Шымкент қаласы әкімдігінің
«05» наурыз 2010 ж. №353
қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1 тарау. Жалпы ережелер
-
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республиканың Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, Құрылтайшы шешімінің негізінде және басқа да заң актілеріне сәйкес құрастырылды.
-
Мекеменің заңды атауы: «Шымкент қаласының білім бөлімі».
-
Заңды мекен-жайы: 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Жангелдин көшесі, 17.
-
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып құрылу, тартылуы туралы шешім қабылдайтын қала әкімдігі саналады.
-
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы «мемлекеттік мекеме», құрылтайшымен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
-
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шымкент қаласы білім беру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінен бөліну жолымен қайта құрылған.
-
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөліну балансына сәйкес, «Шымкент қаласының білім беру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндетттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
-
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала көлеміндегі білім беру жөніндегі мәселелерді қарайды және Шымкент қаласы әкімінің құзырына жатады.
-
«Шымкент қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минпистрлігінің, жергілікті әкімдік, жұмыс берушімен, білім беру ұйымдарымен байланыста болады.
-
Өз жұмысында бөлім Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларын, Білім және ғылым Министрінің құқықтық актілерін, Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласы әкімдігінің шешімдері мен нұсқауларын негізге алады.
-
Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржыларымен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің қаржылары жетпеген жағдайда оның міндеттері бойынша жауапкершілікті тиісті жергілікті атқарушы орган алып жүреді.
-
Ұйымның өз атынан келісім – шарт жасауға, мүліктік және жеке мүлікті емес құқық пен міндеттерді жүзеге асыруға және мүліктеуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
-
Қызметкерлердің айлық жалақысының жауапкершілігі Шымкент қаласы әкімдігінің құзырында.
-
Штат кестесі мен бөлім қызметкерлерінің құрылымы Шымкент қаласы әкімдігіне бекітіледі.
-
Бөлімнің мемлекеттік елтаңбасы, елтаңбасы бар мөрі, толық аты-жөні, көрсетілген, мемлекеттік тілдегі бұрыштама штампі және бланкісі бар.
-
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізген сәтінен бастап, заңды тұлға құқығына ие болады.
-
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы оның құрылымын бекіткен Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен мәні.
-
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен мәні қала аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің функциясы.
-
Орта білім беруде және мектептен тыс мекемелер бойынша:
-
орта білім берудегі мемлекеттің саясатын іске асыру;
-
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» №319 –ІІІ Заңы, «Қазақстан Республикасы бала құқығы туралы» 8 тамыз 2002 жылы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен бекітілген 11 қазан 2004 жылы №1459, т.б. Нормативті құқытық актілері, білім беру саласындағы регламенттеу іс-әрекеті.
-
Білім беру құрылымында перспективалы бағдарламаларды жетілдіру, эксперименттік жұмыстар жүргізу, даму бағыттарының негізгілерін анықтау, атқарылған жұмыс қорытындысының сарабын жүзеге асыру.
-
Мектепке дейінгі, мектеп, мектептен тыс, т.б. ведомствалық ұйымдардың іс-әрекетінің координациясы.
-
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
-
Өз құзіреті шегінде білім беру ұйымдарына білім беру қызметін лицензиялауды, сондай-ақ жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білім берудің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, /арнайы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда / іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады.
-
білім беру ұйымдарын аттестатциялауға дайындық жүргізу.
-
Білім беру мониторингі және білім беру басқармаларының ақпараттық қамтамасыз ету құрылымын бірыңғай жағдайда жүзеге асыру.
-
өз құзіреті аясында мемлекеттік бақылауларды, соның ішінде ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауларды;
-
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау мемлекеттің азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негізгі және қосымша білім беру бағдарламамаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардың алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім беруді мемлекеттік басқару органдары оны өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
-
негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
-
білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.
Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:
-
аралық мемлекеттік бақылау;
-
білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
-
білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
-
білім беру ұйымдарын аккредиттеу;
-
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау;
-
білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.
5. Аралық мемлекеттік бақылау:
-оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына сәйкес, мемлекеттік міндетті білім беру стандарт талабына сай, қала басқаруындағы білім беру ұйымдарының білім сапасын, жеке меншік немесе ведомствалық формаларына қарамай ұйымдастыру және жүргізу.
