Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3




18

Iшкi акушериялық тексеру

4,0




Ішкі акушериялық тексеруді сыртқы жыныс ағзаларын тексеруден бастайды (түктену, даму, вульваның ісінуі, венаның варикоздық кеңеюі), шатаралықтар (биіктігі, сіреспелілігі, тыртықтардың болуы) және іншектің кіреберісін.

0,5




Іншекке ортаңғы және сұқ саусақтың фалангаларын енгізеді және оны тексереді (саңылаудың ені мен ұзындығы, іншек қабырғаларының іркістілігі мен созылғыштығы, тыртықтардың, ісіктердің, далда, басқа да патологиялық жағдайлардың болуы).

0,5




Сосын жатыр мойнағын табады және оның формасын, көлемін, консистенциясын, жетілгендік деңгейін, қысқаруын, босансуын, жамбастың ұзындық осі бойынша орналасуын, аңқадан саусақтың өту деңгейін анықтайды.

0,5

Босану кезінде тексеруде жатырдың тегістілігін (сақталған, қысқартылған, тегіс) аңқаның ашылу дәрежесін (сантиметрмен), аңқа жиектерінің жағдайын (жұмсақ немесе тығыз, жуан немесе жұқа) анықтайды. Толғатқан әйелдердің іншегін тексеру кезінде ұрық көпіршігінің жағдайын анықтайды (бүтіндігін, бүтіндіктің бұзылуын, күш түсу дәрежесін, алдыңғы судың көлемін). Алдыңғы бөлікті (бөксе,бас, аяқтар), олардың қайда жатқанын







(кіші жамбасқа кіреберісте, кіші не үлкен сегментке кіру жолында, қуыста, жамбасқа шығар жолда) анықтайды. Бастағы танып ажырату пункттеріне тігістер, еңбек, жамбас жағында- сегізкөз бен құйымшақ жатады.

1,0




Тексерудің соңында егер алдыңғы жақ жоғары тұрса, көлденең коньюгатаны (conjugate diagonalis), мүйіс (promontorium) мен симфиздің астыңғы шетінің (нормада-13 см) арасын өлшейді. Бұл үшін іншекке енгізілген саусақтармен мүйістің астыңғы шетіне жетуге тырысады және ортаңғы саусақпен ұстайды, бос қолдың сұқ саусағын мүйістің астыңғы шетіне апарып, қолына лон доғасының астыңғы шетіне тікелей түйіскен жерін белгілейді.

0,5




Сосын іншектен саусақты шығарады, сосын-жуады. Қолдағы белгіленген қашықтықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшейді. Көлденең коньюгатаның өлшемімен шынайы коньюгатаның өлшемі туралы айтады.

0,5




Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.

0,5

19

Партограмманы толтыру

4,0




Партограмманың жоғарғы бөлігіне босанушы әйелдің аты-жөнін, акушериялық мәліметтерді (қанша рет босанғанын, анамнездегі жүктіліктерді), босану тарихының №, перзентхана бөлімшесіне госпитализацияланған күні мен уақытын, партограмманы толтыру басталған уақыттағы сусыз кезеңді (сағатпен) жазады.

0.2




Графикте жатыр мойнының ашылуын «Х» әрпімен белгілейді. Латенттік фаза- жатыр мойнағының мойнақтың біртіндеп қысқаруымен 0-ден 3 см-ге дейін баяу ашылу кезеңі. Белсенді (актив) фаза- бұл жатыр мойнағының 3-тен 10 см-ге дейін жылдам ашылу кезеңі.

Мойнақтың 0-3 см ашылуы, оны босанудың латенттік кеезңі белгіленген жерде көрсетеді, босану белсенді фазаға көшкенде жатыр мойнағының ашылуын пунктирді сызықпен Қырағылық сызығына ауыстырады. Егер әйелдің жатыр мойнағының ашылуын белсенді фазада Қырағылық сызығына қосқан жер оның жатыр мойнағының ашылуына сәйкес келсе, уақыты «Х» жолының астына (уақыттың астында көрсетілген) жазылады.



