Перейти на главную страницу
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Математика, физика және
технологиялар факультеттің
әдістемелік кеңесінде бекітілген
Төрайымы__________Магзумова Э.М.
ПР №___«___»______________2007 ж.
Лекцияны әзірлеген: оқытушы Саденова Айнаш Қадылбековна
Оқытушымен байланыс түрлері мен тәртібі: тел.47-78- 80, оқу корпусы №7 ШҚМУ, кәсіптік оқыту және технологиялар кафедрасы, ауд. 210
Лекциялар курсы
«Кәсіптік оқыту және технологиялар» кафедраның
отырысында
талқыланып, ұсынылған
«__» _______ 2007 ж. № __ хаттама
кафедра меңгерушісі______Исаева Ж.М.
Өскемен, 2007
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.
3 сабақ. Өндірістік оқыту жүйесі
4 сабақ. Өндірістік оқытудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
5 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісінің функциялары. Оқу және нұсқау жүргізу әдісі.
6 сабақ. Өндірістік оқыту құралдары
Өндірістік оқытудың принциптері
Аталған сабақтарды өткізу үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалану қажет:
-кәсіптік педагогика, немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдарының жолдары;
-кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;
-оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлерін, мұндағы жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің оқытылуы туралы мәліметтерді беру т.с.с.
Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы, оқу үрдісі, оқу үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнің (шебердің) басқару ролі, оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі негізгі әдіс-тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары, өндірістік оқытудың мазмұнын т.с.с.
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама:
-білім; -дағды; -біліктілік; -кәсіби құзырлылық т.с.с.
Кәсіби құзырлығы жоғары жұмысшы маман даярлау үшін өндірістік оқытудың арнайы мақсаттары бар екенін айтып өткен жақсы. Осы мақсаттарды толық түсіну үшін мынадай түсініктерді біліп алған жөн:
-кәсіп; -мамандық; -біліктілік деңгейі
Кәсіп- еңбек қызметінің үнемі атқарылатын түрін, оны атқарудағы дене күш мүмкіндікті, интеллектуалдық қабілеттілікті және заңды құқықтылықты қамтамасыз ететін білім мен біліктің жиынтығын айтады.
Мамандық - еңбек қызметінің белгілі бір кәсіп шеңберіндегі нақты бөлігі болып табылады.
Біліктілік – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке дайындық дәрежесі. Ол білімнің деңгейімен, кәсіби шеңберімен және біліктілік сатысымен сипатталады.
Біліктілік деңгейі - тарификация және аттестация жүйесінің арнайы құжаттарымен реттеледі, осы дәреженің шеңберінде (тарифтік разрядтар, кластар, категориялар) кәсіби шеңберлікті сипаттайды.
Сабақ барысында білім сапасын тексере отырып, кәсіби құзырлылықты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімінің мемлекеттік стандарттары туралы сөз қозғағанда оның мынадай негізгі ережелеріне тоқталып кету керек:
Республикалық деңгейде бекітетін білім құжаттар:
-бастауыш кәсіптік білім стандарттарының негізгі ережелері;
-кәсіптік білім мамандықтарының және оны мамандандырудың тізімі;
-кәсіби мінездеме;
-нақты кәсіп пен мамандықтар, сонымен қатар жалпы салалық және салааралық жеке пәндер бойынша кәсіптік білім мазмұнының міндетті компоненттері;
-кәсіптік білім мекемелері оқу жоспарларының моделі;
-жоба оқу-бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар;
-кәсіптік білім сапасының стандарттық параметрлерінің тізбегі мен сипаттамасы;
-оқушылардың білім, білік сапасын тексеруге, бақылау жұмыстарын құрастыруға арналған жалпы талаптар.
-оқушылардың білім және білігінің кәсіптік білім стандартының талабына сәйкестігін тексеретін бақылау процедурасының реттілігін сипаттау;
-республикада бірыңғай білім кеңістігін қамтамасыз ету;
-республиканың экономикасы талаптарына сәйкес кәсіптік білім шарттары мен мемлекеттік сапаны қамтамасыз ету;
-кәсіптік білімді халықаралық стандартпен және еңбек рыногының талаптарымен үйлесуін қамтамасыз ету;
-Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері:
-кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау;
-білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл информациямен қамтамасыз ету;
-жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;
-орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көркеткішін құптау
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі ұстанымдарын да оқушылар толық меңгеріп алулары тиіс.
ҚРеспубликасындағы кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмысы мынадай ұстанымдар негізінде жүргізіледі, нарық еңбегінің талаптарын жұмысшылар мен мамандардың деңгейіне қарай ескеру: қолданылып жүрген және болашақтағы технологиялармен, техникамен өзара байланысты;
Кәсіптік білімнің стандарттарын жасауда қамтамасыз етілуі қажет:
-баяндаудағы дәлдік пен бір мағналық;
-жоғарыда аталған ұстанымдардың кешенділігі, жүйелілігі және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмыстары
1. Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімді стандарттаудың ұймдастыру, үйлестіру және тиімді деңгейін қамтамасыз ету жұмыстарын Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (БМж ДМ) жүзеге асырады.
2. ҚР БМжДМ-і бюджеттік және басқа қаржылардың есебінен кәсіптік білім стандартына тапсырыс беруші, сонымен қатар кәсіби оқыту мен білімдік қызметті жүзеге асырушы түрлі министрліктер, ведомстволар, ұйымдар, концерндер, ассоциациялар, мекемелер мен өндірістік орындар, мекемелер т.б. құрылымдар да тапсырыс берушілер болып табылады. Бұл жұмыстарды қаржыландыру тапсырыс берушілер есебінен сондай-ақ келісімдік негізде орталықтандырылған қаржы есебінен атқарылады.
3. ҚР БМДМ білімді стандарттаудың республикалық орталығы мен келісу арқылы кәсіптік білімді стандарттаудың мемлекеттік жүйесін бекітеді.
4. Кәсіптік білімді стандарттаудың әдістемелік жұмыстарына жалпы басшылықты республикадағы Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының орта және кәсіптік білім институты жүзеге асырады.
5. Кәсіптік білімді стандарттаудың нормативтік құжаттарын жасаушы осы Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА орта және кәсіптік білім институты және уақытша ғылыми зерттеу ұжымдары болып табылады.
6. Өндірістік орындар, ұйымдар, мекемелер және оқу орындары қажетті жағдайда стандарттар бойынша және әдістемелік ұйымдастыру және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын жүргізетін уақытша шығармашылық ұжымдар құрады.
Кәсіптік білімнің стандартын құрушыларды былай сипаттауға болады.
3. Салалық және өндіріс орындарының стандарттарын кәсіптік білім стандарттарын өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жасап, кәсіби оқытуды жүзеге асырады.
Олардың қатарына кәсіптік оқытудың жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ айрықша мамандықтар бойынша оқу орындары мен патенттелген технологиялары; оқушылардың білімі мен білігін бағалау жүйесі т.б. жатады.
Білікті жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіптері мен мамандықтарының тізімін толық түсіну үшін оның өзектілігіне жаңа тізімді жасаудың алғы шарттарына шет ел мемлекеттерінде енгізілген классификатор маңызына тоқталу керек. Бірінші анықтама кәсіптің жаңа тізімінің өзектілігі.
