Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ашық сабақ
Күні: 16 наурыз 310 кабинет
Уақыты: 9:45
Өткізілетін сыныбы: 6 А
Жауапты мұғалім: Измамбетова Айбарша
Сабақ тақырыбы: «Көлдер»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көл және оның түрлері жайлы мәлімет беру,

олардың географиялық орнын анықтай білуге

үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, өз бетинше жұмыс істеу

қабілетін дамыту,білім, білік дағдыларын

қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Адамның кейбір іс әрекетінің айналадағы ортаға

теріс ықпал етуі туралы әңгімелей отырып,

оқушыларды табиғатты қорғай білуге, сүюге

тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, репродуктивтік, анықтау-баяндау

әдісі, практикалық әдіс, ой-қозғау стратегиясы, модульдік

технология стратегиялары.

Көрнекілігі: Глобустар, дүние жүзінің физикалық-географиялық картасы,

Қазақстанның физикалық-географиялық картасы, дүние

жүзінің саяси картасы, атлас карта, кодоскоп, эпидоскоп,

телевизор, тірек сызба, кітап бұрышы.



Пән аралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет.
Сабақтың барысы:

I. Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі (1 мин).

II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин).

III. Үй тапсырмасын қорыту (4 мин).

IV. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин).

V. Жаңа сабақты бекіту (10 мин).

VI. Жаңа сабақты қорыту (2 мин).

VII. Үй тапсырмасын беру (2 мин).



  1. Оқушылардың білімін бағалау (1 мин).


I. Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу.

6-16 наурыз аралығында мектебімізде «Отан – ұлттың қарашаңырағы» атты тарих-география пән бірлестігінің онкүндігі болып жатқаны баршамызға аян. Міне, бүгін сыныбымызда қалалық ашық сабақ өткізгелі отырмыз. Ашық сабаққа жақсы дайындықпен келіп, өз білім нәтижелеріңді көрсеткендерің, жақсы жауап бергендерің 10-күндікке қосқан үлес деп ойлаймын.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын «Сиқырлы сандықша» ойын әдісін пайдаланып өткізейік.

Ойынның шарты:

Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды.

«Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толықтырылады, сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа құрылады.

Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын (фишка) алады (берілген ақпараттың мәндігіне қарай).

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, I-II-III – орын анықтайды. Ең бастысы – осы теориялық материал бойынша «бергілірді» айқындау, тек сонда ғана сандықша «сиқырлы» бола алады. Оқушылар сұраққа жауап беріп жатқанда 3 қатардан 6 оқушы карточкадағы Дүние жүзінің ірі өздерін тауып бергілеп беру керек.

«Сиқырлы сандықша» ойын сұрақтары

1.Өзен бөліктерін ата. Өзеннің бастауы, саласы дегеніміз не?

2.Өзеннің сағасы дегеніміз не?

3.Өзеннің аңғары, арнасы дегеніміз не?

4.Өзеннің жүйесі, өзен алабы дегеніміз не?

5.Жер бедерінің өзеннің ағыс бағытына қандай әсері бар?

6.Шоңғырлар қалай пайда болады?

7.Сарқырамалар қалай пайда болады? Ең биік сарқыраманы ата.

8.Не себептен өзен суы бірде көтеріліптасып, бірде азайып, ал кейде көтеріліп-қайтып жатады?

9.Өзендердің шаруашылық маңызы қандай?

10.Өздерің тұрған жерде қандай өзен бар және шаруашылықта пайдалану туралы айтып бер.
Суретті баяндау әдісіндегі керекті «белгі» сөздер
Бастауы Сол жақ саласы

Сағасы Өзен аңғары

Арнасы Өзен жүйесі

Оң жақ саласы



III. Үй тапсырмасын қорыту

Тақтада белгі, сызба түрінде сурет ұсынылады. Осы суретке дұрыс белгілерді қоя отырып, оқушы мәтін бойынша баяндама жасайды.

Енді, оқушылар кім дүние жүзіндегі ең ірі өзендерді атап, картадан көрсетіп береді. Тақтаға оқушы шығып көрсетеді.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ой қозғау стратегиялық әдісін пайдалану



Тірек - сызбасын пайдаланып түсіндіру.


1.«Көлдер»

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығы. Көлдер жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы шағын кішкентай көлдер де және үлкендігіне байланысты теңіз деп аталатын ірі көлдер де бар (картадан Каспий теңізін көрсету, оған қандай өзендер құяды, тереңдігі туралы айту). Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі. Евразиядағы Байкал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620 метр (телевизор көрсету).

Қазақстанда 48 мың көлдер бар. Олардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балхаш.