0,5




Жатырдың жиырылуын штрих түрінде белгілейді: нүкте, қисық штрих, «10 минутта жатырдың жиырылуы» белгіленген уақыт осінен төмен тұтас. Клеткалар 1-ден 5-ке дейінгі цифрларға сәйкес келеді. Әрбір клетка бір жиырылуды білдіреді, егер 10 минутта 2 жиырылу болса, 2 клетканы белгілейді.

0.5




Нәресте басының қозғалуын «О» әрпімен графиктің оң жағына «Нәресте басының өтуі» шкаласына 5-тен 0-ге дейінгі белгілермен (бастың жамбас шетіне 5 саусақтың көлеміндей орналасуы) белгілейді.Бастың өтуіне байланысты, жамбастың шетінде қалған оның бөліктерін 5-тен аз саусақтармен есептейді (4/5,3/5 және т.б)

0,5






Нәрестенің жүрек соғысының жиілігін әрбір жарты сағат сайын партограмманың жоғарғы жағына тіркейді.

0,3




Қағанақ суы жағдайын «Қағанақ суы» графасында белгілейді. Қағанақ суының түсін тіркейді: таза («С»), қан қосылған («В») немесе мекония(«М»). Қағанақ маңы бөртпесінің бүтіндігі бұзылмаса- «І»

0,5




Нәрестенің бас сүйектері конфигурациясының бағасын партограммада қағанақ суынан төменгі жолға белгілейді. Егер сүйектер бір бірінен бөлінген болса, тігістер оңай сезіледі, оны тіркейді (0); сүйектер жай жанасады (+); сүйектер бір біріне тиісіп тұр (++); сүйектер бірі біріне айтарлықтай тиіп тұр (+++).

0,5




Тиісті сызықта окситоцинді МЕ/мл және тамшы/мин-пен белгілейді. Тағайындалған басқа дәрілер мен вена ішілік ерітінділерді окситоциннен төменгі жолда белгілейді.

0,2

Босанушы әйелдің жағдайын бақылай отырып, партограмманың төменгі жағына жазады: АД және пульсті босану барысында әрбір сағат сайын, температураны әрбір 4 сағат с айын өлшейді.

0,3




Несептің көлемін, несепте белоктың болуын және ацетонды тиісті сызықтарда белгілейді.







Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.

0.5

20

Босанғаннан кейінгі кезенді белсенді жүргізу

4,0




Нәрестені босанғаннан кейінгі 1-минутта сан аймағына окситоцин-10 ЕД в/м енгізеді.

0,5




Кіндікбауды бұтаралыққа жақын жерден қысқышпен қысады. Қысылған кіндікбауды және қысқыштың ұшынан бір қолмен ұстайды. Екінші қолын әйелдің қасаға аймағына қояды. Кіндікбауды тартып ұстайды және жатырдың қатты жиырылуын күтеді (әдетте 2-3 минуттан кейін). Жатыр жиырылғанда және кіндікбау ұзарғанда плацента туылмас бұрын кіндікбаудың астыңғы жағын өзіне қарай тартады, сол мезетте жатырдың айналуының алдын алу үшін екінші қолмен жатырды кіндікбауды тартқан жаққа қарсы бағытқа бұрады. Босанғаннан кейін бала жолдасын қос қолмен ұстайды және ұрық қабықшалары шыққанға дейін ақырын айналдырады.

0,5




Бала жолдасы шыққаннан кейін әйелдің алдыңғы ішперде қабырғасы арқылы жатыр жиналғанға дейін массаж жасайды.

