Аудан әкімдігінің
2011 жылғы « »______№___
қаулысына 28 – қосымша
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенты
Негізгі ұғымдар
Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы.
Қамқоршылық (қорғаншылық) – кәмелетке толмағандар мен сотпен қабілетке жарамсыз (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалардың мүддесін және құқығын қорғайтын құқықтық нысан;
Қамқоршы (қорғаншы) – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша белгіленген заңның ережесінде міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;
Қамқоршылық және қорғаншылық органы – ауданның жергілікті атқарушы органы;
Зеленов аудандық білім беру бөлімі –2006 жылғы 24 қаңтардағы №39 Әкімдіктің қаулысымен бекітілген, заңды тұлға , мемлекеттік мекеме «Зеленов аудандық білім беру бөлімі » Ережесінің негізінде қызметтер орындалады;
алушы (бұдан әрі - тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін, жеке тұлға.
-
Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқығын анықтау: «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру»
.
1.2. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеменің атауы: «Зеленов аудандық білім беру бөлімі» қамқоршылық және қорғаншылық органы мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 71, 2 қабат, 10 кабинет, телефон: 23-176.
1.3.Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
1.4.Мемлекеттiк қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 116-баптары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 9 қыркүйектегi № 1346, «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» және басқа да заңдары негiзiнде жүзеге асырылады.
1.5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны 5-қосымшаға сәйкес қорғаншылық пен қамқоршылық жөнiнде анықтама беру (бұдан әрi - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелдi жауабын ұсыну болып табылады.
1.6.Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады:
1) Зеленов аудандық білім беру бөлімі.
2) Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
2.1.Мемлекеттік органдардың жұмыс орны мен кестесі туралы, олардың құрылымдық және аумақтық органдары туралы ақпарат:
Уәкілетті органның мекен жайы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» саласындағы халыққа қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органның жұмыс кестесі: күн сайын сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Халыққа қызмет көрсету орталығының мекен жайы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» саласындағы халыққа қызмет көрсету регламентінің 2-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күнделікті жүргізіледі:
Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 19.00-ге дейін.
2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz , «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ атқарушы органның жауапты тұлғасында және халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне бірнеше мүдделі органдар қатысады.
1. ММ «Зеленов аудандық білім беру бөлімі».
2. Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы.
Қамқоршылық және қорғаншылық органы тұтынушыларға белгіленген үлгідегі өтініш бланктері мен басқа да құжаттарды береді. Қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы құжаттарды қабылдайды, құжаттарды алғаны туралы қолхат береді. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесі білім беру бөліміне жүгінген тәсілде ғана жүзеге асады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі.
Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, білім беру бөлімі дайын анықтамалар мен қаралған құжаттарды екі ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Орталыққа тұтынушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді алу үшін толтырылған бланктерді, нысандарды, өтініштер мен басқа да құжаттарды алғаны туралы қолхат беретін инспекторға тапсырылады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі
2.4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1.Зеленов аудандық білім беру бөлімі – бес жұмыс күні ішінде.
2.Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы - бес жұмыс күні ішінде.
өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;
өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.
2.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) бөлімге жүгінгенде - тұтынушының қажетті құжаттың біреуін тапсырмаған жағдайда;
2) орталыққа жүгінгенде – білім беру бөлімі алған толық құжаттар топтамасы болмаған жағдайда бір жұмыс күнінің ішінде жазбаша түрде бас тартудың дәйекті себептерін жазып орталыққа қайтарады.
2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тапсырыс түскен мерзімнен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін алғанға дейінгі мерзім мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі.
1) Қамқоршылық және қорғаншылық органы тұтынушыларға белгіленген үлгідегі өтініш бланктері мен басқа да құжаттарды береді. Қамқоршылық және қорғаншылық органының маманы құжаттарды қабылдайды, құжаттарды алғаны туралы қолхат береді. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесі білім беру бөліміне жүгінген тәсілде ғана жүзеге асады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі.
Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, білім беру бөлімі дайын анықтамалар мен қаралған құжаттарды екі ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
Орталыққа тұтынушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді алу үшін толтырылған бланктерді, нысандарды, өтініштер мен басқа да құжаттарды алғаны туралы қолхат беретін инспекторға тапсырылады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі
2.7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаумен айналысатын ең аз адам саны: бір адам
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде
әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау
3.1. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) қорғаншылықты (қамқоршылықты) тағайындау туралы жергiлiктi атқарушы органдар шешiмдерiнiң көшiрмесi;
2) қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
3) баланың жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi;
4) тұрғылықты жерi бойынша анықтама (Тұрғын үй департаментiнiң ақпараттық анықтамасы).
Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн олар тұтынушыға қайтарылады.
3.2. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.