Нарықтық қатынастардың дамуы негізіндегі қоғамыздың экономикалық базисіндегі өзгерістер және ұлттық экономика әлемдік шаруашылық жүйеге енуі кәсіби білім беруде сапалы өзгерістер жасауды қажет етеді.
Жұмыскерлердің еңбек рыногындағы табандылығы тек кең кәсіптік жалпы және кәсіптік даярлыққа жалпы еңбектік және арнаулы білік пен іскерліктің тұрақтылығына негізделетін кәсіптік жеткіліктілік есебінен ғана қамтамасыз етілмек. Жұмыссыздық мүмкіндігі жағдайында кәсіптік жеткіліктілік әрі әлеуметтік қорғау факторы бола алады. Сондықтан да бағдарды кеңейту және жұмысшылар мен қызметкерлерді оқыту сапасын арттыру экономикалық мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары кәсіпорындары тарапынан қойылатын талаптарының негізгілерінің бірі болып табылады.
Бұл көрсетілген жағдайлар кәсіптік білім беруде терең құрылымдық реформалар қажеттігін айқындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіптерді қалыптастырудың қазіргі методикалық статусы және негізгі параметрлері бұл үрдістер маңызды қызмет атқарады, солардың негізінде тиісті кәсіби даярлық ұйымдастырылады және бақыланады. Мәселенің өзектілігі кәсіби білімнің Мемлекеттік стандарты шеңберінде кәсіптердің жаңа Тізімінің жобасын жасауды талап етеді.
Жаңа Тізімді жасаудың алғы шарттарын біліп алуы керек:
а) қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімінің Қазақстан Республикасындағы кәсіби білімінің сәйкес еместігі.
Қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімі 1996 жылы жасалған. Өзіне дейінгі осындай құжаттармен салыстырғанда бірқатар жетістіктері болумен бірге (кәсіп бірліктерін қысқарту есебінен кәсіптер топтамаларының көбеюі, Классификатордан кәсіптердің көп түрін өндіруі, жаңа кәсіптерді ендіру т.б.) ол Тізім өзі кезегіндегі мәселерді іс жүзінде шеше алмады.
Даярлықтың негізгі бірлігі ретінде тар кәсіпті есептеу бұрынғысынша қалып қойды. Оларды жалаң топтамаларға біріктіру кең кәсіптік жұмысшылар дайындауды шешпеді.
Оқыту мазмұнында интеграция мәселесі шешілмеді, бұл оқыту бағдарламалық құжаттарды жасауда кешенді әдістемелік қамтамасыз етуде кері ықпал етті.
Тізімде ескерілген кәсіптер мен біліктілікті еңбекті қажет етпейтін кәсіптер көп еді. Ол бірыңғай реттеуші ғана сипатта болады, кәсіптер топтамасы құрамына және оқыту параметрлеріне қатаң талаптар қойды, оның өзі кәсіптік жауап беру икемділігі мүмкіндіктерін шектеді.
Бүкіл мемлекеттік Классификатор негізінде Тізім Қазақстан аймақтары үшін тән емес кәсіптердің санын едәуір көп ендірді.
ә) Қазіргі қолданыстағы Тізім шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына, өндірістің жаңа талаптарына сай келмейді.
Осы орайдан көптеген кәсіпорындарда мамандықтардың құрылымдығының және даярланатын жұмысшылар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейлерінің мәселелерін өз бетінше шешу қажеттіліктері күшеюде. Өндірістің белгілі бір мамандықтағы жұмысшылар мен қызметкерлерге мұқтаждықтарын ескеруге мүмкіндік беретін икемді құжат қажет болып отыр.
Қазіргі қолданыстағы кәсіптік Тізіміне және ЕТКС-ке енбеген жаңа кәсіптер мен мамандықтардың пайда болуы, оларды дайындаудың аса қажеттілігі ашық құжат жасауды талап етеді. Оларға қажеттігіне қарай жаңа пайда болып жатқан кәсіптер мен мамандықтарды және оларды даярлау түрлері мен тиісті даярлау параметрлерін енгізу қажеттігі туындауда. Ал Тізімнен құрып бара жатқан, ескерген кәсіптер мен мамандықтарды алып тастау қажет.
Тізімде ұйымдастырылу жағынан кәсіптердің кіріктірулерінің бәрін ескеру мүмкін емес, сондықтан да кейбір кәсіптерді кіріктіруге мұқтаждық жағдайында орталық кәсіптік білім беру басқару орындарынан үміт күтеді. Алайда ұйымдастырылу жағынан кіріктірілген кәсіптерді реттеу мәселесі бұл орайда Тізім өміркешендік қабілетсіздігін барған сайын көрсетуде.
Ғылыми-техникалық процесстің, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің, жаңа технологиялық ендірулердің тап осындай кәсіптердің құрылымдықтарын өзгерту мен жетілдіру мәселелерін көптеген елдерде күн тәртібін қойып отырғандығын халықаралық тәжірибе көрсетуде.
Мәселен, Алманияда бұл Тізім 63 қызмет саласын («кәсіптік ауқым») қамтитын 480-ге жуық, негізінен, кіріктірілген кәсіптерден құрылған. Кәсіптік білім тұжырымдамасына сай оқушылар жаңа технологиялар мен әдістерге тез бейімделе алатын, өндірістің әртүрлі салаларында және сан алуан кәсіпорындарында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мейлінше жеткілікті және икемдік даярлық алады.
Ұлыбританияда қазіргі уақытта алдын-ала есептеулер бойынша 160 кәсіпті қамтитын кәсіп құрылымдықтарын жасау жөнінде жұмыс атқарылуда.
Финляндияда 80-жылдары кәсіптік оқытудың құрылымы өзгерген, экономиканың барлық салалары дерлік 25 бағытта берілген, әрбір бағыт бірнеше кәсіпті қамтиды, барлығы 270 кәсіп бойынша оқытылады.
Басқа елдерде де кәсіп тізімін жасау тәжірбесі есепсіз құрылымдықтан технологияның ең жаңа өзгерістеріне бағдарланған және кәсіптер құрылымдыққа ауысудың қажеттігіне куә бола алады.
Кәсіптік білім мазмұны анықтағанда Республикалық деңгейде Базистік оқу жоспарының модулі қалай жасалатынын, кәсіптік сипаттамаларды жобалау жолдарын, сонымен қатар кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған нұсқаулармен толық таныстыру керек.
Сонымен қатар кәсіби білім мазмұнының базистік құрамдастығын жобалауды үйрете отырып, Қазақстан Республикасы бастапқы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты құрылымын түсіндіру мақсатында белгілі бір кәсіптің (мысал ретінде «ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер) кәсібінің») стандарты құрылымы мен мазмұнын толық көрсетіп беру керек.
ҚР Білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылы №20 бұйрығымен бекітілген КР БМ кәсіптік-техникалық білім басқармасы жасаған оқу жоспары модулі мүмкіндігінше лайықты екенін түсіндіру қажет. Себебі сол кездегі ҚР кәсіптік-техникалық училищелердің кәсіптік-техникалық мектептеріне айналуына байланысты және ҚР Президентінің 27 қаңтар 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының білім мәселелері бойынша» кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Жарлығына» сәйкес, сондай-ақ кәсіптер мен мамандықтар тізімін енгізуге орай жасалған болатын.
