Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2011 жылғы жұмысына талдау

Облыстың білім беру жүйесін 2011 жылы дамыту басты стратегиялық мақсатқа- облыстағы білім берудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның қолжетімділігін кеңейту, сапасы мен тиімділігін арттыру, облыстың білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға сәйкес жүргізілді.

Облыстың білім беру жүйесін дамытудың басты басымдықтарының бірі сапалы білімге қолжетімділік болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қатарына: мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары желісінің дамуының оң динамикасы және вариативтілігі, білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базаның сәйкестігі, оқушылардың оқу мен тәрбиеде қол жеткізген жетістіктерінің деңгейі жатады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) облыстағы білім беру жүйесін дамытудың стратегиясын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

Маңғыстау облысында 2011-2012 оқу жылында 138 жалпы білім беру ұйымы жұмыс жасауда, ондағы оқушы саны - 95604, оның ішінде:


  • күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер - 122, ондағы оқушы саны 93338;

  • кешкі мектеп - 5, ондағы оқушы саны 1364;

  • жекеменшік мектеп - 5, оқушы саны  - 492;

  • арнайы білім беру ұйымы - 6, оқушы саны - 1377.

Жаңа оқу жылында Жаңаөзен қаласында 1200 орындық және Мұнайлы ауданында 640 орындық орта мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Республикалық бюджеттен Мұнайлы ауданы Батыр селосында 960 орындық орта мектеп пен Қарақия ауданы Жетібай поселкесінде 200 орындық жатақханасымен 624 орындық орта мектептің құрылыстары басталды.

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп - интернат 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесі

Маңғыстау облысының әкімдігінің 2010 жылғы 25 маусымындағы №248 қаулысымен қабылданған «Маңғыстау облысы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары» бойынша жұмыстар жүргізіліп, 2011 жылдың ішінде мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту жұмыстары жалғасын тапты.

«Балапан» бағдарламасының аясында 2011 жылғы Маңғыстау облысында барлығы 3280 орындық 33 мектепке дейінгі ұйым (әрі қарай МДҰ) пайдалануға берілді:


  • құрылыс салу есебінен 1380 орындық 6 балабақша;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың бұрын жекешеленген ғимараттарын қайтару есебінен 980 орындық 5 балабақша ашылды;

  • мектеп жанынан 225 орындық 7 шағын-орталық;

  • 695 орындық 15 мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар ашылды ашылды.

Маңғыстау облысында 158 мектепке дейінгі ұйым (әрі қарай – МДҰ) жұмыс жасайды, онда 22442 бала қамтылды, 1-6 жастағы балаларды қамту -36,4% (2010ж.- 30,1%), 3-6 жастағы балаларды қамту 60,7%-ды (2010ж.-55,4%) құрайды.

Қазіргі таңда облыста 2110 баланы қамтитын 33 жекеменшік МДҰ жұмыс жасайды.

«Балапан» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Бейнеу аудандық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 1859 педагог жұмыс жасайды, оның 41,3% жоғары білімді, 25,6% жоғары және І санатты педагогтар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашасындағы №1762 «Балаларды мектепке дейінгі міндетті түрде дайындау» қаулысына сәйкес балабақшалар мен мектептерде 5-6 жастағы балалармен мектепалды даярлық топтары жұмыс жасайды. Облыс бойынша 83 балабақшада 164 даярлық тобы бар, ондағы бала саны – 4572, оларда 282 тәрбиеші-педагог білім береді. 15 шағын орталықта 15 даярлық тобы бар, ондағы бала саны – 320, тәрбиеші саны 22. Мектепалды даярлық сыныптары бар мектеп саны – 106, ондағы сынып саны – 350, оқушы саны 7269, ондағы педагог саны – 352. Барлығы 12161 бала мектепалды даярлықпен қамтылып, қамту пайызы 83,5% болды.

Облыс бойынша 3 балабақша коррекциялық бағытта жұмыс жасайды. №1,4,5 арнайы (түзету) мектеп-балабақша кешендерінде балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қорғау жұмысы басты назарда ұсталып келеді. Балабақшалар арнайы спорт залдарымен, арнайы спорттық құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Облыста 8 балабақшада өкпе ауруынан сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 25708 бала балабақшадан орын алуға кезекте тұр.



