Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Бала-бақшаның аталуы: Павлодар қаласының №111 бала-бақшасы
Аты-жөні: Адильханова Назгуль Аскеновна
Қызметі: Тәрбиеші
Еңбек өтілімі: 23 жыл
Санаты: 2 санаттағы тәрбиеші (бірінші санатты беру)
Тақырыбы: Ауа туралы ұғымды түсіндіру
Жас ерекшелігі, тобы: Естиярлар тобы



Танымдық-зерттеу әрекеттері
Айналамен таныстыру сабағының жоспары



Мақсаты:
Балаларға ауаның не екенін тәжірибе арқылы түсіндіру, таныстыру. Ауаның қасиетін дұрыс болжап айта білуге үйрету. Оның (жеңіл, көрінбейтінін, қозғалатынын, сезуге болатынын білу). Балалар шешілмейтін жағдайдың жауабын дұрыс таба білуге үйренеді. Тәжірибе жасай отырып,қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: Сеземіз,көрінбейді,қозғалады,жеңіл,дем аламыз.
Қажет заттар: Ауа шарлар,су құйылған ыдыс, майлықтар, сумен стакандар, шүмекшелер, ойыншық «Алдар-көсе», әр балаға жеке орамал.,тамшылардың белгілері (көк түс,жасыл түс)

Мотивациялық қозғаушы
1.Шарттық шеңбер
Мақсаты:
Әр баланың көңіл-күйін көтеру, сөйлеу, еркін өзін ұстай білуге баулу. Табиғатты сүюге, қорғауға үйрету.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
2.Тосын сый
Мақсаты:
Қонақты сәлемдесіп,қарсы алу. Балалрды қонақты қарсы алуды білуге үйрету.Төрге шығару . Шешілмеген жағдай. Туындыру, ойландыру.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдар-көсе келген екен. Біз оны қарсы алып, амандасайық!
Балалар: -Сәлеметсіз бе, Алдар-көсе!
Тәрбиеші: -Алдар-көсе, бізге жай келмепті, ол сендерден ауа деген не: Сол туралы біліп үйренгісі келеді екен!
Тәрбиеші: - Осы шарды үрлегенде дөңгелек болу үшін не істеуіміз керек?
Балалар: - Оны көп желмен үрлеуіміз керек!
Қорытынды: Шардың ішіндегі ауа шығып кетті.
Балалар: - Шарды көп желмен үрлеуіміз керек!
Тәрбиеші: - Шарды үрлеген соң оның ішінде не пайда болады?
Балалар: - Ауа.
Тәрбиеші: -Шардың ішіне ауа қайдан келеді?

Іздену ұйымдастырушы
1. Сұрақ - жауап


Балалар: - Біз ауаны шығарамыз.
Тәрбиеші: -Ауаны шығару үшін ,біз оны дем алып ауаны жұтып аламыз. Ауаны біз қайдан алуымыз керек. Ауаны жұтқан кезде ме,әлде..
Балалар: - Өз жауаптарын айтады.
Тәрбиеші: -Ендеше, біздің айналамызда ауа бар. Оны байқау үшін, қазір біз ауамен демімізді алып, (ауыз бен мұрынмен дем алу)
-Алақанды қойып, оған ауа жіберіңдер.
-Сендер нені сездіңдер? (жылу, жел т.б)
-Ауыздан шыққан ауа алақанға жетті.
-Ауа жылжыды.
-Ал, балалар,сендер ауаны көрдіңдер ме?
Балалар: -жоқ
Тәрбиеші: -Егер, сендер оны көрмесеңдер, ол қандай?
Балалар: ол көрінбейді.
Алдар-көсе: -Ал, мен ауаны көргім келеді,
Мен не істесем, екен?
Тәрбиеші: -Бұл істі қалай шешшек екен? (Балалар ойланады)
Тәрбиеші: Қазір балалар біз екі топқа бөлінеміз.Сендердің кеуделерінде бар тамшы түстерімен бөлінеміз.Көк тамшысы бар үстел басына көк тамшылар барады.Жасыл тамшысы бар үстел басына жасыл тамшылар барады.

2. Танымдық-зерттеу әрекеттері

Тәрбиеші: -Қазір, оны да шешіп көрейік!
-Үстелдердің жанына «көк тамшылар» барып тұрындар! Майлықтың үстінен ауа шарын алыңдар, оны үрлеңдер! (Балалар үрлейді)
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, енді шарларды ауызын төмен қаратып, су құйылған ыдысқа кішкене қысып, саламыз. (Ой, судың бетіне нелер шығып жатыр?)
Балалар: -Бүркешектер
-Олардың ішінен ауа шығып жатыр.
Алдар-көсе: -Дұрыс, ауа шардан шыққанын, судың бетіндегі бүркешектен білдік, бұл өте қызық болды. Ал, ауаны тағы көргілерің келе ме?
Тәрбиеші: -Майлықтар мен шарларды орнына қойындар, да, қолдарыңа шүмекшелерді алыңдар! Алақанды «жасыл тамшылар» ашып, шүмекшемен үрлеңдер!
- Сендер, нені сездіңдер? Мен ауаның жылжығанын сездім. Сендер ше?
-Онда мынадай нәтиже шығара аламыз. Ауа жылжиды, қозғалады.
-Ал, енді су құйылған стақанға шүмекшелермен ауаны үрлегенде не болады екен?Кәне,көрейік!
-Қазір мұрынмен дем алып, шүмекшемен суға ауаны шығарамыз. Суда нені көрдіңдер?
Балалар: -Бүршектер (пузырики) - ауа шықты.
Тәрбиеші: Қазір,көк тамшылар мен жасыл тамшылар өздерінің жасағандары бойынша бір-бірлеріне түсіндіреді.
Мақсаты: Әр топтан топ басшысын тандап,балалар ауаны қалай сезгендерін көрсетіп,айтады.

