Маңғыстау облысының «Балаларға көктем шуағын сыйла» қайырымдылық акциясының қорытынды мәліметі
Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің 2013жылғы жұмыс жоспарының 2.21 тармағына сәйкес, облыс бойынша «Балаларға көктем шуағын сыйла» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты облыстың барлық жалпы білім беру ұйымдарында психологтардың ұйымдастыруымен «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты еріктілер бастамасының қайырымдылық акцияның мектепішілік арнайы жоспары жасақталып, бірнеше іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ:
2013 жылдың 15 сәуірінде мектеп оқушылары және ата-аналардың қатысуымен «Балаларға көктем шуағын сыйла» қайырымдылық акцияның ашылу салтанаты болды. Аталған кезесуге ата-аналар комитенің төрағалары балаларға болашаққа деген көзқарасы туралы өз тілектерін айтып және ардагер ұстаздарының тілектерін тыңдады. Сонымен қатар оқушылар «Балаларға арналады» тақырыбына өлең жолдарын арнады.
2013 жылдың 16 сәуірінде «Бала өмірдің гүлі» тақырыбында бастауыш мектептерінде тәлім сәті, орта мектептерде жиындар өткізілді. Бұл шараға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мектеп психологтары, медбикелер және мектеп оқушылары толық қатысты. Тәлім сәтінде «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының мүшелері баяндамалар оқып, алғыс-тілектерді ұстаздарға, оқушыларға арнады. Жиындарда «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының Ұланбастары мектеп оқушыларына «Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі еліміздің тірегі» тақырыбында баяндамалар оқыды. Ұстаздар акция барысында оқушыларына үлкен сенім артатынын, үміт күтіп биік белестерден көрінуіне тілек тіледі.
17 сәуірде мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары «Біз бақытты баламыз» тақырыбында концерттік бағдарлама, «Қасыңда жүр жақсы адам» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл шараларға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар және оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар мектептер ұжымы «Қол ұшыңды бер!» атты үндеумен әлеуметтік көмекке мұқтаж және қиын жағдайға тап болған балалар үшін ақшалай және киім кешектермен қамтамасыз етті.


18 сәуір мектеп психологтарының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының 1-4 сынып аралығында «Бала біздің болашағымыз» сурет көрмесі өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің көзқарасым» тақырыбында тренингтер ұйымдастырылды. Оқушылар тренингке белсене қатысып, өз пікірлерін айтып, ойын ортаға салып ой бөлісті.



19 сәуір жалпы оқыту штабының мүшелері мен сынып жетекшілері оқушылар арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын анықтау жұмыстары жүргізіліп, анықталғаг жеке басты әке (Көп балалы әке, анасы қайтыс болған ) тәрбиесіндегі оқушыларды мектеп асханасының мердігерлері өз қаражатынан ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Мен бақытты баламын» тақырыбында шығарма бйқауын өтткізді. «Балалар әлеміне саяхат» тақырыбында оқушылар қаладағы сауда орталықтарына, кинотеатрларға және кітапханаларға саяхат жасады.
Сонымен қатар барлық балабақшаларда 8-12.04.2013 жылы аралығында «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты еріктілер бастамасының облыстық қайырымдылық апталығының жоспары жасақталып апталық өткізілді. Мысалы:
-
«Көрікті көктем келді» сурет байқауы;
-
«Көктем нақыштары» және «Мен елімнің ертеңімін» атты мәнерлеп оқу сайысы;
-
«Гүл өссе-жердің көркі» тақырыбында әр топ өз алаңдарында гүл отырғызды;
-
«Көктем келді алақай!» ертеңгілігінде тәрбиеленушілер көктем туралы жұмбақтар шешіп, өлеңдер, тақпақтар, ән айтып мерекелік көңіл күйде болды;
-
«Ғажайып көктем көріністері» тақырыбында қолдан жасалағн бұйымдар көрмесі;
-
«Шақырады көктем» атты концерттік бағдарламада апталық қорытындыланып, балалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Апталыққа ата-аналар да белсенді қатысты. Жоғарыда айтылған жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.