1.Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі тұйық көл. Аты XVIғ. аяғында осы теңіз жағалауында қоныстанған. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Біздің елімізге, бұл ірі көлдің солтүстік шығыс бөлігі кіреді, жалпы аудан 390 мың км², жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Ол Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран республикасы. Суының тұздылығы солтүстігінде 2‰, орталығында 12‰, оңтүстігінде 14‰ жетеді. Каспийде балық көп ауланады. Әсіресе, итбалық көп кездеседі. Ең бағалы балықтар бекіре тұқымдастар, кәсіптік маңызы бар. Өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануардың 769 түрі кездеседі. Бағалы балық-қартпа, бекіре, шоқыр, сазан, көксерке, сыла, майша-бақ, т.б. ауланады. Құстардың 200 түрі кездеседі. Олардың кәсіптік маңызы бар. Солтүстік-шығысында мұнай мен газдың қоры бар. Теңіз флоты құрылды. Теңіз жағалауында қалалары бар.
2.Арал теңізі

Арал аумағының үлкендігі жөнінен 2-ші орын алады. Арал теңізі ерте заманнан араб, грек, моңғол және жоңғар шапқыншылары кезінде мәліметтер жинақталған. Бір кездерде ол көк теңіз, Сақтар теңізі, Кердері теңізі деп аталған. 1 мың жылдарда сақ тайпалары мекендеген. Арал теңізі деп алғаш рет араб жазушысы Ибн-Рашд атаған.

Сырдария мен Амудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал теңізі тартылып бара жатыр. Оның жағасы 100-200 км-ге дейін шегініп, босаған жерлерді, сор, тұз бен құм басуда.
Қазіргі кезде теңіз екі су қоймаға, яғни үлкен және Кіші Аралға бөлініп кеткен. Арал теңізінде 1100 аралдар тобы болатын, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті.

Суының тұздылығы қазіргі 35‰ жетті. Арал теңізінде органикалық дүниесі әлдеқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Құндылары: бекіре, сазан, қояз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтар: Каспий шоқыры мен балтық салакасын атауға болады. Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық жағдай асқына түсуде, егістік жерлер мен мал жайлымдарын кұм мен тұз басып пайданудан қалды. Кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 200 млн. тонна көтерілген улы-тұзды шаң-тозаң ауаға таралады. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына біраз зардабын тигізіп отыр.

Арал теңізі туралы мәселелерінің бірі – егістіктерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу, тұздың ұшуын азайтатын, топырақты бекітетін өсімдіктер өсіру, мәдени дақылдар өсіру, жергілікті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері өткір қойылып отыр.

3.Балқаш көлі

1.Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орында Балхаш көлі тұрады.

Бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігінің суы ащы суының тұздылығы 5,2‰. (Картадан Балхаш көлін тауып түсіндіру). Көл суының 67% Іле өзенінің келетін су және батыс бөлігіне өзен суы мол құйылады. Құятын өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас және т.б.

Балхашта кәсіптік маңызы бар балықтардың 20-дан астам түрі бар. Балхаш көкбасы, балхаш алабұғасы, т.б. аққайрақ, көксерке, арал қаязы, жерсіндірілген балықтар.

Көлдерде қаз, үйрек, шағала, аққу және т.б. суда жүзетін құстар кездеседі. Қабандар, терісі бағалы андатра жерсіндірілген. Себебі, Іле өзенінде Қапшағай бөгені салынуына байланысты көлдің деңгейі 2м

төмендеп тұздылығы артты, көлге кұяр сағасы тартылды, бөген суымен жер суарылады, егістікке сіңірілген химиялық тыңайтқыштар да көп суын сапасын нашарлатты, көлдің солтүстігінде мыс балқыту комбинаттары жұмыс істейді. Көл суын Балқаш кен-металлургия комбинаты пайданылады.


2. Көлдердің пайда болуы.

Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістер кезінде пайда болған мұндай көлдерді техникалық көлдер деп атайды. Мұндай көлдерге: Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстық көл, Алтайдағы Зайсан жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болады. Мысалы, Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы үлкен Алматы көлдері, мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері – қалдық көлдерге жатады.

Кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болады. Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Мұндай көлдер Ява аралында, Куриль аралында, Камчатка түбегінде бар.

3. Ағынды және ағынсыз көлдер.

Көл суының көптеген қасиеттері, тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Ондай көлге тұз жинақталмайды, өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.

Ешбір өзен ағып шықпайтын көлдер де бар. Оларды ағынсыз көлдер деп атайды. Су ағып шықпайтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинала береді. Құрғақшылық аймақтарда көл суы төгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады ( картаны пайдаланып, мысалдар келтіру ).

4. Көлдердің батпаққа айналуы.

Жаңбыр мен қар суы жер бетін шайып, көлге әртүрлі заттарды ағызып алып келеді. Көлдің түбінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары шөгіп шіриді. Соның салдарынан көлдер тайызданады да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді. Көлдің тайызданған жеріне қамыс, құрақ, қияқ, мүктерқаулап өседі. Нәтижесінде көлдің орнында батпақтар пайда болады (слайдтарды көрсету).

