Мемлекеттік аралық бақылау
Қазақ тілі. 9 сынып
003
1. Антонимдер дегеніміз не екенін табыңыз.
А) Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы.
В) Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобын
С) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.
Д) Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Е) Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздер.
-
Қос сөздердің арасына қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.
А) Қойылмайды.
В) Дефис
С) Үтірлі нүкте
Д) Үтір.
Е) Қос нүкте
3. Мақалды белгілеңіз.
А) Шешендік өнерді ұстанған адамдарды шешен деп атаған.
В) Ерте заманда бөдене мен түлкі дос болыпты.
С) Жаны мұрнының ұшына келу.
Д)Тіл тазалығы дегеніміз ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Е) Адал достық алтыннан қымбат.
4. Дұрыс жазылмаған сөзді анықтаңыз.
А) Әнұран
В) Жолбарыс
С) Ақ құтан
Д) Қолөнер
Е) Сары шымшық
5. Сын есім және зат есім арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А) Иман жүзді
В) Кітап беті
С) Он шақты
Д) Құсбегі баптайды
Е) Сүзеген сиыр
6. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Ойбай, аяғым ауырып кетті ғой !
В) Көктем келді.
С) Қап-қараңғы. Көзге түртсе көрмейсің.
Д) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
Е) Каникулда Әбен қайда барасың?
7. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлемнің түрін көрсетіңіз.
А) Сұраулы.
В) Жалаң
С) Атаулы
Д) Жайылма
Е) Толымды
8. Сөйлем басында тұрған қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.
А) Нүкте
В) Қос нүкте
С) Үтір
Д) Сұрақ белгісі
Е) Сызықша
9. Одағай сөзді табыңыз.
А) Мүмкін
В) Сірә
С) Біріккен
Д) Қадамың
Е) Жаным-ай
10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
В) Егер жаңбыр жауса, астық мол болады.
С)Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.
Д) Ердің атын еңбек шығарар.
Е) Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады.
11. «Қуану» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.
А) Жұмған аузын ашпау
В) Тас жүрек
С) Бетінен оты шығу
Д) Жүрегі жарылу
Е)Көз ілмеу
12. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Бір күні хан нөкерлерін ертіп, серуенге аттаныпты.
В) Сірә, мен ертең сізге барармын.
С) Ойпырмай, күннің суығын-ай!
Д) Қуырдақ – майға куырған ұсақ ет.
Е) Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік».
13. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз
А) Сөз бергенге ерме, - бөз бергенге ер.
В) Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.
С) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.
Д) Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
Е) Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді.
14. Толымсыз сөйлемді анықтаңыз.
А) Дала.
В) Міне, дала көрінеді.
С) Түнерген кеш.
Д) Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды.
Е) Қайта-қайта келе берді.
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Кеше аспан бұлтты болды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
B) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
С) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Д) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Е) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
16. Қай сөзде «У» дыбысы дауыссыз.
А) Сурет
B) Ту
С) Азу
Д) Уақыт
Е.) Жу
17. Антоним сөздерді табыңыз.
А) Жау - қас
B) Тау - тас
С) Әдемі - сұлу
Д) Көмек - жәрдем
Е) Биік - аласа
18. Сан есім мен зат есім арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.
А) Ұзын жол
B) Оқыған бала
С) Жүз теңге
Д) Алтын сағат
Е) Осы адам
19. Қабанбай батырдың шын аты.
А) Ералы
B) Ерасыл
С) Абылай
Д) Сабалақ
Е) Қарасай
20. Жеті қазынаға не жататынын табыңыз.
А) Арман
B) Қолөнер
С) Талап
Д) Жүйрік ат
Е) Сұлулық
21. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Айлы түн
А) Толымды
B) Атаулы
С) Құрмалас
Д) Жақсыз
Е) Сұраулы
22. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Ұйқышыл
B) Жуас
С) Таңба
Д) Қисық
Е) Дөңгелек
23. Талғаулы салалас құрмалас жалғаулықтарын көрсетіңіз.
А) Және, әрі
B) Кейде, бірде
С) Яғни, әлде
Д) Бірақ, алайда
Е) Сондықтан, себебі
24. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологизмнің мағынасын ашыңыз.
А) Мейірімді
B) Жуас
С) Әдепті
Д) Жауапты
Е) Ақкөңіл
25. Жіктік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Адамның
B) Кітаптарың
С) Ақылдымын
Д) Шешемнен
Е) Дәрігермен
26. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Көктем келді
B) Жақсы оқу керек
С) Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
Д) Күн суық
Е) Мен де осылай ойлаймын
27. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) Ел
B) Ас
С) Аю
Д) Тасбақа
Е) Ер
28. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ұ, е, қ, һ, а, р, л
B) О, у, н, р, ы, у
С) Е, ұ, ә, ө, ү, і
Д) Т, л, с, н, а, и, л
Е) Р, л, и, у, м, н, ң.
29. Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А) Даласында
B) Алаңды
С) Жаңбырдың
Д) Қалаға
Е) Мектеппен
30. Біріккен сөзді табыңыз.
А) Жаным-ай
B) Балық
С)Ақтөбе
Д) Сау
Е) Сары шымшық