2012 жылдың қаңтар айына облыста 22442 баланы қамтитын 158 МДҰ жұмыс жасайды:

МДҰ саны

ондағы бала саны

мемлекеттік балабақша саны

ондағы бала саны

мемлекеттік шағын орталық саны

ондағы бала саны

жекеменшік МДҰ саны

ондағы бала саны

158

22442

95

19159

30

1164

33

2110

3-6 жастағы балаларды жалпы оқу және тәрбиемен (мектепке дейінгі ұйымдар, даярлық, бастауыш сыныптарды қосқанда) қамту:

№ р/р

Аудан қала

3-6 ж. бала саны


Оқу және тәрбиемен қамтылуы 3-6 ж.

оның ішінде

3-6 ж. қамту%

МДҰ

Мектеп алды даярлықта

Бастауыш сыныпта

1

Ақтау қаласы

12866

12287

9610

1100

1577

95,5

2

Жаңаөзен қаласы

11451

7975

3603

2187

2185

69,6

3

Бейнеу ауданы

5037

4214

2043

1188

983

83,7

4

Карақия ауданы

3146

2781

1457

752

572

88,4

5

Маңғыстау ауданы

3035

2112

942

673

497

69,6

6

Мұнайлы ауданы

8553

5165

2146

847

2172

60,4

7

Түпқараған ауданы

2097

1742

873

526

343

83,1

 

Барлығы

46185

36276

20674

7273

8329

78,5

Қаржыландыру, материалдық техникалық жабдықтау

2011 жылы облыстың білім саласының мемлекеттік бюджет есебінен шығыны 2010 жылмен (25,0 млрд. Тенге) салыстырғанда 124%-ға өсіп, барлығы 31 млрд.тенгені құрады. Оның ішінде даму бюджеті 5,467 млрд.тенге.

Соның арқасында, республикалық бюджет есебінен облыстың жалпы орта білім беру ұйымдары 25 биология, 25 мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жабдықталды;-

«Жол картасы» аясында облыстың 27 білім нысанында 1 368 059,5 мың теңгеге, оның ішінде 16 мектепке, 7 мектептің жылу қазандығына, 1 оқушылардың шығармашылық үйіне, 3 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстағы 99 білім мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізілді, ол үшін бюджеттен 229 459,0 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы облыс мектептеріне 392 компьютерлік техника немесе 30 компьютерлік класс комплектісі орнатылды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 компьютерге 28 оқушыдан келеді, ал мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қоса есептегенде 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді.

2011 жылы екі мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді:



  1. Жаңаөзен қаласындағы 1200 орындық орта мектеп;

  2. Мұнайлы ауданы Атамекен селолық округінде 640 орындық орта мектеп.

Республикалық бюджеттен жалпы саны 1584 орындық екі мектептің (Мұнайлы ауданы Батыр селосында 960 орындық, Қарақия ауданы Жетібай поселкесінде 200 орындық жатақханасымен 624 орындық орта мектеп) және Құрық селосында 200 орындық жатақханасымен 400 орындық кәсіптік лицейдің құрылысы басталды:

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп – интернат 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді.

Сонымен қатар, 2010 жылы басталған құрылыстар жалғасуда. Олар: Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 ауылында 1200 орындық орта мектеп (Инвесторлар); Құрық селосында тубвиражды балаларға арналған 300 орындық мектеп-интернат 75 орындық балалабақшасымен (Инвестор); Ақтау қаласында 400 орындық «Жас ұлан» мектеп-интернаты (Инвесторлар).
Білім сапасы

2011 жылы Қостанай қаласында өткен оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасына облысымыздан 20 оқушы қатысты. Оның ішінде 10 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 1; ІІ орын –4; ІІІ орын – 5.

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына 16 жобамен 21 оқушы қатысып, оның он жобамен 12-сі жүлделі екі 1-ші, бес 2-ші, бес 3-ші орын иеленді. Облыс командасы 3-ші орын иеленіп, «Үздік команда-2011» атағын жеңіп алды.

Облыстың дарынды оқушылары халықаралық ғылыми олимпиадаларға жүйелі қатысып келеді.

