Ф КГМУ 4/3-07/01
ПП КГМУ 4/01
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЕДШ және физиотерапия курсымен әскери-далалық хирургиясы бар
№1 хирургиялық аурулар кафедрасы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Десмургия. Таңғыш түрлері. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу тақырыбы
HRМІ - 3213 Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі бойынша
051101 – Мейірбике ісі мамандығы үшін
3 курс
Құрастырушы: ассистент Дарменов Е.Н.
Қарағанды 2010 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
№ __ Хаттамасы «__» ______2010 ж
Кафедра меңгерушісі
м.а., доцент Бегежанов Б.А.
-
Тақырыбы: Десмургия. Таңғыш түрлері. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу
-
Мақсаты: Десмургия - таңғыш түрлері, анықтамасымен таныстыру. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу бөлу – тартумен, қимылсыз, қарапайым, басатын, тасымалдаушы. Жұмсақ таңғышты дұрыс таңу
1. Десмургия туралы түсінікті білу.
2. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу білу.
3. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңуды қолдана білу.
-
Өткізу түрі: Презентация дайындау.
-
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Десмургия туралы түсінік.
-
Таңғыш түрлері.
-
Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңудың негізгі телаптары.
-
Таратылатын материал (қажеттілік кезінде немесе сілтеме)
-
Евсеев М.А. Уход за больными в хирургической клинике:Учеб. пос. для вузов.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-192с
-
Левитэ Е.М. Введение в анестезиологию-реаниматологию.-М. : ГЭОТАР- Медиа, 2007.- 256 с.
-
Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии.-М, 2000.
-
Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998.-360 с.
-
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008.-412 с.
-
Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии.-Ростов н/Д.:Феникс, 2000.-416 с.
-
Барыкина Н. В., Зарянская В.Г. Сестринское дело в хирургии:Учеб. пособие.- Ростов н/Д:Феникс,2005.-448с.
-
Фроленко С. Справочник по антисептике и асептике для медицинских сестер.- Ростов на Д.:Феникс, 2001.-188с
-
Дмитриева З.В. Хирургия с основами реаниматологии. Общая хирургия:Учеб. пос.-СПб.:Паритет, 2001.-576 с.-(Сестринское дело)
-
Дмитриева З.В., Кошелев А.А., Теплова А.И. Хирургия с основами реаниматологии. Частная хирургия: Учеб. пособие.-СПб.: Паритет,2002.-352с.-(Сестринское дело)
-
Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела». Москва, 1998.
-
Иванова В.И., Матвейчик Т.В. Организация сестринского дела. Минск, 2006.
-
Василенко В. А. Справочник операционной и перевязочной сестры.-Ростов н/Д:Феникс,2007.-313с.
-
Жданов Г.Г. Реанимация и интенсивная терапия. М.:Академия,2007.-400с.
-
Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
?
1. Шүйде мен артына қандай байлам салынады:
А- қайырылатын
В- 8-әдісі
С- масақ әдісі
D- тасбақа әдісі
Е- жылжымалы әдіс
?
2. ”Панцирлы қолғап “ байламы қай жағдайда салынады:
А-алақан саусақтарының барлығы жарақаттанғанда
В- саусақ фалангалары сынғанда
С- 1-ші саусақ буыны сынғанда
D- сұқ саусақ күбірткесінде
Е- алақан іріңдіктерінде
?
3. Циркуляторлы байлам аталады
А- алдыңғы ½ жабады
В- алдыңғы 2/3 жабады
С- алдыңғы барлығын жабады
D- бинт енінің алдыңғысынан артта қалуы
Е- сәйкес келуі бойынша бір-біріне қабатталуы
?
4. Жылан тәрізді байлам аталады
А- алдыңғы ½ жабады
В- алдыңғы 2/3 жабады
С- алдыңғы барлығын жабады
D- бинт енінің алдыңғысынан артта қалуы
Е- сәйкес келуі бойынша бір-біріне қабатталуы
?
5. Байлам таңушының,дұрыс байлам таңу ережелері:
А- бетінің дем алмау үшін, наукас артында тұрады
В- наукас бетіне қарап, байлам таңу
С- байлам таңған жеріне қарап таңу
D- көмекшінің жұмысына карап тану
Е- наукас бетіне, байлам тану жеріне карап таңу
?
6. Байлам тану ережелерінің қайсысы дұрыс:
А- құрсактан денеге, алдын ала дайындап, бинтті орау
В- құрсактан денеге, дайындаусыз, бинтті орау
С- аркадан денеге, алдын ала дайындап бинтті орау
D- аркадан денеге, дайындаусыз, бинтті орау
Е- сұқ саусакпен денеге бинтті орау
?
