Қарағанды қаласы
әкімдігінің 2012 жылғы
«___»_______________
№___ қаулысымен бекітілген
«Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық
мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
-
«Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық мемлекеттiк қызметті (бұдан әрі - қызмет) «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» веб-порталы: www.egov.kz арқылы көрсетедi (бұдан әрі - ЭҮП).
2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет Стандарт негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Қызмет көрсету түрі: транзакциялық.
5. Осы Регламентте қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:
-
жеке сәйкестендіру нөмірі– жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерге қалыптастырылатын ерекше нөмір(бұдан әрі - ЖСН);
-
тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
-
транзакциондық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолдана отырып ақпарат алмасуды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет;
-
«электрондық үкіметтің» веб-порталы – барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа, оның ішінде нормативтік құқықтық базаға және электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірегей терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
-
«электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);
-
электрондық сандық қолтаңба - электрондық сандық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның мазмұнының тиесілігін және тұрақтылығын растайтын электрондық сандық символдардың жиынтығы(бұдан әрі- ЭСҚ);
-
электрондық құжат – ақпарат электронды-сандық үлгіде тапсырылған және ЭСҚ арқылы куәләндырылған құжат;
-
электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
-
ақпараттық жүйе– аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
10) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы– ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге, Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларын біртұтас сәйкестендіруді енгізу және олар туралы мемлекеттік басқару органдары мен өзге де субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзекті және нақты мәліметтер беру мақсатында Ұлттық жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
11) пайдаланушы– оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (тұтынушы, қызмет көрсетуші);
12) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі - электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі (бұдан әрі - ЭҮӨШ);
13) құрылымдық-функционалдық бірліктер –қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (ҚФБ);
14) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет ұсыну үдерiсiн автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі –ХҚКО АЖ);
15) Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға және әдiлет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара iс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі - БНАЖ);
16) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны.
6. ЭҮП арқылы адымдық әрекеттер және шешімдер осы Регламентке 2 қосымшада келтірілген (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):
-
тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
-
1 үдеріс –қызмет алу үшін тұтынушының ЖСН және парольді ЭҮП-да енгізуі (авторизациялау үдерісі);
-
1 шарт – ЭҮП-да ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
-
2 үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
3 үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу), Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электронды түрде сұрау салу нысанына тіркеу, сонымен қатар тұтынушының сұрау салуын куәландыру (қол қою) үшін ЭСҚ тіркеу куәлігін тандауы;
-
2 шарт – ЭҮП-да ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін тексеру;
-
4 үдеріс – тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 үдеріс - тұтынушының ЭСҚ арқылы қызмет көрсету үшін сұрау салуды куәландыру және тұтынушымен өңделу үшін электрондық құжатты (сұрау салуды) ЭҮП арқылы ЭҮӨШ АЖО-на жіберу;
9) 6 үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
10) 3 шарт – қызмет көрсетушінің тұтынушы қоса тіркеген құжаттардың Стандарта көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
11) 7 үдеріс - тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс – тұтынушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжаттар нысанындағы анықтамаларды) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының ЭСҚ қолданумен қалыптасады.
7. ХҚКО арқылы қызмет көрсетушінің адымдық әрекеттері және шешімдері осы Регламентке 2 қосымшада келтірілген (қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы):
1) 1 үдеріс –Орталық операторының қызметті көрсету үшін логинді және парольді (авторизациялау үдерісі) ХҚКО АЖ АЖО-на енгізуі;
2) 2 үдеріс – Орталық операторының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді тандауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және Орталық операторымен тұтынушының деректерін, сонымен
қатар тұтынушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізу (сенімхат нотариалды түрде куәландырылған кезінде, сенімхат басқаша куәландырылған кезінде –сенімхаттардың деректері толтырылмайды);
3) 3 үдеріс – тұтынушының деректері туралы ЖТ МДБ-на, сондай-ақ БНАЖ-не – тұтынушы өкілінің куәландырылған деректері туралы ЭҮШ арқылы сұрау салуды жолдау;
4) 1 шарт – ЖТ МДБ-да тұтынушы деректерінің, БНАЖ-де куәландырылған деректерінің болуын тексеру;
5) 4 үдеріс – ЖТ МДБ-да тұтынушы деректерінің, БНАЖ-де куәландырылған деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
6) 5 үдеріс – Орталық операторының құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салу нысанына тіркеу және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭСҚ арқылы куәландыру;
7) 6 үдеріс – Орталық операторының ЭСҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (тұтынушының сұрауын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-на жолдау;
8) 7 үдеріс – ЭҮӨШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
9) 2 шарт – қызмет көрсетушінің тұтынушы қоса тіркеген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
10) 8 үдеріс - тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9 үдеріс – тұтынушының Орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (анықтаманы) алуы.
8. Қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын толтыру бойынша іс-қимылдың сипаттамасы:
1) тұтынушының ЭҮП кіру үшін ЖСН, парольді және логинді енгізуі;
2) осы Регламентте көрсетілген қызметті тандау;
3) «online қызметке тапсырыс беру» батырмасының көмегімен қызметке тапсырыс беру;
4) сұрау салуды толтыру және қажетті құжаттарды электронды түрде тіркеу:
ЖСН тұтынушының ЭҮП тіркелу нәтижесі бойынша автоматты түрде тандалынады;
тұтынушы «сұрау салуды жолдау» батырмасының көмегімен сұрау салуды куәландыруға (қол қоюға) көшуді жүзеге асырады;
5) тұтынушының ЭСҚ тіркеу куәлігін тандауы;
6) сұрау салуды куәландыру (қол қою) - тұтынушы «қол қою» батырмасының көмегімен ЭСҚ сұрау салуды куәландыруды (қол қоюды) жүзеге асырып, одан кейін сұрау салу ЭҮӨШ АЖО-на өңдеуге жіберіледі;
7) ЭҮӨШ АЖО-да сұрау салуды өңдеу;
8) тұтынушыда диплей экранында келесі ақпараттар шығады: ЖСН; сұрау салудың нөмірі; қызмет түрі; сұрау салудың мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;
«мәртебені жаңарту» батырмасының көмегімен тұтынушыға салынған сұрауды өңдеу нәтижесін көруге мүмкіндік беріледі;
ЭҮП жауап алған кезде «нәтижені қарау» батырмасы пайда болады.
9. Салынған сұрау өңделгеннен кейін тұтынушыға сұрау нәтижелерін қарап шығуға келесі мүмкіндік берілген:
«шығыс құжатын қарау» батырмасын басқаннан кейін қызметтерді алу тарихында – сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін– сұрау салудың нәтижесі тұтынушы жасаған магниттік жеткізгіште AdobeAcrobat форматында сақталады.
10. Қызмет көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll–орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
11. Қызмет көрсету үдерісіне қатысатын КФБ:
Орталық операторлары;
ЭҮП;
ЭҮШ;
ЭҮӨШ;
ЭҮӨШ АЖО;
ХҚКО АЖ АЖО;
БНАЖ;
ЖТ МДБ.
12. Әрбiр iс-қимылдың орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, iс-қимыл (рәсiмдер, функциялар, операциялар) бірізділігінің мәтiндiк, кестелiк сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген.
13. Іс-қимылдың қисынды бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн диаграмма (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде) олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламентке 2 қосымшада келтірілген;
14. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 3 қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қойылатын талаптар:
-
құпиялылық (ақпаратты рұқсат етілмеген түрде алудан қорғау);
-
тұтастығы (ақпаратты рұқсат етілмеген түрде өзгертуден қорғау);
-
қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсат етілмеген түрде ұстап қалудан қорғау);
16. Қызметтi көрсетудiң техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) қызмет көрсетіліп жатқан тұлғада ЖСН болуы;
3) ЭҮП авторизациялау;
4) пайдаланушының ЭСҚ болуы.
«Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында
тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге
асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1 қосымша
1 кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Тұтынушы
|
ЭҮП
|
Тұтынушы
|
ЭҮП
|
Тұтынушы
|
ЭҮӨШ АЖО
|
ЭҮӨШ АЖО
|
ЭҮӨШ АЖО
|
3
|
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
ЭҮП-да ЖСН және пароль бойынша авторизацияланады
|
Тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Қызметтерді таңдайды және ЭСҚ тұтынушының тандауымен сұрау салудың деректерін қалыптастырады
|
ЭСҚ тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Тұтынушының ЭСҚ арқылы куәландыру (қол қою) және сұрау салуды ЭҮӨШ АЖО-на жолдау
|
Құжатты тіркеу
|
Тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)
|
Сұрау салуды сәтті қалыптастыру туралы хабарламаны көрсету
|
Сұралынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Сұрау салуды бағдарлау
|
Сұралынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Сұрау салуды бағдарлау
|
Өтінішке нөмір беріп, сұрау салуды тіркеу
|
Дәлелді бас тартуды қалыптастыру
|
Шығыс құжатын көрсету
|
5
|
Орындау мерзімі
|
30 сек – 1 минут
|
30 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
30 сек – 1 минут
|
3 күн
|
-
|
-
|
6
|
Келесi іс-қимылдың нөмiрi
|
2– егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 3– егер авторизациялау сәтті өтсе
|
–
|
4 - егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса;5– егер бұзушылықтар болмаса
|
-
|
-
|
7 - егер тұтынушы-ның дерек-терінде бұзушылықтар болса; 8 – егер бұзушылықтар болмаса
|
-
|
-
|
2 кесте. ХҚКО арқылы ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
1
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
2
|
ҚФБ атауы
|
ХҚКО АЖ АЖО
|
Орталық операторы
|
Орталық операторы
|
ЖТ МДБ , БНАЖ
|
Орталық операторы
|
Орталық операторы
|
ЭҮӨШ АЖО
|
ЭҮӨШ АЖО
|
ЭҮӨШ АЖО
|
3
|
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
|
Орталық операторы логин және пароль бойынша авторизацияланады
|
Қызметті тандайды және сұрау салудың деректерін қалыптастырады
|
Салынған сұрауды ЖТ МДБ-на, БНАЖ-ге жолдау
|
Тұтынушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігі жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады
|
Сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды және ЭСҚ куәлігін тіркеп, сұрау салуды толтыру
|
ЭСҚ куәландырылған (қол қойылған) құжатты ЭҮӨШ АЖО-на жолдау
|
Құжатты тіркеу
|
Тұтынушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру
|
Тұтынушының қызмет нәтижесін алуы
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)
|
Өтінішке нөмір беріп, сұрау салуды жүйеде тіркеу
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасуы туралы хабарламаны көрсету
|
Сұрау салуды бағдарлау
|
Дәлелді бас тартуды қалыптастыру
|
Сұрау салудың сәтті қалыптасуы туралы хабарламаны көрсету
|
Сұрау салуды бағдарлау
|
Өтінішке нөмір беріп, сұрау салуды тіркеу
|
Дәлелді бас тартуды қалыптастыру
|
Шығыс құжатын көрсету
|
5
|
Орындау мерзімі
|
30 сек – 1 минут
|
30 сек
|
1,5 мин
|
1,5 мин
|
30 сек – 1 минут
|
1 минут
|
3 күн
|
-
|
-
|
6
|
Келесi іс-қимылдың нөмiрi
|
2
|
3
|
4 - егер тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 5– егер бұзушылықтар болмаса
|
-
|
-
|
-
|
8– егер бұзушылықтар болса; 9 – егер бұзушылықтар болмаса
|
-
|
-
|
«Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында
тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге
асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2 қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара
іс-қимылдың № 1 диаграммасы
ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
«Кәмелетке толмағандарға меншiк құқығында
тиесiлi мүлiкпен мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге
асыратын органдардың анықтамаларын беру» электрондық
мемлекеттiк қызмет регламентіне 3 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны
______________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара канағаттанамын;
3) қанағаттанамын.