Грецияда өткен «Евроматематика-2011» халықаралық ғылыми конференцияға қатысқан 2 оқушы күміс және «Балалар.Интеллект.Мәдениет» конференцияға қатысқан 1 оқушы күміс медаль алса, Венгрияда өткен халықаралық рейтингілік олимпиадаға қатысқан 6 оқушының 3-еуі алтын, 2-еуі күміс,1-еуі қола медаль иеленді.

Кипр мемлекетінен 1 оқушы алтын, Мәскеу қаласынан 2 оқушы қола және Алматы қаласында өткен Леонард Эйлер атындағы ІІІ халықаралық математикалық олимпиадада 1 оқушы қола медаль алды.

Бразилиядан 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы


  • облыстың орта баллы 92,63 (2010 ж.-90,09) болды (республика-86,68), бұл республикада ең жоғары көрсеткіш;

  • «Алтын белгіге» 94 үміткердің 71-і (75,5%) өз білімдерін дәлелдеді (2010 жылы 65-нің 54-і, яғни 83,1%);

  • 1476 (40,86%) оқушы 100 балл және 100 балдан жоғары алды (2010жылы – 994, 33,2%).


Тамақтандыруды ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау

Жалпы білім беретін мектептердегі 53658 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр (2010 ж. -46922 оқушы), қамту пайызы 58 (республикада 70%).

Аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен толық қамтылып отыр (8836 оқушы, қамтылуы 100%).

Облыста жалпыға міндетті оқу қорына мектепті ағымдағы ұстауға қаралған қаржының 3,2%- ы бөлініп отырды, бұл республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (республика – 1,4%).

Жергілікті бюджет есебінен барлық бірінші сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен және сүтпен қамтылып отыр.

Облыста 9372 оқушыларды тасымалдаумен 57 автобус жұмыс жасайды, оның 8-і мектепшілік. Ақтау қаласында-4917, Жаңаөзен қаласында-844, Маңғыстау ауданында-273, Қарақия ауданында-125, Түпқараған ауданында – 1135, Мұнайлы ауданында -2078 оқушы мектепке тасымалданады.


Оқулықтармен қамтамасыз ету

2011 жылы білім ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға жергілікті бюджеттен барлығы 254526,0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл өткен жылғы бөлінген қаражаттан 103 299,0 мың теңгеге артық.

Облыс бойынша қайта басылып шыққан 4, 6 және 11 сыныптардың оқулықтары толық сатылып алынды. Мектеп оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіліп отыр.

Оқушы санының өсуіне байланысты Мұнайлы ауданында оқулықтар жетіспейді.

Сондықтан Білім басқармасына бағынысты мекемелер (Қазақ-түрік лицейі мен Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) кітапханаларындағы артық оқулықтарды Мұнайлы аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің балансына өткізу жұмыстары жүргізілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Маңғыстау облысында орындалуы білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту болып табылады.

2011-2012 оқу жылғы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жүйесі 2010-2011 жылғы деңгейде сақталған, яғни 27 мекемені құрайды, соның ішінде 5 кәсіптік лицей, 11 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес білім беру ұйымдары бар. 2011-2012 оқу жылының басында Мұнайлы ауданында «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі» ЖШС-нің филиалы ашылды. Сондай-ақ, облысымызда әрбір әкімшілік орталықта кәсіптік білім беру ұйымдары бар.

2011-2012 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен кәсіптік лицейлерге 850 адам, колледждерге – 2045 адам, барлығы – 2895 адам қабылданды (2010 – 840 адам кәсіптік лицейге, колледждерге 2030 адам, барлығы – 2870 адам қабылданды). Республикалық бюджет есебінен 810 адм, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 бағдарлмасы бойынша – 750 адам қабылданды (2010ж. – 400 адам). 2011-2012 оқу жылының басында оқушылардың саны 27841 адамды құрайды. (2010-2011 оқу жылы – 27477 адам).

Барлығы 7161 адам бітірді, оның ішінде бюджет есебінен 2021 адам (2010ж.-6608 адам, және 1628 адамға сәйкес).

Бірінші жыл бітірушілердің 68% - жұмысқа орналасты (2010 ж.- 67,1%, республикада - 61,4%), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандар 72% (2010 ж.-71,4%, ресубликада- 68, 7%). 2010-2011 оқу жылында бітірушілерді жұмысқа орналастыру ( жұмысқа орналасқандар, оқуын жалғастырғандар, армия қатарына шақырылғандар, бала күтіміндегілер) 91,5%-ды құрады (2010ж.- 90,0%, республикада-86,4).

Әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқушылардың өндірістік практикасын өткізуді ұйымдастыру, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға жұмыс берушілерді тарту мақсатында 2011 жылы 28 шілдеде «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты II облыстық Форумы өткізілді. Форум барысында АҚ «Маңғыстау жол-құрылыс материалдарының комбинаты» және Маңғыстау политехникалық колледжімен, Мангистауским отделением железной дороги Филиала АҚ «Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясы» мен ЖШС «М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі», Каспий тренажерлық орталық пен «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Маңғыстау туризм колледжі мен отель «Виктори» мекемелері арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Қосымша білім беру

Облыста мектептен тыс қосымша білім беретін 14 ұйым жұмыс жасайды, олардағы 154 үйірмеге 7472 оқушы қатысып отыр. 31 аула клубына (2010ж 24 аула клубы) 12037 бала, ал білім беру ұйымдарындағы әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 11682, спорттық секцияларға 15958 бала тартылған. Әскери-патриоттық клубтарға 5007 оқушы қатысады. Осы шаралардың барлығына 52156 оқушы қамтылып отыр, бұл көрсеткіш барлық оқушыны сабақтан тыс уақыттағы шығармашылық, танымдық жұмыстармен қамтудың 55,9 % құрайды.

Облыста мектептен тыс білім ұйымдарын ашу мәселесі көтеріліп отыр. Оқу жылының аяғында Түпқараған ауданынан 200 орындық интернаты бар «Дарын» қосымша білім орталығы ашылса, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде облыс әкімі тарапынан барлық аудан/қала әкімдеріне оқушылардың бос уақытына қызмет ететін мектептен тыс қосымша білім ұйымдарын ашу, жалпы үйірмелер желісін кеңейту, аула клубтарын көбейту туралы тапсырма берілді.
Арнайы білім

Облыста 5 арнайы түзеу ұйымдары бар және оларда 339 мектеп жасына дейінгі, 299 мектеп жасындағы бала тәрбиеленуде.

Ақтау мен Жаңаөзен қаласында психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы, 73 мүмкіндігі шектеулі балаларға Маңғыстау мен Бейнеу ауданында психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттері жұмыс жасайды. Облыстың 22 жалпы білім беретін мектептерінде арнайы (түзеу) сыныптары ашылған.

Облыста 448 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 215 тұрғын үймен қамтылған, 233-і үй алу кезегіне қойылған.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыста 3 жерде:


  • Жаңаөзен қаласындағы Облыстық балалар үйінде 116 бала,

  • Ақтау қаласында Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 57 бала,

  • Ақтау қаласында Облыстық балалар баспанасында 7 бала тәрбиеленуде.

Жоғарыда айтылған ұйымдарда балалар 18 жасқа дейін тәрбиеленеді. 18 жастан кейін облыстағы кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуларын жалғастырады. Оларға жатақханалар беріледі, облыстық балалар үйіне қарасты үйлерге орналасады (Ақтау қаласында 26 ш/а31 үй 5 бөлмелік 131 квартира ; 30 ш/а 168 үйдің 2 бөлмелік 39 квартира, 29 ш/а 6 үйден 3 бөлмелік 9 квартира; Жаңаөзен қаласында «Өркен» ш/а, 3 бөлмелік үй).

18-23 жас аралығындағы облыстық балалар үйі мен балалар ауылында тәрбиеленушілер үшін 2011 жылы Ақтау қаласынан «Жасөспірімдер үйін» ашу өзекті мәселе болып отыр.


Жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуына 34346 оқушы қамтылды (немесе жалпы оқушының 40%, 2010 жылы -38,0%).



Қала/ауыл сыртындағы 8 лагерьде 7840 бала демалды.

Алыс – жақын шетел мемлекеттерінде 9533 оқушы демалды.

Москва қаласына «Орлёнок» жалпы ресейлік балалар орталығына Қазақстан Республикасының командасы атынан Маңғыстау облысының 12 үздік оқушысы демалып қайтты.