-педагогикалық қызметкерлерді білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аттестациядан өткізу және квалификацияланған санаттарын иелендіру.
-педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру, әдістемелік қамтамасыз етілуін, қайта дайындауын ұйымдастыру.
- Білім беру ұйымдарының жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен әлеуметтік әріптестігін қамтамасыз ету.
- Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу және олардың орта білім алуын (сырттай бөлімде, экстернат түрінде) ұйымдастыру.
- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау, балалардың қараусыз, панасыз қалмауының алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыру.
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды асырап алу мен қамқорлығын ұйымдастыру, балалар үйі мен интернаттарда орналастыру.
- мүмкіндігі шектеулі балаларға медицина-педагогикалық қолдауын ұйымдастыру.
20. Бөлімнің қаржы жөніндегі және басқа міндеттері мен функциялары:
- материалды-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру, білім берудің ведомствалық ұйымдарын қала бюджетінен қаржыландыру.
- білім беру ұйымдарын, уақтылы және сапалы ағымдағы және іргелі жөндеу жүргізу және жаңа оқу жылына, жылу беру кезеңіне дайындау.
-білім мекемелерін ведомствалық мекемелердегі материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау, ғимараттардың және құрылыстардың дұрыс пайдалануын қадағалау.
- білім беру ұйымдарда бюджеттік қаражатты және шаруашылық мәселелерді бақылау;
- білім саласындағы демеушілік және кәсіпкерлік дамуын қолдау;
- жергілікті атқару органдарға мемлекеттік мекемелердің жүйесінің жұмысын жақсартуға ұсыныстар енгізу;
- мемлекеттік білім жүйесіндегі мекемелерде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, азаматтық қорғаныс шараларын жүргізу;
- мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, спорт мекемелерінің статистикалық есебін алуы;
- Мемлекеттік білім беру ұйымының басшыларын үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен аттестаттаудан өткізеді;
-білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету;
- үкіметтік емес ұйымдармен байланыста болу;
- білім саласындағы халықаралық мәселелерге қатысу.
4 тарау. Атқарушы органның құқықтары мен міндеттері.
21. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 жылғы Заңына сәйкес бөлімді қала әкімі тағайындаған меңгеруші тікелей басқаруды іске асырады.
-Қазақстан Республикасы 23 шілде 1999 жылы шыққан «Мемлекеттік қызмет» туралы 11 наурыз 2003 жылы Қазақстан Республикасының Заңына 10 желтоқсан 1999 жылы өзгертумен толықтырумен 23 желтоқсан 2004 жылға сәйкес бөлім меңгерушісі орынбасарларын тағайындайды.
-Бөлім меңгерушісі Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес:
-құқықтық актілерді қолданады, бөлімнің төмендегі сатыларында орындалуға міндетті;
-орынбасарларды, бөлім бастықтарын, бас бухгалтерді, ғылыми әдістемелік орталық директорын, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін, қаржы қызметкерлерін басқарады.
-бөлім қызметкерлерімен жеке еңбек ұжымдық келісім-шартқа тұрады, өзгертеді, бұзады немесе тоқтатады.
-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы негізінде мектепке дейінгі, мектептен тыс, орта білім беретін ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
- Мемлекеттік мекемелердің басшыларына аттестация жүргізеді, қызметке тағайындау және босатуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 шілде 2003 жылы №685 қаулысына сәйес Мемлекеттік мекеме басшыларын аттестатциялау және қызметке қою ережесіне сай конкурстық таңдауды ұйымдастырады.
- Ерен еңбегі үшін мадақтау іс-шараларын қолданады немесе жүктелген міндетке салғырт қарағаны, еңбек тәртібін бұзғаны үшін, орталықтандырылған бухгалтерия, ғылыми -әдістемелік орталық және бөлім қызметкерлеріне, білім беру басшыларына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Еңбек туралы» Заңына сәйкес, тәртіптік жазаға тартылады.
-өз құзіреті аясында мемлекеттік білім беру ұйымдары жергілікті бюджеттен қаржыланады.
-Білім беру қажеттілігіне баптары және параграфтары бойынша шығыс сметасы бекітіледі, оның орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасы 24 сәуір 2004ж. Бюджет Кодексінің талаптарына сәйкес уақтылы мемлекеттік және басқа да қаржыны игеру.
