Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Аудан әкімдігінің «Маңғыстау ауданының коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала мен энергетика нысандарын 2012-2013 жылғы күзгі –қысқы кезеңдеріне даярлау туралы» 2012 жылы 27 сәуірде №84 қаулысы даярланып, село әкімдерінен, мекеме басшыларынан алынған мәліметтер негізінде іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді.

2012 жылғы 16 мамырдағы «2012-2013 жылдарғы қыстақ науқаны жұмыстарын ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің №39ө/НҚ өкімімен аудандық штаб құрылды.



Жылу жүйесі:

Ауданда барлығы - 22,78 км жылу жүйесі бар, осы уақытқа дейін – 17,28 км жылу жүйесі жөндеуден өтті, алдағы уақытта 5,5 км жылу жүйесі жөндеуді қажет етеді.

Маңғыстау ауданында 53 – автономды, 3 – орталық жылу қазандығы бар.

3 – орталық жылу қазандығынан Шетпе, Сай - Өтес және Боздақ елді мекендеріндегі 2 – қабатты көппәтерлік тұрғын үйлерге және әлеуметтік объектілерге жылу беріледі.

2011 жылы 33 250,0 мың теңге қаржы бөлініп, Шетпе, Сай - Өтес, Боздақ және Тұщыбек елді мекендеріндегі жылу жүйесінің жылу құбырлары ауыстырылды.

Газ жүйесі:

Маңғыстау ауданындағы газ құбырының ұзындығы – 738,981 шақырымды құрайды.

2011 жылдың қыркүйек айында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын балансындағы газ құбырлары республика бойынша бірыңғай оператор «ҚазТрансГазАймақ» АҚ – ына берілді.

Газ құбырына жөндеу және ауыстыру жұмыстарын мекеме өз қаражаты есебінен жүргізіп келеді.

Тоқ жүйесі:

Аудандағы барлық электр желілеріне «Дария» МКК-ы мен «МРЭК» АҚ-ның Шетпе бөлімшесі қызмет көрсетеді.

«Дария» МКК-ның балансында ВЛ – 0,4 кВ – 153,1 шақырым электр желісі, «МРЭК» АҚ-ның Шетпе бөлімшесі балансында ВЛ – 0,4 кВ – 191,3 шақырым электр желісі бар.



Жылу қазандықтары мен жылу, су, тоқ, газ салалары бойынша атқарылған жұмыстар:

Ауданда барлығы - 22,78 км жылу жүйесі бар, осы уақытқа дейін – 17,28 км жылу жүйесі жөндеуден өтті, алдағы уақытта 5,5 км жылу жүйесі жөндеуді қажет етеді.

Тұщықұдық, Шебір, Ақшымырау, Қызан елді мекендері бойынша газбен жұмыс жасайтын 17 котельдің авариялық жағдайда тоқпен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, бұрынғы тоқпен жылыту жүйесі сақталған.

Қаратөбе орта мектебінің жылу жүйесі мен қазандықтарына 2 (екі) насос қойылды.

«Айдын» балабақшасының 2 (екі) бойлер пеші ауыстырылды.

Шайыр орта мектебінің 1 бойлер пеші ауыстырылды.

Тұщықұдық селоішілік сумен жабдықтау нысанының су есептегіш құралы (счетчик) ауыстырылды.

Ұштаған селолық дәрігерлік амбулаториясының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 6 177,0 мың теңге қаралып, жеңімпаз анықталып жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ақшымырау селолық дәрігерлік амбулаториясының ғимараты мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 13,0 млн. теңгеге облыстық құрылыс басқармасы арқылы конкурс өтіп, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

Сай-Өтес селосындағы ЛПДС-тің 7 үйін «Теміржолсу Маңғыстау» ЖШС кәсіпорынның су жүйесіне қосу және Өтес орталық жылу қазандығына авариялық жағдайда осы кәсіпорынның резервуары арқылы су беру, осы үйлердің канализация жүйелері де Теміржолға қосылды.



Газ саласы бойынша:

Шетпе селосындағы № 1 газ реттеу шкафына жаңа РДГ-80 газ реттегіші орнатылды.

Жаңа Орпа ауылына Ду 57 мм трубамен 700 метр газ желісі тартылды.

Бекі елді мекеніндегі № 32 газ реттеу шкафы орнына жаңа РДНК-1000 газ реттеу шкафы орнатылды.

Жыңғылды селосына Ду 89 мм трубамен 500 метр газ желісі тартылды.

