Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4




«Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқармасымен

«Бекітілді»

«03» қазан 2012 жыл

Тірк. № 478





«ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕБ-де ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА

БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ

Алматы қ.

2012ж.

1. «ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ ЕБ-ДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ


    1. Осы «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету талаптары (бұдан әрі мәтін бойынша – «Банктік қызмет көрсету талаптары») және тиісті түрде ресімделіп, қол қойылған Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтініш жинақталған түрде Клиент пен «Жинақ банкі» АҚ ЕБ (бұдан әрі мәтін бойынша – «Банк») арасында жасалған Банктік қызмет көрсетудің әмбебап шарттары (бұдан әрі мәтін бойынша – «Шарт») деп аталады.

    2. Шарт Клиенттің қолы қойылған Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтінішін (Шарттың №2 Қосымшасы) Банк белгілеген нысанда қағаз түрінде Банк алған сәттен бастап және Клиент Шарттың 1.4 т. көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жасалды деп есептеледі. Банк заңды тұлғамен Қызметкерлерге карточка беру және ағымдағы шоттарды ашу, төлемдерді ағымдағы шотқа аудару тәртібі туралы шарт (тіркеу № 283) жасаған жағдайда, ұйымның қызметкелері «Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтінішке Жалақы жобасының шегінде «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасын шығару өтінішіне» (Шарттың №2.1 Қосымшасы) қол қояды.

Бұл ретте, Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлға (бұдан әрі – «БЕҚҚТ») болып табылатын Клиентпен Шарт жасау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. БЕҚҚТ Банктік қызмет көрсету өтінішін толтырған жағдайда, Шартты жасау туралы мәселе Банктің Директорлар кеңесінде бекітілгенге дейін шарт жасалды деп есептелмейді. Банкте Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу үшін құжаттардың қажетті маңызды пакеті (жеке тұлғалы клиенттің құрастырылған құжаттар топтамасы болса) болған жағдайда, БЕҚҚТ қатысты Шарттың 1.2 т. көрсетілген шектеулерді қоспағанда алыстан қызмет көрсету арнасы - «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» (электронды сандық қол қою қолданылып) арқылы жүзеге асырылады.

    1. Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтініштің екі данасына Клиент қолын қояды, біреуі Банкте, ал қабылданғаны туралы белгісі бар екінші данасы Клиентке беріледі және ол Шарттың жасалу дерегін растайтын құжат болып табылады.

    2. Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

- Банк белгілеген нысан бойынша Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтініш;

- Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

- жеке сәйкестендіру нөмірі - ЖСН бар құжат («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі туралы» ҚР Заңына сәйкес клиентке жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайдан басқа кезде);

- егер басқасы ҚР бекітілген халықаралық шарттарда қарастылмаса, ҚР уәкілетті органдарында тіркелгенін растайтын құжат.



    1. Шарт стандартты үлгі нысан болып табылады және Клиенттер тарапынан өзгертуге жатпайды. Шарт «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де қайта қарастырылуы/өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Клиентке кем дегенде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын енгізілген өзгертулер жөніндегі ақпаратты «Жинақ банкі» АҚ ЕБ интернет сайтына орналастыру арқылы тиісті өзгертулер енгізгені туралы хабарлауы тиіс.

    2. Клиент Шарттың өзгертулерімен келіспеген жағдайда, Банк белгілеген нысан (№3 Қосымша) бойынша Шартты бұзу туралы өтініш беру арқылы Шартты Банкке бұл жөнінде жазбаша ескерте отырып бұзуға құқылы. Егер Шарттың жаңа талаптары күшіне енгенге дейін Банк Шарттың бұзылатындығы туралы ескертпесе, онда Банк бұл жағдайда Клиент өзгертілген талаптармен келіседі деп есептейді.

    3. Шарт Клиентке кешенді банктік қызмет көрсету талаптары мен тәртібін анықтайды.

    4. Клиентке кешенді қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    5. Клиентке кешенді қызмет көрсету аясында келесі қызмет түрлері ұсынылады:

  • төлем карточкаларын шығару, төлем карточкаларының қызмет көрсетуі үшін (бұдан әрі – «Төлем карточкасы шоты») ашу;

  • ағымдағы шоттарды (бұдан әрі - «Шот») ашу және қызмет көрсету;

  • жинақ шоттарды (бұдан әрі - «Салымдарды») ашу және қызмет көрсету;

  • иесіздендірілген металл шоттарды ашу және Банк жеке сипаттарын (құйма нөмірі, өнідірушінің маркасы және т..б) көрсетпестен троя унциясында металдың қозғалысын есепке алу үшін клиенттеріне ашқан шоттарды жүргізу;

  • жеке сейфтерді (ұяшықтар) жалға беру;

  • Клиенттің шоттары мен салымдары бойынша операцияларды алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Call-орталық арқылы) жүргізу.