5. Көлдің шаруашылық маңызы.

Көлдердің шаруашылықта пайдасы үлкен. Олардың ең 1-ші байлығы – тұщы суы. Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Мысалы, Каспий теңізі, Солтүстік Америкадағы ұлы көлдер. АҚШ пен Канада арасындағы су жолы қызметін атқарады. Ладога мен Онега көлдерін айтуға да болады. Көлдер әртүрлі өсімдіктер мен жануарларға бай. Кәсіптік маңызы бар балықтар ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі.

V. Жаңа сабақты бекітуге

Тақтаға 2 оқушыны шығарып 2 көлдің Каспий теңізі мен Зайсан көлінің географиялық орнын анықтау, эпидоскоп арқылы жоспары беріледі.



  1. Көлдің аты.

  2. Географиялық орны.

  3. Пайда болуы.

  4. Көлге су қайдан келеді.

  5. Ағынды, ағынсыз.

  6. Шаруашылық маңызы.

Тақтадағы оқушылар тапсырма орындап жаткан кезде, қалған оқушылардан үйге берілген іздендіру жұмыстарын, көлдер туралы өлең оқыту, суды бағалап, қорғауға арналған мақал-мәтелдер айтқызу; 3 оқушы шығып, кескін картадан Дүние жүзіндегі ірі көлдерді тауып жазады, содан соң, тақтадағы оқушылар 2 көлдің географиялық орнын анықтап береді (картаны пайдаланып)

Сонымен, Дүние жүзіндегі ірі көлдерді кім көрсетіп, атап береді. Оқушы тақтаға шығып көрсетеді.


VI. Жаңа сабақты қорыту.

Сонымен, көлдер деп отырғанымыз – Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды айтамыз.

Қазаншұңқырларда пайда болуына қарай көлдер тектоникалық, қалдық, бөген, ескі арна көлдері болып бөлінеді. Көл суының қасиеттері, тұздылығы оның ағынды және ағынсыз болуына байланысты. Көлдердің шаруашылықта пайдасы үлкен. Көл суын ауыз суға, мал суаруға, егін егуге, өндіріске пайдаланамыз. Балық ауланады, тұз өндіріледі. Кеме қатынастарына пайдаланылады.

VII. Үйге тапсырма беру.

§45. Көлдер. (оқу)

Кескін картаға көлдерді түсіру:

I – қатар. Каспий теңізі

II – қатар. Арал теңізі

III – қатар. Балқаш көлі. Қосымша хабарлама жазып келу.
Байқоңыр қаласы.

Ю.А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектеп.



География пән мұғалімі: Измамбетова Айбарша Итеменқызы

Күні: 16 наурыз 310 кабинет Уақыты: 9: 45 Өткізілетін сыныбы: 6 а жауапты мұғалім

Міне, бүгін сыныбымызда қалалық ашық сабақ өткізгелі отырмыз. Ашық сабаққа жақсы дайындықпен келіп, өз білім нәтижелеріңді көрсеткендерің, жақсы жауап бергендерің 10-күндікке қосқа

87.3kb.

17 12 2014
1 стр.


Күні 12. 03. 2011ж Уақыты 3 сабақ Өтілетін орны 310 кабинет Пәні география Сыныбы 11

Көрнекі-құрал жабдықтары: Дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, компьютер, медиапроектор, слайд

105.82kb.

16 12 2014
1 стр.


Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: І мұғалім
44.68kb.

25 12 2014
1 стр.


Сценарий кітапханашылар күніне арналған Өткізілетін уақыты: 15. 10. 12 ж сағат 10. 00 де Под минусовкой «Елім менің»

Ведущий 1: Кітапханашылар күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы – кітаптарды қамқорлыққа ал

56.68kb.

12 10 2014
1 стр.


Көрнекіліктер: нақыл сөздер жазылған плакаттар,гүлдер,шарлар,суреттер. Барысы: Жүргізуші

Ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрам-Наурыз күні. Наурыз-жаңару,жасару,көктем мерекесі,халық мейрамы. Олай болса,құрметті оқушылар,ата-аналар,әріптестер,қонақтар,сіздерді Ұлыстың

55.64kb.

15 10 2014
1 стр.


Жүргізуші: Наурыз күні. Күнмен түн теңеледі. Жауынмен қара жер көгереді

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтай отырып бүгінгі кешімізді бастаймыз

39.25kb.

09 09 2014
1 стр.


Өтілетін орыны, сыныбы, уақыты: Спорт зал. 6 «г»сыныбы, 2 кезек, сағат 15: 15 Сабақтың тақырыбы

Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Бұрылу элементерін орындау

73.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Семинар по английскому языку «Развитие коммуникативной компетенции на уроках английского языка» для молодых специалистов

Штаттан тыс әдістемелік кеңесінің 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, наурыз айының 13- күні сағат 10. 00-де, Ақтөбе орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдасты

788.22kb.

25 12 2014
3 стр.