Сай - Өтес селосындағы № 65, 66, 67 газ реттегіштері сырланып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалынды және Ду 108 мм трубадан 1000 м газ желісі тартылды.

Шаңжақ – Шетпе Ду 108 мм-лік газ желісінің 25 км жөндеу жұмыстары жасалынды.

Тоқ саласы бойынша:

Бекі елді мекеніндегі 1,72 км аспалы желісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Тиген елді мекеніндегі 0,25 км аспалы желісі күрделі жөнделді.

Қызан селосындағы 0,76 км аспалы желісі күрделі жөнделді.

Шетпе, Ұштаған, Тұщықұдық, Жармыш селосындағы 20,26 км аспалы желісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Шетпе селосындағы № 12 КТП 250 КВА-дан 400-КВА-ға ауыстырылды.

112 дәне ескі ағаш бағаналары 75 дәне темір бетонды бағаналарға ауыстырылды.

Жармыш, Тұщықұдық, Ұштаған, Қызан селоларындағы КТП – 10/0,4 кВ қондырғылары күрделі жөндеуден өткізілді.

Жылыту маусымы кезінде барлық су, тоқ, газ қызметі қалыпты жағдайда жұмыс жасады.

ІІІ. 2011-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бағдарламасына байланысты:

Маңғыстау ауданында 45 (2 қабатты 16 – пәтерлік) кондоминиум объектісі бар.

2012 жылы Шетпе селосындағы 8 (сегіз) кондоминиум объектісі тіркеліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың жалпы жиналысында кондоминиум объектісін басқару органы пәтер иелері кооперативі (бұдан әрі – ПИК) құрылып, төрағасы сайланды.

Кондоминиум объектісін жөндеу жүргізуге жобалық – сметалық құжаттама жасақталды, жөндеу жүргізетін мердігер мекемелерді таңдап, барлығына хаттамалық шешім алынды.

Биылғы жылы осындай тағы 13 (он үш) кондоминиум объектісін жөндеу жоспарланып отыр.

Алайда, биылғы жылға 3 (үш) кондоминиум объектісіне қаржы бөлініп, жөндеу жұмысына, мердігер мекемені таңдауға, жобалық – сметалық құжаттама мен ақаулық актіге, басқару органын таңдауға, ай сайынғы жарнаға келісу жөнінде жиналыстар өткізіліп, хаттамалық шешімдері мен келісім парақшалары алынды.

3 (үш) кондоминиум объектісіне жөндеу жүргізу үшін жинақталған толық құжаттар Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жобасын координациялау орталығы» ЖШС – не тапсырылды.

Тазалық жөнінде:

Облыс әкімінің 2013 жылғы 11 наурыздағы «Облыс елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру іс-шараларын өткізу туралы» №82 Қаулысына сай Маңғыстау ауданы әкімінің 12.03.2013 жылғы №77 қаулысы қабылданып, 12.03.2013 жылы аудан әкімінің №23-ө/нқ өкімімен аудандық штаб құрылды.

16 наурыз 16 сәуір аралығындағы өткен сенбілік жұмыстарына елді елді мекендердегі мектеп, бала бақша, мекеме, кәсіпорын ұжымдары сенбілікке белсене қатысты.

Шетпе селосы бойынша сенбілікке қатысқан 780 адам мен 2 тиегіш трактор (погручзик), 1 эксковатор, 2 самосвал, әртүрлі маркадағы – 4 автокөлік қатысты. Орталық алаңдағы парк скверлерді тазалау, ағаш түптеу, салма салу, ағаш түптерін ақтау жұмыстары, селоішілік автомобиль жолдарының жиектері, айналасы түрлі қатты қалдықтардан тазартылды.

Бекітілген жұмыс жоспарына сай мекеме кәсіпорын нысандарының шарбақтары сырлау, әрлеу, қалпына келтіру жұмыстары жасалды.

Ащыбұлақ –Жаңа Орпа шағын аудан арасындағы Шетпе –Жетібай көлік жолының бойындағы теміржол торабынан бастап Шаңдақ жерінің 1 –ші биігіне дейінгі жолдың екі жақ бетіндегі түрлі тұрмыстық қатты қалдақтар алынды. Шетпе селосының күншығыс бетінен өндірістік мекемелердің күшімен 3,0 га жер темір шарбақпен қоршалып, 200 түп тұт ағашы отырғызылды.