0,5




Плацентаның бүтіндігіне көз жеткізу үшін тексереді, бала жолдасын кіндікбаудан ұстап көтереді және барлық қабықшалардың болуын анықтайды. Плацентаны аналық беткейдің шаршы лотогына орналастырады және плацентаның шеттерін мұқият тексеріп, әрбір бөлігін қарайды. Сосын плацентаны аналық жағымен төмен айналдырады. Қабықшаның жыртылған шетін саусақпен ұстап дұрыстайды және жұмыртқа камерасын қалпына келтіруге тырысады. Мұнда сулы және бүрлі қабықшаның бүтіндігіне назар аударады, қабықшалар арасында үзілген, плацента шетінен бөлінген тамырлардың бар-жоқтығына назар аударады (үзілген тамырлар жатыр қуысында қалған плацентаның қосымша бөліктерінің бар екендігін көрсетеді).

1,0

Барлық қанды өлшегіш колбаға құю арқылы жоғалтқан қанның көлемін анықтайды.

0,5




Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалайды, пульсін тексереді, АД өлшейді.

0,5




Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.

0.5

21

Босану кезінде бағалау және нәрестенің алғашқы күтімі

4,0




Босанғаннан кейін бірден 30 секунд ішінде нәрестенің жағдайын бағалайды. Егер оның жағдайы қауіп туғызбаса, жылы, таза жаялықпен сүрткеннен кейін анасының ішіне жатқызады. Басына таза, мүмкін болса үйінен әкелінген қалпақты, аяғына носки кигізеді. Сулы жаялықты тастайды және нәрестені таза, құрғақ жаялықпен, қосымша одеялмен жабады.

0.5




Кіндікбауды стерильденген саймандармен кеседі. Егер кіндікті нәрестенің әкесі немесе қасындағы басқа адам кессе, оған көмектеседі.

0,5




Нәрестенің алғашқы күтімі:

-нәрестенің тыныс алуын және тері жамылғыларының түсін босанғаннан кейінгі алғашқы 1-сағатта 15 минут сайын және 2-сағатта 30 минут сайын бағалау. Егер терінің түсі көгерсе немесе

Тыныс алуында қиындық туса (<30 немесе >60 минутына), маска арқылы оттек беру және неонатологты шақыру қажет;


0,5




-босанғаннан кейін және ауыстырмас бұрын әрбір 30 минут сайын электрондық термометрмен нәрестенің температурасын өлшеу, егер температура 36,5С төмен болс-жаялықты, қалпақты және носкиді жылыларына ауыстыру қажет, нәрестені жылыту үшін қосымша әдістерді қолдану керек (анасымен бірге қосымша одеяламен жабу, анасы мен баласы жатқан керуеттің үстіне жылытқыш лампаны қою және т.б);

0,3




-бірінші сағаттың соңында нәрестенің көзіне жақпамай жағу (жеке қаптамадағы тетрациклин немесе эритромицин);

0,3




-оңтайлы мезгілде кіндікбауға пластик қысқышты орнатады, кіндікбауды стерильді дәке салфеткамен сүртеді (кіндікбаудың қалдығына дәке салфетка қойылмайды), мұнда нәресте анасымен терілі байланыста болады;

0,3






-2 сағаттың соңында жылу қорғанысын сақтай отырып баланы таразылайды және өлшейді;

-2 сағаттың соңында неонатологпен бірге тексеру, бұдан кейін нәрестеге таза, құрғақ киім (распашонка және ползунки) кигізеді немесе құндақтайды (қатты құндақтауға болмайды).



0,5




2 сағаттан кейін анасында, нәрестеде асқыну болмаса, оларды каталкамен немесе арнайы кресломен босанғаннан кейінгі палатаға бірге апарады.

0,3




Алғашқы күтімнің нәтижелері қадағалау парағында үнемі жазылады, және бұл парақ босанғаннан кейінгі бөлімшенің акушеркасына және балалар бөлімшесінің мейірбикесіне беріледі (олар екеуі де анасы мен баласын қабылдайды).

0,3




Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. Емізудің, әсіресе ерте емізудің, емізудің жиілігінің маңыздылығы туралы, баланы емізудің тәртібі туралы мәлімет береді, баланың алғашқы емізуге дайындығының алғашқы белгілерінде алғаш емізуге көмектеседі.

