ретін, инвестицияларды қолдау шараларын инвестициялық преференциялар түрінде беруді қарастырады.
Инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобасын уәкілетті органмен, ҚР Үкіметі экономикалық қызметтің түрлерінің ортақ классификаторының класстары деңгейінде бекітілген тізімі бойынша қызметтің басым түрлерінде жасалған келісім – шарт арқылы, ҚР заңды тұлғасына беріледі.
Қызметтің басым түрлері
Преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі тізбесі 38 бөлімнен тұрады:
-
Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету;
-
Балық аулау және аквамәдениеті;
-
Тамақ өнімдерін өндіру;
-
Сусындар өндіру;
-
Тоқыма бұйымдарын өндіру;
-
Киім өндіру;
-
Былғары және оған жататын өнім өндіру;
-
Жиһаздардан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру
-
Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру;
-
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
-
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру;
-
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру;
-
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
-
Өзге де металл емес минералды өнімдерін өндіру;
-
Металлургия өнеркәсібі;
-
Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын өндір;у
-
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру;
-
Электр жабдығын өндіру;
-
Басқа санаттарға енгізілмеген, машиналар мен жабдық өндіру;
-
Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндіру;
-
өзге де көлік құралдарын өндіру;
-
Жиһаз өндіру;
-
Өзге де дайын бұйымдарды өндіру;
-
Машиналар мен жабдықты жөндеу және орнату;
-
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау;
-
Суды жинау, өңдеу және тарату;
-
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату;
-
Азаматтық құрылыс;
-
Құрлықтағы көлік және құбыр жолдары арқылы тасымалдау;
-
Су көлігі;
-
Әуе көлігі;
-
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
-
Баспақызметі;
-
Байланыс;
-
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
-
Білім беру;
-
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
-
Спорт, демалыс пен ойын-сауықтық ұйымдастыру саласындағы қызмет.
оның ішінде экономикалық қызметтің түрлеріне ортақ классификаторы бойынша қалыптасқан 283 жұмыс түрлері бар.
Инвестициялық преференциялар түрлері:
-
Кеден баждарын салудан босату
- технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.
- технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босатуы тіркелген активтерге инвестицияларының көлеміне қарай 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап мерзiмге беріледі.
Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.
2. Мемлекеттiк заттай гранттар осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi уәкілетті органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Мемлекеттік заттай грантын алу мақсатында Заңдағы 19 бабының 7) тармақшасына сәйкес тиісті мемлекеттік органымен расталу тиіс, яғни уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз береді, және нарықтық құнның сараптамасы.
Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкін.
Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi ҚР заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз процентiнен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, ҚР заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар (тұлға) үшін ҚР салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге үміттене алады. Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін инвестициялық жоба қосылған құны жоғары (қайта жасалуы және қайта өңделуі анағұрлым жоғары) өнім өндіруге бағытталуға, басым қызмет түрлеріне сәйкес келуге, сондай-ақ мынадай критерийлердің біріне жауап беруге тиіс:
1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнімдерді өндіру қызметі түрлерінің тізбесіне кіретін өнімдерді өндіруге бағытталуға тиіс;
2) инвестициялық жоба бойынша инвестиция көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаның мынадай:
1) газға;
2) электр энергиясына;
3) жер учаскесін сатып алуға;
4) ғимараттар, құрылыстар сатып алуға (салуға) арналған шығын түрлері бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді немесе төлеуді қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Байланыс мәліметі
Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті:
010000, Астана қаласы? Қабанбай батыр даңғылы 47, «TRANSPORT TOWER» ғимараты, 23 қабат. Тел. 8 (7172) 24-15-40, тел./факс 8 (7172) 24-21-24, www.mint.gov.kz