Перейти на главную страницу
Өңірді дамыту мақсатында өткен жылы Ұлан ауданының 2011-2015 жылдардағы даму Бағдарламасы жасалып, табысты түрде жүзеге асырылуда.
2012 жылы аудан бойынша 509 жер телімдері берілген, оның ішінде:
жеке қосалқы шаруашылық үшін – 205;
шаруа қожалығы үшін – 92;
шөп шабу және мал жаю үшін – 150;
бақша өсіру мен бағбандық үшін – 62 жер телімдері бөлінді.
ҚР Жер кодексінің 3 тарауының 81 бабына сәйкес екіжақты келісімге сәйкес орташа ауданы – 16703 га, жер пайдаланушы 90 субьектпен жер телімдерін жалдау шарттары бұзылды.
2012 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының егістік аумағы 114,6 мың гектарды құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мың гектарға немесе 9,1 пайызға артты. Дәлірек айтқанда, дәнді дақылдар егістігінің көлемі - 3 пайызға, картоп - 8,7 пайызға, мал азығы дақылдары - 25,5 пайызға көбейді.
Ылғал ресурстарының сақтау технологиясы бойынша 53,0 мың гектарға күздік дақылдар себілді. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,9 мың гектарға артық.
Егістік алқаптар көлемінің жыл сайын арта түсуі арзандатылған бағамен жанар-жағармай, жоғары сұрыпты тұқым мен минералды тыңайтқыштар сатып алуға, алқапқа су жіберуде қызмет түрін пайдалануға мемлекет тарапынан субсидия бөлінуіне ықпал етеді.
Осылайша 2012 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға 150,9 млн.теңге мөлшерінде субсидия алынды, 226,9 млн.теңге сомаға ауылшаруашылық техникасының 28 бірлігі, соның ішінде 6 астық жинағыш комбайн, 7 трактор, көкөністер мен картопті сақтау үшін жабдық және т. б. сатып алынды.
Ауданымызды, сонымен бірге облысымыздың басқа да аудандарын ауылшаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы әрі аудандастырылғантұқым түрлерімен қамтамасызету үшін тұқым өсіретін 8 шаруашылық жұмыс істейді. Тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтар дәнді дақылдардың элита тұқымын және күнбағыс пен картоптың I, II, III репродукциялы тұқымдарың, сонымен бірге көпжылдық шөптер тұқымын өсіреді.
Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 8000 гектар алқапқа шегірткеге қарсы химиялық күрес шаралары жүргізілді.
Өткен күзде өсірілген ауылшаруашылық дақылдар өнімі түгелдей жиналып алынды. Статистикалық мәліметтерге қарағанда астықтың жалпы түсімі 39,3 мың тоннаны құрады. Картоптың жалпы түсімі 21,2 мың тоннаны, көкөніс - 5,9 мың тонна, күнбағыс -12,2 мың тоннаны құрады.
Мал қыстатуды өткізу үшін 167,0 мың тонна шөп дайындалды. Бұл орындалған ауқымның 104,3 пайызын құрайды. Сонымен бірге 7,07 мың тонна пішен және 44,8 мың тонна сүрлемдік жүгері дайындалды.
Жоспарда көрсетілген 38,0 мың га орнына 38,8 мың га сүдігер жыртылды, немесе жоспар 102,1%-ға орындалды. 2013 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған дәнді дақылдар тұқымының қажетті мөлшері - 7,7 мың тонна дән қамбаға құйылды.
Ауданымызда мал шаруашылығын өркендету үшін 2012 жылы 1389,2 млн.теңге субсидия тартылып, ол асыл тұқымды мал сатып алу, жемшөптің бағасын, соған қоса өндірілген ауылшарушылық өнімдерінің өзіндік құнын арзандату мақсаттарына жұмсалды.
Аудан бойынша 2012 жылғы «Сыбаға» бағдарламасы және басқа да несие институттары арқылы 11 шаруа қожалығы, 3 несие серіктестігі, 19 жеке тұлға, барлығы 206,6 млн.теңге сомада несие алды. Аталған қаржыға асыл тұқымды 831 бас ірі қара мал сатып алынды, оның ішінде 28 бас бұқа, ал малдың 411 басы ауданнын сырт жерлерден әкелінді.
Ауданымызда мал басының тұқымын жақсарту мақсатында 36 аслы тұқымды мал шаруашылығының ішінде 4-еуі сүт бағытында, 9-ы ет бағытында жұмыс істейді. Аталған шаруашылықтарда 6522 бас мал ұсталады. Мұның өзі барлық мүйізді ірі қараның 15 пайызын құрайды.