Шетпе селосы бойынша әр сенбілік кезінде және басқа күндерінде де «Маңғыстау жылу, су» МКК-нан 1 саосвал және 1 погрузщик, 1 эксковатор техникалары, сондай –ақ «Дария» МКК-нан 1 погрузщик, 1 эксковатор техникалары тазалық жұмыстарына тұрақты қатысуда. Шетпе -1 селосындағы, орталық парк свкердегі ағаш түптері қпсытылып, ақталды. Сондай –ақ Жаңа Орпа шағын ауданымен «МКДСМ» өндірістік орталығы аралығындағы жаңадан салынған паркке жеке кәсіпкер М.Дүйсенбаевтың демеушілігімен 568 түп түрлі ағаш бұтақтары отырғызылды.

Базарлы шағын ауданындағы бөгет айналасы «Ақжолқұрылыс» ЖШС-гі арқылы күреліп қалпына келтірілді.

Аудан әкімінің елді мекендерге тазалық жасауға көмекке техника бөлу жөніндегі тапсырмасына сай өндірістік кәсіпорындардан Шетпе, Жыңғылды, Онды, Шебір, Өтес Ақшымырау, Қызан, Шайыр елді мекендеріне 37 техника келіп, тазалық жұмысына көмек көрсетті.

Ақтөбе селосында құм тоқтату мақсатында жұмыс жасап жатқан «Жасыл әлем» МКК 1 200 түп сексеуіл отырғызды.

Онды селосы бойынша Шаңдақтыдан Онды селосына дейінгі жол бойына төгілген тұрмысты қатты қалдықтар жинап, арнаулы орынға төгілді. Сонымен қатар Жыңғылды селосы бойынша ескі мектеп интернат ғимараты бұзылып, содан шыққан құрылыс материалдары мен қатты тұрмыстық қалдықтары арнаулы орынға төгілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Маңғыстау ауданы бойынша 06.04.2013 жылы кезектен тыс сенбілік өтті.

Тұщыбек елді мекенінің оңтүстік –шығыс бетінен жеке кәсіпкер С. Қалдығұлов 10 га жерді қоршап, 500 түп жеміс ағашын егуге, бір бөлігін жылыжай салуға даярлауда.

Қызан елді мекеніндегі мәдениет үйі алдындағы 1,5 га жер қоршалып 100 түп қара ағаш отырғызуға даярлануда. Осы ауыл бойынша «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-сы арқылы 1 бульдозер автокөлігі және 2 Камаз техникаларымен 5 га аумақ тазартылып, 31 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Ақшымыру селосында «Коммунай» ЖШС-нің 1 погрузщик және 1 эксковатор техникалары 02.04.-06.04. 2013 жж. аралығында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, 3,5 га аумақтан тазартылып, 22 м3 қалдықтар шығарылды.

Жыңғылды селосы бойынша 258 адам тазалық жұмысына қатынасты. «Қаламқасмұнай» ӨБ арқылы 1 Камаз автосамосвалы мен 1 погрузчик, 1 УДС техникалары жұмылдырылды.. Н. Бейнеуов атындағы саябақтағы ағаш діндері ақталып, қоршауы жаңартылып, сырланды. Әкімшілік тарапынан 9 ескерту беріліп, 6 орындалды. Село бойынша 3 га жер тазартылып, 26 м3 тұрмыстық қалдық шығарылды.

Отпан селолық округі бойынша кезектен тыс өткен сенбілікке 76 адам қатынасып, 4 га аумақ тазартылып, 2 арнаулы техника көмегімен 28 м3 га қоқыс арнайы орынға төгілді.

Шайыр елді мекенінде Шайыр өндірістік кооперативінен 2 самосвал, «Монтеком» ЖШС-нен 1 трактор бөлініп қыстай жиналған 3 га жерден 19 м3 түрлі қалдықтардан шығарылды.Тазалық жұмыстарына 72 оқушы, 36 мекеме кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Шебір селосы бойынша мектеп, мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары барлығы 252 адам сенбілікке қатынасып ауыл көшелері, тұрғын үй аралары, ауылға кіре –беріс жолдың екі қапталы барлығы 4 га аумақ тазартылып 28 м3 тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жармыш селосы бойынша тазалық жұмысына жеке 2 жүк көлігімен адам таситын 2 автокөлік шығарылып, селоішілік және кіре –беріс жол бойы тазартылды.ауыл бойынша 17 м3 қалдық арнаулы орныға төгіліп, 2 га аумақ тазартылды.

