ҚМЭБИ Президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі
Құрметті ата-аналар!
ҚМЭБИ өзінің құрылған күнінен бастап (1992 жыл) Институт әкімшілігі өздерінің студенттеріне Қазақстандағы ең таңдаулы жоғары білім сапасын беру және олардың оқуы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету ісіне әрдайым адалдық жолын ұстанып келеді. Алайда, әлемдік қаржы дағдарысы және теңге девальвациясы ҚМЭБИ үшін де байыпты салдарларға ие болуда.
ҚМЭБИ Басшылығы мен Әкімшілігі бүгінгі күрделі экономикалық жағдайды оқу орнының студенттерге көрсететін қызметі мен беретін білім сапасын әрі қарай жетілдіру және бұл жағдайда оқыту деңгейін төмендетпей, өз балаларыңыздың біліміне өзіңіздің салатын қаржыңызды лайықты түрде қолдануды қамтамасыз ету үшін анағұрлым тиімді оқу және тұрмыстық үдерістерді қалыптастыру ісінде әрі қарай даму үшін оңтайлы әдістерді іздестірудің қажетті мүмкіндіктері ретінде бағалайды.
Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні ҚМЭБИ қабырғасында бүгінгі таңда Институтта білім алып жатқан студенттердің ата-аналарының Форумы өткізілді. Форумда ҚМЭБИ-дің дамуына өзінің үлесін қосатын және мүмкіндігіне қарай Институттың миссиясын орындау мәселелері бойынша Әкімшілікпен тұрақты, тиімді түрде тығыз өзара бірлесіп жұмыс істейтін Ата-Аналар Қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.
Студенттердің Ата-Аналар Қауымдастығын бес адамнан тұратын Атқару Комитеті басқаратын болып шешілді. Төрағасы болып ҚМЭБИ-де оқитын екі студенттің әкесі, экономика ғылымдарының кандидаты Тутенов Байкәрім Вильямұлы сайланды. Ол бұрын Министрлер Кабинетінің Аппаратында жұмыс істеген, Еңбек Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрі лауазымдарын атқарған.
ҚМЭБИ Әкімшілігі және Студенттердің Ата-Аналар Қауымдастығы Институт беретін сапалы білімді үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету үшін бірлескен күштерін жұмылдыру ісінде тең дәрежелік жолды ұстанып, бүгінгі күрделі жағдайда студенттерге және олардың ата-аналарына көмектесу үшін барлық күш-жігерін аямайды.
ҚМЭБИ басшылығымен туындаған шақыруларға жауап ретінде келесі шаралар қабылданды:
-
Қиын экономикалық жағдайға қарамастан, ҚМЭБИ студенттерге қаржылық қолдау бойынша өзінің бағдарламасына адал болып қала бермек. Бүгінгі күнде Институт қаржылық мүмкіндіктері жеткіліксіз талантты студенттерді қолдауға өзінің табысынан
5 % қаражат бөледі, және өзінің осы жұмыс аспектісін әрі қарай дамыту үшін жігерлі түрде жұмыс істейді. ҚМЭБИ Қазақстандағы жоғары білім берудің бірден-бір аса ірі жеке демеушісі болып қала бермек.
-
ҚМЭБИ академиялық қиындықтарға тап болған студенттерді ерте бастан айқындау үшін және оларға қарқынды түрде қолдау көрсету үшін студенттерді алдын-ала ескерту және қолдау жүйесін енгізеді. Бұл пәндерден «құлаған» немесе төмен баға алған студенттердің санын едәуір азайтады деп күтілуде. Сіздің хабардар болуыңыз үшін ҚМЭБИ-де қолданылатын бағалау жүйесін ұсынамыз, өйткені ол Қазақстандағы көпшілік жоғары оқу орындары пайдаланатын жүйеден едәуір түрде ерекшеленеді.
-
ҚМЭБИ басшылығы және Ата-Аналар Қауымдастығы «Болашақ» бағдарламасының степендиаттары «ҚМЭБИ-де» оқи алуы үшін аталмыш бағдарламаның шәкіртақылық бағдарламасына бөлінетін қаржының бір бөлігін беру мүмкіндігін қарастыру өтінішімен ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевқа өтініш жасады.
-
ҚМЭБИ Әкімшілігі мемлекеттік қаржыландыруға және өзінің студенттеріне білімдік гранттар мен кредиттерді беруге теңқұқылы рұқсат алу үшін Үкіметке сұрау салуда.
-
ҚМЭБИ Әкімшілігі «ҚМЭБИ Гриль» студенттік асхананың жалдаушысымен келісімге қол жеткізіп, соған сәйкес кешенді түскі астың бағасы 10 % арзандап, ал бір сыбаға тамақтың мөлшері 15 % көбейтілді.
-
Біз сонымен қатар дағдарыстық кезеңнің ықпалын бәсеңдететін ішкі резервтерді де іздестіреміз, осы мақсатта ауқымды мониторингтің негізінде оқу үдерісін басқару құрылымын оңтайландыру және қаржы мен ресурстарды жұмсауда үнемдеу режимін қатаңдату бойынша ұсыныстар әзірлейтін арнаулы комиссия құрылды. Осының барлығы оқу ақысын негізсіз жоғарлатпау үшін істеліп жатқан шаралар.
Құрметті Ата-Аналар!
Бізге осы сәтте өз Институтымыз тап болып отырған қиындықтарды жеңу үшін Сіздің түсінігіңіз бен қолдауыңыз ауадай қажет. Біз ҚМЭБИ-дің жұмысына қатысты кез-келген мәселелерге Сіздің қосар үлесіңізді қуана құптаймыз. Біз сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды естігіміз келеді. Сіздер бізбен өздеріңіздің балаларыңыз немесе ҚМЭБИ Әкімшілігінің өкілі Петр Иванұлы Крепак арқылы хабарласуларыңызға болады(электрондық адресі:
parents@kimep.kz немесе телефоны: +7 (727) 270 42 78). Сонымен қатар Сіз пікірлеріңізді Студенттердің Ата-Аналар Қауымдастығына жазуларыңызға болады (мекенжайымыз: Алматы қаласы, 050010 Абай даңғылы 4, 205-кеңсе).
Құрметпен және ізгі тілектермен,
Чан Йан Бэнг, Ph.D. Байкәрім Тутенов
ҚМЭБИ Президенті Ата-Аналар Қауымдастығы
Атқару Комитетінің Төрағасы