    1. Банк Шарттың шегінде Клиентке Шартта қарастырылған кез келген қызметті пайдалануына мүмкіндік береді. Клиент Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтінішке қол қойған кезде, ол қандай қызметті пайдаланғысы келгендігін анықтап көрсетеді.

Клиент Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Банкке оған осы Шартта қарастырылған қосымша қызметтерді ұсыну үшін өтініш білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда, Клиент Банкке тиісті түрде толтырылып, қолы қойылған және жеке басын куәландыратын құжатын ұсына отырып Банкке берілген қажетті қызмет көрсету Өтінішін, егер белгілі бір қызметке қосудың өзге тәртібі осы Шартта айтылмаса, ұсынуы тиіс.

    1. Клиент міндетті түрде, Шарт шегінде Төлем карточкасы шотын ашады, оған Төлем карточкасы шығарылады. Клиент Төлем карточкасын пайдаланып, өзінің Банктегі Төлем карточкалары шоттары, Шоттары мен Салымдары бойынша Шартта анықталған операцияларды алыстан қызмет көрсету арналары арқылы жүргізу мүмкіндігін алады. Егер клиенттің қолында Банктің қолданыстағы Төлем карточкасы болса, онда қосымша Төлем карточкасы шотын ашу талап етілмейді, бұл Төлем карточкасы алыстан қызмет көрсету арналары арқылы операцияларды жүргізуге рұқсат беру құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Егер Клиент Қосымша карточка ұстаушысы болса, онда Клиент негізгі Төлем карточкасын шығару үшін міндетті түрде Төлем карточкасы шотын ашады.

    2. Шарт ол жасалғанға дейін де, кейін де ашылған Төлем карточкасы шотына, сонымен қатар, салымдарға, иесіздендірілген металл шоттарға, жеке сейфтерді (ұяшықтарды) жалға беру қызметтеріне және Шарт шегінде Банк Клиентке ұсынатын Шартта қарастырылған басқа да қызметтерге қолданылады.

    3. Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы операциялар жүргізу қызметіне ұсынуға қатысты Шарт салымдарға, иесіздендірілген металл шоттарға және Клиентке жеке шарт шегінде ашылған басқа да қызметтерге қолданылады.

    4. Егер Шарт жасалған сәтте Клиент пен Банк арасында Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету туралы шарт жасалса, онда Шарт жасалған күннен бастап тиісті Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету туралы шарттың күші жойылады. Аталған Төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету туралы шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін туындаған Тараптардың міндеттемелері, сонымен қатар, аталған Төлем карточкасы шығару және қызмет көрсету туралы шарттың Төлем карточкасы шоты бойынша Клиентке белгіленген овердрафт лимиті бөлігіне қатысты талаптары осы Шартқа сәйкес реттеледі.

    5. Шартқа қосылмаған шоттардың жеке түрлерін ашу және қызмет көрсету, банктік қызмет пен өнімдерді ұсыну Клиент және Банк Шартқа қол қойғанға дейін де, кейін де жасалған/белгіленген жеке шарттармен, келісімдермен және қызмет көрсету ережелерімен (талаптармен) реттелуі мүмкін. Қандай да бір Шоттарға, банктік қызмет пен өнімдерге қатысты Шарт ережелері мен шарттардың, келісімдердің және қызмет көрсету ережелерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда, тиісті жеке шарттардың, келісімдер мен қызмет көрсету ережелерінің, егер өзгесі Шартта анықталмаса, күші басымды болады.

    6. Клиент Шарт талаптарын орындауды міндетіне алады.

    7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ағымдағы шоттағы ақша қалдығы мен Салымға салынған ақша жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылады. «Депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шот бойынша кепілдік сомасының мөлшері бес миллион теңгені құрайды.

    8. Шарт шегінде Банк Клиентке «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасын шығару өтінішінің негізінде Төлем карточкасын шығарады (1.2 Қосымша). «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасына қызмет көрсету талаптары» (Талаптардың 1 Қосымшасы) мен Банк Тарифтері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкасын шығару, қызмет көрсету және қолдану ережелерін белгілейді.




