Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі –Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлықтарының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін белгілейтін сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендігі іс-қимылы кеңістігінің шегі.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) арнайы құралдар – құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу, немесе өкілетті органдар қызметкерлерінің және Мемлекеттік шекараны қорғануға (күзетуге) қатысатын азаматтардың жеке қорғанысы және бүркемеленуі мақсатында құқық бұзушыларға, олардың көліктері мен объектілеріне дене күшімен, зақымдаушылық, химиялық, электрлік, психологиялық, дерексіздендіргіш немесе өзге де әсер етулеріне арналған құралдар;
2) аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі – осы Заңмен белгіленген тәртіп:
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңіз) мен ішкі суларында қазақстандық шағын көлемді өз бетімен жүретін және өз бетімен жүрмейтін (су үсті және су асты) кемелерінің (құралдарының) және мұздың үстімен қозғалу құралдарының орналасу пункттерінен шығуларының және орналасу пункттеріне қайтуларының, суда болуларының есебі, күтімі;
қазақстандық кемелердің, шетелдік кемелердің және әскери корабльдердің Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңіз) мен ішкі суларында жүзуі;
Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңіз) мен ішкі суларында кәсіптік, зерттеу, іздестіру немесе табиғи тірі немесе оның ішінде тірі емес қорларды сақтауға бағытталған, өзге де қызметті жүргізу;
3) ерекше балық аулау аймағының режимі – халықаралық шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген барлауды, әзірлеуді жүргізу және теңіз түбін жамылатын табиғи тірі және тірі емес қорларды сақтау тәртібі;
орташа көпжылдық деңгейі жеріндегі жағадан жағаға қарай жүргізілген, тік сызықпен шектелген (тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және халықаралық құқық нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасына жататын) шығанақтар, қойнаулар, кірмелер, жайылмалар;
кемежайлардың теңіз жағына қарай едәуір алыстаған гидротехникалық және өзге де тұрақты ғимараттарының нүктесі арқылы өтетін, сызықтарымен шектелген Қазақстан Республикасының кемежайлары;
Берг бұғазындағы Ақлақ гидро ғиматарына дейінгі (Үлкен Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі шектерінде) Қазақстан Республикасы жағалауы жағынан Мемлекеттік шекара жағынан орналасқан Арал теңізі, Қазақстан Республикасына жататын өзендер, көлдер және өзге де су айдындары, жағалаулары кіретін аумақтық сулар (теңіз) мен ішкі сулар режимі жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі;
5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңізі) (одан әрі – аумақтық сулар (теңіз) – Қазақстан Республикасының егемендігі таралатын, Мемлекеттік шекара болып табылатын, Каспий теңізіндегі бастапқы сызықтардан өлшеніп басталатын, ені 12 теңізмилі болатын теңіз аймағы;
6) Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы – Қазақстан Мемлекеттік шекарасының (аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегі) Каспий теңізіндегі бастапқы сызықтарынан бастап, құрлықтық қайраң әрекет ететін, оның орта немесе орташа өзгертілген сызығына дейінгі, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің және халықаралық құқық нормаларына сәйкес өлшенеді;
7) Қазақстан Республикасының ерекше балық аулау аймағы – Қазақстан Республикасының ерекше балық аулау аймағы – Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен заңнамасы нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумақтық суларының сыртқы шегіне жанасатын, ені 13 милдік болатын Каспий теңізінің сулары;
8) Каспий теңізінде аумақтық сулар (теңіз) ендігі есебіне арналған бастапқы сызықтар – Қазақстан Республикасының материктік бөлігінде және оның аралдарында орналасқан (Крондштадт футштокының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) орташа көп жылдық деңгейі сызығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жататын шығанақтар, қойнаулар, кірмелер, жайылмалар шегін шектейтін тік сызықтар;
9) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – олардың шектерінде өкілетті органдармен шекаралық қызмет жүзеге асырылатын, Мемлекеттік шекара және аумақтық сулары (теңіз) және ішкі сулары бар, шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейінгі оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің аумақтары, ерекше балық аулау аймағы, құрлықтық қайраң және олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
12) Мемлекеттік шекараның мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттармен белгіленген, Мемлекеттік шекара құқықтық жағдайының жай-күйі;
Мемлекеттік шекараны ұстау (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесінен басқа);
Мемлекеттік шекараны кесіп өту;
Мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізілуі;
шекара жолағына кіру, уақытша болу, тұру немесе оның ішінде қозғалу;
Мемлекеттік шекарада және шекаралық жолақта шаруашылық, кәсіптік және өзге де қызметті жүргізу, бұқаралық, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де шаралады өткізу;
шетелдік мемлекеттермен Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуымен байланысты шекаралық қақтығыстарды шешу;
33) Мемлекеттік шекара арқылы орын ауыстыратын жүктер мен тауарлар (бұдан әрі – жүктер мен тауарлар) – ұйымдармен және заңды және жеке тұлғалармен Мемлекеттік шекара арқылы орын ауыстыратын коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгі (багаж) және көлік құралдры;
40) шекаралық қауіпсіздік – шекаралық кеңістікте адмның, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, ақпараттық, гуманитарлық және өзге де мүдделерінің қорғалу жағдайын білдіретін, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамдас бөлігі;
41) шекаралық саясат – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу және іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де өкілетті органдардың келісілген және үйлестірілген қызметі;
42) шекаралық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге өкілетті органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін іске асыруы;
43) шекарадағы қақтығыс – бір немесе бірнеше шектес мемлекеттердің мүдделерін қозғайтын, Мемлекеттік шекарадағы Мемлекеттік шекарадағы режим туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) бұзылуымен байланысты оқиға;
44) шекара өкілдері – Мемлекеттік шекарада белгіленген режимді қолдаумен байланысты, сондай-ақ Мемлекеттік шекараның белгілі учаскесінде (шекара өкілдігі қызметінің учаскесінде) оның бұзылуына орай, шекарадағы қақтығыстарды шешумен байланысты мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлері қатарынан тағайындалатын, өкілетті лауалымды тұлғалар.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер, Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шартпен, осы Заңмен көзделетін өзге ережелер белгіленетін болса, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.