КТМ үшін жаңа оқу жоспарлары модельдері үш циклден тұрады: кәсіби-техникалық жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық; екі топтана таңдауы бойынша пәндер мен факультативтер.
Кәсіптік-техникалық циклге енетіндер: жалпы кәсіби курс – сызу, электротехника, информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері, нарықтық экономика негіздері;
Кәсіби курс – арнайы технология, материалтану, еңбек қорғау, экология, кәсіп бойынша т.б. пәндер өндірістік оқыту–оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, кәсіпорындарында және кез келген меншік түріндегі мекемелерде, сонымен бірге өз ықтиярында пайдалануға жататын уақыт қоры беріледі.
Кәсіптік мектептер үшін базистік оқу жоспарларын кәсіптік білімнің әлемдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнін мемлекеттік стандартын ескере отырып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жасаған. Базистік оқу жоспарларының модельдерінің есептеулері аптасына 39 сағатпен шектелген оқу жүктемесі шеңберінде, ал оқудың қорытынды кезеңіндегі аяққы кәсіптік практика 41 сағатпен жүзеге асырылған. Жылдық оқу уақыты 40 аптадан тұрады.
Жаңа техника мен өндіріс технологияларын және азаматтарға қызмет көрсетуді оқу үшін, сондай-ақ басқадай кәсіпорындар мен мамандықтар үшін оқу жоспарларын 250 оқу сағаттарына дейінгі көлемде арнаулы кәсіптік пәндерге уақыт беріледі. Ең жаңа жабдықтарды өндірістің және халыққа қызмет көрсетудің тиімді технологияларын оқыту үшін сабақ жүргізуге тиісті сәйкес келетін өндіріс пен қызмет көрсету салаларының, соның ішінде шетел мемлекеттерімен және техника мен жабдықтарды жасаушы заводтардан, банк саласы қызметкерлерінен, салық қызметінен т.б. тарту қажет. Осы мақсаттарда келісім шарт негізінде өндірістік оқу және кәсіптік практика негізінде нұсқаулар жүргізу үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан тәжірибелі мамандар шақырылады. «Нарық экономикасы негіздері» курсына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Тігінші – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылық беретін кәсіптер бойынша біліктілік алу үшін арнаулы пәндерге уақыт қор есебінен 200 сағатқа дейін бөлуге болады.
«Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері» пәні тиісті қызмет түрінен бағдарламалық өнімдер негізінде оқылады.
Сызу мен электроника сияқты жалпыкәсіптік пәндер техникалық, құрылыстық, көп бағдарлы бағыттағы жалпы техникалық білімдерді алу қажеттілігін байланысты кәсіптер бойынша енгізіледі. Ал басқа кәсіптер бұл сағаттар арнаулы пәндерден білімдерін тереңдетуге пайдаланылуы мүмкін.
Жаратылыстану-ғылыми цикл ҚР жалпы орта білім мемлекеттік стандарты белгілеген бағдарлы базалық құрамдас болып табылады. Ол математика, физика, химия, биология сияқты пәндерден тұрады. Бұл пәндер кәсіптер бойынша тірек, білімдер болғандықтан, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, кәсіптер үшін биология мен химия, электро-радио, электронды есептеуіш және прибор жасау өнідірістері үшін математика мен физика сағаттарын бағдарлы пәндер үшін уақыт есебінен көбейтуге болады.
Отбасы өмір этикасы және психологиясы, жағрапия, тарих, астрономия т.б. үшін таңдаулы бойынша жалпы білім беретін курс сағаттары пайдаланылады.
Гуманитарлы циклге 3-4 жылдық оқу мерзімі үшін 840 сағат беріледі, оларды оқу міндетті. Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты кәсіптер бойынша мемлекеттік тіл курсы және шетел тілдерінің бірі тапсырыстарды алу және орындау барысында тапсырушылармен қатынас жасарлық шеңберде оқылады, басқа кәсіптер үшін бұл сағаттар арнаулы пәндерді оқуға беріледі.
Консультациялар мен емтихандар сағаты жалпы орта білім беретін және кәсіптік пәндерге, сондай-ақ бітіретін біліктілік емтихандарын өткізуге бөлінеді.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті:
орыс тілді кәсіптік мектептерде – диктант;
қазақ тілді кәсіптік мектептерде – шығарма.
2. Орыс тілі мен әдебиеті:
орыс тілді мектептерде – шығарма;
қазақ тілді мектептерде – диктант.
3. Математика
4. Физика
5. Химия
6. Дене тәрбиесі.
7. Арнаулы технология
8. Бітіретін біліктілік емтихандары
Базистік оқу жоспарлары әртүрлі оқу мерзімдеріне жасалатынын айта келе, мына төмендегі модульдің құрылымын түсіндіру қажет.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРГЕ (ЛИЦЕЙЛЕРГЕ) АРНАЛҒАН ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МОДЕЛІ
Циклдер Курстар
Сабақтар |
Жалпы білім беретін мектептер негізінде |
Орта жалпы білім беру негізінде | ||||||
Күндізгі оқу түрінде орта білім алу |
Орта жалпы білім алуды кешкі, сырттай оқу түрімен жалғастыру |
1 жыл |
1,5 жыл |
2 жыл |
6 ай | |||
4 жыл |
3 жыл |
1 жыл |
2 жыл | |||||
І. Кәсіптік цикл |
2896 |
4344 |
1338 |
2491 |
1256 |
2256 |
2903 |
906 |
1. Жалпы кәсіптік курс |
268 |
268 |
172 |
202 |
155 |
155 |
155 |
101 |
- сызу |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
17 |
- электротехника |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
34 |
17 |
- ақпаратты және өндірістерді автоматтандыру негізі |
100 |
100 |
34 |
34 |
17 |
17 |
17 |
17 |
- нарықтық экономика негізі |
100 |
100 |
70 |
100 |
70 |
100 |
100 |
50 |
2. Кәсіптік курс |
2308 |
3916 |
1126 |
2209 |
1061 |
2011 |
2668 |
805 |
Курс сабақтары (арнайы технология, еңбекті сақтау т.б.) |
254 |
254 |
254 |
254 |
254 |
254 |
254 |
130 |
өндірістік оқыту, кәсіптік практика |
2174 |
3822 |
862 |
2035 |
847 |
1817 |
2194 |
675 |
3. Кәсіптік оқулықтарға, кәсіби ерекшеліктерге арналған уақыт |
250 |
250 |
50 |
100 |
100 |
120 |
150 |
50 |
Ғылыми-жаратылыстану циклы |
480 |
480 |
|
|
|
|
|
|
- математика |
200 |
200 |
|
|
|
|
|
|
- физика |
160 |
160 |
|
|
|
|
|
|
- химия |
80 |
80 |
|
|
|
|
|
|
Биология |
40 |
40 |
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Гуманитарлы цикл |
840 |
840 |
138 |
413 |
120 |
170 |
205 |
70 |
Қазақ тілі |
200 |
200 |
35 |
70 |
35 |
35 |
35 |
35 |
Қоғамтану |
68 |
68 |
68 |
68 |
|
|
|
|
Орыс тілі және дүниелік мәдениет |
200 |
200 |
|
|
|
|
|
|
Қазақстан тарихы |
68 |
68 |
|
|
|
|
|
|
Шет тілі |
68 |
68 |
35 |
70 |
35 |
35 |
70 |
35 |
Денешынықтыру |
136 |
136 |
60 |
120 |
50 |
100 |
100 |
|
Алғашқы әскери дайындық |
100 |
100 |
40 |
85 |
|
|
|
|
ІV. Қалауынша жалпы білімдік курстар және кәсіптік сабақтар |
150 |
150 |