0,5

22

Арнайы гинекологиялық тексеру

4,0




Креслоға жаялықты төсеп, пациенттің креслоға жатуын өтінеді. Қолдарын жуады, кептіріп, қолғап киеді.

0,2




Сыртқы жыныс ағзаларын тексереді, түктену типтін, сарпайдың үлкен жапсары мен кіші жапсарының құрылымын, бұтаралық жағдайын, жыныс саңылауының ашылуын бағалайды.

0,3




Қос қолдың бармақтарымен және сұқ саусақтарымен сарпайдың үлкен жапсарын ашады, іншектің кіреберісін, іншек пен жатыр қабырғаларының төмен түсуін, айналып кетуін, сілемейдің түсін, секреттің сипатын, несеп шығару каналының сыртқы сағасының жағдайын, кіреберістің парауретралық және үлкен бездерінің шығарғыш түтіктерін тексереді.

0,5




Айнамен жатыр мойнағын және іншекті тексереді: қасықтәрізді айнаны енгізеді, алдымен бүйірімен артқы айнаны, сосын алдыңғы айнаны енгізеді.

Жатыр мойнағының формасын (конусты, цилиндрлі, деформацияланған), сілемейдің түсін айнамен бағалайды. Жатыр мойнағындағы патологиялық процесстерді анықтайды: жыртылулар, эрозия, қабыну процесстері. Сыртқы аңқаның («қарашық симптомы»), іншек сілемейінің (қатпарлылығы, секрет) жағдайын бағалайды.



0,5

Іншекті тексереді. Бұл үшін сұқ және ортаңғы саусақтарымен сарпайдың үлкен жапсарын жыжытады. Іншекке екі саусағын кіргізеді, алдымен іншектің артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, сосын сұқ саусақты енгізеді. Жатырды тексереді, оның консистенциясын, жылжымалылығын, ауырғыштығын.

0,5

Сау жағынан бастап қосалқыларды тексереді. Мұнда олардың орналасуын, үлкендігін, консистенциясын, формасын, жылжымалылығын, ауырғыштығын, т.б. анықтайды. Іншек күмбездерінің ерекшеліктерін анықтайды (тегістігін, тығыздығын, бұлтиғанын, ауырғыштығын, флюктуация).

0,5

Саусақтарын іншектен шығарып, сүртіндіні тексереді және сипатын бағалайды (қанды, іріңді, сілемейлі).

0,3




Айнаны дез. ерітіндіге салады. Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастайды. Қолдарын сабынмен жуып, сүлгімен сүртеді.

0,2

Амбулаториялық картаға немесе сырқатнамаға түсінікті етіп жазады.

0,5

Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.

0,5

23

Микроскопияға сүртінді алу

4,0




Асептика және антисептика тәртібін сақтайды. Сүртінді алу үшін тек стерильді саймандарды пайдаланады, сүртіндіні науқасқа гинекологиялық тексеру жасамастан бұрын, сондай-ақ іншектік емдік шаралар өткізбес бұрын алады. Тексерілуші шалқасынан жатады.

0,5

Әйелдің үрпісіне (несеп шығару каналына) іншектік айна қояды және бір рет пайдаланатын қалақшаның көмегімен ықтимал инфекция ошақтарының бәрінен алады. Алынған материалды бір рет пайдаланатын қалақшамен арнайы таза әйнекке жағады, әр жерден алынған сүртінділерге арнайы әріптік белгілер қояды: «U» -үрпі, «C» - жатыр мойнағы, «V»- іншек.

0,5

Алдымен үрпіден сүртінді алады, ол үшін іншекке енгізілген саусақпен массаж жасайды. Үрпіден бөлінген шығындыны мақта шарикпен алу керек, сонымен несеп шығару каналына (1,5-2 см тереңдікте) қышқаштың браншасының ұшын немесе арнайы қасықты (Фолькман) енгізеді. Үрпіден алынған материалды жеңіл қыру арқылы алады және U белгісімен екі әйнекке дөңгелек түрінде жағады.