4-бап. Шекаралық саясат және оның прициптері
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы халықаралық шарттармен белгіленеді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітіледі, осыған сәйкес оның учаскелерінің мәртебесі анықталады.
Орнатылуы аяқталмаған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелері, заңнамалық ресімделуге жатады.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекаралардың аумақтық тұтастығы мен қол сұқпаушылығының халықаралық принциптерінен шыға отырып:
Мемлекеттік шекараны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі таралатын, аумақтың (құрлықтың, судың, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) заңды түрде бекітілген кеңістіктік шегін белгілейтін сызық ретінде қарастырады;
шекаралық саясатты іске асыру мәселелерінде келесі принциптерді басшылыққа алады:
ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті;
шетелдік мемлекеттермен өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты қолдауды;
егемендікті, теңдікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеуді;
Мемлекеттік шекараға қол сұғумашылық пен шекаралық мәселелердің бейбіт шешілуін;
халықаралық шарттардың басымдылығын мойындауды;
мемлекеттің, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Одақтың (Достастықтың) сыртқы шекараларындағы өз учаскесін, өзі қабылдаған міндеттемелерден шыға отырып қорғалуын қамтамасыз етуге мемлекет жауапкершілігін.
3. Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі мақсатты бірлескен қызметін қамтамасыз ететін, кеңес беретін орган болып табылатын, Қазақстан республикасы Шекара қызметінің саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныс әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекаралық комиссияға жүктеледі.
5-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) принциптері
Мемлекеттік шекараны қорғаны (күзету) принциптері мыналар болып табылады:
1) Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;
2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, қол сұқпаушылығын және иеліктен айрылмауын қамтамасыз ету;
3) адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
4) Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
5) Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) кезінде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың әрекеттестігі;
6-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету
1. Мемлекеттік шекараның қорғанысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өкілетті органдардың ұйымдастыру және олардың өз өкілеттіктері шегінде шекаралық кеңістікте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ондағы белгіленген режимдерді сақтау бойынша саяси, қорғаныс, дипломатиялық, ұйымдастыру-құқықтық, экономикалық, экологиялық, табиғат қорғау, құқық қорғау, шекаралық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, әскери, бақылау-тексеру, арнайы шараларын (барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру) және өзге де шараларды қабылдау бойынша мақсатты, келісілген қызметінен тұрады.
Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша шаралар оның учаскелерін санаттауды есепке ала отырып қабылданады.
Шекара кеңістігі шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау үшін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес, шекаралық алқаптың, шекаралық аймақтың, аумақтық сулардың (теңіздің) және ішкі сулардың, ерекше балық аулау аймағының және құрлықтық қайраңның, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің шектері белгіленеді, ол жерде оларға тиісті:
1) Мемлекеттік шекараның режимі;
2) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режим;
3) шекаралық режим;
4) аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі;
5) құрлықтық қайраң режимі;
6) ерекше балық аулау аймағының режимі енгізіледі.
2. Мемлекеттік шекара күзетінің негізін шекаралық шаралар құрайды.
Мемлекеттік шекараның күзеті, оның қорғаудың құрамдас бөлігі бола отырып, өкілетті органдардың Мемлекеттік шекараны өтудің құқыққа қарсы өзгертілуіне жол бермеу, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режимнің бұзылу фактілерін анықтау және алғышарттарының, белгілерінің жолын кесу бойынша шаралар кешенін өткізуден тұрады.
Құрлықтағы (оның ішінде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде), аумақтық сулардағы (теңіздегі) және ішкі сулардағы Мемлекеттік шекараның күзеті Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігіне жүктеледі.
Әуе кеңістігінде және су асты ортада (Каспий теңізінде) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының күзеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жүктеледі.
