Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қарағанды қаласы

әкімдігінің 2012 жылғы

«___»_______________

№___ қаулысымен бекітілген


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»
электрондық мемлекеттiк қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


  1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы балама негізде көрсетедi: www.e.gov.kz (бұдан әрi – қызмет көрсетуші).

  2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

  3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-ажыратылымдары бар электронды мемлекеттік қызмет).

  4. Электрондық қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет көрсету.

  5. Осы электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде қолданылатын түсініктер мен қысқартулар: «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» (бұдан әрі– Регламент):

    1. жеке сәйкестендіру нөмірі– жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерге қалыптастырылатын ерекше нөмір(бұдан әрі - ЖСН);

    2. ақпараттық жүйе– аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге арналған жүйе(бұдан әрі - АЖ);

    3. жергілікті атқарушы орган– тікелей электрондық мемлекеттік қызметті көрсететін «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ЖАО);

    4. медиа-ажыратылым- электрондық түрдегі құжаттарды қағаз түріне немесе керісінше ауыстырулар қажет болғанда, қызмет көрсету барысында қағаз және электрондық құжат айналымының кезектілігі;

    5. пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш білдіретін және оны пайдаланатын субъект;

    6. «электрондық үкіметтің» веб-порталы– барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа, оның ішінде нормативтік құқықтық базаға және электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірегей терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);

    7. халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі– Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар тиісті министрліктер мен ведомстволардың халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);

    8. «Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі түріндегі өңірлік шлюз» - ЖАО электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелері және ЖАО ішкі жүйелері/ кіші жүйелері арасында ақпараттық өзара әрекеттерді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (ЭҮӨШ);

    9. құрылымдық-функционалдық бірліктер – нақты бір кезеңде электрондық қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері және с.с. (бұдан әрі - ҚФБ);

    10. транзакциондық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолдана отырып ақпарат алмасуды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет;

    11. ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы;

    12. электрондық сандық қолтаңба - электрондық сандық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның мазмұнының тиесілігін және тұрақтылығын растайтын электрондық сандық символдардың жиынтығы(бұдан әрі- ЭСҚ);

    13. электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды үлгіде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

    14. электрондық құжат – ақпарат электронды-сандық үлгіде тапсырылған және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәләндырылған құжат;

    15. «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮШ);

    16. «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі– азаматтық хал актілерін тіркеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ );

    17. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының ақпараттық жүйесі – «электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландыру орталығы(бұдан әрі – ҰКО АЖ);

    18. ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі.


2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетушінің жұмыс тәртібі.
6. ХҚКО арқылы қызмет көрсетушінің адымдық әрекеттері және шешімдері осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):

1) 1 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ХҚКО АЖ - де ХҚКО операторын авторизациялау үдерісі);

2) 1 шарт - логин және пароль, не ЭСҚ арқылы ХҚКО АЖ-де тіркелген оператор туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

3) 2 үдеріс – ХҚКО операторының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚКО АЖ-де авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4) 3 үдеріс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу және сканерден өткізілген құжаттарды қосу);

5) 4 үдеріс – АХАЖ АЖ-не бала туралы деректерді тексеруге сұрау салу;

6) 5 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ХҚКО операторының ЭСҚ арқылы қол қою;

7) 2 шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ХҚКО АЖ-де тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;

8) 6 үдеріс – оператордың ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 7 үдеріс – ХҚКО операторының ЭСҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрауын) ЖАО АЖ-не ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы жолдау және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

10) 8 үдеріс – анықтаманы дайындау туралы тұтынушыға хабарлау үдерісі;

11) 3 шарт – ЖАО қызметкерінің анықтаманы беру немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдауы;



12) 9 үдеріс – ЖАО қызметкерінің жазбаша бас тартуды қалыптастыру үдерісі.

13) 10 үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама) қалыптастыру үдерісі. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭСҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ХҚКО АЖ беріледі;

14) 11 үдеріс –ХҚКО қызметкерiнiң шығыс құжатын тұтынушыға қолма-қол немесе электрондық поштасына жiберу арқылы беру.

7. ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы):

  1. тұтынушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

  2. 1 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЖСН және парольді ЭҮП-да енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

  3. 1 шарт – ЭҮП-да ЖСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

  4. 2 үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  5. 3 үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);

  6. 4 үдеріс – АХАЖ АЖ-де бала туралы деректерді тексеруге сұрау салу;

  7. 5 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) тұтынушының ЭСҚ арқылы қол қою;

  8. 2 шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭСҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭСҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЭҮП-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;

  9. 6 үдеріс – тұтынушының ЭСҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

  10. 7 үдеріс – тұтынушының ЭСҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮАШ арқылы ЖАО АЖ-не жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

  11. 8 үдеріс – анықтаманы дайындау туралы тұтынушыға хабарлау үдерісі;

  12. 3 шарт – ЖАО қызметкерінің анықтаманы беру немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдауы;

  13. 9 үдеріс – ЖАО қызметкерінің жазбаша бас тартуды қалыптастыру үдерісі;

  14. 10 үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама) қалыптастыру үдерісі. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭСҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ЭҮП жеке кабинетке беріледі;

8. ЭҮП арқылы электронды мемлекеттік қызмет алған жағдайда тұтынушыға мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке жауаптардың экрандық нысандары Осы Регламентке 3 қосымшада келтірілген.

9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салуының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-да «Қызметтерді алу тарихы» бөлiмiнде, сонымен қатар ХҚКО-на өтiнiш білдіру.

10. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) үшін байланыс телефонының нөмірі: саll–орталығы (1414).


  1. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:

1) ЖАО қызметкерлері;

2) ХҚКО қызметкерлері.

12. Әрбір іс-қимылдың үдерісін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылы (үдерісі, қызметі, операциялары) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшада көрсетілген.

13. Іс-қимылдың қисынды бірізділігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн диаграмма (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде) олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген.

14. Осы Регламентке 3 қосымшада хабарлама формасы енгізілген, форматты-логикалық бақылау ережесі көрсетілген электронды мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс бланктердің нысандары және үлгілері ұсынылған.

15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 4 қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) адамның контитуциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) кәсiби этика мен мәдениеттi сақтау;

4) түпкілікті және толық ақпарат ұсыну;

5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;

6) тұтынушы белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:электрондық мемлекеттiк қызметке қол жеткiзу және көрсету қолдайтын құрылғылар (компьютер, Интернет,қоғамдық қол жеткізу пункті).

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнiнде анықтама беру»

электрондық мемлекеттiк

қызмет регламентіне

1 қосымша

ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1диаграммасы


ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы.

Шартты белгілер






Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнiнде анықтама беру»

электрондық мемлекеттiк

қызмет регламентіне

2 қосымша


1 кесте. ХҚКО арқылы іс-қимылдардың сипаттамасы


  1. Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ, АЖ атауы

ХҚКО

ХҚКО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

ЖАО

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы өтiнiшінің және құжаттарының түпнұсқалығын тексеру,

ХҚКО АЖ-не деректерді енгізу




ХҚКО қызметкерін авторландыру және электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу нысанын толтыру

ХҚКО АЖ-нен ЖАО АЖ-не сұрау салуды бағдарлау


Өтінішке нөмір беру, орындауға жіберу


Құжаттарды тексеру, өтінішті жұмысқа қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Қызмет алуға өтінішті және құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір беріп,сұрау салуды жүйеде тіркеу

Сұрау салуды бағдарлау

ХҚКО-нан ЖАО АЖ-не түскендер мәртебесінде көрсету

Сұрау салуды жұмысқа қабылдау

5

Орындау мерзімі

30 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

10 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

2

3

4

5

6




2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

6

7

8

9

10

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ХҚКО АЖ

ХҚКО

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру туралы шешім қабылдау.

Шығыс құжатын қалыптастыру

ХҚКО АЖ-не сұрау салу мәртебесінің ауысуы туралы хабарламаны бағдарлау

Мәртебені жұмыста көрсету

-

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Шығыс құжатын жүйеде қалыптастыру

Сұрау салуды бағдарлау

Мәртебені жұмыста көрсету

-

5

Орындау мерзімі

3 күн (құжатты қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне жатпайды)

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

-

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

7

8

9

10

11



3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

11

12

13

14

15

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

ХҚКО АЖ

ХҚКО

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығыс құжатын құру

Шығыс құжатына ЖАО қызметкерінің ЭСҚ қол қою. ХҚКО АЖ-де қызмет көрсету мәртебесінің ауысуы туралы хабарламаны қалыптастыру.

ХҚКО АЖ-де мәртебесінің ауысуы туралы хабарламаны бағдарлау

Қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны көрсету

ХҚКО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін тұтынушының қолына беруі немесе электрондық поштасына жiберуі

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Қол қойылған шығыс құжатын ХҚКО беру

Аяқталуы және орындалуы туралы хабарламаны ХҚКО АЖ-не беру

Бағдарлау

Орындалудың аяқталу мәртебесін көрсету

Қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындау мерзімі

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

15 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

12

13

14

15

-

2 кесте. ЭҮП арқылы іс-қимылдардың сипаттамасы



  1. Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

ЖАО АЖ

ХҚКО АЖ

ХҚКО

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының ЭҮП авторизациялануы, сұрау салудың нысанын толтыру, электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру

Сұрау салуды ЖАО АЖ-ға және хабарламаны ХҚКО АЖ-ға бағдарлау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

Өтінішке нөмір беру және түскендердің мәртебесін көрсету (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

ЭҮП-нан ХҚКО АЖ-не түскендер мәртебе

сін көрсету (енгізіл

ген деректер дұрыс болған жағдайда)


Өтініш

ті орындауға қабыл

дау (енгі

зілген деректердұрыс болған жағдай

да)


4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұрауды сәтті қалыптас

тыру туралы хабарламаны бейнелеу немесе сұралған электрон

дық мемлекет

тік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптас

тыру


Сұрау салуды бағдарлау (енгі

зілген деректер дұрыс болған жағдай



да)

ЭҮП-ке хабарламаны жіберу (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

Мәртебені көрсету (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

Жұмысқа қабылдау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда)

5

Орындау мерзімі

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

10 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

2

3

4

5

6



2) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

6

7

8

9

10

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

ЭҮП

ХҚКО АЖ

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сұрау салуды орындау. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру туралы шешім қабылдау.

Шығыс құжатын қалыптастыру


ЭҮП және ХҚКО АЖ-да «жұмыста» мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны бағдарлау

«жұмыста» мәртебесін көрсету

Хабарламаны және мәртебені көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Жүйеде шығыс құжатын қалыптастыру

Бағдарлау

Мәртебесін көрсету

Мәртебесін көрсету

5

Орындау мерзімі

15 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

7

8

9

10

11




3) Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

11

12

13

14

15

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

ЭҮП

ХҚКО АЖ

3

Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Шығыс құжатын құру

ЖАО қызметкерінің ЭСҚ шығыс құжатқа қол қою. Қызмет

терді көрсету мәртебесін ЭҮП-да және ХҚКО АЖ-де өзгерту туралы хабарламаны қалыптастыру



ЭҮП шығыс құжатты тұжырымдаумен мәртебенің өзгеруі туралы және ХҚКО АЖ-де мәртебенің өзгеруі туралы хабарламаны бағдарлау.

Шығыс құжатын көру мүмкіндігімен қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаныны көрсету

Қызмет көрсетудің аяқталуы туралы хабарламаны көрсету

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Қол қойылған шығыс құжаты

ЭҮП-на шығыс құжатпен хабарламаны жіберу және ХҚКО мәртебені өзгерту

Бағдарлау

Шығыс құжатын көрсету

Орындау мәртебесін көрсету

5

Орындау мерзімі

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесi іс-қимылдың нөмiрi

12

13

14

15

-


Ескертпе:

Осы кестеде электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң технологиялық тiзбегiнде келесi әрекеттердiң аяқталу үлгiлерi, орындалу мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетiлiп ЭҮП, АЖ және барлық ҚФБ әрекеттерi (функциялары, рәсiмдерi, операциялары) атап көрсетiледi.

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнiнде анықтама беру»

электрондық мемлекеттiк

қызмет регламентіне

3 қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтке

оң жауаптың шығыс нысаны

АНЫҚТАМА_______

Осы анықтама
____________________ қаласы
___ ____________________ көшесi,
№ ___ үй, № _____ пәтерде тұратын
азамат (азаматша) _________________________________________ берiлдi,
ол шын мәнiнде (қала, аудан) әкiмiнiң
201___ жылғы «___»____________________________ № шешiмiне сәйкес
19___ жылғы «___»____ туылған ______________
және оның мүлкiне (мүлкiнiң тiзiмдемесi iсте тiгулi, мүлкi жоқ) қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды.
      Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынушыны тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке даярлау туралы, оның жеке мүлiктiк құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттiк мекемелерде арнайы өкiлеттiксiз оның өкiлi болу мiндетi жүктеледi.

     

«Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнiнде анықтама беру»

электрондық мемлекеттiк

қызмет регламентіне



4 қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»

______________________________________________________
(қызметтің атауы)



1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара қанағаттанамын;

3) қанағаттанамын.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?

1) қанағаттанбаймын;

2) ішінара канағаттанамын;

3) қанағаттанамын.



Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн «Қарағанды қаласының білім бөлімі»
251.45kb.

18 12 2014
1 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметі «Өскемен қаласының білім беру бөлімі»
173.05kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру»
984.71kb.

25 12 2014
3 стр.


Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

211.52kb.

12 09 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) осы стандартқа

101.01kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
1011.81kb.

12 10 2014
7 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
769.31kb.

14 12 2014
3 стр.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенты Негізгі ұғымдар

Амқоршылық (қорғаншылық) – кәмелетке толмағандар мен сотпен қабілетке жарамсыз (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалардың мүддесін және құқығын қорғайтын құқықтық нысан

117.36kb.

25 12 2014
1 стр.