Бүгінгі күнге ауданда 28 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс істейді, онда 3600 бас мал ұсталады. 2012 жылы ірі қара малын бордақылайтын 2 алаң салынды.
2011 жылмен салыстырғанда өткен жылда 27571,6 тонна ет өндірілді немесе 117,3%, сауылған сүт – 49599,0 тонна немесе 100,3%, алынған жұмыртқа -19655,0 мың дана немесе 123,9%.
Ірі қара мал саны - 1,3 пайызға (535 басқа), соның ішінде сиыр - 4,6 пайызға (809 басқа), жылқы – 10,0 пайызға (1446 басқа), шошқа - 2,1 пайызға (167 басқа), марал -16,9 пайызға (107 басқа), ара -15,5 пайызға (458 ұяға) өсті.
- Айыртау ауылында 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салуды аяқтау («Режебалиев» ШҚ, құны 100,0 млн.теңге). Аталған жоба бойынша 20 жұмыс орнын ашу жоспарлануда;
- Герасимовка ауылында құны 1,5 млрд.теңге тұратын «Ертіс Агропродукт» ЖШС жылына 5000 тонна ет өндейтін ет комбинатының құрылысын бастау, сонымен бірге 140 адамды жұмыспен қамтамасыз ету;
- 2 шаруа қожалығының негізінде жалпы құны 1075,0 млн. теңгенің 1300 басқа арналған тауарлы сүт фермаларын салуды бастау («Украинка» шаруа қожалығы 500 бас сиырға арналған, «Багратион-2» шаруа қожалығы 800 бас сиырға арналған);
- Қасым Қайсенов кентінде құны 21,0 млн.теңге тұратын көкөніс консервілеу цехының құрылысы;
- Азовое ауылында жоба құны 150,0 млн.теңге «Азовое» ЖШС шаруашылықты одан әрі дамыту материалдық-техникалық базасын нығайту, инфрақұрылымдарын салу және 3,5 мың га егістік жерді игеру.
Жоғарыда көрсетілген шаралар іске асқанда барлығы 160 жұмыс орны ашылып, 2,8 млрд. теңге инвестиция құйылады.
Аудан экономикасының өркендеуі аудан бюджетінің өсе түсуіне ықпал етеді.
2012 жылдың кірістің түсуі тұтас алғанда 100,4%-ға орындалды, соның ішінде меншік кіріс түсімі 101,9%-ға жетті. Болжамнан 14,2 млн.теңге артық меншік кіріс түсті.
2012 жылдың анықталған бюджеті 3978,6 млн.теңгені құрады. Игерілгені 3958,9 млн.теңге немесе 99,5%.
2013 жылға бекітілген бюджет 4595,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде меншік кіріс 793,6 млн. теңге, трансферттер 3802,2 млн. теңгені құрады.
Осылайша, 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 617,2 млн. теңгеге немесе 115,5%-ға өсімі байқалады. Соның ішінде меншік кірістер 26,2 млн. теңгеге артқан, өсуінің темпі 103,4%.
2013 жылғы 1 қаңтарға ауданда 2361 шағын кәсіпкерлік субъектілер тіркелген. Ол 2011 жылмен салыстырғанда 3,8% жоғары.
Биылғы жылдың 1 қаңтарына барлық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жергілікті бюджетке түскен салық 281,2 млн.теңгені құрады. Бұл 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20,5% артық.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-ықыластарды қолдау» атты 1 бағыты бойынша көлемді ұлғайту мен көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға 6 жоба 417 млн.теңгеге қаржыландырылды. Ол «Өскемен құс фабрикасы» АҚ – 84,2 млн. теңге, «Өскемен полиэтилен зауыты» ЖШС –50,0 млн. теңге, бұл екі жоба ШҚО Индустрияландыру картасына енді, сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Назаренко» - 4,0 млн. теңге, «Изумрудный Алтай» ЖШС «Аюда» демалыс базасының кеңейтуіне – 200,0 млн. теңге, «Кайрат» шаруа қожалығы сүт бағытындағы мал өсіруге – 70,0 млн. теңге және «Багратион Улан» ЖШС сүт өңдеудегі жабдықтарды жаңартуға – 8,8 млн. теңге көлемінде қаржыландырылды.
«Жексенбі күн» жәрмеңкесі өте қарқынды өтуде, жыл басынан бері 47 жәрмеңке ұйымдастырылды, сомасы 45,0 млн. теңгеге тауар саудаланды. Аталған жәрмеңке халыққа арзан бағамен азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік беріп, инфляциялық үдерістерді тежеуге ықпал етті.