  1. ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН терминДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

    1. Аутентификация – Клиенттің (сенімді тұлға) Банкке Шартта қарастырылған тәртіпте банктік операциялар жүргізуіне немесе Клиент шоттары бойынша ақпарт алу үшін өтініш беруге құқық беретін куәлігі.

    2. Банк жүйесі – Клиенттің Төлем карточкалары шоттары/Шоттар/салымдар бойынша операциялар жүргізуін қамтамасыз етуші және Шартқа сәйкес Клиентті сәйкестендіру және бірегейлендіру үшін жеткілікті Клиент туралы ақпараттан тұратын Банктің бағдарламалық-аппараттық ақпарат кешені (АБАЖ, CRM, Way 4 және басқасы).

    3. Банктік шот (Шот) – Банк пен Клиент арасындағы ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктік қызмет көрсету бойынша шарттық қатынастарды көрсету тәсілі. ҚР заңнамасына сәйкес банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корроспенденттік шоттарға бөлінеді, уақытша жинақ шотынан өзгесі, теңгеде, сондай-ақ шетел валютасында ашылады және жүргізіледі. Шартпен ағымдағы және жинақ шоттарын ашу мүмкіндігі беріледі.

    4. Ағымдағы шот/Шот - Банк кәсіпкерлік жұмыспен немесе жеке нотариус, жеке сот орындаушысы және адвокаттар қызметіне байланысты емес операциялар жүргізу үшін жеке тұлғаға теңгеде немесе шетел валютасында ашатын шот.

    5. Салым (Жинақ шоты/депозит) – номиналды түрде олардың қайтарылу талабымен Салымшы Банкке беретін, бірінші талап етілуімен қайтарылуы тиіс немесе қандай да бір мерзімнен кейін толығымен немесе бөліп-бөліп алдын ала айтылған үстемақымен немесе үстемақысыз, тікелей салымшыға немесе оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілуіне байланысты емес ақша;

    6. Сыйақы – тиісті Салым талаптарына сәйкес Банктің Клиентке немесе Клиенттің Банкке төлейтін ақша сомасы;

    7. Төлем карточкасы ұстаушысы – осы Шартқа сәйкес, Төлем карточкасын пайдалану құқығына ие болған, соның атына Төлем карточкасы шығарылған жеке тұлға. Төлем карточкасы ұстаушысы қолының үлгісі Төлем карточкасының кері жағында болады. Егер Карточка жекешелендірілсе, онда Төлем карточкасы ұстаушысының атаулы деректері Төлем карточкасының бет жағында көрсетіледі, магнитті жолағында және микропроцессорында (болған кезде) жазылады.

    8. Құнды металл (бұдан әрі – металл) – иесіздендірілген металл шотындағы алтын (XAU), күміс (XAG), платина (XPT) және палладий (XPD);

    9. Сәйкестендіру – Клиент Банкке банктік операция жүргізуге өтініш білдірген кезде немесе Шартта қарастырылған тәртіпте Клиент шоты бойынша ақпарат алған кезде жеке басын анықтау.

    10. Төлем карточкасы – электронды терминал және басқа да қызмет көрсету құрылғылары арқылы ақшаны пайдалану құралы, ол карточка ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасы эмитенті мен оның талаптарымен анықталған басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттан тұрады. Төлем карточкасы жекешелендірілуі (Төлем карточкасы ұстаушысының аты мен тегі бет жағында көрсетіледі) немесе жекешелендірілмеуі (Төлем карточкасы ұстаушысының атаулы деректері бет жағында көрсетілмейді) мүмкін.

    11. Клиент – Банкпен Шарт жасайтын жеке тұлға.

    12. Клиенттің бақылау ақпараты (код сөзі) – Банктің деректер базасында тіркелетін және Банктің Call-орталығына хабарласқан кезде Клиентті бірегейлендіру үшін пайдаланылатын қызмет көрсетуге берілген өтініште немесе басқа құжатта әріппен және/немесе цифрлы көрсетілген Клиенттің ақпараты.

    13. Иесіздендірілген металл шоты (бұдан әрі – ИМШ) – Клиенттің жеке белгілерін көрсетпестен, тройск унциясындағы металл қозғалысын есепке алу үшін Банк ашатын шот (құйманың нөмірі, өндіруші маркасы және т.б.);

    14. ДСН - әр Төлем карточкасына берілетін және Төлем карточкасын ұстаушыға Төлем карточкасын пайдаланып операция жүргізген кезде оның өзінің қолын алмастырушы ретінде қолданылатын дербес сәйкестендіру нөмірі, жеке коды.

    15. Банк бөлімшелері – жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелер: Банк Операциялық департаменті, филиалдардың операциялық бөлімдері және әмбебап қосымша офистері, кассадан тыс тораптың операциялық кассалары.

    16. Қосылыс құралдары – Банктің Клиентті алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы сәйкестендіру және бірегейлендіру үшін беретін/анықтайтын құралдарының жиынтығы.

«Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесіне қосылыс құралдарына Пайдаланушы идентификаторы, тұрақты пароль, біржолғы парольдер; Банктің Call-орталығы – Клиенттің бақылау ақпараты, өз-өзіне қызмет көрсету құралдарындағы – Карта мен ДСН жатады.

    1. Төлем карточкасы шоты – Банктің Төлем карточкасы тіркелген жеке тұлғаның ағымдағы шоты.

    2. Алыстан қызмет көрсету арналары – Банк арналары/құрылғылары, сол арқылы Клиент Шартқа сәйкес банктік операциялар жүгізетін Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы.

Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы – банкоматтар, оған қолма-қол ақша құралдарын қабылдау функциясы бар банкоматтар (cash in), Банктің ақпараттық-төлем терминалдары.

    1. ҚР – Қазақстан Республикасы.


3. ШОТТАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР

    1. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫН ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

      1. Клиенттің осы Шарт шегінде Банкке Төлем карточкасын алу үшін Банк белгілеген нысанда Өтініш беруге құқығы бар. Банк Клиентке ол өтініш білдірген түрдегі Төлем карточкасын шығару мүмкіндігі туралы дұрыс шешім қабылдаған жағдайда, Банк Төлем карточкасы шотын ашады және Төлем карточкасын шығарады.

      2. Төлем карточкасын шығару мен қызмет көрсету ерекшеліктері және Төлем карточкасы шоты бойынша операцияларды көрсету «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Төлем карточкаларына қызмет көрсету талаптарында (Банктік қызмет көрсету талаптарының 1 Қосымшасы) анықталған.

      3. Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Төлем карточкасы шоты бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының 4 Қосымшасы) анықталған.

      4. Банк Клиентке Төлем карточкасы шоты бойынша овердрафт (бұдан әрі – «Овердрафт») нысанында кредит бере алады. Овердрафт Банктің клиентке беретін кредит түрі, ол Төлем карточкасы шоты бойынша шоттағы бар сомадан артық шығыс операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Банк Клиентке Банк белгілейтін критерийлер негізінде, Овердрафт лимитін белгілеу мүмкіндігі мен Овердрафт лимитінің мөлшері туралы шешім қабылдайды. Банк кез келген сәтте Клиентке жазбаша ескерте отырып, Төлем карточкасы шоты бойынша овердрафт лимитінің мөлшерін төмендетуге немесе күшін жоюға құқылы.

      5. Клиент Шарттың шегінде Шот ашуға құқылы.

Банктің бөлімшесі арқылы Шот ашу Банк белгілеген нысан бойынша, Клиент пен Банк қолдарын қойып, тиісті түрде ресімделген Шот ашу өтініші (бұдан әрі – «Өтініш») негізінде, Клиент Шарттың 1.4т. сәйкес құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады. Өтініште Шот ашылған Банк бөлімшесі, Шот валютасы, өзге де шарттар белгіленеді.

Шот ашылғандығы туралы Банк белгісі бар Өтініштің екінші данасы Клиентке беріледі және ол Шартқа қосу дерегін растайтын құжат болып табылады.



      1. Алыстан қызмет көрсету арнасы («Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі) арқылы Шот ашу Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ресімделген Клиенттің Шот ашу өкімінің негізінде жүзеге асырылады.

      2. Клиенттен алынған Шот ашу өкімінің негізінде Өтініш құрылады, онда: Шот ашылатын Банк бөлімшесі, Шот валютасы мен басқа шарттар көрсетіледі. Клиент Өтінішті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы растайды. Шот ашу өкімі, Өтініш, Клиентті дұрыс сәйкестендіру және бірегейлендіруді растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операциялар жүргізу мен жүйеде операция жасау хаттамасы Клиенттің Шот ашу туралы ықыласын растайтын құжат болып табылады.

      3. Банк Клиентке келісілген талапта Шот ашылу растамасы мен Шот ашудан бас тарту туралы ақпаратты алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы жібереді.

