Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 8страница 9
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни

топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «21» 01

№20 қаулысымен

бекітілген



«Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни

топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – басқарма), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ішкі саясат бөлімі (бұдан әрi – бөлім) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 6-2-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат электрондық Үкіметтің порталында: www.e.gov.kz, осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) интернет-ресурстарында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі миссионердің есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өткендігі туралы куәліктің (бұдан әрі – куәлік) берілуі және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтың есептiк тіркеуден және қайта тіркеуден өткендігі туралы анықтаманың (бұдан әрі – анықтама) берілуі не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы болып табылады.

Куәлік (анықтама) осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделеді.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – жеті жұмыс күні;

2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды;

4) куәлікті немесе анықтаманы алу кезіндегі күту уақыты – 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген басқарманың (бөлімнің) жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың (бөлімнің) ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру, кіру есігі бөлек орналасқан рұқсаттама бюросы беретін бір жолғы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Бір жолғы рұқсаттама басқарманың (бөлімнің) тікелей қызмет көрсетуші лауазымды адамның телефон арқылы берген өтінімі бойынша ресімделеді.

Ғимараттың құқық тәртібін сақтау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл соғушы және басқа да қауіпсіздік шаралары көзделген. Кіреберістің алды дене мүмкіндігі шектеулi адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы (не сенімхат бойынша өкілі) басқармаға (бөлімге) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) миссионерлерді есептік тіркеу мен қайта тіркеу үшін:

осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес ұстанатын діни ұстанымы, миссионерлік қызмет аумағы мен мерзімі көрсетілген өтiнiш;

миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі;

миссионер өкілдік ететін діни бірлестіктің өз елінің заңнамасына сәйкес ресми тіркелгендігін куәландыратын тіркеу туралы куәліктің немесе өзге де құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруы;

әдебиетті, аудио-бейнематериалдарды және (немесе) миссионерлік қызметке арналған діни мақсаттағы өзге де заттарды.

Есептiк тiркелгеннен кейiн дiни мазмұндағы материалдарды қосымша пайдалану жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiледi.

Тұтынушы көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi;

2) заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеу мен қайта тiркеу үшін:

осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес есептік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы өтініш;

топ басшысы мен мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

топтың орналасқан жерін растайтын құжаттың (жалдау, сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүлікке құқықтарын жүргізілгені тіркеу туралы мөртабан басылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат) көшірмесі.

Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның үй-жайды саны аз діни топтың тұратын жері ретінде бергені туралы келісім ұсынылады.

12. Өтiнiш үлгілері электрондық Үкіметтің порталында: www.e.gov.kz, осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналасқан.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген басқармаға (бөлімге) тапсырылады.

14. Басқарманың немесе бөлімнің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің тіркеу мөртабаны бар (кіріс нөмірі, күні) тұтынушы өтінішінің көшірмесі құжаттар мен заттардың тапсырылғанына растама болып табылады.

15. Куәлік (анықтама) тұтынушыға (немесе сенімхат бойынша өкіліне) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекен жайларға өзі барған жағдайда беріледі.

Куәліктің (анықтаманың) берілуі, берілген куәліктер (анықтамалар) журналында тіркеледі.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Куәлікті (анықтаманы) беруден бас тартылған жағдайда құжаттар пакеті алынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тұтынушыға жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Басқарманың (бөлімнің) қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептiлiк; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпарат беру; оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.


4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Басқарманың (бөлімнің) жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығымен бекiтiледi.


5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша басқарманың (бөлімнің) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі түсіндіреді.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша жергiлiктi атқарушы органның басшылығына берілуі мүмкін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген басқарманың немесе жергілікті атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы жазбаша нысанда почта бойынша немесе қолма-қол беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

24. Шағым еркін нысанда миссионерлерді есептік тiркеу мен қайта тiркеу туралы куәлігін немесе заңды тұлғаның белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеу мен қайта тiркеу туралы анықтамасын беруге арналған өтініштің көшірмесін қоса отырып беріледі.