- Қасым Қайсенов кентінде «СП КАЗ» ЖШС ауыл шаруашылығы техникаларына және арнайы құралдар шығаратын зауыттың құрылысы;
- Сағыр ауылында шағын құс фермасын ашу;
- Таврия және Герасимовка ауылдарында жиһаз шығаратын цехты кеңейту;
- Қасым Қайсенов кентінде базар ашу;
- Қасым Қайсенов кенті, Асу бұлақ кенті, Саратовка, Мамай батыр, Айыртау, Таврия, Баяш Өтепов ауылдарында 9 дүкен ашу;
- Ұлан, Айыртау, Каменка, Герасимовка ауылдарында 3 дәмхана және кымызхана ашу;
- Привольное, Бозанбай ауылдарында шаштараз ашу;
- Асубұлақ кентінде және Ұлан, Герасимовка ауылдарында 3 наубайхана ашу;
- Таврия ауылында қонақүй кешенін ашу.
Жоғарыда көрсетілген шаралар іске асқанда барлығы 760 жұмыс орны ашылып, 5,4 млрд. теңге инвестиция құйылады.
Бүгінгі күнде Ұлан ауданында құрылыс және жөндеу жұмыстары туралы сұрақтар өте көп.
2012 жылы Қасым Қайсенов кентіндегі № 5 ғимараттың шатырын жаңалау құрылысының (құны 21 млн.теңге), 95-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, 150 орынға Саратовка және Асубулак ауылдарында Мәдениет үйлердің жобалы – сметалық құжаттары өңделіп, бекітілді.
2012 жылы Мамай Батыр, Герасимовка және Бозанбай ауылдарын даму және салу сызбалары 9,9 млн.теңге жалпы сомасына әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, Таврия және Айыртау тірек ауылдарының даму және салу сызбаларын әзірлеу жұмыстары 2012 жылы басталып, 2013 жылда аяқталмақ, жалпы сомасы 8,5 млн.теңге.
Ұлан ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы бойынша 2013 жылға Асубұлақ кентінің және Привольное, Жаңа-Қанай, І. Айтыков, Украинка ауылдарының даму және салу сызбаларын әзірлеу жоспарланған.
2013 жылы төмендегідей жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
1) Жаңа-Азовое ауылында 159,5 млн.теңгеге су құбырлары жүйесін қайта жөндеуді аяқтау;
2) Ұлан ауылында 183,5 млн.теңгеге су құбырлары жүйесін қайта жөндеуді аяқтау;
3) Донское ауылында 256,0 млн.теңгеге су құбырлары жүйесін қайта жөндеуді аяқтау;
4) Привольное ауылында 299,0 млн.теңгеге су құбырлары жүйесін қайта жөндеуді аяқтау;
5) Бозанбай ауылында 80 төсек-орындық психоневрологиялық медициналық арнайы мекеменің құрылысын аяқтау, құны 487,8 млн.теңге;
6) «Жалдамалы үй» бағдарламасы бойынша Қасым Қайсенов кентінде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің А,Б корпусының құрылысын аяқтау, құны 494,0 млн.теңге;
7) Мынадай құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттарын даыйндауды аяқтау:
- Қасым Қайсенов кентіндегі «Аленушка» балабақшасын қайта жаңарту;
- Сағыр және Бозанбай ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңалау;
- 320 орындық Таврия ауылы мектебінің құрылысы;
- Бозанбай ауылындағы тазартқыш ғимараттарының құрылысы.
Өткен жылда Қасым Қайсенов кентінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Жоспарланған жөндеу жұмыстары Термомодернизация бағдарламасының бірінші механизмы бойынша басталды. Бүгінгі күнге жоспарланған 6 үйдің ішінде №8 үйдің құны 10,9 млн.теңге, №9 үйдің құны 9,0 млн.теңге жөндеу жұмыстары аяқталды. Құйылған инвестиция көлемі 20,0 млн тенгені құрады.
Қазір №6, 7, 10 және 14 үйлердің құрылыс жұмыстары басталды. №6 үйдің күрделі жұмыстарының құны- 14,3 млн. теңге, №7 -11,1 млн.теңге, №10 – 11,5 млн.теңге, №14 – 8,7 млн.теңгені құрайды. Құйылған инвестиция көлемі 45,6 млн. тенгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2013 жыл.