0,5

Үрпіден сүртінді алғаннан кейін жатыр мойнағын айнамен ашады., мақта шарикпен сүртеді, сосын мойнақ каналынан сүртінді алады (жеңіл тазалау керек, себебі кейбір қоздырғыштар сілемейлі қабықтың беткейінде емес, эпителиаль жамылғының астында орналасады).

0,5

Үрпіден сүртінді алу шығындыны артқы күмбезден қышқашпен немесе корнцангпен алады. Жатыр мойнағынан және үрпіден бөлінгенді тиісті әйнекке штрих түрінде жағады.

0,5

Жатыр мойнағын цитологиялық тексеру үшін сүртіндіні үрпілік бөліктің беткейінен және цервикал каналынан алу керек. Материалды анатомиялық қышқаштың, Фолькман қасығымен, науалы сүңгінің немесе түбінде ыдысы бар арнайы металл қалақшаның көмегімен алуға болады.

Жатыр қуысынан сүртіндіні ұзын ұштығы бар шприцпен (Браун шприці) сору арқылы алады.



0,5

Алынған материал кептіріледі және зертханаға сүртіндіні микроскопиясына жіберіледі. Зертханаға жіберу бланкін дұрыс толтырады.

0,5

Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді.

0,5

5. Дифференцияланған сынаққа арналған сұрақтардың тізімі.


  1. Сыртқы акушерлік зерттеу,Леопольд-Левицкий әдістері.

  2. Босану жолдарын қарау.

  3. Гонореяға жағынды алу.

  4. Үлкен жамбастың өлшемдерін өлшеу.

  5. Физиологиялық босануды кезеңдер бойынша жүргізу.

  6. Тазалық дәрежесіне жағын алу.

  7. Айналармен жатыр мойынын қарау.

  8. Емшекпен емізу және сүт бездеріне күтім жасау.

  9. Жаңа туған баланың туалеті.

  10. Шарана тұтастығын анықтау.

  11. Апгар шкаласы бойынша жаңа туған баланың жағдайын бағалау.

  12. Қынаптық зерттеуді жүргізудің техникасы.

  13. Босану кезінде қан кетуді алдын алу.

  14. Жүктілік мерзімін анықтау.

  15. Физиологиялық босануды жүргізу.

  16. Жүктілердің арасында жоғары қауіп топтарын табу.

  17. Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау.

  18. Донордың және рецепиенттің қан тобы мен резус сәйкестілік сыйысушылығын анықтау.

  19. Босанудың бірінші кезеңінде әйелді күту.

  20. Айна көмегімен және екі қолмен зерттеу.

  21. Сыртқы акушерлік зертеу жүргізу, ұрықтың жүрек соғысын тыңдау.

  22. Физиологиялық қан жоғалту мөлшерін анықтау.

  23. Шарананы бөлу әдістері.

  24. Гинекологиялық науқастарды қынаптық зерттеу жүргізудің техникасы.

  25. Сүт бездерін тексеру.

  26. Ұрықтың жамбаспен жатуын анықтау.

  27. Тәуліктік диурезді бақылау.

  28. Кеш гестоздың ауыр түрлерінде шұғыл көмек көрсету, жүктілерге күтім жасау.

  29. Жедел іш кезінде алғашқы көмек.

  30. Қан тобы тобы мен резус факторын анықтау.

  31. Гинекологиялық қан кетулерде алғашқы көмек көрсету.

  32. Акушерлік зерттеудің сыртқы әдістері.

  33. Тазалық дәрежесіне және гонореяға жағын алу.

  34. Ұрықтың дұрыс емес қалпын анықтау.

  35. Бала жолдасын қарау, қан жоғалтуын есептеу.

  36. Цитологияға, бактериологиялық зерттеуге жағын алу.