Онды селосы бойынша 6 сәуір күнгі сенбілікке 163 адам қатынасты. Олардың көмегімен ауыл аймағына, орталық паркке тазалық жұмыстары жүргізілді. Орталық паркте ағаш түптерін қопсыту, ақтау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікте 1 жүк көлігімен 5 га аумақтан 25 м3 түрлі тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Шетпе селосы бойынша сенбілікке шыққан 570 адам күшімен 150 Га аумақ тазартылды. 2 погрузщик 2 самосвал, 1 уаз автокөліктері көмегімен 58 м3 тұрмыстық қатты қалдық арнаулы орынға төгілді.

Ақтөбе селосында құм тоқтату мақсатында жұмыс жасап жатқан «Жасыл әлем» МКК 180 түп сексеуіл, мекеме кәсіпорын қызметкерлері ғимараттарының жанына 120 түп қарағай шыбығын отырғызды.

Онды селосы бойынша сенбілікке 180 адам қатынасты. Ә. Кекілбайұлы атындағы орталық паркке 50 түп ағаш бұтағы отырғызылды. 1 арнаулы техника көмегімен 28 м3 түрлі қалдықтар шығарылды. Нәтижесінде 4 Га аумақ тазартылды.



Тұщықұдық селосы бойынша 568 адам қатынасып, 4 Га амуқтан 8 м3 түрлі тұрмыстық қалдық шығарылған 4 техникамен арнаулы орынға төгілді. «Жасыл әлем» МКК –ны 4 700 қайың мен ақ терек бұтағын, 57 000 сексеуіл, 3000 түп жыңғыл, 1500 түп жүзген шыбықтарын отырғызды.

Жалпы аудан бойынша өткен сенбіліктерге қатысқан 7 800 адам және әртүрлі 116 техника күшімен 2 794,5 га алаң тазартылып, 4 824 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. «Жасыл әлем» МКК –ның бағдарламасымен 66 380 түрлі ағаштар мен бұталар, «Жасыл жапырақ- Зеленый лист» акциясы бойынша 1 878 ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Жылу қазандықтары мен жылу, су, тоқ, газ салалары бойынша атқарылған жұмыстар

«Маңғыстау ауданының коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала мен энергетика нысандарын 2012-2013 жылғы күзгі –қысқы кезеңдеріне даярлау туралы»

82.65kb.

16 12 2014
1 стр.


Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасы ОҚыту бағдарлама (syllabus) Мамандық: 5В070200-Автоматтандыру және басқару

«Сұйық және газ механикасы» пәні бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus) 5В071700 – Жылуэнергетика мамандығы үшін оқу жоспарына сәйкес, Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының до

126.61kb.

13 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары 8 сынып “Жаттықтырғыш” картасы

Оқушылардың жылу құбылыстары бойынша алған білімдерін тексеру, оқуға қызуғышылығын, ынтасын арттыру, формулаларды қолданып есеп шығаруда пайдалана білу. Зейін, ойлау жылдамдығын ес

56.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Қаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар

Бұл тарапта атқарылған жұмыстар қомақты. Ауылда республикалық, облыстық, аудандық бюджет қаржысына «Жастар паркі», балалар ойын алаңы, хоккей алаңы, Омаров көшесін жарықтандыру жұм

26.02kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Химиялық реакциялардың энергетикасы. Пән: Бейорганикалық химия Мамандығы: 5В110300

Химиялық реакция сырттан жылу сіңіру немесе жылу бөлу арқылы жүреді. Осыған байланысты бұл реакциялар екіге бөлінеді

36.46kb.

23 09 2014
1 стр.


1. Геотермиялық градиент

Геотермиялық градиент әр жерде әр түрлі болады. Геотермиялық градиент жер қойнауынан оның бетіне қарай бағытталған жылу ағынының болатындығын көрсетеді. Бұл ағынның шамасы — Геотер

491.83kb.

16 12 2014
6 стр.


«Алматы жылу жүйесі» жшс тоо «Алматинские тепловые сети»

Директор атынан, (жарғы, сенімхат, бұйрық) негізінде әрекет ететін, бұдан былай "Абонент" деп аталады, екінші жағынан, бірлесіп Тараптар деп аталады, төмендігілер жайлы Жылу қуатын

284.12kb.

07 10 2014
1 стр.


ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

«Бу қазандардың, жылу жүйелердің және су салқындататың қондырғылардың су-химиялық тәртіптері» пәні бойынша

295.61kb.

14 12 2014
1 стр.