Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Көтермелеудiң салалық жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi N 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 30 сәуiрдегi Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 4651 болып енгiзiлдi.


Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2007 жыл


      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мәдениет саласы қызметкерлерiн көтермелеудiң салалық жүйесi бекiтiлсiн.

      2. Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оны ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелерiне жетекшiлiк ететiн вице-министрге жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Министр

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрiнiң   
2007 жылғы»11 сәуiрдегi   
N 111 бұйрығымен бекiтiлген 

Мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеудiң салалық жүйесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеудiң салалық жүйесi»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзiрленген.

      2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерiнiң еңбегiн ынталандыру нысаны болып табылады.

      3. Мәдениет саласының қызметкерлерiн көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлерi белгiленедi:


      1)»"Мәдениет қайраткерi" төс белгiсi, осы Ережеге  1-қосымшаға сәйкес;
      2)»"Кiтапхана iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
      3)»"Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
      4)»"Мұражай iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
      5)»"Театр өнерiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
      6)»"Музыка өнерiнiң үздiгi" құрмет дипломы;
      7)»"Мәдени-демалыс ұйымының үздiк қызметкерi" құрмет дипломы.

  2.»"Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен марапаттау шарттары

      4.»"Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет жүйесiнiң қызметкерлерi:
      1) елiмiздiң мәдениет саласын дамытудағы ұзақ жылғы жемiстi еңбегi және үлесi үшiн;
      2) мәдениет саласын жетiлдiруге белсене қатысқаны үшiн;
      3) мәдениет саласындағы инновациялық қызметi үшiн наградталады.

      5. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен мәдениет саласында 15 жылдан кем емес еңбек өтiлi бар қызметкерлер марапатталады.

      6. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен марапатталған тұлғаларға осы Ережеге  2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгi бойынша куәлiк берiледi.

      7. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсi кеуденiң оң жағына мемлекеттiк наградалардан төмен тағылады.

      8. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен марапаттау қайталап жүргiзiлмейдi.

3. Құрмет дипломдарымен марапаттау шарттары

      9. "Кiтапхана iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен кiтапхана саласындағы мiнсiз еңбегi үшiн, қызметтiк мiндеттерiн дұрыс және адал орындағаны үшiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кiтапхана саласының қызметкерлерi марапатталады.

      10. "Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өз қызметiн тарихи-мәдени мұраны қорғау саласында жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi, елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын қорғау саласындағы мiнсiз еңбегi үшiн марапатталады.

      11. "Мұражай iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мұражайлар, мұражай-қорықтардың қызметкерлерi мұражай iсiнiң дамуына қомақты үлес қосқаны үшiн және қызметтiк мiндеттерiн дұрыс және үлгiлi орындағаны үшiн марапатталады.

      12. "Театр өнерiнiң үздiгi" құрмет дипломымен меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан театрлар қызметкерлерi елiмiздiң театр өнерiнiң дамуына қомақты үлес қосқаны, театр өнерi саласындағы жетiстiктерi, қызметтiк мiндеттерiн дұрыс және үлгiлi орындағаны үшiн марапатталады.

      13. "Музыка өнерiнiң үздiгi" құрмет дипломымен меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мәдениет ұйымдарының қызметкерлерi музыка өнерiнiң дамуына қосқан жеке үлесi үшiн марапатталады.

      14. "Мәдени-демалыс ұйымының үздiк қызметкерi" құрмет дипломымен мәдени-демалыс ұйымдарының қызметкерлерi халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруға қосқан жеке үлесi үшiн марапатталады.

      15. Осы тарауда көрсетiлген Құрмет дипломдарымен осы салада кемiнде 5 жыл еңбек өтiлi бар мәдениет саласының қызметкерлерi марапатталады.

      16. Құрмет дипломымен марапатталуға бiр тұлға қайталап ұсыныла алмайды.

4. Наградалық материалдарды ұсыну және қарау тәртiбi

      17. Мәдениет саласының қызметкерлерiн марапаттау үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне мынадай құжаттар ұсынылады:


      1) осы Ережеге  3-қосымшаға сәйкес наградтау парағы ("Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен марапаттау үшiн);
      2) үмiткердiң нақты сiңiрген еңбектерi, сiңiрген еңбегiнiң дәрежесiн ашатын жетiстiктерi мен табыстары жазылуы тиiс мiнездеме-ұсыныс (Құрмет дипломдарымен марапаттау үшiн).
      Наградтау парағына және мiнездеме-ұсынысқа кандидатты ұсынған мемлекеттiк орган, ұйым басшысы қол қояды.
      "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсi және Құрмет дипломдарымен марапаттау Республика Күнiне орай жылына бiр рет өткiзiледi.

      18. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi, республикалық шығармашылық одақтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне бағыныстағы ұйымдар наградалық материалдарды Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ұсынады.

      19. Басқа тұйымдар наградалық материалдарды жергiлiктi мемлекеттiк органдардағы мәдениет басқармаларына ұсынады. Олар өз кезегiнде материалдарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне жiбередi.

      20. Наградалық материалдар ағымдағы жылдың 25 тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне жiберiлуге тиiс. Аталған мерзiмдi бұзу арқылы жiберiлген материалдар ағымдағы жылда қаралмайды.