|
|
|
|
|
|
V. Консультация Емтихандар |
250 102
|
250 102
|
60 24
|
80 36
|
60 24
|
70 30
|
80 36
|
40 12
|
Барлығы |
4768 |
6416 |
1560 |
3120 |
1560 |
2646 |
3120 |
104 |
№ |
Кезең атаулары |
Тізбектілігі және қысқаша мазмұны |
Нәтижесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жұмыс орнының өндірістегі қызмет түрін анықтау |
Жұмысшының қызмет түрін (өндірістің) талдау, оны жұмыс орнында қолдану. Нормативтік материал бойынша жұмысшының мамандық біліктілігін талдау; салалардың дамуын талдау, қосымша жұмыс орындарын құру. |
Бекіту: жұмысшының өндірістегі негізгі қызмет түрі: өндірістік процесті дайындау және ұйымдастыру; технологиялық процестерді іске асыру, өнімнің сапасына және өнеркәсіптік процестің жүру барысын қадағалау, жұмысшылардың бартын кәсіпорын, мекеме оның бөлік құрылысының түрлері. |
2. |
Жұмысшылардың білім және білгірлік талаптарын дамыту |
Жұмысшы өз ісін ашарда немесе қызметке бағытталғанда, кәсіпорын, мекеме, олардың бөлік құрылысын ескере отырып, жұмысшының кәсіпкершілік міндеттерін талдау |
Жұмысшының білу және білгірлік талаптарын анықтау |
3. |
Жұмысшы білім талабын дамыту |
Нақтылы кәсіпорын қызметін орындауға қажетті кәсіпті білім құрылысын, одан дайындық тұтастығын және кәсіпті кеңінен қамтамасыз ететін жалпы кәсіптің құрылысын, жалпы білімгерлікті әшкерелеу |
Жұмысшының «Жұмысшы білу қажет…» біліміне қойылатын талапты анықтау |
4. |
Кәсіпкершілік сипаттаманы мақұлдау және сараптау |
Оқу бітірушілердің білімін, біліктілігі мен білгірлігіне қойылатын талаптың дұрыстығын анықтау. Сарапшылар – мекемелердің, кәсіпорындардың, практикалық жұмысшылары, анағұрлым тәжірибелі оқытушылар, кәсіптік оқу орындарының өндірістік оқыту шебері. |
|
Жұмысшылар іскерлікке дайындалады_______________________________________
(іскерліктің түрлері)
________________________________________________________________________
(кәсіп орындарымен ұжымдарының түрлері және өз ісін ашу)
жұмыс орындарға_________________________________________________________
(жұмыс орындарының тізбегі)
Қоғамдық өмірде нарықтық, экономикаға және демократияландыруға өту жағдайында, республиканың алдында тұрған міндетті іске асыруға, азаматтық қоғамда идеологиялық ұстанымен белсенді қатынасуда, жұмысшы қоғамдық құбылыстарды шығармашылық көзқараспен бағалай білуі керек.
Интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелену, жоғары өнеге және мәдениетке ие болу.
Ол, дүниежүзілік білімді қолдануға талпыну қажеттігін, еңбек ұжымында өзара әрекеттену қабілеттігін, еңбек нәтижесінде және оның сапасына кәсіпкершілік қасиетпен және әлеуметтік жауапкершілік сезіммен игеру керек.
Жұмысшы істеу керек ____________________________________________
________________________________________________________________
Жұмысшы білу керек ____________________________________________
________________________________________________________________
Кәсіптік білімнің мазмұнының негізгі құрамдастарын анықтай отырып, нақты кәсіптік ауқымдағы қатыстығына қарай инвариантты болып табылатын оқу жоспары моделі әрбір жеке жағдайда молдық етуі әбден ықтимал, бұның өзі кез келген әмбебап құрал үшін қалыпты жағдай болып есептеледі. Кәсіптік білімнің мазмұндық мәселелерін стандарттаумен бірге кәсіптік білім мазмұнын жобалау саласында республикалық және жергілікті құзырлылықтарды бекіте отырып, оқу жоспары моделі елеулі ұйымдастырушылық келекшектілікті қуаттылық сипатына да ие болып табылады.
Басқаша айтқанда, модель нақты кәсіптер мен мамандықтарға, ең алдымен, типтік оқу жоспарына қолдануға лайық кәсіптік білім стандарты элементтерін жасау үшін қажетті негіз бола алды.
Типтік оқу жоспарын жобалау екі кезеңде жүзеге асырылады. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы орта және кәсіптік білім институты – республикалық деңгейде және білім басқарудың аймақтық орындары – аймақтың деңгейде.
модель
Кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған нұсқауларды арнайы практикалық сабақта қарастыру қажет.
1.1. Кәсіптік-мектепке (лицейге) арналған оқу жоспары нақты кәсіп пен мамандандыру бойынша білім мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды көрсететін, пәндердің тізімін, көлемін, оқу желілігін және мерзімін анықтайтын, оқу үрдісін, оқушылардың білімін, оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі кезеңдік аттестациялауды ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықтайтын мемлекеттік құжат болып есептеледі.
Оқу жоспары барлық кәсіптік-мектептер үшін міндетті.
Оқу бағдарламасы – оқу мазмұнын және пән мен өндірістік оқу бойынша оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын талаптарды анықтайтын негізгі құжат.
1.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жасауда мыналар басшылыққа алынуға тиіс:
- өндіріс талаптары мен бәсекелік қабілетті жұмысшылар даярлау деңгейіне сәйкес белгіленген кәсіптік білім стандарттары;
- барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың тапсырысы;
- кәсіптік мектептердегі оқу үрдісін жоспарлауды және ұйымдастыруды анықтайтын ҚРБМ басшылықты құжаттары;
- еңбек қызметтерін белгілейтін республикалық және салалық құжаттар, жұмысшылар кәсіптері бойынша біліктілік сипаттамалар;
- техникалық өндіріс технологиясының, экономикалық және өндірістік құрылымдардың дамуын жобалайтын материалдар;
- қолданыстағы кәсіптік-техникалық және білім беретін мектептердің, сондай-ақ ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша орта арнаулы, жоғары оқу орындарының оқу-бағдарламалық құжаттары.
1.3. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауда тірек болатын құжат – қосымшада көрсетілген ұсыныстарға сәйкес жасалынатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары.
Оқу-бағдарламалық құжат жасау негізіне неғұрлым мәнді еңбек қызметтерін айқындайтын және сол негізде олардың жүзеге асырылуына керекті білім, білік дағдыларды айқындайтын жұмысшылардың кәсіптік әрекеттерінің сипаттамасы алынады.
1.4. Оқу материалдарының әртүрлі пәндерде бірін-бірі қайталауларын болдырмас үшін, оларды оқу желілігін, уақыт көлемін айқындау мақсатында, өндірістік және теориялық оқудың өзара орында қатынасын белгілеу мақсатында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау бір мезгілде және өзара байланыста жүргізілуі тиіс.
