Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚМҚТ №145 «БАЛАПАН» балабақшасы

Қоршаған орта пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: «КӨКТЕМ КЕЛБЕТІ»

3 ересектер тобы

Дайындаған: Жалбирова Б.Ж.

Тексерген: Жакулова С.С.


Қарағанды – 2012ж.

10 «Ботақан» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Көктем келбеті

Мақсаты:

Білімділік: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қос тілдік: көктем-весна, табиғат-природа

Көрнекті құралдар: Көктем мезгілінің суреті, субояу, қылқалам, ақ қағаз, сүткіш.

Өткізген тірбиеші: Жалбирова Б.Ж. 12.03.2012ж.

Сөздік жұмыс: табиғат, бүршік жарды.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Балалар бүгін күн қандай тамаша, күн жылынды, көңіл күйіміз жақсы, күн бізге жылуын төгіп тұр. Күніміз жақсы өтуі үшін бәріміз бірге мына өлең шумағын айтайық.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн, кайырлы күн!

Тамаша


Балалар шеңберге тұрып өлең шумағын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Балалар бүгін аптаның нешінші күні?

Аптаның 4-ші күні – бейсенбі.

Бейсенбі күні бізде қандай оқу іс-әрекеті?

Қоршаған ортамен танысу.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі.

Балалар мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексергім келіп тұр. Менің қолымда сиқырлы сурет бар, бірақ ол 4 бөлікке бөлінген, суреттердің артқы бөлігінде сұрақтар берілген, кім дұрыс жауап берсе, суретіміз құрастырылады.


  1. Көктем мезгілінде неше ай бар? Атап беріңдер? Қазір қандай ай?

Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Қазір сәуір айы.

  1. Көктемде қандай жұмыстар жасалады?

Көктемде ауланы, көшелерді тазартады, ағаштардың түбінің топырағын қопсытады, ағаштарды әктейді, құстарға ұя жасайды, ағаштар егеді.

  1. Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Көктемде тырналар, қарлығаштар, қарғалар, сары шымшықтар ұшып келеді.

  1. Көктем мен қыстың қандай айырмашылықтары бар?

Қыста қар жауса, көктемде қар ериді, қыста аяз болса, көктемде аяз болмайды, қыста ағаштарды қырау басады, көктемде ағаштар бүршік атады, қыста қар қатады, көктемде қар ериді.

  1. Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

Көктемде ағаштар бүршік атады, жапырақ жаяды.

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Қараңдаршы суретте не бейнеленген?

Балалардың жауаптары: Табиғат бейнеленген.

Табиғаттың қай мезгілі бейнеленген?

Көктем мезгілі бейнеленген.

Балалар осы суретімізге ат қояйықшы, қандай ат қойғыларың келеді?

Мысалы, менің «Табиғат - Ана», «Шуақты көктем», «Көктем келді» дегім келім тұр. Осы аттардың қайсы ұнайды?

Балалардың жауаптары: «Табиғат - Ана» деп атайды.

Балалар ендеше өздерің айтқандай мен сендерге «Табиғат – Ана» туралы ертегі оқып берейін.

Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат – Ана бір күні ұлдарын шықырып алып:

Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді.

Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, Аналардың бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, бұның сыры неде? – дегенде

Табиғат – Ана:

Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.
Табиғат – Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?

Табиғат –Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек?

Балалар табиғат пен адам бір-бірімен байланысты, адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ. Бізді қоршаған ортаның бәрі табиғат.

Балалар ойын ойнап серігіп алайық.

Ойын: «Жер, су, ауа».

Шарты: Балалар дөңгеленіп тұрады да бастауыш ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез келгеніне допты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген үш сөздің біреуін айтады.

Егер бастауыш «Жер» десе, допты қағып алған бала бір үй жануарын немесе жабайы аңның аты аталады. «Ауа» дегенде бір құс айтылуы тиіс. Ал «Су» дегенде суда жүзетін құстың, көліктің аты аталуы тиіс, орындарын айнала бірнеше дүркі тез-тез секіру керек.

Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралып отырады. Жайбасар, олақ, сасқалақ балалар ойын шартын бұзған заматта-ақ ойыннан шығарылады.

Балалар бәріңде өте алғыр, жылдам екенсіңдер.

Есік қағып суретші кіріп келеді. Балалар сәлеметсіңдер ме?!