2012 жылы аудандық бюджеттен жергілікті автомобиль жолдарын ұстауға 60,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 20,9 млн. теңге жолдар мен көшелерді қыста тазалауға, ал 39,9 млн. теңгесі ағымды жөндеу және ұстауға жұмсалған.
2012 жылы аудандық бюджеттен елді мекендерді санитарлық тазалауға ауылдық округтер әкімшіліктеріне - 4,3 млн.теңге, абаттандыру және көгалдандыруға - 5,8 млн.теңге бөлінді. Митрофановка, Айыртау, Донское ауылдары мен Қасым Қайсенов кентінің инженерлік желілерін ағымды жөндеуге, сонымен қатар Қасым Қайсенов кенті, Солнечная көшесінің жылу жүйелерін ағымды жөндеуге 6,5 млн. теңге бөлінген.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттің қаражаты есебінен 2,5 млн.теңгеге Асубұлақ кентінің бұзылған мектеп пен тұрғын үйдің орындары тазаланды, Саратовка ауылындағы Отрадная көшесін ағымды жөндеуден өткізуге 3,7 млн.теңге сомасына жұмыстар жүргізілді.
2012 жылы Қасым Қайсенов кентін абаттандыруға облыстық және аудандық бюджеттен 32,0 млн.теңге қаражат бөлінді, бұл қаражатқа Қасым Қайсенов кентіне кіреберіс жолды, З. Ахметов көшесін, мектептің ауласын абаттандыру, сонымен қатар екі үйге №17, №25 сәулет-пішінді жарықтандыру жүргізілді.
2013 жылы аудандық бюджет есебінен ауданның елді мекендерін көгалдандыруға құны 5,0 млн.теңге және Қасым Қайсенов кентіндегі алаңды абаттандыруға құны 17 млн.теңге аудандық бюджеттен 22,0 млн.теңге қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, 2013 жылы Қасым Қайсенов кентінің КНС және Алмасай ауылының су құбыры желілерін ағымды жөндеуге аудандық бюджеттен 4,9 млн.теңге бөлінді.
Өткен жылда ауданның тірек ауылдарын (Айыртау, Бозанбай, Таврия) дамыту аясында қомақты қаражат бөлінді.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының
- Ұлан ауданы Таврия ауылындағы Т. Тохтаров және Песчаная көшелерінің жарықтандыру жүйелерін жөндеуге – 17,9 млн.теңге;
- Таврия ауылының сыртқы кәріз желілерін ағымды жөндеуге – 5,2 млн. теңге;
- Таврия ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымды жөндеуіне 11,2 млн. теңге.
- Айыртау ауылының Жанабеков, Абай көшелерін жарықтандыруға – 3,8 млн. теңге;
- Айыртау ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуіне 5,5 млн. теңге;
- Бозанбай ауылының кәріз желілерін тазалауға – 10,8 млн. теңге.
Тірек ауылдарын дамыту шеңберiнде облыстық және аудан бюджеттерінен 56,2 млн.теңге келесі жұмыстарға бөлінді:
- Бозанбай ауылында абаттандыру жұмыстарын жүргізу (бұзылған 3 үйлердің орындарын тазалау), жобаның құны 2,0 млн.тенге;
- Таврия ауылындағы стадионды абаттандыру, жобаның құны 46,1 млн.теңге;
- Бозанбай ауылындағы Аманжолов көшесін жарықтандыру, жобаның құны 8,1 млн. теңге.
«Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында Макеевка, Жоғары Таинты, Жанұзақ ауылдарының көшесін жарықтандыруға 4,8 млн.теңге қаражат жұмсалды.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында 167,0 млн.теңге қаражат бөлініп, Таврия ауылындағы Песчаная көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында 26,6 млн. теңге сомаға келесі жобалар жоспарланды:
Қазіргі уақытта, Ұлан ауданының білім беру бөліміне қарасты 35 жалпы орта білім беретін мектеп бар. Олардың 1 - бастауыш, 8 - негізгі және 26 - орта мектеп.
2012 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге мектеп бітірген 358 түлектің 210 қатысып, аудан бойынша орташа балл 72,3 балды құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 14,2 балға төмен (86,5 балл).
«Алтын белгіні» 3 түлек қуаттады, бұл облыстағы ең жоғары көрсеткіш.
Ұлан ауданы бойынша 6 балабақшада 496 бала, 31 шағын орталықта 1024 бала мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етілген. Мектепалды жасындағы балалардың 96,4% балабақша және шағын орталықтармен қамтылған.
«Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы 2012 жылдың мамыр айында 2 жеке меншік балабақша ашылды. Олар Мамай батыр ауылындағы 25 балаға арналған «Асем - ай» жекеменшік балабақшасы, сондай - ақ Айыртау ауылындағы 75 балаға арналған «Балдәурен» жекеменшік балабақшасы.
2012 жылдың қазан айында Абай атындағы орта мектептегі шағын орталықта 25 балаға арналған қосымша 1 топ, Қазанның 17 жылдығы атындағы орта мектептегі шағын орталықта мемлекеттік тілде 25 балаға қосымша 1 топ ашылды.
2013 жылы Қ. Қайсенов кенті бойынша балабақшаға деген мұқтаждықты азайту мақсатында, «Аленушка» балабақша ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелердің алып отырған бөлмелерін босату жоспарлануда.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 31,8 млн.теңге қарастырылған, соның ішінде облыстық бюджеттен-21,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен -10,5 млн.теңге. Осы бағдарлама барысында Айыртау ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің ғимараты жөнделді.
Сонымен бірге, 212,0 млн.теңге сомаға 6 мектептің шатырын қайта жаңалау жұмыстары жүргізілді. Олар:
1) Каменка ауылындағы Каменка орта мектебінің шатырын қайта жаңалау;
2) Ұлан ауылындағы С. Аманжолов атындағы орта мектебінің шатырын қайта жаңалау;
3) Донское ауылындағы Т. Тохтаров атындағы орта мектебінің шатырын қайта жаңалау;
4) Алмасай ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің шатырын қайта жаңалау;
5) Тарғын ауылындағы І. Айтықов атындағы орта мектебінің шатырын қайта жаңалау;
6) Айыртау ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің шатырын қайта жаңалау.
Өткен жылы Қасым Қайсенов кентіндегі 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды, жобаның құны 709,4 млн.теңге құрады және Ново-Одеское ауылындағы 130 орындық мектептің құрылысы аяқталды, жобаның құны 430,6 млн.теңге.
2013 жылы жоспарланған жобалар:
Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсіптік білімін жетілдіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізіледі. Мәселен, есептік кезеңде 3 дәрігер мен 60 орта медициналық қызметкер арнайы квалификациялық жоғарылату курстардан өтіп, білімдерін жетілдірді.
Жыл көлемінде бюджеттен бөлінген қаржы толығымен игерілді. 2012 жылы Таврия аудандық ауруханасына республикалық бюджеттен бөлінген 39,1 млн.теңгеге маммограф аппараты, ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатқа 143,9 мың теңгеге Асубұлақ кентінің ауруханасына ЭКГ құрылғысы сатып алынды.
Барлық денсаулық сақтау мекемелерінде жылыту теплофондар орнатылды. Сонымен қатар, Бозанбай ауылындағы бұрынғы аудандық әкімшілік ғимаратқа қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, 20 төсек-орындық стационарлық емхана ашылды (80 млн. теңге).
- Бозанбай ауылындағы аурухананы 80 төсек – орынға арналған психоневрологиялық дәрігерлік ауруханаға қайта жөндеу жұмыстарын аяқтау;
- Қасым Қайсенов кентіндегі дәрігерлік амбулаторияны аудандық әкімшіліктің ғимаратына көшіру;
-Тарғын және Привольное ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу;
Аудан аумағында 57 дене шынықтыру және спорт мекемесі жұмыс атқарады.16000 адам спортпен шұғылданады, ол жалпы аудан халқы санының 39.7 пайызын құрайды.
2012 жылы Өскемен қаласында Жүлдызша-2012» хоккейден облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Осы жарыста Ұлан ауданының құрама командасы 1 орынға ие болды.
2012 жылы аудандық халықтық спорт ойындары 16-шы рет Аблакет ауылдық округі Мамай батыр ауылында өткізілді. Ойындар бағдарламасына 16 спорт түрлерінен жарыстар кіргізілді.
Халықтық спорт ойындары қатысушыларының саны бойынша көптігімен көрінеді.
Барлық этап бойынша 5 мың ұландықтар қатысады, финалға 1500 жуық адам шығады.
2012 жылы ШҚО әкімінің жүлдесіне ХVІ – халықтық спорт ойындары өткізілді. Ұлан ауданының құрама командасы барлық 20 спорт ойын түрлеріне қатысып 287.5 ұпаймен 4-ші орынға ие блоды.
Қазіргі таңда аудандағы барлық спорттық мекемелер және спортзалдар спортпен шұғылданам деушілерге күндіз, кешке және демалыс пен мереке күндері әрдайым ашық.
