№
11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Сын есім
363-368-жаттығулар.
Бастауыш сынып мұғалімі: Досжанова Р.
Арыс қаласы
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. 363-368 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: сын есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
-
Дамытушылық: ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылыққа баулу.
-
Тәрбиелік: кішіпейілділікке, адамгершілікке, жылдам ойлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, тірек сызбалар, суреттер, танымдық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сұрақ, жұмбақ, ребустың,
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің
Жақсы оқушы боламыз.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.
- Қазір қай сабақ?
- Қазір қазақ тілі сабағы.
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айларын ата.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
ІІ. Өткенді қайталау.
-
Етістік дегеніміз не?
-
Негізгі, туынды етістік дегеніміз не?
-
Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгін сөз табының бір түрі сын есіммен яғни заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімен танысамыз.
- Мынау не?
- Түрі қандай?
- Көлемі қандай?
- Дәмі қандай?
- Иісі қандай?
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
Яғни біз бір заттың сындық ерекшіліктерін атадық.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Топтастыру стратегиясы.
ІҮ. Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
363-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мың құбылды қырдағы
Әннің әсем ырғағы –
Күміс қанат бозторғай
Күнді мақтап жырлады.
Әнші аспанда қалқып тұр,
Әуеледі шалқып жыр.
Жусанды кең даланың
Жұпар иісі аңқып тұр.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөз табы екенін айт.
364-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жаз.
... мақта, ... алма, ... айран, ... дала, ... тау, ... көл.
Керекті сөздер: қою, кең, терең, ақ, тәтті, биік.
Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздерді білесің?
Заттың
Түсі Дәмі
Сергіту сәті.
365-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Мақалдың мағынасын түсіндір.
366-жаттығу. Бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз.
топырақ
Құрғақ жер
сөз
Тәтті
Жақсы
Қоңыр
367-жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.
жылы
кең
биік үй
аласа
әдемі
сиыр
көйлек
тамақ
V. Ойын.
Сәйкестендіру.
ҮІ. Танымдық тапсырма.
Сурет бойынша қандай? деген сұраққа жауап жаз.
Бағыттаманың көмегімен өзара байланысты сын есім мен зат есім болатын сөзді тап.
ақ су
суық мата
тегіс алма
дәмді жер
жасыл аспан
көк жапырақ
Қорытынды.
Сыныпты 2 топқа бөлу.
І топтың сұрақтары.
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Наурыз сөзінде неше дыбыс бар?
-
Сенің дәптерің нешінші жақта айтылып тұр?
-
Күн жылынды. Қандай сөйлем?
-
Шеге сөзінен туынды сөз жаса.
-
Жасыл сөзіне дыбыстық талдау жаса.
-
Болымды етістікке мысал келтір?
ІІ топтың сұрақтары.
-
Етістік дегеніміз не?
-
Мамыр сөзінде неше дыбыс бар?
-
Біздің дәптеріміз нешінші жақта айтылып тұр?
-
Арала сөзінің түбірін тап?
-
Күн жылынды ма? Қандай сөйлем?
-
Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?
-
Болымсыз етістікке мысал келтір.
Венн диаграммасы.
Сын есім Зат есім
Үйге тапсырма. 368-жаттығу.
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау.