Перейти на главную страницу
5-қосымша
атынан ________Р.Кенжегалиев бөлім меңгерушісі,____________________
_______________________________________негізінде әрекет ететін
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – (Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) Тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады және Мердігердің (сомасы сандармен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі – Шарттың бағасы) мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.
2. Жұмыстар «Мұратсай ауылындағы орташа қысымды газ құбыры желілерінің таралуы» жұмыс жобасының өндірістік қауіпсіздігіне сәйкестік қорытынды сараптама жүргізу.
(жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері)
Жоба бойынша орындалады. Бас жобалаушысы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)
3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
1) «Тапсырыс беруші» – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
2) «Бас мердігер» (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларда);
3) «Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы)» - Шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;
4) «Техникалық қадағалаушы» - мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған адамды білдіреді;
5) «Объект» - конкурсты ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиісі деп анықтаған ғимарат, құрылым;
6) «Учаске» - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;
7) «Шарттың құны» - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;
8) «Шарт» – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен өзгерістер өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді Заңның 39 бабының 1 және 2 тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.
23. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.
26. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.
27. Тапсырыс беруші Мердігердің объектінің құрылысын салуға бөлінген Учаскенің барлығын пайдалануға рұқсат етеді. Егер құрылысқа берілген Учаскенің бір бөлігі Учаске берілетін күнге берілмеген болса және осы себеппен жұмыстарды орындау кідіртілсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы Учаскені беруді кідірткен мерзімге ұзартуы тиіс.
28. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау – сметалық құжаттаманың әзірлеушілері Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.
29. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
30. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.
31. Егер мердігер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ, егер Мердігер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
32. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сематалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқықығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады. Мұндай жағдайларда неігізінде Мердігерге төленуі тиіс болған сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындары өтемін қоса алғанда, көрсетілген Ақауларды түзету құны шегерілетін өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады. Егер Мердігерге төлеуге тиісті сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.
33. Мердігер _____________ мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан оның конкурстық өтіміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі мазмұндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады
34. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.
35. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.
36. Мердігер өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігердің (лердің), Қосалқы мердігердің (лердің) қызметкерлерімен сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде Шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да адамдардың іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші алдында жауапты болады.
37. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың Ақауын түзетеді және (немесе) конструкцияны алмастырады.
38. Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.
39. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.
40. Ақы төлеу нысаны ___________________________________________
41. Төлемдердің түрлері мен мерзімі________________________________
42.Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: _________________________
43. Тапсырыс беруші Мердігерге ____ сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізуі мүмкін. Мердігер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс.
44. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден ____ орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып түзетіледі. Төлем мерзімі ____.
45. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін ____ тиесілі сомасының ____ 0,1 мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.
46. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келеді:
1) Тапсырыс беруші Объекінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;
2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады;
3) аванстық төлем кешіктірілсе;
4) Объектіде бірнеше мердігерлер болса, Тапсырыс берушінің басқа мердігерлер үшін жасаған жұмыстар кестесі осы Шарт бойынша Мердігердің жұмыстарды орындау мерзіміне келеңсіз әсер етсе.
Өтемақы сомасы Мердігермен келісіледі.
47. Ұсталған сома Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және шалалықтар мен Ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.
48. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы дептанылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.
Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті _____ жыл мерзімге береді.
49. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады.
50. Шарттың талаптарын едәуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ санамаланғанмен шектеліп қалмайды:
1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
2) Мердігер Тапсырыс берушінің тоқтатуға рұқсатын алмай мерзімі __________ дейін жұмысты тоқтата тұрса;
3) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізді уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар барысын кідіртуге нұсқама берсе әрі осындай нұсқама __________ күн ішінде күшін жоймаса;
5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейінгі _____ күн ішінде төлемесе;
7) Мердігер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.
51. Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына аванстер мен шығындарды шегере отырып, Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге төленуге жататын борышты құрайды.
52. Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.
53. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшін, Объектіден машиналар мен тетіктердің шығарылуына шығыстарды және Объектіні консевациялау құнын төлейді.
54. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
55. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
1) Заңның 6 бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс беруші тапсыруды қамтамасыз етеді.
56. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
57. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай басқа бір басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
58. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
59. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны немесе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және Мердігер қосымша өтеусіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
60. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.
61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.
62. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.
63. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.
64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.
65. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.
66. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
67. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
68. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
69. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.
70. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
71. Егер Мердігер Шартта айтылған мерзімде жұмыстарды орындамаса, Тапсырыс беруші Шарт шеңберіндегі өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірместен, Шарт бағасынан тұрақсыздық айыбы түрінде ____________ соманы шегереді.
72. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).
73. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
74 Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 10 %-ын ұстап қалады. (бұдан әрі – Түпкілікті ақы төлеу).
75. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді
76. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
77. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).
78. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса) күшіне енеді.
79. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
.Тапсырыс беруші Мердігерге осы Шарт бойынша орындалған жұмыстар көлемі үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуді міндетіне алады.
Тапсырыс беруші ___Бөкей ордасы ауданының___ (толық атауы) ____құрылыс бөлімі» ММ______ __с.Сайқын Т.Жароков көш,5үй_ (мекен-жайы) _______8-711-40-21-7-59_____ (телефоны, факсы) _____________________________ (қолы) М.О. |
Өнім беруші ____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (қолы) М.О. |
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының құрылыс бөлімі» мм
08 10 2014
1 стр.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан бөлім меңгерушісі Қ. Е. Рашқалиев., бір тараптан және бұдан әрі Өнім
08 10 2014
1 стр.
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатаын «Оңтүстікмемсараптама» Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорыны атынан, директоры Оразбаев Рахманали Дуйсебекович бір тараптан және бұдан әрі Өнім бер
09 10 2014
1 стр.
Е. Елубаева арқылы бір жағынан, және, бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын,, екінші жағынан, бұдан әрі Тараптар деп аталып, 2010ж баға ұсыныстары сұрауының талдауы негізінде (бензин)
13 10 2014
1 стр.
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сәйкес мемлекеттік с
23 09 2014
1 стр.
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларына сәйкес мемлекеттік с
15 10 2014
1 стр.
Жабдықтаушы деп аталатын атынан негізінде әрекет ететін, екі жақ тарап мемлекеттік сатып алу туралы 2011 ж. № хаттама негізінде мемлекеттік сатып алу туралы осы келісім-шартқа (бұд
25 12 2014
1 стр.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуда келесі тауарларды (қызметтер) ұсынады
08 10 2014
1 стр.