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адасдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2007 жылы №1400 «Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерніің еңбегін төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес білім беру мемлекеттік ұйымының штат кестесі бекітіледі.
- бөлім коллегиясы – мемлекеттік коллегиялық орган қызметін қамтамасыз етеді.
- өз құзыры аясында білім беру саласында келісім шарттарға қол қояды.
-Білім беру саласында мемлекеттік басқарудың әр түрлі қызметтерін жүзеге асырады.
5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүліктері мен қаражаттары.
22. Мемлекеттік мекеме, құрылтайшымен оған берілген мүліктерге өзінің қызметінің негізгі мақсаты бойынша және осы мүліктердің орны мен оны пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес иелік ету, пайдалану құқықтарын жүзеге асырады, мемлекеттік мекеме бюджеттен қаржыландырылады.
23. Құрылтайшы мемлекеттік мекемеге берілген өз мүліктері бойынша оның сақталуына және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді.
24. Мемлекеттік мекеменің оған берілген мүліктердің өз бетінше дербес оқшаулауға құқы жоқ.
25. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрастырылу көздері болып табылатын құрылтайшымен берілген мүліктері.
6 тарау. Құрылымы, басқару органының құрылу тәртібі.
Оның құзіреті және қызметін ұйымдастыру тәртібі.
26. Мемлекеттік мекеме құрылымы қолданыстағы заңдарға сәйкес белгіленеді.
27. Мемлекеттік мекеме қызметінің ағымдық басқаруын атқарушы орган – бастық жүзеге асырады.
28. Бастық заңға сәйкес конкурстық негізде қала Әкімінің шешімімен тағайындалады.
Басшы өкілеттігі органмен белгіленеді.
Мекеме басшысы құзырына жататындар:
-
мемлекеттік мекеме атынан іс-қимыл жүргізеді, барлық органдарда, жеке және заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін көздеп-ұсынады;
-
барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелері алдында келісім –шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
-
құрылтайшы шешімін жүзеге асырады;
-
мемлекеттік мекеме атынан іс-жүргізуші құқығына сенім-хат беру, сонымен қатар сену құқығына сенім-хаттар беру;
-
еңбекақы төлеу жүйесін, қызметтік жалақыларды және дербестік қосымша төлемдер мөлшерін белгілейді, сый-ақы мәселелерін шешеді, мадақтау мен тәртіптік жаза айып-шара салулар шараларын қабылдайды;
-
әртүрлі мәмімелерді және басқа да заңдылық актілерді жасау, келісім-шарттарға, соның ішінде еңбектік, жұмысқа жалдану контрактілері бойынша мәмілеге тұру;
-
мемлекеттік мекеменің мүлкіне оның ақшасына билік етеді, мемлекеттік мекеме қызметіне тікелей басшылығын жүргізеді және оның нәтижесіне дербес жауапкершілігін ашып жүреді;
-
құрылтайшының ерекше құзырына жатқызылмаған басқа да мәселелерді шешеді.
29. Мекеме басшысы құрылтайшының ерекше құзырына жатқызылмаған мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін дербес шешіп отырады. Мекеме басшысы мемлекеттік мекеме атынан сенім-хатсыз іс-қимылын жүргізеді, азаматтар мен заңды тұлғалар қатынасында оның мүддесін ұсынады, оған берілген құқық шегінде мемлекеттік мекеменің мүлігіне билігін жүргізеді, есеп-шоттармен басқа шоттарды ашады, келісім-шарттарға, соның ішінде еңбек жөнінде келісім –шарттарға тұрады, сенім-хаттар береді, бұйрықтар шығарады.
7 тарау. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
30. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар құрылтайшы шешімі негізінде қабылданады.
31. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
8 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің қайта құрылуы мен таратылуы.
32.Мемлекеттік мекеменің қайта құрылуы мен таратылуы мына жағдайда жүргізіледі:
-құрылтайшы шешімімен;
-сот шешімі негізінде;
-қолданыстағы заңдармен белгіленгендей басқа да жағдайларда.
33.Таратылу бітті деп, ал мемлекеттік мекеме өз қызметін тоқтатты деп, осы жөнінде заңды тұлғалар бірыңғай мемлекеттік регистіне жазылған кезден бастап есептелінеді.
34.Тарату аяқталған соң мүліктер құрылтайшының қарамағына өтеді.
35.Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес филиалдар және өкілдіктер ашуға құқылы.