      21. Наградалық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң наградалар жөнiндегi комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң қарауына енгiзiледi.

      22. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсi және Құрмет дипломдарымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң бұйрығымен жүзеге асырылады.

  5. Қорытынды ережелер

      23. "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiн, Құрмет дипломдарын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкiлеттiк берген тұлға жүзеге асырады.

      24. Мәдениет ұйымдарының кадр қызметi қызметкердiң еңбек кiтапшасына және жеке iс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күнi мен нөмiрiн көрсете отырып, тиiстi жазба енгiзедi.

      25. Мәдениет саласындағы көтермелеудi есепке алуды мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның кадр қызметi жүзеге асырады.

Мәдениет саласының қызметкерлерiн
көтермелеудiң салалық жүйесiне
1-қосымша           

"Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiнiң бейнесi

(сурет мәтiнiне қараңыздар)

"Мәдениет қайраткерi"
төс белгiсiнiң сипаттамасы

      "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсi алтын түстi шеңбер арасын қосқан мерейтой медалi мен түйреуiш түрiнде жасалған. Көлемi 24 мм - 15 мм түйреуiш төртбұрыш нысанына ие, көгiлдiр түстi (Қазақстан Республикасы туының түсi) эпоксидтi эмальмен боялған, iшкi жағы орнаментпен безендiрiлген.


      Мерейтой медалi 25 мм шеңбер нысанына ие. Шеңбердiң төменгi бөлiгiне Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының символикалық фрагментi - күн сәулелерi орналастырылады.
      Медаль айналасына алтын түстес "Мәдениет қайраткерi" жазуы жазылады.

                                   Мәдениет саласының қызметкерлерiн


                                     көтермелеудiң салалық жүйесiне
                                                2-қосымша

                     "Мәдениет қайраткерi"


             төс белгiсi куәлiгiнiң сипаттамасы

      Куәлiк көк түстi қатты қаптамамен қапталған екi беттен тұрады


 
                             1. Сырты

                                        Қазақстан Республикасы


                                   Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi

                                                Куәлiк

                          2. Iшкi жағы

Куәлiк N ____                            Удостоверение N ____


_______________________                  _______________________
_______________________                  _______________________
_______________________                  _______________________
(наградталушының аты-жөнi)               (фамилия, имя, отчество
Қазақстан Республикасының                    награждаемого)
мәдениет саласына сiңiрген               Награжден (а) Нагрудным
айрықша еңбегi үшiн                     знаком "Мәдениет қайраткерi"
"Мәдениет қайраткерi" төс               за особые заслуги в отрасль
белгiсiмен наградталды                 культуры Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Мәдениет        Приказ Министра культуры и


   және ақпарат министрiнiң                    информации
200__ жылғы "__" ___________             Республики Казахстан 
N ______ бұйрығы                       от "__" _________ 200__г.
Министр ____________________                  N ______

                                   Мәдениет саласының қызметкерлерiн


                                     көтермелеудiң салалық жүйесiне
                                                3-қосымша 

       "Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiне марапат қағазы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
____________________
   Берiлген жерi

                         НАГРАДТАУ ПАРАҒЫ

1. Аты-жөнi ________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Жұмыс орны, қызметi _____________________________________________
____________________________________________________________________
жұмыс орнының (мекеменiң, ұйымның, кәсiпорынның, мемлекеттiк
органның) толық атауын көрсету қажет
3. Жынысы ________________ 4. Туған жылы және жерi _________________
5. Бiлiмi _______________
6. Ғылыми дәрежесi, атағы __________________________________________
7. Үйiнiң мекен-жайы: ______________________________________________
8. Жалпы жұмыс өтiлi ________ 9. Саладағы жұмыс өтiлi ______________
10. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтiлi _______________________________
11. Наградталушының айрықша сiңiрген нақты еңбектерi көрсетiлген
мiнездеме __________________________________________________________
Кандидатура талқыланды және ұсынылды
____________________________________________________________________
       (ұйымның атауы, талқыланған күнi, хаттаманың N)
"Мәдениет қайраткерi" төс белгiсiмен марапаттауға ұсынылады

                                              Ұйымның басшысы


                                         ___________________________
                                                   (қолы)
                                          _________________________
                                                  (Аты-жөнi)
                                          "___"______________жыл.
                                           (толтырылған күнi)

Мөрдiң орны



Ескерту: наградталушының тегi, аты, әкесiнiң аты жеке куәлiк бойынша
толтырылады және мiндеттi түрде қазақ және орыс тiлдерiнде
транскрипциясы көрсетiледi.

Көтермелеудiң салалық жүйесi туралы

Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi n 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 30 сәуiрдегi Нормативтiк құқықтық к

67.6kb.

08 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы

Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекiту туралы

541.9kb.

15 12 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы

Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы

1150.63kb.

25 12 2014
5 стр.


Салалық бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысы

Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған

630.82kb.

14 12 2014
2 стр.


Жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi №924 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қаза

1924.03kb.

16 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №711 қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»

Салалық органдардың кәсiпорынның Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасының (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестiгiне сараптамалық қорытынды бер

114.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есеп

Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны

713.85kb.

17 12 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама

300.44kb.

29 09 2014
1 стр.