Оқу жоспарлары мына бөлімдерден тұрады: тысқы бөліп оқу үрдісі жоспары, өндірістік оқу жоспары, оқуды бітіріп жинақты ақпары, факультативтік пәндер, оқу кабинеттерінің лабораторияларының, шеберханаларының тізімі, оқу жоспарына түсініктеме.
Оқу жоспарының тысқы бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- саланың рет саны мен атауы;
- аралас кәсіптің рет саны мен атауы;
- кәсіп бойынша разряд, класс, категория және оқу мерзімі;
- бекітілген уақыты және оқу жоспарының тіркелген рет саны.
Оқу үрдісінің жоспары:
- гуманитарлық;
- жаратылыстану-ғылыми;
- кәсіптік (арнайы);
- таңдауы бойынша және кәсіптік пәндер.
Кәсіптік цикл пәндері тізімін анықтауда және оларды оқуда жоспарлауда бұл көрсетілген пәндерді оқудың мұраты жұмысшының іргелі дайындығын қамтамасыз ету, осы негізде оқу мазмұнының болашақ кәсіптік қызметінің негізгі түрлері бойынша сарлану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Оларды оқу нәтижесінде оқушылардың жалпы техникалық арнаулы, экономикалық, құқықтық білімдері мен біліктері қалыптасуға тиіс және бұның өзі осы бөлімге тиісті пәндерін енгізуді қажетті етеді.
Кәсіптік цикл пәндерін оқуға уақыт көлемі сондай-ақ олардың әрқайсысы бойынша өндірістік және теориялық, кәсіптік және жалпы білімдік оқудың өзара қатынасы алдын-ала жасалынған және өзара келісімді тақырыптық жоспар үлгілері жобалары тұрғысынан белгіленеді.
Кәсіптік цикл пәндерін оқу жиілігін, сондай-ақ бөлінетін курстар бойынша бөлінетін сағаттар санын белгілеу пәнаралық байланысты ескере отырып жүргізіледі.
Оқу үрдісінің жоспарында оқушылардың білімі мен біліктерін бақылау түрлері көрсетіледі: бақылау жұмысының ең керекті аз мөлшері, кезеңдік аттестациялау, емтихандар.
Арнаулы цикл пәндері бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстар саны оқушылардың сол пәнді оқу нәтижесінде олардың ішкі құрылымын, сондай-ақ оқудың уақыт көлемі мен ұзақтығын ескере отырып, меңгеретін білімдері мен біліктеріне қойылатын талаптар тұрғысынан анықталады.
Бақылау жұмыстары пәнді оқуға бөлінген уақыт есебінен жүргізіледі, ол туралы оқу жоспарында түсініктеме жазылады.
Тексеру жұмыстары мен кезеңдік аттестация жыл сайын жүргізіледі және оларды хаттамамен дайындайды.
Өндірістік оқуға енетіндер:
- оқу шеберханаларындағы, оқу алаңындағы, оқу шаруашылығындағы өндірістік оқу;
- кәсіпорындарындағы өндірістік оқу;
- өндірістік практика.
Оқудың бітуімен өткізілетін емтихандар:
- жалпы білімдік пәндер бойынша;
- арнаулы пәндер бойынша;
- біліктілік пәндері бойынша.
Оқу үрдісінің типтік кестесінде курстар бойынша оқу сабақтарының басталуы мен аяқталуы, оқу түрлерінің аяққы түрлері, каникулдар, өндірістік оқулар көрсетіледі.
Типтік кесте құруда төмендегі жағдайларды басшылыққа алу қажет:
- барлық курстарда оқу жылының басталуы, әдеттегідей;
- қыркүйек, бітуі – 30 маусым. Соңғы курста оқудың аяқталуы әрбір кәсіп бойынша оқудың ұзақтығына байланысты. Маусымдық жұмыстармен байланысты сипаттағы кәсіптер бойынша оқу жылының басталуы мен аяқталуы басқа мерзімдерге жылжытылуы мүмкін;
Пән бойынша оқу бағдарламаларды оқытудың барлық түрлері бойынша: күндізгі, кешкі – бірыңғай болып табылады.
Оқу бағдарламалары мынадай тараулардан тұрады: түсініктеме, тақырыптық жоспар үлгісі, пәннің мазмұны, ұсынылатын әдебиеттер, ЭЕТ және аудиовизуалды оқу құралдары.
Түсініктемеде пәннің қызметі, оның жұмысшыларды дайындаудағы орны, оқу жоспарларындағы басқа пәндермен байланысы, пәннің құрылымының негіздемесі қысқа түзіледі. Онда бағдарламаның, әрбір бөлігі үшін түсіндірмелер және пәндерді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар берілуі мүмкін.
Оқу мекемелерінде бағдарламаларға олардың мазмұнына, оқу материалының оқылу желісіне, пәнді оқуға берілетін уақыттың жалпы қоры мөлшерінде тараулар бойынша оқу сағаттарының бөлінуіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Пәннің мазмұны» бөлімі «Кіріспеден» басталады. Онда пәннің жалпы сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттер оқытылатын пәннің меңгерілетін білімдердің жүйесінде алатын орны мен ролі басқа оқу пәндерімен байланысы беріледі.
Оқу материалы мазмұны тиісті білім саласының қазіргі даму деңгейі талаптарына, нақты өндірістің техникалық, технологиялық, ұлттық мәдениетінің қазіргі жайы мен даму болашағына жауап беруге тиіс.
Бағдарламаның тарауларының мазмұны оқушылардың, білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды қамтиды.
Бұл білімді жасауда төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады:
- тараулардың және тақырыптардың рет сандары, олардың атаулары, негізінен, тақырыптық жоспар үрдісіне сәйкес келуі керек;
- мәтіннің ішінде нақты ғылымда бір мағына қабылданылатын түсініктер мен терминдер өлшем бірліктері т.б. көрсеткіштер мемлекеттік стандарттар талабына жауап беруі керек. Шетел сөздері ҚР «Білім туралы» заңына сай белгіленген транкрипцияда беріледі;
- бақылау жұмыстары оқушылардың білімдері мен біліктері деңгейлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, пәннің тарауларын оқу қорытындылары бойынша жоспарланады.
«Ұсынылатын әдебиеттер» бөлімінде оқулықпен, оқу-анықтамалық құралдармен, оқытушылар үшін оқу-әдістемелік әдебиетпен бірге негізге және қосымша әдебиеттер толық көрсетіледі.
«Оқытудың ұсынылатын жеке құралдары» бөлімінде әрбір ұсынылатын оқу құралының атауынан соң, олардың шығарылған жерін, шығарушыларын және жылын көрсетіп отырады.
Өндірістік оқу мазмұны бірыңғай типтік бағдарламамен анықталады.
Оқудың бірыңғай типтік бағдарламасы мынадай тарауларды қамтиды: түсінік хат; оқу мазмұны (практика); практикалық күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар; ұсынылатын басшылықты құжаттар.
Түсінік хатта практиканың мақсаттары мен міндеттері түзіледі, онда кезеңдер бойынша уақыт қорының бөлуі көрсетіледі, практиканы ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен жұмыс орнына талаптар айтылады.
«Өндірістік оқу мазмұны» бөлімінде тақырыптық жоспар үлгісін және оның әрбір кезеңдері мен түрлері беріледі.