Ауданның мектептерінде 7 стационарлық хоккей қораптары ұйымдастырылған, 220 адам қамтылған.
Өткен жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қ.Қайсенов кентінде жасанды жабынды төселген 40 миллион теңгеге 500 орындық футбол алаңы пайдалануға берілді.Оның қаржысын «Өскемен құс фабрикасы» АҚ меценат ретінде бөлген.Сондай-ақ облыстық және аудандық бюджет есебінен Таврия ауылындағы стадионды жөндеуге құны 46,1 млн.теңге жобасы іске асты.
2013 жылы Митрофановка, Восточное ауылдарында, Қасым Қайсенов кентінде 3 хоккей қорабының құрылысын аяқтау жоспарланған.
Ауданның мәдениет мекемесі жүйесіне 1 аудандық, 2 ауылдық Мәдениет үйі, 18 ауылдық клуб және 9 кітапхана кіреді.
2012 жылы 2075 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 134875 көрерменді қамтыды.
2012 жылы мәдени-демалыс шараларын қолдау қызметі үшін клуб мекемелеріне аудандық бюджеттен 142,3 млн.теңге бөлінді. Кітапханаларға 22,3 млн.теңге.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және оны іске асыру мақсатында түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылуда. 2012 жылы 23 бұқаралық шаралар өткізілді.
Мемлекеттік тіл саясатына қатысты ауданның БАҚ беттерінде 2012 жылы 29 мақала жарияланды.
Коммуналдық меншікке Алмасай және Отрадное ауылдарында 2 ауылдық клуб қайтарылды.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Герасимовка ауылында 17,4 млн.теңгеге клуб ғимараты жөнделді.
Құны 170,3 млн.теңге Тарғын ауылында және құны 189,0 млн.теңге Сағыр ауылында 2 клубтың құрылысы басталды, аяқталуы 2013 жылда.
Сонымен бірге республикалық қаражатынан Ұлан және Гагарино ауылдарында 7,1 млн.теңгеге ауылдық клубтардың жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде Бозанбай ауылында клубтың жөндеу жұмыстары жоспарланған, құны 10,0 млн.теңге.
Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің басты міндеттері мен мақсаттары экономикалық өсуге ықпал ететін элементтерден тұруы керек.
2012 жылға нақтылаған бюджет бойынша әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек 198,6 млн.теңгеге игерілді.
Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 153 адамды құрайды, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,7 пайыз. Аудан бойынша:
965 адам жұмыспен қамтылды;
581 жұмыс орны ашылды;
55 жұмыссыз тұлға оқуға жіберілді;
Ақылы қоғамдық жұмысқа 640 жұмыссыз тұлға қатыстырылды.
Атаулы әлеуметтік көмекке 94 отбасы 333 адамға ұсыныс жасады, осыған 6,7 млн.теңге төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 538 отбасы 1358 балаға ұсыныс берді, оларға 19,5 млн.теңге төленді.
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетуге 951 отбасы ұсыныс берді, 10,5 млн.теңге төленді.
Үйден тәрбие алатын және үйден оқитын 19 мүгедек балаларға жыл басынан 2,2 млн.теңге материалдық көмек көрсетілді.
«Күміс-Алқа», «Алтын-Алқа», «Материнская Слава» 1 және 2 дәрежелерімен марапатталған аналарға, сонымен қатар 4 және одан жоғары 18 жасқа толмаған көп балалы 833 аналарға 8,3 млн.теңге материалдық көмек төленді.
Азаматтардың кейбір санаттарына айсайын төленетін материалдық көмек 108 адамға 6,2 мың тенге төленді.
Ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердің отбасына айсайын берілетін материалдық көмек 2 отбасына 0,1 млн. теңге төленді.
Соғыс мүгедектеріне теңестірілген мүгедектерді, Чернобыль АЭС-дағы апат зардабын жоюға қатысқан мүгедектерге 73 адамға 1,7 млн.теңге берілді.
«Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы» қаулысына сәйкес 62 студенттерге оқуларына, жатақханада тұру үшін және стипендияға 31,2 млн.теңге төленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1 кезеңін (2012-2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында түгендеу жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылып, аудан бойынша қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың барлық санаттағы мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету тізімі анықталады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы 4 бағыт бойынша іске асырылады:
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты.
Кадрларды қайта даярлау бойынша жоспар 68 адам, оқытуға нақтысында 72 адам жіберілді, бұл жоспардан 105,9% құрайды.
Біліктілікті арттыру бойынша жоспар 12 адамды құрады. Оқытуға нақтысында 19 қатысушы жіберілді, бұл жылдық жоспардан 158,3% құрайды.
2012 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға 30 мектеп тулектеріне жолдама берілді, соның ішінде 19 түлек «Шығыс техникалық гуманитарлық колледжіне», «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне», «Шығыс Қазақстан менеджмент және технологиялық колледжіне», «№15 Кәсіптік лицейіне» және «№1 Кәсіптік лицейіне» оқуға қабылданды және олармен әлеуметтік келісім-шарт бекітілді.
2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жоспар 70 адамды құрайды, нақтысында 157 адам немесе 224,2% жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша қаржыландыру жоспары есепті кезеңге 17,1 млн.теңгені құрайды.
2012 жылға жастар іс-тәжірбиесіне жұмысқа орналастыруға жоспар 29 адамды құрады, нақтысында 54 адам немесе жоспарға 186,2% жіберілді. Жастар іс-тәжірбиесі бойынша қаржыландыру жоспары есепті кезеңге 4,8 млн. теңгені құрады, нақтылы 4,8 млн. теңге немесе 100% игерілді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен облысқа 182,5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде: шағын несиелеуге – 125,0 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға 57,5 млн. теңге.
Үшінші бағыт: «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру».
«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» атты бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.
Аудан көлемінде экономикалық әлеуеті төмен 2 елді мекен анықталды. Олар – Южное ауылы және Төменгі Тайынты ауылы. Жалпы халық саны – 33 адам. Соның ішінде 12 адам өзін-өзі қамтыған.
Бүгінгі күнге 22 отбасы қатысуға ниет білдірді. Соның ішінде, көшуге ниет білдірген 3 оралман отбасы алдын-ала Зырян қаласындағы тұрғын үйді көріп, Зырян қаласының жұмыспен қамту орталығымен көші туралы келісім-шартқа отырды. Қосымша тағы бір отбасы жуық арада Зырян қаласының жұмыспен қамту орталығына барады.
2012 жыл көлемінде ауданымызда «Жасөспірім» Республикалық акциясы, «Есеп», «Мектеп», «Денсаулық», «Участок», «Пәтер», «Антитонау» «Нелегал», «Мак», «Допинг», «Автобус», «Автомобиль», «Стробоскоп», «Қауіпсіз жол апталығы», «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу шаралары жүргізілді.
Ұлан ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тарапынан қылмыстың алдын алу мақсатында жүргізілген ұйымдастырушылық іс-шаралар нәтижесінде аудан көлемінде оң криминогендік жағдайды қалыптастыруға қол жеткізілді. Айта кетерлік жайт, тіркелген қылмыс саны 8,2%-ға төмендеді (2011 жылы – 449, 2012 жылы - 413 қылмыс), ал аса ауыр қылмыстар саны 75%-ға кеміді (2011 жылы - 8, 2012 жылы - 2). Жалпы қылмысты ашу 2012 жылы 67,6%-ды құраса, 2011 жылы 59,4% болғанын көрсеткен жөн.
Одан басқа, қылмыстың алдын алу мен жолын кесуге арналған шаралар нәтижесінде қасақана адам өлтіру саны 66,7%-ға төмендеді (6- дан 2-ге), қасақана ауыр дене жарақатын түсіру 80,0%-ға (5-тен 1-ге) және бөтеннің мүлкін ұрлау 21,9%-ға (342-ден 267-ге), оның ішінде мал ұрлығы 22,1%-ға (122-ден 95-ке).
Барлығы әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық 2012 жылы 3968 протокол толтырылып, 25,9 млн.теңге айыппұл салынып, оның 24,4 млн.теңгесі өндірілді, яғни 93,8%.
Ұлан ауданы көлемінде тас жолдар бойында 2012 жылы 33 жол көлік оқиғасы тіркеліп (2011 жылы - 37) өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 фактіге кеміді. Жүргізілген шаралар барысында 2445 әкімшілік құқықбұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдермен жұмыс барысында кәмелетке толмағандардың құқын қорғау мақсатында комиссиямен 58 материал қаралды (2011 жылы - 48).
Есірткі құралын заңсыз айналымға түсіргені үшін жыл көлемінде 14 азамат ұсталып, барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 320 бабымен жаза тағайындалды.
Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, ақпараттық-насихат жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына, әлеуметтік ахуалды сақтауға, ұлтаралық қатынасты және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға қол жеткізді.