3. Мемлекеттік шекараның қорғанысы мен күзетінің түрлері, нысандары және тәсілдері, Қазақстан Республикасының шекара қауіпсіздігі мүдделерін есепке ала отырып, өз құзыреті шеңберінде өкілетті органдармен белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсізік комитеті және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жағдайларда және тәртіпте Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету жөніндегі шараларды орындау үшін өкілетті органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараның қорғанысы мен күзетінде халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған прициптері мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шетелдік мемлекеттермен ынтымақтасады.
7-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау жүйесі
1. Мемлекеттік шекараны қорғау жүйесінің негізін өз құзыреті шегінде, Мемлекеттік шекараны қорғау жауапкершілігін алатын, өзара әрекеттесуші күштер құрайды.
2. Мемлекеттік шекараны қорғау жүйесі байланыс және тосқауыл функцияларын атқарады.
Мемлекеттік шекараны қорғау жүйесінің байланыс функциясы, сыртқы саяси, экономикалық, мәдени, шекаралық және өзге де байланыстарды жандандыруға бағытталған, қызметтің әртүрлі салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың қолайлы жағдайларының жасалуынан тұрады.
Мемлекеттік шекара қорғанысы жүйесінің тосқауыл функциясы, шекаралық кеңістікте адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуінің қажетті жағдайларының жасалуынан тұрады.
3. Мемлекеттік шекара қорғанысы жүйесінің қызмет істеуін ұйымдастыру шектес мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын есепке ала отырып, байланыс және тосқауыл функциялары арасындағы тиісті теңгерімді қолдау арқылы жүзеге асырылады.
8-бап. Мемлекеттік шекараны белгiлеу және өзгерту
Делимитациялаумен және демаркациялаумен (редемаркациялаумен) байланысты барлық іс-әрекеттер бірлескен (екі жақты) комиссиямен жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Мемлекеттік шекара:
1) құрғақта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңiзiнiң) сыртқы шегi бойынша;
3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның оның жағасына шығатын тұсын бiрiктiретiн шекара нүктелерінің сызықтары бойынша белгiленедi. Мемлекеттік шекара жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгерген кезде өзгертiлмейдi;
4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің бас кеме жүзетін жолымен немесе тальвеганың ортасы бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, бұлақтарда - олардың орта тұсы бойынша немесе өзiнiң негiзгi аңғарының орта тұсы бойынша; көлдерде және өзге су қоймаларында (осы бөлімнің 2-тармағынің 5) тармақшасында көрсетілген су қоймаларынан басқа) - Мемлекеттік шекараның көлдерінің және өзге қоймаларының жағасына шығатын тұсын бiрiктiретiн бірдей қашықтағы, орташалы, тура және басқа сызық бойынша белгiленедi.
Өзен, бұлақ, өзге де су қоймасы бойынша өтетiн Мемлекеттік шекара олардың жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгерген кезде де, өзен, бұлақ аңғары бiр немесе өзге жаққа ауытқыған жағдайда да өзгертiлмейдi;
5) су тараптарының су қоймаларында және басқа жасанды су қоймаларында – олар толтырылғанға дейiнгi жерден өтетiн Мемлекеттік шекараға сәйкес;
6) өзендер, бұлақтар, көлдер және басқа су қоймалары арқылы өтетін көпiрлерде, бөгеттер және өзге ғимараттарда – су бойынша Мемлекеттік шекарасының өтуiне қарамастан, әлгi ғимараттардың орта тұсы бойынша немесе олардың технологиялық ортасы бойынша белгiленедi.
1. Мемлекеттік шекара жерiне қарап белгiлеу айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен көрсетiледi.
2. Шекара белгілерінің нысандары, көлемі, құрылымы, сипаттамасы және оларды белгілеу тәртібі халықаралық шарттарымен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.
10-бап. Мемлекеттік шекараны жайластыру
1. Мемлекеттік шекараны жайластыру Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекараны жайластыру мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де өкілетті органдарға жүктеледі.
2. Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы учаскелерді санаттау ережесінен шыға отырып және Мемлекеттік шекараның мәртебесін есепке ала жасалады. Мемлекеттік шекараны санаттау тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттері мен құзыретін, сондай-ақ Мемлекеттік шекара қорғанысына (күзетіне) қатысатын өзге де органдардың өкілеттігін белгілейді және
14 12 2014
5 стр.
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге Хаттаманы ратификациялау
16 12 2014
1 стр.
Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыржол көлiгiмен өткiзiлетiн энергия ресурстарын кедендiк бақылау
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жоба
17 12 2014
1 стр.
Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шетелдік мемлекеттің билік органына, шетелдік мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасына беруі
05 09 2014
1 стр.
Афганистан Ислам Мемлекетiнiң, Әзiрбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан
18 12 2014
1 стр.
Азақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республика
25 12 2014
1 стр.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
12 10 2014
19 стр.