Мен балабақшаны аралап балалардың көктем туралы білімдерін тексерейін деп, аяқталмаған суретімді алып келдім маған көмектесесіңдер ме?

Иә, көмектесеміз.

Олай болса, мен сендерге қайта айналып соғамын, әлі балабақшаларға барып балалардың өнерлерін тамашалаймын.

(қағазды көрсетіп тастап, тәрбиешіге ұсынып шығып кетеді)

Балалар енді суретшінің жұмысына көмектесіп, жұмысымызды бастайық.

Суретші кіріп балалар, менің тапсырмамды орындадыңдар ма? Ой қандай тамаша өнерлі екенсіңдер. Бұл суретті сендерге тарту етемін. Рахмет көмектеріңе,қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалардың суретін талдап, мадақтау сөздер айтылады. Балалар салған суреттерін көрмеге қояды. Балалар көктем мезгілін өте жақсы бейнеледіңдер, көктем туралы, сәуір туралы кім қандай мақалдар, халық болжамдарын біледі?

Балалардың жауабы:

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көк дүркірер.

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

Егінші мәрт, жер жомарт.

Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

Бозторғай ән салса – күн ашық.

Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса дауыл немесе боран болады.

Көктемде күн көп күркіресе егін, шөп мол болып шығады.

Құмырсқалар илеуінің аузын бекітіп алса ұзақ жаңбыр болады.



Балалар аптаның 4-ші күні, көктем мезгілі екенін айтты.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып суретті құрастырады.

Суретке «Табиғат-Ана» деп ат қояды.

Балалар мұқият ертегіні тыңдайды.

Жер-Ана бізді азықпен қамтамасыз етеді, сусыз тіршілік жоқ. Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.

Балалар қызығушылықпен ойын ойнайды.

Балалар «жер», «су», «ауа» дегенде тиісті жауаптарын айтады.

Балалар суретшіні қарсы алып, көмектесетіндерін айтады.





Рефлексиялық-түзетушілік

Бүгін қандай іс-әрекет болды?

Балалар біз қандай сурет құрастырдық?

Суретке қандай ат қойдық?

Қандай ертегі оқылды?

Ертегі не жайлы айтылды?

Қандай ойын ойнадық?

Қонаққа бізге кім келді?

Суретші қандай тапсырма берді, не салдыңдар?

Суретші сендерге не сыйлады?

Бүгін бәріңде өте жақсы қатыстыңдар, суретті де өте әдемі салдыңдар.



Балалар сұрақтарға толық жауап береді.


Күтілетін нәтижелер:

Нені білді: Құрастырған суреттерінде табиғат бейнеленгенін білді.

Нені меңгерді: Ертегіні мұқият тыңдап, табиғат-ананың адамдарға қандай игілікті істер істегенін, табиғат-ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеу керектігін меңгерді.

Нені жасай алады: Суретшінің аяқталмаған көктем туралы суретін аяқтап салып берді.

Қоршаған орта пәнінен ашық сабақ Тақырыбы: «КӨктем келбеті» №3 ересектер тобы

Білімділік: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту

76.81kb.

17 12 2014
1 стр.


Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы:Үш арыстың үлгілері

Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі : Елғондиева Сайран

34.69kb.

14 10 2014
1 стр.


Ашық сабақ 3-сынып Сабақтың тақырыбы

ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы

44.47kb.

08 10 2014
1 стр.


Айналамен таныстыру кіріктірілген сабақ. Ашық сабақ. Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыста

56.82kb.

15 10 2014
1 стр.


А. К. Абугалиева -Қарқаралы аудандық білімді дамыту

Б: Сапарғалидің «Бала Шоқан» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары «Пәндер бойынша сабақтардың жұмысы» номинациясына жіберіліп отыр. Сабақ барысына 12 ұстаз қатысып, №16 орта мектеп ұжы

52.55kb.

17 12 2014
1 стр.


11 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі Ашық сабақ Тақырыбы: Сын есім

Білімділік: сын есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу

55.04kb.

14 10 2014
1 стр.


9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған «География» пәнінен тест сұрақтары

Шығыс-Еуропа жазығының Қазақстан бөлігіндегі қоршаған орта ластануының негізгі көзі

179.26kb.

17 12 2014
1 стр.


Пән: Дүниежүзі тарихы 8 -сынып Күні: 12. 12 Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ көрнекілігі: : Дүние жүзі саяси картасы, тірек сызбалар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты тү

27.73kb.

25 12 2014
1 стр.