«Өндірістік оқудың күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар» бөлімінде оқу нысаналары мен жұмыс орындары ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік оқудың мазмұнын нақтылаудағы қажеттіліктер мен мүмкінділіктер туралы ұсыныстар беріледі, сондай-ақ өндірістік практика өткізудің күнтізбелік мерзімі белгіленеді.
Әдебиеттер тізімінде техника мен технологияның қазіргі кездегі күйі мен болашақ дамуын, адам қызметінің қоғамдық экономикалық, әлеуметтік т.б. салаларының дамуын көрсететін заңдық және басшылықты құжаттар беріледі.
Осы тақырып бойынша лабораториялық, практикалық сабақ ретінде «өндірістік оқыту үрдісін анықтайтын құжаттар» тақырыпшасын өткенде осы айтылған нормативтік құжаттардың жасалу жолдарын оқушылар толық меңгеруі тиіс.
Ал мемлекеттік стандарт құрылымымен толық танысу үшін мына төмендегі мамандықтың стандартымен толық таныстыру қажет, себебі оқушылардың әрқайсысы мемлекеттің стандарт мазмұнына талқылаулар жасауы керек. Белгілі бір мамандықтың кәсіптік мінездемесін түзу үшін, оның құрылымын да білулері тиіс.
«Ауылшаруашылық өндіріс» (фермер) кәсібі бойынша білім стандарты осы кәсіптегі қызметкерлердің кәсіби даярлығының түпкі мақсаты мен аз мазмұнын анықтайды. Оқушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлемін жүйелендіруімен қатар кәсіптік білім сапасының мамандық үлесіне сәйкестігі бақыланады.
Оқушылардың кәсіби әзірлігінің деңгейін және сапасын бағалау кезінде, стандарттағы талаптар негізгі көрсеткіштер болып табылады. Бұл талаптардың орындалуы оқу орындарын бітірушілерге берілетін кәсіптік білім мен атағының берілуі негізі болып есептеледі.
Мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру кәсіптер тізбегі және бастапқы кәсіптік білім беру мамандықтарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы техникалық оқыту циклының мазмұнының Базистік компонентін анықтайтын құжаттар сабақтар бойынша көрсетіледі; сызу, материалтану, электротехника. Олар жеке тараулармен басылып шығады.
Бастапқы кәсіптік білім беру мекемелерінде орта (толық) жалпы білім алушылардың және негізгі жалпы білімі барлардың оқытуын ұйымдастыру кезінде орта (толық) жалпы білім берудің (дайындық бағытын ескере отырып) Мемлекеттің үлгісінің Базистік компонентін анықтайтын қосымша құжаттарды басшылыққа алу қажет.
Кәсіптік іс әрекеттің мазмұнды көрсеткіштері, оның негізгі түрлері мен теориялық негіздерінің кәсіптік мінездемесін көрсетеді.
Кәсіптік және жалпы кәсіптік айналымдар мазмұнының Базистік компоненттер құрылымында оқытылу материалдарының бөліктері пәндер аймағы және оқытылу элементтері, оларды игеру деңгейімен қоса бөлініп көрсетілген.
Стандарттағы оқытылу элементтерінің аталуы нақты іс-әрекеттің мазмұнын көрсетеді, сонымен бірге оқытылу қорытындысында оқу орнын бітіруші оларды толық меңгеруі қажет.
Оқытылу элементтерін меңгеру кезіндегі теориялық және практикалық оқытуды біріктіру, жоспарлы-оқыту құжаттарымен анықталады.
Оқытылу элементтеріне нақтылы меңгеру деңгейлері сәйкес келеді.
Бастапқы кәсіптік білім беру үлгісі төмендегі деңгейлерді қолдану қажеттігін көрсетеді:
1. Деңгей – алдын-ала зерттеген мынадай кәсіптік іс-әрекеттің объектілерін, қасиеттерін, әрекеттерін білу.
2. Деңгей – ойдағы іс-қимылды өз бетінше орындау.
3. Деңгей - өнімді іс-қимыл немесе алдын-ала зерттеген типтік іс-қимыл типтік емес жағдайдағы іс-әрекеттің алғы шарттарын зерттеу.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері» (фермер) мамандығы бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін керекті оқу жоспарлары мен бағдарламалары Қазақстан Республикасының кәсіптік мектептеріндегі оқу жоспарының моделі негізінде (ҚР білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206 бұйрығы) білім беру кәсіптік білім беру, қазақтың білім академиясы институты жасаған мамандықтар бойынша жоспарлы құжаттамалар үлгілері мен бастапқы кәсіптік білім беру үлгісінің аймақтық компоненттері құжаттары негізінде жасалады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Мөлшерлі бағыттау. Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңы.
3. Қазақстан Республикасының «Тұрғындардың бос болмауы» туралы заңы.
4. Кәсіптердің тізім саны, кәсіптік білім беру және оларды мамандандыру.
5. Қазақстан Республикасы заңдылықтарының актісіндегі білім беру жүйесінде өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының президентінің 27 қаңтар 1996 ж. үкімі.
6. ҚР білім министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206-ы «ҚР Кәсіптік-техникалық мектептерді жаңаша модельдеу, олар үшін оқу жоспарының құжаттарын және жұмысшылардың, мамандардың квалификациясын қайта қарау» туралы бұйрығы.
ІІІ. Стандарттың мақсаты мен міндеті.
Еңбек рыногының талаптарына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес құрамдардың білім беру қызметіне деген мақсаттары мен талаптары «Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) мамандығын сапалы кәсіптік білім беруді мемлекет талапынан қамтамасыз ету.
Оқытылу қорытындысына қойылатын талаптар (Кәсіптік мінездемеде көрсетілген іс-әрекеттің мазмұнды көрсеткіштері, оқу элементтері және олардың меңгерілу деңгейлері) білім беру мекемелерін аттестациялау және мамандықтар бойынша бітірушілердің дайындық сапасын бағалау кезіндегі тексеру, бұлар негізгі көрсеткіштер болып есептеледі. Осы талаптардың орындалуы бітірушілерге білім беру деңгейі жөніндегі мемлекеттік үлгідегі құжаттарды тапсыру негізі болып табылады.
Осы үлгі ведомство аралық сипатқа, құқықтық сатуына қарамастан кәсіптік даярлықтың барлық түрлеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға таралады, ҚР-ның барлық аймағында заңдылық күші бар.
Кәсіптік мінездеме.
1. Кәсіп: «Ауылшаруашылық өндірісі шебері (фермер)».
Мамандықтар:
Кең профилді тракторист-машинист;
Автокөлік жүргізушісі;
Жөндеуші-слесарь;
Малшаруашылық мастері.
Мамандықтар кең көлемді тракторист-машинистер, автотасымалдаушы құралдарының жүргізушісі, жөндеуші-слесары, малшаруашылығы шебері.
2. Кәсіп қызметі.
Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) жекелеген немесе фондылық негізде құрылған жеке фермерлік (шаруа) шаруашылығының иесі немесе арендаторы болып табылады. Бұл мамандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, ұқсату, сату жөніндегі бірнеше жұмысшы кәсіптерін (мамандықтарын) игеретін кең көлемді жұмыстарды атқаратын мамандық.
Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінде фермер кәсібін атақтың 4-ші сатысына жатқызады. Орта (толық) кәсіптік білім алу үшін қажетті жалпы білім деңгейі – бастапқы кәсіптік білім алумен шектеледі.