  37. Леопольд-Левицкий әдістері, жатыр түбінің тұру биіктігін жүктіліктің әр түрлі мерзімінде симфизге, кіндікке және семсер тәрізді өсіндіге байланысты анықтау.

  38. Жүктілердің қан қысымын, пульсін анықтау.

  39. Анамнез жинау. Акушерлік-гинекологиялық анамнез.

  40. Босану мерзімін соңғы етеккірі, әйелдер кеңеске алғашқы келуі, ұрықтың алғашқы қозғалуы, УДЗ және объективтік зерттеу бойынша анықтау.

  41. Кольпоцитологияға жағын алу.

  42. Жедел іш пен гинекологиялық қан кету кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.

  43. Толғақты санау.

  44. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.

  45. Операция алдында қол жуудың техникасы.

  46. Босанған әйелде босанудан кейінгі кезеңнің I бірінші тәулігінде сүт бездерінің ісінуі, дене t0 38 С0, әлсіздік пайда болды.Сіздің тактикаңыз және күту принципі.

  47. Сыртқы акушерлік зерттеуде ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ бүйір қабырғасына қараған, кіші жамбасқа кіре берісте қатты қозғалмалы, дөңгелек ұрықтың бөлігі келіп тұр. Ұрықтың позициясы мен келіп тұрған бөлігін атаңыз.

  48. Егер сыртқы конъюгата 20 см-ге, білезік буынының айналымы-14 см-ге тең болса, шынайы конъюгата нешеге тең болады?

  49. Пациент 20 жаста, бірінші жүктілік, соңғы етеккірі 20 мамырда, ұрықтың алғашқы қозғалысы- 12 қазан, алғашқы қараған кезде жүктілік мерзімі 7 апта. Босанудың болжамды мерзімін анықтаңыз.

  50. Сыртқы акушерлік тексерісті жамбас өлшемдері d. Sp.= 24 см, d. Cr.= 26 см, d. Tr.= 28 см, c. Ex.=18 см. Шынайы конъюгата нешеге тең. Бұл жамбас жамбастың тарылуының қай түріне жатады.

  51. Ұрық туғаннан және бала жолдасын бөліп шығарғаннан кейін босану жолдарынан қанды бөліністер пайда болды, қараған кезде қынаптың артқы қабырғасының шырышты қабытының, бұлшық еттерінің, теріде бұрынғы тыртық бойымен жыртылу анықталды. Сіздің тактикаңыз және босанғаннан кейінгі кезеңдегі күтім.

  52. Алғаш рет жүкті 21 жастағы әйел әйелдер кеңесіне келді. Жүктілік мерзімі 28 апта, 2 апта ішінде -3 кг салмақ қосқан, АҚ 110/70 мм.сын. б.б, аяқтарында шамалы ісік бар.Сіздің тактикаңыз.

  53. Бала жолдасымен бірге 200 мл қан бөлінде, қан кету жалғасып жатыр. Сіздің тактикаңыз.

  54. Науқас Н, 38 жаста, әлсіздікке, басының айналуына, ішінің төменгі жағының тартып ауырсынуына, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінулерге шағымданып әйелдер кеңесіне келді. Қан анализінде Hb 78 г/л, эритроциттер 3,1 * 1012/л, лейкоциттер 7,8 * 109/л, СОЭ 5 мм/сағ. PV: көптеген миоматозды түйіндерден жатыр жүктіліктің 10-11 аптасына дейін үлкейген. Диагноз. Тактика.

  55. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі кезеңнің 3 тәулігінде дене қызуы 38 С-қа көтерілді, бел аймағының ауыруы, кіші дәретке отырғанда ауырсыну пайда болды. Жатыр қасағадан 11 см жоғары, қатты. Бөлінулер орташа. Болжамды диагноз. Диагностикалаудың қосымша әдістері.

  56. Жүкті әйел С, 22 жаста. Бел аймағының ауыруына, кіші дәретке жиі отыруына шағымданды. Жүктілік бірінші, 26 апта. Зәр анализі: сал. Тығыздық 1015, белок 0,033г/л, эпителий көп мөлшерде, лейкоциттер 10-15, бактериялар +. Диагноз. Жүргізу тактикасы.