Жыл басынан ақпараттық-насихат топ мүшелері Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын, «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласын және бағдарламалық құжаттарды түсіндіріп насихаттау бойынша 124 кездесулер, 98 дөңгелек үстел түріндегі отырыстар мен семинарлар өткізілді. Жолдауға қатысты 32 үгіт-насихат құралдары ілініп, бұқаралық ақпарат құралдарында 163 мақала жарияланды.
Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының барысы, білім, денсаулық, спорт, мәдениет салаларындағы жетістіктер бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы үш бағытта насихатталды: теледидар каналдарына (Хабар, Қазақстан, Астана kz, Қазақстан-Өскемен), газеттерге (облыстық Дидар, Рудный Алтай және аудандық «Ұлан таңы») және облыс, аудан әкімдерінің сайттарына жаңалықтарды орналастыру арқылы жүргізілді. 2012 жылы теледидар арқылы 30-ға жуық ақпарат-хабар беріліп, 13 мыңнан астам тұрғындардың газет-журналдарға жазылуына қол жетті. Облыс және аудан әкімдерінің ресми сайтында 1139 ақпарат жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселесіне байланысты былай деді: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» деп атап көрсеткен болатын.
Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес Жолдаудағы міндеттерді басшылыққа алып, өз жұмысын саяси тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағыттап келеді.
Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-насихат топ мүшелері мәселен Таврия, Саратовка ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Дегенмен, «Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты» жүргізген социологиялық зерттеу нәтижелері ауданымыздағы діни ахуалда белгілі бір үрдістерде ауытқушылық бар екендігін көрсетті.
Жастар саясатын іске асыруға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын арта түсуде. 2012 жылы 2,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан жастардың қатысуымен 78 спорттық іс-шаралар, 87 дөңгелек үстелдер, 132 кездесулер мен отырыстар өткізілді.
Аудан көлемінде «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы өтіп, жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер, жұмыссыз жүрген жастар қатысып, елді мекендерді абаттандыру, көгаландыру, тазалау жұмыстарын атқарды. Бұл іс-шараға 210 жас қатысып, 2,4 млн.теңге қаржы жұмсалды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «Туған жерге тағзым» акциясы ауданда өз жалғасын табуда. Акция аясында аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары және ауданның ауқатты азаматтары жалпы көлемі 380,6 млн.теңге болатын меморандумдарға қол қойып, туған жерінің көркейуіне елеулі үлес қосуда. 265,7 млн. теңгенің іс-шаралары ұйымдастырылды.
Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Өскемен құс фабрикасы» АҚ директоры С.Толықбаев «Құрмет» орденімен, ал «Багратион» ШҚ басшысы В.Г. Воропай үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
2013 жылы Ұлан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен, әрі қызу жұмыс күтіп тұр.
Соның нәтижесінде жалпы ауданы 68,7 мың. га болатын пайдаланылмай жатқан 392 жер учаскесі анықталды, оның ішінде 14,4 мың га егістік. Аталған жерлер жер телімдерін жалдау шартын бұ
25 12 2014
1 стр.
Райымбек ауданының әкімі Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлының ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша 2011 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2012 жылы алда тұрған міндеттері
04 09 2014
1 стр.
Аудан әкімінің 2012 жылдың басында тұрғындармен өткізген есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша тұрғындардың айтқан ұсыныстарын, ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспа
25 12 2014
1 стр.
Көкпекті ауданының әкімі Д. М. Мусиннің аудан тұрғындары алдында жергілікті атқарушы билік органдары жұмысының 2012 жылғы қорытындысы және 2013 жылға арналған міндеттер жөнінде есе
25 12 2014
4 стр.
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында
25 12 2014
1 стр.
«Маңғыстау ауданының коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала мен энергетика нысандарын 2012-2013 жылғы күзгі –қысқы кезеңдеріне даярлау туралы»
16 12 2014
1 стр.
Кездесулері өтті. Оған аудан бойынша 8 мыңнан аса адам қатысып, 185 адам сөз алды. Есеп беру кезінде көтерілген мәселелер бойынша сараптама жасалып, 21 мәселе бақылауға алынды, оны
09 10 2014
1 стр.
Зайсан аудандық тжб 2012 жылдың жұмыс жоспарына және Министрліктің Операциялық жоспары аясында, Министрліктің жүйелік потенциялының артуы, тәжірибелік, құқықтық және әлеуметтік – э
12 10 2014
1 стр.