      4. Клиенттің алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы расталған өтініші және Банктің Шот ашу туралы растамасы Банктік шот туралы шарт жасауға растама құжаттары болып табылады.

      5. Өтініш және Банктің Шот ашу туралы растамасы Банктің деректер базасында электронды түрде сақталады.

      6. Шот алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы Төлем карточкасы шоты ашылған, соны пайдалану арқылы «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесіне қосылыс алынған Банктің сол бөлімшесінде ашылады.

      7. Клиент Банк бөлімшесінде Шот ашу туралы Банктің белгісі бар Өтініштің қағаз түріндегі данасын алуға құқылы.

      8. Ағымдағы шотты, талап етілгенге дейінгі салымдарды ашу және солар бойынша операциялар жүргізу ережелері Банктік қызмет көрсету талаптарының 6 Қосымшасында анықталған.

      9. Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Шоттар бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының 4 Қосымшасы) анықталған.




    1. САЛЫМДАР

      1. Клиент Шарт шегінде ақша қаражаттарын Банктегі бар салымына салуға құқылы.

      2. Банк бөлімшесі арқылы салымды ашу ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған құжаттар пакетін Клиент ұсынған кезде Банк белгілеген нысанда және Банк пен Клиент қолдарын қойып толтырылған және салымға Клиенттің салғанын және Банктің қабылдаған ақша қаражаттары сомасын растайтын ақша қаражаттарын орналастыру Талаптарының (2.1 – 2.5 Қосымшалар) негізінде, ал салымдарды алыстағы арналарда ашқан кезде Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылады.

      3. Алыстан қызмет көрсету арнасы («Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі) арқылы салымды ашу Клиентті Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ресімделген Клиенттің салым ашу өкімінің негізінде жүзеге асырылады. Өкімде ашылатын салым параметрі, сонымен қатар, салымды ашу үшін ақша қаражаттары сол арқылы аударылатын және Клиенттің шотынан немесе салымынан қолма-қол ақшасыз аударым жасалатын шот немесе салым туралы ақпарат көрсетіледі. Басқа банктен аударым жасалған кезде қолма-қол ақшасыз ішкі аударым жүргізілмейді.

3.2.4 Клиенттен алынған салым ашу өкімінің негізінде «Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш» қалыптастырылады, онда соның ішінде салым түрі, салым сомасы, салым мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі және салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме мен басқа да салымды орналастыру талаптары көрсетіледі. Клиент Шартта анықталған Клиентті сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдарын қолдана отырып, тиісті алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтінішті растайды. Салым ашу өкімі, Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш, Клиентті дұрыс сәйкестендіру және бірегейлендіруді растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операциялар жүргізу мен жүйеде операция жасау хаттамасы Клиенттің Банктік салым ашу туралы ықыласын растайтын құжат болып табылады.

3.2.5 Банк Клиентке келісілген талапта салым ашылу растамасы (Банк белгілеген нысандағы чек) мен салым ашудан бас тарту туралы ақпаратты алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы жібереді.

3.2.6 Клиенттің алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы расталған Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініші және Банктің салым ашу туралы растамасы Банктік салым шартын жасауға растама құжаттары болып табылады.

3.2.7 Банктік салым шартының жазбаша нысаны ҚР Азаматтық кодексінің 394 бабына сәйкес сақталды деп есептеледі.

3.2.8 Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініш және Банктің салым ашу туралы растамасы Банктің деректер базасында электронды түрде сақталады.

3.2.9 Салым алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы орналастырылған салымға сол арқылы ақша қаражаттарын қолма-қол ақшасыз аудару жүргізілетін Банк филиалында ашылады.

3.2.10 Клиент алыстан қызмет көрсету арнасы арқылы ашылған қолданыстағы салым бойынша Ақша қаражаттарын салымға орналастыру шартына қосу туралы өтініштің қағаз түріндегі данасын Банк кез келген бөлімшесінде алуға құқылы.


      1. Салымдарды орналастыру талаптары, салымды ашу және қызмет көрсету тәртібі «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де салымдарды орналастыру ережелерімен (Банктік қызмет көрсету талаптарының 2 Қосымшасы) анықталған.

      2. Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы салымдар бойынша операциялар жүргізу ережелері «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібінде (Банктік қызмет көрсету талаптарының 4 Қосымшасы) анықталған.