3.3. Құрылымдық-функционалдық бірлік (одан әрі - ҚФБ), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушылар (ҚФБ – ақпараттық жүйе және олардың ішкі жүйесі, мүдделі органдардың жауапты тұлғалары):
1. Қорғаншылық және қамқоршылық органы құжаттарды қарап өтініштерді қабылдайды, белгенген үлгіде анықтама береді – ҚФБ 1.
2. Білім беру бөлімінің бастығы анықтамаға қол қояды – ҚФБ 2.
3.4. ҚФБ-тің әрекетінің сипаты аталған «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламентінің 3-ші қосымшасының 1,2,3 кестесінде.
3.5. Көрсетілген сипаттамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процессінде аталған регламенттің 4-ші қосымшасы және мемлекеттік қызмет көрсету арасындағы логикалық бірізділікті көрсететін сызбалары.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін, лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
4.1. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бөлiм және орталық жүзеге асырады.
4.2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым осы регламентке 1,2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету орны бойынша бөлiм басшысының атына немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмiне, қызмет орталық арқылы көрсетiлген жағдайда орталық директорының атына берiледi.
4.3. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым бiлiм бөлiмiне немесе орталыққа берiледi. Бiлiм бөлiмi басшысының жұмыс және қабылдау кестесi: белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, орталық директорының: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.
4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
4.5. Ресми апелляция жасау немесе шағымдану үшiн тұтынушы еркiн нысанда өтiнiш бередi, өзiмен бiрге жеке басын растайтын құжаты болуы қажет.
4.6. Қабылданған шағым бiлiм бөлiмiнiң, орталықтың кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
Шағымды қарау нәтижесi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
4.7. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты аудандық бiлiм бөлiмiнен, сондай-ақ осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарынан ала алады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентына
1-қосымша
Зеленов ауданындағы атқарушы органның мекені мен байланысы
Р/с
№
|
Бөлiмдердiң атауы
|
Орналасқан мекен-жайы
|
Байланыс телефондары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
«Зеленов аудандық бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi
|
Переметное ауылы, Гагарин к-сi, 71
|
8 (711) 30-231-76
|
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызметкөрсету регламентына
2-қосымша
Зеленов ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының мекені мен байланысы
Р/ с
№
|
Орталықтың атауы
|
Орталықтың орналасқан мекенжайы
|
Операциялық залдың телефон нөмiрi
|
Басшының телефон нөмiрi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
|
БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин к-сі №69Б үй
|
8(71130) 23-616
|
8(71130)23-614 қабылдау бөлмесi
|
|
Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
|
БҚО, Зеленов ауданы, Дарьинск ауылы, Балдырған к-сі 27/1 үй
|
8(71131) 24-081
|
8(71131)24-080 қабылдау бөлмесi
|
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет регламентына
3-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1.
|
Іс-әрекеттің №
|
1
|
2
|
|
2.
|
ҚФБ атауы
|
Қамқоршылық және қорғаншылық органы
|
АББ-нің бастығы
|
Қамқоршы немесе қорғаншы
|
3.
|
Іс - әрекеттің (үдерістің,
процедураның, операцияның)
атауы және олардың сипаттамасы
|
Жеке тұлғалардан түскен құжаттарды қабылдап, өтініштерді тіркеу, анықтама беру
|
Құжаттарды қарау, жолдамаларға қол қою
|
Құжаттарды алу
|
4.
|
Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-өкімгерлік
шешім)
|
Анықтама беру
|
Анықтамаға қол қою
|
|
5.
|
Орындау мерзімдері
|
Жұмыс күнінің ішінде
|
Жұмыс күнінің ішінде
|
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы
|
ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы
|
№1 іс-әрекет - құжаттарды қабылдау
|
|
№2 іс-әрекет- құжаттарды қарау
|
№3 іс-әрекет – құжаттарды алу
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту
|
ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы
|
ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы
|
№ 1 іс-әрекет. Өтініштерді қабылдау.
|
№2 іс-әрекет – құжаттарды қарау
|
|
№2 іс-әрекет – құжаттарға қол қою
|
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет регламентына
4-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнiнде анықтамалар беру»
мемлекеттiк қызмет регламентына
4-қосымша
АНЫҚТАМА №_____
Осы анықтама
_________________________________________________________________________қаласы
_________________________________________________________________________көшесi,
№_______ үй, №___________________________________________________ пәтерде тұратын
азамат (азаматша)____________________________________________берiлдi, ол шын мәнiнде (қала, аудан) әкiмiнiң
200__жылғы «____» ____________________ №_______ шешiмiне сәйкес
19__жылғы «____» ____________________ туылғылан_________________________________
және оның мүлкiне (мүлкiнiң тiзiмдемесi iсте тiгулi, мүлкi жоқ) қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды.
Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынушыны тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке даярлау туралы, оның жеке мүлiктiк құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттiк мекемелерде арнайы өкiлеттiксiз оның өкiлi болу мiндетi жүктеледi.
Аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы __________ Т.А.Ә.