Кәсіп шеберіндегі мамандықтар бойынша жұмыстарды тарификациялау жүйесі және еңбек органдарының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес бастапқы білім беру мекемелерде жүргізіледі.
Ауылшаруашылығы өндіріс шебері білімін жетілдіру.
- Кадрлердің білімін жетілдіру жүйесіндегі салалық оқу орындарында, ғылым зерттеу конститутының арнаулы құжаттарында және экономикалық кәсіптік білім берудің тереңдетілген, кеңейтілген бастапқы білім беру мекемелерінде.
- Кәсіптік іс-әрекет саласында өте жоғары дәрежедегі білім алу үшін жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.
Кәсіптік істің түрлері |
Оқыту негізі болатын білім және біліктілігі |
1 |
2 |
4.1. Жалпы кәсіптік құралдар. | |
Іс адамдарымен келісім шартты сауатты заңды тұрғыда дайындау |
Шаруашылықты құқықты негізде құру; Құқықтық иемділік, заңды істердің түрлері мен типтері. Келісім шартқа отыру түрлері мен тәртібі. Биржалық істер мен келісім шарт жасау тәртібі. Есепті нешелік қатынастар.
|
Ауылшаруашылығы өнімдерінің сұранысын зерттеу және тұтұнушылар сұрауын болжау. |
Нарықтық қатынастардың негіздері, нарықтың мәні оның түрлері мен зерттеу әдістері. |
Ауылшаруашылығы өнімдерін сатудан түскен табыс пен сатып алуға кеткен шығындарды анықтау. |
Қаржылық іс-әрекеттің негіздері. Салық жүйесі. Шаруашылық іс-әрекеттің есебі және талдау, қаржы құжаттарын толтырудың түрлері мен тәртібі, банктық операциялар. |
Фермерлік (қожалық) шаруашылығын ұйымдастыру әрекетін қамтамасыз ету. |
Шаруаны жүргізу негіздері: шаруашылықты құру және мамандандыру; алаңы ұйымдастыру; істі жоспарлау. |
Өндіріс құрылымын таңдау, ауылшаруашылық техникаларына, құрал-жабдықтарына және басқа да ресурстарға қажеттілікті анықтау, оларды алудың көздерін іздестіру, өндіріс құралдарын алу, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және ұқсату бойынша шаруашылық жүргізудің басқару және іске асыру функцияларын қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау және табиғатты қорғау талаптарын сақтай отырып өндірістік провестерді жүргізу. |
Еңбек ресурстары, өндіріс құралы және оларды қолдану; материалдық ресурстар. Еңбек қауіпсіздігін талап ету. |
4.2. Арнайы көрсеткіштер. |
|
Ауылшаруашылық дақылдарын егу және жинау жұмыстарын орындау. Егін шаруашылығы өнімдердің сақау және ұқсату жұмыстарын орындау. |
Агрономия негіздеріне сәйкес егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және ұқсату техникасын ұйымдастыру. |
Ауылшаруашылығы техникалары мен автокөліктерді, тракторларды басқару. |
Ауылшаруашылық машиналарын және автокөліктерін, тракторларын құрастыру және оларға техникалық көмек көрсету. |
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жұмыстарды атқару; Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қайта өңдеу; Мал шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және пайдалану. Ауыл шаруашылығы техникалары мен автокөлік құралдарын жөндеу. |
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы. Мал шаруашылығының машиналары мен құрал-жабдықары. Жөндеу технологиясы, қажалу түрлері, қосалқы бөлшектерді қайта игеру әдістері, ауыл шаруашылығы техникасының негізгі ақаулары.
|
4.3. Спецификалық талаптар жұмысқа 18 жастан асқандар қабылданды. Медициналық жіктеулер Қазақстан Республикасының білім мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен тізбелер тәртібінен жүктендірген. |
|
Оқу элементтері және оларды меңгеру деңгейлері. |
5.1. 5.1.1.
|
Кең көлемдегі тракторист-машинист кәсібінің кәсіпкершілік блоктары. Тракторлар және автокөліктердің жалпы құрылысы мен түрлері. Автокөліктер мен комбайындардың, тракторлардың двигательдері; іс-қимылының принциптері, құрылысы, жұмысы, ақаулары, регулировкасы, еңбек қауіпсіздігі. Автокөліктер мен тракторлардың шосси іс-қимылының принциптері, құрылысы, жұмысы, ақаулары, реттеушісі, еңбек қауіпсіздігі. Трансмиссия, жүру тесіктері басқару механизмі. Аутокөліктер мен тракторлардың тіркемелері, жүк автокөліктері; құрылысын пайдалану
|
5.1.2. |
Ауыл шаруашылығы машиналары. Ауыл шаруашылығы машиналары; түрлері, агротехникалық талаптар, құрылысы, жұмысы, реттеуіштері, жұмысқа дайындау, еңбек қауіпсіздігі. Топырақты өңдеу машиналары. Дәнді және азықтың даналарды себу машиналары. Дәнді және азықтық дақылдарды күтіп баптау үшін қажетті машиналар. Тыңайтқыштарды дайындау және өндіру машиналары. Өсімдіктерді химиялық қорғау машиналары. Суғару машиналары. Дәнді және азықтық дақылдарды жинап алу үшін қажетті машиналар. Өнімдерді жинап алғаннан кейінгі өңдеу машиналары.
|
5.1.3. |
Егін шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Агрономия негіздері. Өсімдіктердің өмір сүру және құрылысы. Топырақ және оның құнарлығы. Тыңайтқыштар, топырақты ылғадан дәру. Тұқым себу және отырғызу. Егістікті күтіп-баптау. Арам шөптер. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестері. Жерді игеру жүйелері. Талаптар. Механикаландырылған жұмыстары ұйымдастыру және оның технологиясы. Энергетикалық құралдар. Машиналытрактор (агрегаторының) қондырғыштарының түрлері. Пайдалану көрсеткіштері жинақтау. Жұмыс көрсеткіштері. Қондырғылар қозғалысының түрлері. Топырақты өңдеу. Дәнді және азықтың дақылдарды орналастыру. Дақылдарды күтіп-баптау. Суғару. Дән және азықтың дақылдарды жинау. Өнімдерді жинап алғаннан кейінгі өңдеу. Еңбек қауіпсіздігі. Машиналарды өңдеу және техникалық қызмет көрсету. Ауыл шаруашылығы машиналарына, автокөліктеріне, тракторларына және мал шаруашылығы фермаларының машиналары мен құрал-жабдықтары техникалық қызмет көрсету. Құралдар, ұйымдастыру; Машиналарға техника лық қызмет көрсету түрлері. Машиналарды диагностикалау. Ауыл шаруашылығы техникаларын сақтауға қою. Еңбек қауіпсіздігі. Ауыл шаруашылығы машиналарын және тракторлар мен автокөліктерді жөндеу. Қосшы бөлшектер мен типтік қосындыларды жөндеу. Двигательдерді жөндеу. Басқару механизмдердің, тежелгіштерді, сцепленидерді, рессорлары мен аммартизацияларды жөндеу. Автокөліктер мен тракторлардың доңғалақтардың жөндеу. Мал шаруашылығы фермаларының машиналары мен құрал-жабдықтарын жөндеу. Еңбек қауіпсіздігі.