25. Шағымды басқарманың (бөлімнің) немесе жергілікті атқарушы органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді. Шағым берушіге, тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарынан алуға болады.
_____________________________________
«Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi

жоқ саны аз дiни топтарды есептік

тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу»

мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

1-қосымша

Облыстардың, Астаны, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ішкі саясат басқармаларының

мекенжайлары мен жұмыс кестелері



Р/с№


Атауы



Мекенжайы

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласының

Ішкі саясат басқармасы



Астана қаласы,

Бейбітшілік көшесі, 11



8 (7172) 55-66-92


ishki-sayasat.astana.kz


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



2.

Алматы қаласының

Ішкі саясат басқармасы



Алматы қаласы,

Республика алаңы, 4



8 (727) 271-66-47


uvp.almaty.kz

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



3.

Ақмола облысының

Ішкі саясат басқармасы




Көкшетау қаласы,

Сәтпаев көшесі, 1 «б»



8 (7162) 25-80-12


[email protected],


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



4.

Алматы облысының

Ішкі саясат басқармасы




Талдықорған қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 38



8 (7282) 24-77-22

[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



5.

Ақтөбе облысының

Ішкі саясат басқармасы




Ақтөбе қаласы,

Әбілқайыр хан даңғылы, 40



8 (7132) 56-26-69


[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі





1

2

3

4

5

6

6.

Атырау облысының

Ішкі саясат басқармасы




Атырау қаласы,

Әйтеке би көшесі, 77



8 (7122) 35-40-88


[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



7.

Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы

Өскемен қаласы,

М.Горький көшесі, 40



8 (7232) 26-42-54

[email protected],

[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



8.

Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы

Орал қаласы,

Молдағалиев көшесі, 19




8 (7112) 50-02-36

51-31-48



[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



9.

Жамбыл облысының

Ішкі саясат басқармасы




Тараз қаласы,

Достық даңғылы, 1




8 (7262) 43-08-54


[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



10.

Қарағанды облысының

Ішкі саясат басқармасы




Қарағанды қаласы,

Бейбітшілік көшесі, 39



8 (7212) 42-13-75

[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



11.

Қостанай облысының

Ішкі саясат басқармасы




Қостанай қаласы,

Әл-Фараби көшесі, 66




8 (7142) 57-51-93


[email protected],

[email protected]


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



12.

Қызылорда облысының

Ішкі саясат басқармасы




Қызылорда қаласы,

Ы. Жахаев көшесі, 76



8 (7242) 27-73-62

27-32-62



[email protected],

[email protected]



Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



13.

Маңғыстау облысының

Ішкі саясат басқармасы




Ақтау қаласы,

14 шағын ауданы. 1-үй



8 (7292) 42-13-00


[email protected]


Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



14.

Павлодар облысының

Ішкі саясат басқармасы




Павлодар қаласы,

Жеңіс даңғылы, 15



8 (7182) 32-21-19


[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі




1

2

3

4

5

6

15.

Солтүстік Қазақстан облысының

Ішкі саясат басқармасы



Петропавл қаласы,

Конституция көшесі, 58



8 (7152) 46-31-33


[email protected]

Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



16.

Оңтүстік Қазақстан облысының

Ішкі саясат басқармасы



Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3

8 (7252) 33-97-93

[email protected]



Жұмыс күндері: дүйсенбі - жұма

Жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,

үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі – жексенбі



следующая страница>


Кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

1652.08kb.

15 10 2014
9 стр.


Кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

1564.07kb.

14 09 2014
9 стр.


Кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

786.03kb.

25 12 2014
5 стр.


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің

Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қа

1409.79kb.

14 12 2014
11 стр.


Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы бойынша тестілеу сұрақтары

Әкімшілік рәсімдер туралың Заңға (бұдан әрі Заң) сәйкес лауазымды адамдар туралы ұғым

17.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Кодексінің 13-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»

Азақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

9.75kb.

09 10 2014
1 стр.


Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы

160.28kb.

17 12 2014
1 стр.


Кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін

656.17kb.

18 12 2014
4 стр.