Перейти на главную страницу
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «12» қазандағы
№1294 қаулысымен
бекітілген
1. Осы «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) электрондық форматтағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынуды регламенттейді.
Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.
2. Жұмыс кестесі:
3. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны толық автоматтандырылған болып табылады.
Электрондық емес форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны – автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысының негізінде ұсынылады.
5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызметті алушылар жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушы) болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға:
1) тікелей жүгінген кезде уәкілетті ұйымның ғимаратында;
2) телефон байланысы арқылы;
3) электронды форматта – порталдағы жеке кабинетте көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында: www.mz.gov.kz;
2) уәкілетті ұйымдардың үй-жайларында;
3) порталда;
4) ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының телефоны (1414) арқылы да ұсынылады.
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
Электрондық форматта мемлекеттік қызмет порталға өтініш жасалған күні көрсетіледі. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет алуға сұрау салу уәкілетті ұйымның жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы тұтынушының мемлекеттік қызметті алуы үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыда:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы;
3) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
12. Уәкілетті ұйымға тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.
13. Уәкілетті ұйымға тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде жауап беру (растау немесе бас тарту) мерзімі 10 минуттан аспайды, осы уақыт ішінде тұтынушыға ауызша жауап беріледі.
14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті тікелей уәкілетті ұйымнан немесе телефон байланысы арқылы алуға сұрау салуы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда қабылданбайды.
3. Жұмыс қағидаттары
2) (8-7172)-74-32-40, 74-32-45 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «сенім телефондарына»;
3) осы Стандартқа 6-қосымшада көрсетілген басқармалардың «сенім телефондарына»;
4) www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөлімінде;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогына (www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің блогы» беті);
6) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;
7) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңсесіне жазбаша шағым арқылы жіберіледі.
20. Порталда мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуге арналған шағымдарды тұтынушы порталдың call-орталығының телефоны бойынша (1414) жолдайды.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
22. Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуге шағым құзыретіне шағымда көрсетілген мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымдық тұлғаға жіберілуі тиіс.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі және тұтынушының қолы қойылады. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе әрекеттеріне шағым жасалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағымдану дәлелдері мен талаптар көрсетіледі.
23. Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратты есепке алу журналында (электрондық форматта) тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мерзімдерде қаралады. Өтініш иесіне күні және уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Өтініш иесіне шағымды қарау нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік қызмет
стандартына
1. Расталған жағдайда:
«Құрметті ______________________________________ Cіздің өтініміңіз қабылданды.
Сізге «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметі көрсетілетін болады.
Дәрігердің келу кезеңі 20__жылғы « »_______ сағат ___сағат ___ дейін.
Дәрігердің Т.А.Ә. ________________________________
«Құрметті ______________________________________ Сізге «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылды.
Бас тарту себебі:_________________________________________________
Уәкілетті ұйым басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы.
____________________________
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша
ЖСН:__________________.
Т.А.Ә.:________________________________________________________.
Мекенжайы туралы мәлімет:_____________________________________.
Тіркеу бейіні:________________________________________________.
Шақыру себебі:________________________________________________.
Қосымша ақпарат:______________________________________________.
___________________________
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік қызмет
стандартына
3-қосымша
Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің алдағы жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдың ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы | |||
1. Электрондық деректерді толтырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
100 |
|
|
2. Сапасы | |||
2. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|
|
3. Қолжетімділік | |||
3. Қызмет ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|
|
4. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) |
0 |
|
|
4. Шағымдану үдерісі | |||
5. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|
|
5. Сыпайылық | |||
6. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
100 |
|
|
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік қызмет
стандартына
4-қосымша
Шағымдану тәртібін түсіндіретін облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының лауазымдық тұлғаларының байланыс деректері
Р/с № |
Уәкілетті лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану және шағымды әзірлеуге жәрдемдесу бойынша органның атауы |
Электрондық поштаның мекенжайы |
Уәкілетті лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздікте ріне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды әзірлеуге жәрдемдесе тін тұлғаның лауазымы |
Уәкілетті лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды әзірлеуге жәрдемдесетін лауазымдық тұлғаның телефон нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] s.kurmanova@uz.astana.kz |
Бастықтың орынбасары |
8(7172) 556825
|
2 |
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] igisinova@dzalmaty.kz |
Бастықтың орынбасары |
8(7272) 274-98-55 |
3 |
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7162) 256877
|
4 |
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7282) 273314 |
5 |
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы |
e.tatimov@mail.ru |
Бастықтың орынбасары |
8(7132) 540756 |
6 |
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы |
oblzdrav_atyrau@ mail.ru |
Бастықтың орынбасары |
8(7122) 354581 |
7 |
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
uk_oblzdrav@mail.ru |
Басшының орынбасары |
8(7232) 241878 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
8 |
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7262) 430930 |
9 |
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7112) 505592 |
10 |
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7212) 411413, 411461
|
11 |
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7142) 390503 |
12 |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7242) 235333 |
13 |
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7292) 302050, 302034
|
14 |
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы |
gimadieva.dz@ pavlodar.gov.kz |
Бастықтың орынбасары |
8(7182) 510207, 559652
|
15 |
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7152) 463739 |
16 |
Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
[email protected] |
Бастықтың орынбасары |
8(7252) 565327 |
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін
18 12 2014
4 стр.
Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы
17 12 2014
1 стр.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»
15 10 2014
9 стр.
Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Респ
04 09 2014
1 стр.
Азақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес, БҰйырамын
09 10 2014
1 стр.
Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қантардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағы, 310,311-бабтарына с
15 10 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»
25 12 2014
1 стр.
Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
09 10 2014
1 стр.