|
5.2. |
Арнайы малшаруашылық блогінің шебері. |
5.2.1. |
Мал шаруашылығы шеберінің арнайы жинағы. Мал шаруашылығы машиналары мен құрал-жабдықтары; түрлері, агрозоотехникалық талаптар, назначение, құрылысы, жұмысы, регулировкасы, еңбек қауіпсіздігі. Мал азығын әзірлеу мен таратуды механикаландыру. Мал шаруашылығы фермалары мен жабдықтарды суландыруды механиказациялау. Көлді жинастыру және тасып әкету жұмыстарын механиказациялау. Ауыл шаруашылығы малдарын сауды механикаландыру. Бастапқы өңдеуді механикаландандыру. Мал шаруашылығы баспаларының ішкі жағдайы мен ауасын қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті жабдықтар. Ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізу машиналары мен құрал-жабдықтары. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. |
5.2.2. |
Ауыл шаруашылығы малдары. Олардың түрлері мен өнімдері. Ауыл шаруашылығы жолдарын көбейту негіздері. Өсу және шығу тегі. Малдарын интерьері мен экстерьері, конституциясы. Мал азығы. Мал азығы түрлері. Мал азығы базасы. Жайылымдықтар мен шабындықтар. Мал азықтардың консервілеу. Азық беру нормасы. Малдарды азықтандыру. Еңбек қауіпсіздігі. |
5.2.3. |
Малдарды ұстау технологиясы. Мал шаруашылығы құрылыстарының негізгі технологиялық талаптары. Мал шаруашылығы баспаларының технологиялық құрал-жабдықтары. Малдарды ұстауға және баспаларға қойылатын зоотехникалық талаптар. Малдарды күтіп баптау. Мал шаруашылығы фермаларындағы ветеренарлық-санитарлық алдын-алу және зоогигиеналық негіздері. Еңбек қауіпсізді. Ірі қара малдарының жас бұзауларын өсіру. Бөлімге азық әзірлеу, жаңа туған малдарды қабылдау. Бұзауларды азықтандыру және суару. Жас бұзауларды азықтандыру және ұстау. Сауудың физиологиялық негіздері. Сауудық ережесі мен түрлері. Малдардың желі ауруының алдын-алу. Сауу сапасын бақылау орнату. Еңбек қауіпсіздігі.
|
5.3. |
Фермердің арнаулы блогі. |
5.3.1. |
Фермердің (шаруа) шаруашылығының ұйымдастыру және экономикалық негіздері. Шаруашылықтар іс-қимылының және оларды құрудың құқықтық негіздері. Жекеменшік құқы. Заңдылық іс-әрекетінің түрлері мен типтері. Келісім шарттарға отырудың тәртібі және түрлері. Биржалық істер және оларды жасау тәртібі. Есептік несиелі қанымалдар. Нарықтық қатынастар негіздері. Нарық мазмұны, оның түрлері мен зерттеу әдістері. Баға және баға құрылымы.
|
5.3.2. |
Қаржылық іс-әрекетінің негіздері. Салық жүйесі. Шаруашылық іс-әрекетінің есебі және талдау. Қаржы құжаттарының толтырудың тәртібі мен түрлері. Банкалық операциялар. |
5.3.3. |
Шаруашылық жүргізудің негіздері. Шаруашылық жүргізудің бағыты және мамандығы. Мал шаруашылғы фермаларының егіс көлемдерінің құрылымы мен мал басының негіздері. Техника-экономикалық талдаулардың негізделуі. Өндіріс құралдары мен еңбек қорлары, олардың пайдаланылуы. Материалдық-техникалық жолынан қамтамасыз ету. Еңбек қауіпсіздігінің талаптары. |
5.3.4. |
Егін шаруашылығы. Тізім көлемінің анализін алу. Туынның егілу және сорттық сапасын анықтау әдістері. Дәндік және азықтық дақылдардың агротехникасымен биологиясы. Дақылдардың шаруашылық мәні, азықтық, мал азығындық және техникалық бағасы. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Дақылдардың топыраққа, ылғалдылыққа жылуға, жарыққа, жұғылымдылық қасиеттері талаптары. Кейінгілер. Топырақты өңдеу жүйелері. Өнімді жоспарлау. Тұқымды себуге әзірлеу. Жұмыстарды анықтау. Өсіру агротехникасы. Өнімдердің биологиялық шығымдылығы мен шығымын анықтау.
|
5.3.5. |
Мал шаруашылығы. Ірі қара малдардың анатомиялық және физикалық негіздері. Өсіп-өну, тыныс алу, ас қорыту, бөліну, қозғалу органдары. Жүрек-қан тамырлары және нерв жүйелері. Ішкі органдар. Ірі қара малдардың зоотехникалық негіздері. Малдардың шаруашылық – биологиялық ерекшеліктері. Өнімділігі мен түрлері. Малдарды азықтандыру және ұстау. Жас бұзауларды, ұстау, өсіру. Малдарды сырғалау (емсалу) |
5.3.6. |
Ветеринария негіздері. Мал басын сақтаудың және олардың өнімділігін арттырудың алдын-алу және емдеу шаралары. Дәрі-дәрмектер және олардың қолданылуы. Негізгі жұқпалы емес аурулар. Ветеринариялық хирургия негіздері. Құралдарды стирилизациялау, таңатын және тігетін материалдар. Негізгі антисептикалық дәрігер. Суық тию және іріңдеу процесстерді кезіндегі емдеу шаралары. Қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру. Малдарды санитарлық өңдеу және бастамаларын залалсыздандыру. Диагностикалық, епидік және алдын-алу түрі. Ветеринарлық заңдылықтармен ветеринарлық-санитарлық ережелер негіздері.
|
5.3.7. |
Малды сатып алу және шикізаттарды дайындау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау. Малдарды және малдардың шығатын азық-түлік өнімдерімен шикізаттарды саптау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық талаптар базалардағы ветеринарлық-санитарлық бақылау. |
5.3.8. |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату. Егін шаруашылық өнімдерін сақтау. Егін шаруашылық өнімдерін ұқсату. Ассортименттер, шикізаттар және материалдар; Технологиялық процесс. Технологиялық құрал жабдықтардың қолданылуы, құрылысы, жұмыс принциптері. Өнім сапасын бақылау. Еңбек қауіпсіздігі. |
5.3.9. |
Мал шаруашылығы өнімдерін ұқсату. Ассортменттер, шикізаттар және материалдар. Технологиялық құрал-жабдықтардың қолданылуы, құрылысы, жұмыс принциптері. Өнім сапасын бақылау. Еңбек қауіпсіздігі.
|
17 12 2014
11 стр.
25 12 2014
9 стр.
А. К. Карибаеваның Университеттің профессор-оқытушы құрамының штаттық кестесіне «оқытушы-стажер» лауазымын енгізу туралы баяндауы бойынша
25 12 2014
1 стр.
Мобильді факторлар арқылы өзара байланысқан әлем елдерінің ұлттық экономикасының жиынтығы
23 09 2014
3 стр.
Ш., доцент Сүйіндіков Ж. С. және оқытушы Мусатаева А. А. 050902 «Туризм» мамандығын дайындау бағытындағы жұмыс «Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» пәнінің типтік оқу б
14 10 2014
4 стр.
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әзірлеген және енгізген
14 12 2014
80 стр.
25 12 2014
1 стр.
07 10 2014
1 стр.