    1. ИЕСІЗДЕНДІРІЛГЕН МЕТАЛЛ ШОТТАР (имш)

      1. Клиент Шарттың шегінде, құнды металдарды жеке белгілерін көрсетпестен есепке алу үшін ИМШ ашуға және ҚР заңанамасына, Банк тарифтеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, сонымен қатар, осы Шарт талаптарына сәйкес осы шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

- Банктен сатып алынған Металды клиенттің ИМШ-ға есептеу (3.1 Қосымша);

- Металды клиенттің ИМШ-нан шығынға шығару (Банкке сату) (3.2 Қосымша).



      1. ИМШ ашу ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі нормативтік құжаттарында қарастырылған құжаттар пакетін ұсынған кезде Банк белгілеген нысанда және Банк пен Клиент қолдарын қойып толтырылған және Клиент Банктен иесіздендірілген құнды металл сатып алу арқылы иесіздендірілген түрде құнды металдарды салғанын растайтын иесіздендірілген металл шотқа құнды металды салу Тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады.

ИМШ ашу және жүргізу шарттары «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де Жеке тұлғалардың иесіздендірілген металл шоттарымен операциялар жүргізу талаптарымен анықталады (Банктік қызмет көрсету талаптарының 3 Қосымшасы).


    1. ЖЕКЕ СЕЙФТЕРДІ (ҰЯШЫҚТАРДЫ) ЖАЛҒА БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

      1. Клиент Шарттың шегінде «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де Жеке тұлғалы клиенттерге жеке сейфтерді (ұяшықтарды) жалға беру ережелеріне (Банктік қызмет көрсету талаптарының 5 Қосымшасы) сәйкес жеке сейфті (ұяшықты) уақытша пайдалануға алуға құқылы. Осы қызметті ұсынатын бөлімшелер туралы ақпарат интернет желісіндегі Банктің веб-сайтында орналастырылады.

      2. Жеке сейфті (ұяшықты) жалға беру Клиент жеке басын куәландыратын құжатты; ҚР салық төлеушінің куәлігін және Клиенттің салық органында тіркелгендігін растайтын белгіленген нысандағы басқа құжатты ұсынған кезде Банк белгілеген нысанда және Банк пен Клиент қолдарын қойып толтырылған Жеке сейфті (ұяшықты) жалға беру талаптарының негізінде жүзеге асырылады.

      3. Жеке сейфті (ұяшықты) жалға беру талаптарында Клиентке құндылықтар қоймасында жеке сейф, жеке сейфтің нөмірі беріліп, мерзімі мен жалға алу құны көрсетілетін Банк бөлімшесі анықталады.




  1. следующая страница>


«жинақ банкі» АҚ еб-де жеке тұЛҒаларға банктік қызмет көрсету талаптары алматы қ

Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтініш жинақталған түрде Клиент пен «Жинақ банкі» АҚ еб (бұдан әрі мәтін бойынша – «Банк») арасында жасалған Банктік қызмет көрсетуді

692.41kb.

25 12 2014
4 стр.


«жинақ банкі» АҚ еб-де жеке тұЛҒаларға банктік қызмет көрсету талаптары алматы қ

Банктік қызмет көрсету талаптарына қосу туралы өтініш жинақталған түрде Клиент пен «Жинақ банкі» АҚ еб (бұдан әрі мәтін бойынша – «Банк») арасында жасалған Банктік қызмет көрсетуді

1703.62kb.

12 10 2014
10 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

598.07kb.

15 10 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

599.32kb.

14 12 2014
4 стр.


Банктік салым (ұзақ мерзімді) шарты

Республикасының заңдары бойынша тіркеліп, қызмет ететін, бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Жинақ банкі» АҚ еб атынан негізінде

178.72kb.

12 10 2014
1 стр.


Банктік салым (ұзақ мерзімді) шарты

Республикасының заңдары бойынша тіркеліп, қызмет ететін, әрі қарай «Банк» деп аталатын «Жинақ банкі» АҚ еб атынан негізінде

173.07kb.

23 09 2014
1 стр.


Банктік салым (ұзақ мерзімді) шарты

Республикасының заңдары бойынша тіркеліп, қызмет ететін, бұдан әрі «Банк» деп аталатын «Жинақ банкі» АҚ еб атынан негізінде

174.33kb.

12 10 2014
1 стр.


"Kaspi Bank" АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас

Осы “Kaspi Bank” АҚ банктік қызмет көрсету шарттарының Бас (үлгі) ережелері (2-нұсқа), бұдан әрі Ережелер деп аталады, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында кө

740.89kb.

25 12 2014
4 стр.