Республикалық оқу сауықтыру «Балдәурен» орталығында 112 оқушы, республикалық «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында әлеуметтік қамтуға жататын 50 оқушы демалып келді.

Астана қаласына 24 оқушы саяхатқа барып қайтты.

Дарын» қосымша білім орталығында облыс мектептерінің 7-9 сынып оқушыларынан 450 оқушысы оқу-демалыс ауысымымен қамтылды.

Мектеп жанынан 7555 баланы қамтитын 63 лагерь ұйымдастырылды (2010ж. – 46 лагерь, 6198 бала), оның ішінде тамақтандыратын 40 лагерь, тамақсыз кәсіптік 20, спорттық 3 лагерь жұмыс жасады.

Мұның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік қолдауға мұқтаж 7541 бала лагерьмен қамтылды. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылары балаларын лагерьмен қамтуға облыстық және жергілікті бюджеттерден 164 млн 029 мың теңге қаражат бөлінді. Былтырғы жылға қарағанда, облыстық бюджеттен 32 млн 583 мың теңге артық бөлініп отыр.

Білім басқармасында оқушыларды жазғы сауықтыру мен демалысы ғана емес, оларды еңбекпен бос уақыттарында түрлі шараларға қамту назарда ұсталынып келеді. Мектеп аулаларын көгалдандыру, түрлі жөндеу жұмыстарына 1356 оқушы тартылды. Ақтау қаласында 309 оқушы жұмысқа қабылданып, оларға жергілікті бюджеттен 7 млн. Теңге бөлінді. 38 оқушы отбасылық арендаға жұмыста болды. Облыс мектептері арқылы 27482 оқушыны қамтыған 903 саяхат ұйымдастырылды. Мектепжанындағы алаңдарда түрлі шараларға 1544 бала тартылды. 31 аула клубы жаз бойы түрлі шаралар ұйымдастырып, оған 17503 оқушы қамтылды. 2011 жылдың жазғы каникулында 49366 оқушы немесе жалпы оқушының 55 пайызы еңбекпен, түрлі саяхаттар, спорттық шаралармен қамтылып отыр (2010ж. – 48,0%) .

Жоғарыда көрсетілген демалыс шараларын қоса есептегенде, 2011 ж жазғы демалыс пен еңбекпен қамту шарасына 82058 оқушы қамтылып (95,6%) отыр.

Тәрбиелік шаралар

Оқушылардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін Отанына деген патриоттық сезімдерін шыңдай түсу мақсатында «Қазақстан халықтары тілдері фестивалі», «Қазақстан, Қазақ елі» сурет байқауы, Қазақстан Республикасының облыстары туралы «Не, Қайда, Қашан?» облыстық сайысы, Халықаралық Ана тілі күніне орай, «Мұғалімдер олимпиадасы», облыстық «Жарқын болашақ» III қазақ тілі олимпиадасы, Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты «Асыл ана» тақырыбында өнерлі ұстаздар кеші, «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбындағы экологиялық тәрбиеге бағытталған облыстық суреттер, шығармалар, бейнетаспалар байқауы, «Техникалық шығармашылық -2011» облыстық байқауы, мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының VI республикалық «Жұлдызай» фестивалі, облыс әкімдігінің ҚР Ұлттық дәстүрлі мерекелерін жастар мен жасөспірімдер арасында насихаттау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес «15 сәуір – ұлттық ғашықтар күнінде» облыстық «Қозы- Көрпеш Баян сұлу» байқауы, «Бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы», ХІ облыстық «Қозғалыс және инспекторлар жасағы» слеті, 170 жылдық мерейтойына сәйкес 29.04.2011ж «Кашаған» атындағы жас өнерпаздар сайысы, «Достық дастарханы» байқауы, «Абай оқулары» мен «Махамбет оқуларының» облыстық байқауы, «Жас экологтардың» облыстық форумы, жас турист-өлкетанушылар шығармашылығының «Атамекен» облыстық слеті, 170-ке жуық жастарды қамтыған облыстық VI ұлттық жастар Дельфийлік ойындары, 1- маусым Балаларды қорғау күні орай «Көңілді старт», «Кім шапшаң» спорттық ойыны ол жекпе-жек күресі, «Қылқалам» шеберлері, «Велоконкурс», «Біз бақытты балдырған» асфальтқа сурет салу конкурстары өтті. Қазақстан халықтары тілдерінің фестивалі аясында «Әбіш оқулары», «Полиглот-2011», «Қазақ тілінің үздік мұғалімі», «Маңғыстаунама-2011» сайыстары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 03.11.2011ж № 4-06-3/2792 хатына сәйкес 2011 жылдың 3 желтоқсаны күні аудан/қалаларда «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты шарасы ұйымдастырылады.