3. Динамиқалық үзіліс
Мақсаты: Балалардың шаршағанын басу,тілдерін дамыту,қимылмен көрсету.
Бір,екі,үш дем аламыз жинап күш,желдеткіш кең ашылсын,шаң тозаңы басылсын.
4. Ойын «Ауа не үшін қажет?»
Мақсаты:
Ауаның қажеттілігін білу,кімге керектігін тану,айыра біледі,сөздік қорын молайтады,дұрыс сөз тіркестерін құрайды.
Ойының шарты: Балалар,алдарында жатқан құстардың,аңдардың,өсімдіктердің,адамдардың,жәндіктердің суреттерін алып,әр қайсысына ауа қалай қажет екендігін айтады.
Балалар: -Аңдарға, құстарға, өсімдіктерге, адамға, жәндіктерге.
Тәрбиеші: -Ал, сендер ауасыз, өмір сүре аласыңдар ма?
-Қазір, мен сендерді тексерейін!
-Қолымызбен мұрынды, ауызды жабайық.
Дем алмай тұрайық! Қанша уақыт шыдай аламыз екен?
Тәрбиеші: -Сонымен, айта қойыңдаршы, ауасыз адам,жануар, өсімдіктер тірлік жасай ма?
Балалар: -Біз ауасыз өмір сүре алмаймыз.

Рефлексиялық - коррекция

1. Сабақтың қорытындысы:
Тәрбиеші: -Бүгін жанадан көп білмегенімізді білдік.Біздің айналамызда не барын..
-Ол қандай екенін.
Балалар: -Көрінбейді, қозғалады, сезуіге болады.
Тәрбиеші: -Алдар-көсенің шары дөңгелек болу үшін не істеу керек екен?
Балалар: -Оны үрлеу қажет.
Тәрбиеші: -Ендеше шарларымызды, үрлеп, Алдар-көсе ге сыйлайық!

2. Алдар-көсе: -Балалар, сендерге көп рахмет!
-Ауа туралы көп нәрсені үйрендім, білдім!
Балалар: Көп рахмет! Сау болыңыз!

Қосымша А





Қосымша Ә


Жәндіктер:



Өсімдіктер:



Жануарлар:





Адамдар:



Өлі табиғат




Қызметі: Тәрбиеші Еңбек өтілімі: 23 жыл Санаты

Балаларға ауаның не екенін тәжірибе арқылы түсіндіру, таныстыру. Ауаның қасиетін дұрыс болжап айта білуге үйрету. Оның

38.63kb.

25 12 2014
1 стр.


Лауазымы: тәрбиеші Жұмыс өтілі: 22 жыл Санаты

Тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу

58.17kb.

25 12 2014
1 стр.


Лауазымы: Тәрбиеші Еңбек өтілі: 3 жыл Тақырыбы

Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су – тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағды

33.06kb.

25 12 2014
1 стр.


Жұмысы өтілі 2 жыл Санаты санатсыз Пәні

Көрнекіліктер: плакат «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары», буклеттер, ребус

85.71kb.

14 12 2014
1 стр.


Баланы бөбекжайға психологиялық тұрғыда дайындау

Бұл жерде бала мен тәрбиеші және ата-ананың арасындағы түсінушілік де үкен маңыз атқарады. Бала үшін тәрбиеші үлкен беделді бола білуі керек

16.54kb.

12 10 2014
1 стр.


Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3

Мұнда еңбекті сақтау қызметі құрылған, қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ету іс-шаралары өткізілуде, жұмыскерлердің медициналық қаралуы тұрақты өткізілуде, сауықтыру-санаторил

74.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы

Кәсіби аурулар курсына жауапты: медицина ғылымының докторы, профессор Жумабекова Бағлан Камзиновна, педагогикалық стажы – 30 жыл, клиникалық стажы – 30 жыл

254.13kb.

10 10 2014
1 стр.


6 хаттамасы. Өскемен қаласы 2012 жыл 27 желтоқсан

Молдағұлова көшесі, 17/3 мекен-жайындағы 3а позиция бойынша тұрғын үйлердің мансардты қабаттарындағы пәтерлерге квотаны пәтер санын 4 басым санаты бойынша үміткерлердің санына тең

162.07kb.

25 12 2014
1 стр.