Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2011 жылғы 7 сәуірдегі 
№ 394 қаулысымен    
бекітілген        

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесiнің негізінде ұсынылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің https://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.
      Мүгедектердің өтініштері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары кресло-арбаға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды және Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оларды сатып алуды жүргізеді.
      Кресло-арбаларды беру мүгедектің тегі, аты, әкесінің аты, зейнеткерлік куәлігінің нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері, алған кресло-арбаның атауы, алған күні, алудағы белгілер көрсетіле отырып, тізім бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
      Жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатынан немесе кәсіби науқастан болған мүгедектерге көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтініш білдірген күнгі көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш білдірген күнгі орнында мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00-ге дейін, түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Уәкілетті органның үй-жайы қажетті құжаттарды даярлау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стенділермен жарақтандырылған, күту залы бар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.
      Уәкілетті органның үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, күзет және өртке қарсы дабылмен жарақтандырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);
      2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын;
      3) жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң – жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.
      Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
      12. Өтініш нысандары уәкілетті органдағы күту залында арнаулы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті толтырылған өтініш нысаны мен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның жауапты тұлғасына тапсырылады. Жауапты тұлғалардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі ақпарат қойылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.
      14. Тұтынушы уәкілетті органда барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      15. Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не почта байланысы арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша:
      1) тұтынушының мүгедектердің кресло-арбалармен қамтамасыз етілуіне қарсы медициналық көрсетілімдері болғанда;
      2) аталған мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімделуінде қате анықталған кезде;
      3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген, Азаматтық қызметшілердің ар-намыс кодексіне сәйкес адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негiзделедi және заңдылық, сыпайылық, уақтылы толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызметтік борышына адал қарамағаны үшін жауапкершілік қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға көмек көрсететін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлар, телефон нөмірлері, электронды почталарының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттік қызметті көрсетудің ұйымдастырылуына жауапты атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы мен электронды почтасының мекенжайы, телефондары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның стендісінде, уәкілетті орган жұмыс кестесі мен электронды почталық мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның басшысының атына беріледі.
      23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде органның атауы немесе қызметіне шағым келтірілетін лауазымды адам, өтініш себебі мен талаптар көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағым жасаған тұтынушыға берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: https://www.enbek.gov.kz

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру  


үшін оларға құжаттарды ресімдеу»    
мемлекеттік қызмет стандартына     
1-қосымша                 

Уәкілетті органдардың тізбесі



      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020600, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020900, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 [email protected] [email protected]

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021100, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021200, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021600, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78




Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 [email protected]

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 [email protected]

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030300, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 [email protected]

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030400, Ырғыз кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 52 [email protected]

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесі, 11 «а» [email protected]

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031000, Қобда кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 47 [email protected], [email protected]

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 [email protected]

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 [email protected]

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030800, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 13 [email protected]

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 [email protected]

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031100, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 [email protected]

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031200, Шалқар қаласы, Үргенішбай көшесі, 13 [email protected]

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 А

87132
51-22-49,
51-64-18

Алматы облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040100, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5 [email protected]

8-72832 2-11-43

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040200, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі, 148 [email protected]

8-72833 2-15-36

3

Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040300, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66 [email protected]

8-72773 9-14-25

4

Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040400, Есік қаласы, Алматы көшесі, 112 [email protected]

8-72775 4-24-36

5

Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040500, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65 [email protected]

8-72836 3-00-62

6

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040600, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі, 261 zhambyl.rotzszn@mail. online.kz,

8-72770 2-22-60

7

Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040700, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 3 «а» [email protected]

8-72752 2-47-51

8

Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040900, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 215 [email protected]

8-72771 2-17-71

9

Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041000, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 3 [email protected]

8-72834 2-24-30

10

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041100, Сарыөзек кенті, Мәншүк Мәметова көшесі, 3

8-72840 3-16-04

11

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041200, Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 38

8-72838 2-03-71

12

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041300, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 23 [email protected]

8-72831 51048

13

Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041400, Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 7 [email protected]

8-72777 21134

14

Сарқант ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041500, Сарқант қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 117 [email protected]

8-72839 21491

15

Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041600, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, 76 [email protected]

8-72774 21717

16

Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесі, 10 [email protected]

8-72778 21270

17

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040800, Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 2/3 [email protected]

8-72772 41574

18

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35

8-7282 210491

19

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

041700, Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 24

8-72835 42395


следующая страница>


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»

Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

456.72kb.

16 12 2014
3 стр.


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттары ресiмдеу»

Еттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың

678.13kb.

25 12 2014
4 стр.


Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

124.85kb.

30 09 2014
1 стр.


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

915.85kb.

17 12 2014
6 стр.


«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі

Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

455.88kb.

13 10 2014
4 стр.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

77.56kb.

16 12 2014
1 стр.


«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың

1107.29kb.

16 12 2014
5 стр.


«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

А (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

462.78kb.

13 10 2014
4 стр.