Облыс бойынша жалпы білім беретін 122 мектептің 113-інде спорт зал (ыңғайластырылғаны-9), 158 спорт алаңы, 22 гимнастика залы бар, мектептердің спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуы облыс бойынша 66 пайызды құрайды, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 14 спортзал, 18 спорт алаңы, 4 гимнастика залы бар, бұл 79,1 пайызды құрайды, ал құрал-жабдықтармен қамтылуы – 62,9 пайыз.

Облыс бойынша орта білім беретін 122 мектептің барлығында дене шынықтыру пәні бойынша аптасына 3 сағаттық бағдарлама, 100 мектепте ұл мен қыз балаларды бөліп оқыту жүйесі енгізілді, 18-інде арнайы денсаулық топтары бар.

391 спорттық секцияларға 15958 бала тартылған. 75 әскери-патриоттық клубтарға 5007 оқушы қатысады.

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен облыстың жас спортшылары республиканың төмендегі аймақтарында өз өнерлерін ортаға салды: Ақтөбе қаласында өткен қыздардың «Мерген ару» конкурсы, Семей, Қарағанды, Тараз қалаларында өткен футболдан «Былғары доп» республикалық турниріне, Щучинск қаласында волейболдан республикалық ашық турнирге, Алматы қаласында өткен «Дартс» ойынына, Қызылорда қаласында өткен «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты Республикалық жарысқа, Шымкент қаласында Футбол бойынша Қазақстан Республикасы біріншілігіне қатысты.

Маңғыстау облыстық баскетбол федерациясымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция аясында «Спорт-нашақорлыққа қарсы», «Денсаулық фестивалі-2010», «Алтын күз» кросы өтіп, оған 25 мыңдай оқушы қамтылды.



«Жас ұлан» әскери-спорттық ойындар жарысы, мектеп оқушыларының арасында шахматтан Он-лайн жүйесінде «Ақбозат» атты жарыс, «Суға жүзуден» облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.2011ж №196 бұйрығына сәйкес Әскери-патриоттық клубтардың республикалық 4 слеті облыс орталығы Ақтау қаласында өткізілді. Оған республиканың облыстарынан 200-дей оқушы қатысып, өнерлерін ортаға салды, «Әкем, шешем және мен болашаққа нық сеніммен» облыстық отбасылық сайыстары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2011 жылғы жұмысына талдау

Р білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең)

170.55kb.

14 12 2014
1 стр.


Келісілді Маңғыстау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасы «24» желтоқсан 2010 жылғы

Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған

1178.83kb.

16 12 2014
6 стр.


А.Ә. Мыңбаева 27 желтоқсан 2012 жыл батыс қазақстан облысы білім басқармасының

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылғы жұмысына талдау және 2013 жылға міндеттері

1058.29kb.

15 10 2014
6 стр.


МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры

Р білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең)

472.64kb.

16 12 2014
3 стр.


Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2012 жылғы шілденің 30 мен тамыздың 05 аралығында бақ-да жарияланатын маңызды шаралар тізімі

Кеңестің кезекті отырысы Облыстық денсаулықсақтау басқармасының мәжіліс залында өтеді

31.41kb.

25 12 2014
1 стр.


Алматы облыстық мәдениет басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары ағымдағы жағдайға талдау

Б. Римова атындағы драма театры, облыстық Сүйінбай атындағы филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық орталығы, 1519 ескертк

113.01kb.

13 09 2014
1 стр.


Бұйрық №367 19 қараша 2010 жыл Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және ұйымдастыру

Шиелі аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 қараша №342 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 28 қазандағы №4-12-2/

77.37kb.

01 10 2014
1 стр.


Маңғыстау облыстық Білім басқармысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Тізімі

Маңғыстау облыстық Білім басқармысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

69.77kb.

25 12 2014
1 стр.