  57. Қан анализі: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, таяқша ядролы нейтрофильдер. УДЗ: жатырдың сол жағында өлшемі 4*9см, сұйықтыққа толған (ірің?) түзіліс (жатыр түтікшесі?) анықталды. Диагноз. Емі.

  58. Қайта босанушы, 30 жаста. Жүктілік екінші, ірі ұрықпен мерзімінде босану. Жамбас өлшемдері: 26-29-31-20 см. Бүтін бала жолдасы шыққаннан кейін, қан кету басталды. Жатыр қатты. Босану жолдарын қараған кезде жатыр мойнының оң жақ бүйір қабырғасы 2 см-ден көп, бірақ қынап күмбездеріне 1 см жетпейтін жыртылу анықталды. Диагноз. Тактика.



6. Әдебиеттер
Орыс тілінде:
Негізгі:

  1. Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие/ пер. с англ. Под ред.Э.К.Айламазяна. – 4-е изд. – М., 2009. – 650 с.

  2. Акушерство: учебник + СD/ под ред.Г.М.Савельевой, Р.И. Шалиной, Л.Г.Сачинавы, О.Б.Паниной, М.А.Курцера. – М., 2008. – 656 с.

  3. Гинекология: учебник / под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – 3-е изд. – М., 2008. – 432 с.


Қосымша:

  1. Чернуха Е. А. Родовой блок: Руководство для врачей.-М.:Триада-Х,2005

  2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н., Кирющенков А.П. Акушерство – учебник для студентов мед. ВУЗов. М., 2001 г.

  3. Сметник В.П. Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология,-3-е изд., стереотип.-М. Медицинское информационное агентство,2002.

  4. Дуда В.И. Гинекология 2002 г.

  5. Айламазян Э.Г. Акушерство – учебник для студентов мед.ВУЗов. Санкт-Петербург. – 2005 г.


Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. АсемСистем,2006.




<предыдущая страница


Кәсіптік практиканыц максаты: «Акушерия және гинекология» пәні бойынша білімді жүйелеу және практикалық іскерлік пен машықтарды бекіту. Практиканыц міндеттері

«Акушерия және гинекология» пәні бойынша білімді жүйелеу және практикалық іскерлік пен машықтарды бекіту

601.7kb.

14 12 2014
3 стр.


Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша) Жалпы психология

Психология пәні, мақсаты, міндеттері, объектісі. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. Қазіргі заман психологиясының міндеттері

93.16kb.

12 10 2014
1 стр.


Биология кафедрасы

ПӘн бойынша білім, іскерлік пен дағдыны қорытынды бағалауға арналған білімді тексеру қҰралы

62.55kb.

13 10 2014
1 стр.


Биология кафедрасы

ПӘн бойынша білім, іскерлік пен дағдыны қорытынды бағалауға арналған білімді тексеру қҰралы

90.75kb.

14 10 2014
1 стр.


Қарағанды облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясы

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша, жұмыс берушілердің өтінішімен кәсіптік оқу мекемелерімен қызметтестік және әріптестік бойынша Теміртау қ. кәсіпорын жұмысы туралы шешім

47kb.

13 10 2014
1 стр.


Оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы»

265.58kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы мектептерінің арасында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша сайыстың өткізілу тәртібі. Сайыстың мақсаты

Сайыстың мақсаты: «Қазақстан тарихы» пәні бойынша білімді түсіндіріп, тарату, оқушылар арасында туған жерге деген абырой, махаббат және отансүйгіштік сезімін баулу, тәрбиелеу

55.41kb.

08 10 2014
1 стр.


ОҚу мәліметтерді өздігінен оқУҒа арналған тапсырма

Курстың негізгі мақсаты электрэнергетика саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда т

121.37kb.

15 10 2014
1 стр.