7. Байлам материалдарына қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын жағдайды
атаңыз:
А- гигроскопиялығы
В- серпімділігі
С- өңдегенде сапасын жоғалтпауы
D- тіндерді тітіркендіргіштігі
Е- капиллярлығы
?
8. Тасбақа әдісі қай жерге салынады:
А- иекке
В- шат аралыққа
С- тұқылға
D- өкшеге
Е- алақанға
?
9. Дененің конусты бөлігіне /білек, балтыр/ қандай байлам саламыз:
А- қосылатын тасбақа әдісі
В-бинтті өсімен бұрап отырып айналмалы әдіс
С- ажырайтын тасбақа әдісі
D- крест тәрізді байлам
Е- қайырылатын әдіс
?
10. Жабысқақ пластырды қолданбайды:
А- сынықтарды ұзарту мен емдеу
В- жарақатта таңу материалын бекіту
С- жара шетін қосу
D- кеуде қуысына кіретін жарақаттардың окклюзиясы
Е- гемостаз соңы
?
11. Окклюзионды таңғыш қолданылады:
А- ашық пневматоракс
В- артериалды қан ағу
С- қақпақшалы пневмония
D- жабық пневматоракс
Е- кабырға сынығы
?
12. Қатты таңғышқа жатады:
А- бинт
В- желімді
С- ғаныш
D- басушы
Е- аэрозольды
?
13. Шат аралық аймаққа қандай байлам салынады:
А- шандып байлау
В-Т-ұқсас байлам
С- қосылатын тасбақа әдісі
D- ажырайтын тасбақа әдісі
Е- масақ тәрізді байлам
?
14. Иық буынының байлау кезінде кандай байлам колданады:
А- Дезо
В- спираль тәрізді
С- кайталамалы
D- тасбака тәрізді
Е- дән тәрізді
Жағдайлық есептер:
1. Бөлімшелік педиатр ретінде сіз науқас сәбиді үйінде қарағаннан соң оң құлағына қыздыратын компресс қоюды ұсындыңыз. Анасы бұл іс-әрекетті жургізуді сізден өтінді. Қыздырушы компресті оң құлағына қандай байламмен саласыз?
2. Жас бала қайнаған сумен оң қол басын күйдіріп алды. Қолдың сыртқы жағында суланған көпіршіктер пайда болды. Сізде фурациллиннің /1:5000/ ерітіндісімен таза бинт бар. Науқасқа алғашқы көмек ретінде қандай байлам салу керек?
3. 47 жастағы науқас велосипедтен құлап,оң жақ білек тұсының ауырсынуына шағымданады.Қарағанда: оң бұғана ісінген,пішіні өзгерген,ортаңғы 1/3 бөлігінде ауырсыну және сықырлау байқалады. Оң қолдың бойында артериалық пульс қанағаттанарлық.Сіздің диагнозыңыз және оң қолдағы қозғалысты тежейтін қандай бекіністі байлам салар едіңіз?
4. Қабылдау бөліміне 34 жастағы ер кісі оң білігінің ортаңғы 1/3 бөлігінің алақан бетінде кесілген жарамен шағымданып түсті. 1,5 сағат бұрын көшеде бөгде адам пышақпен жарақат салған. Жараны тазалап алғашқы тігіс салынған. Мед бике жараға байламды талып қойып, түйінін жарақат тұсына түйіндеді. Соңынан науқасқа тері астына 0,5 мл сіреспелік анатоксинмен 3000 МЕ сіреспеге қарсы сры су енгізген. Байлам салған кезде қандай қателік жіберілді?
5. 68 жастағы науқас.Оң балтырының төменгі 1/3 бөлігінің ішкі жағында көлемі 1,5х2,0 см, түбі өліеттенген, қоректік бұзылыстан қалыптасқан жарасына шағымданады. Терісі қызарған,басқанда ауырсынады. Жара антисептикпен өңделіп, құрғатылып, Ируксол майымен сүлгі салынды. Қандай байлам түрін салар едіңіз?
6. Науқасқа оң аяғының тері асты көк тамырлары варикоздары кеңейдігіне, субкомпенсаторлы сатысына байланысты сан және балтыр тері асты көк тамырларына толық венэктомия жасалынған.Жара тігіліп 1 процентті йодонат ерітіндісімен өңделіп,сүлгі салынған. Жара бойындағы сүлгіні бекіту үшін қандай байлам түрін саласыз?
7. Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз. Сізді көкірек қуысының оң жағында ішке өтетін жарасы бар науқасқа шақырды. Науқастың жағдайы ауыр. Оң жағына бүгіліп, қолымен жара тұсын басады. Тыныс алғанда жара ауа сорады, тыныс шығарғанда ауа сыртқы ортаға шығады. Сіздің диагнозыңызбен іс әрекетіңіз?