Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4
Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 7 сәуірдегі  
№ 394 қаулысымен     
бекітілген        

«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайы және жұмыс кестесі осы «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы 21-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесі негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің өтініш беруші алатын нәтижесі, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не қағаз жеткізгіште қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар):
      1) жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң әлеуметтік қызметін ұсынуға медициналық көрсетілімдердің негізінде;
      2) естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметін ұсынуға медициналық көрсетілімдердің негізінде көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні ішінде;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:
      демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен күн сайын 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Уәкілетті органның үй-жайлары қажетті құжаттарды дайындау үшін орындықтармен (отырғыштармен) және үстелдермен жабдықталған, ақпараттық стенділермен жарақталған, күту залы болады сондай-ақ үй-жайларда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
      Уәкілетті органның үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай, күзет және өртке қарсы сигнализациямен жарақталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (болса жеке сәйкестендіру нөмірін) көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді көшірмені;
      3) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты көшірмесі;
      4) мүгедектігі туралы анықтаманы ұсынады.
      Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      Өзінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мүгедек жеке көмекшiнiң қызметін, ымдау тiлi маманының әлеуметтік қызметін беру туралы өтінішпен баруға нотариалдық куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
      12. Уәкілетті органда өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат орналастырылған стендісінде ілінген.
      14. Тұтынушы қажетті құжаттардың барлығын уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      15. Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:
      1) тұтынушының бойында жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін және естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметін беруге қарсы медициналық көрсетілімдер болған;
      2) аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған;
      3) ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негіздемелер бойынша бас тартылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының қызметі Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында көзделген адамның конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және заңдылық, сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, қызметтік міндетіне адал қарамағаны үшін жауапты болу қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы мен электронды пошта мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның стендісінде көрсетілген, уәкілетті органның жұмыс кестесі мен электронды пошта мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушының қолы қойылуға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын органның атауы немесе лауазымды адам, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: https://www.enbek.gov.kz.

«Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы      


мүгедектерге жеке көмекшiнiң қызметін    
және естілмейтіндігі бойынша мүгедектерге  
ымдау тiлi маманының қызметін беру үшін   
мүгедектердің құжаттарын ресімдеу»    
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша                   

Уәкілетті органдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 [email protected]

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 [email protected]

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 [email protected]

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 [email protected]

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 [email protected]

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 [email protected]

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 [email protected] [email protected]. kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 [email protected] [email protected]

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 [email protected]

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 [email protected]

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 [email protected]

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 [email protected]

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22 [email protected]

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. Online.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан [email protected]

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 [email protected]

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 [email protected]

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байғанин ауданы, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 [email protected]

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 52 [email protected]

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Пацаев көшесі, 11 а [email protected]

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 47 [email protected] [email protected]

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 [email protected]

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 [email protected]

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі 13 [email protected]

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69 [email protected]

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 [email protected]

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенішбаев көшесі, 13 [email protected]

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 А

87132
51-22-49, 51-64-18

Алматы облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5 [email protected]

8-72832 2-11-43

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі, 148 [email protected]

8-72833 2-15-36

3

Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66 [email protected]

8-72773 9-14-25

4

Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, 112 [email protected]

8-72775 4-24-36

5

Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Сәтпаев көшесі, 65 [email protected]

8-72836 3-00-62

6

Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі, 261 zhambyl.rotzszn@mail. оnline.kz

8-72770 2-22-60

7

Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 3 а[email protected]

8-72752 2-47-51

8

Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 215 [email protected]

8-72771 2-17-71

9

Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 3 [email protected]

8-72834 2-24-30

10

Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Мәметова көшесі, 3

8-72840 3-16-04

11

Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көксу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 38

8-72838 2-03-71

12

Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 23 [email protected]

8-72831 5-10-48

13

Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 7 [email protected]

8-72777 2-11-34

14

Сарқант ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сарқант ауданы, Сарқант қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 117 [email protected]

8-72839 2-14-91

15

Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, 76 [email protected]

8-72774 2-17-17

16

Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесі, 104 [email protected]

8-72778 2-12-70

17

Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі, 2/3 [email protected]

8-72772 4-15-74

18

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 35

8-7282 210491

19

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Текелі қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 24

8-72835 4-23-95


следующая страница>


«Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

А (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

462.78kb.

13 10 2014
4 стр.


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

915.85kb.

17 12 2014
6 стр.


«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттары ресімдеу»

Еттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың

456.72kb.

16 12 2014
3 стр.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»

77.56kb.

16 12 2014
1 стр.


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентi

Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi №394 қаулысымен бекiтiлген «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет станд

249.26kb.

25 12 2014
1 стр.


«Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
556.24kb.

13 10 2014
5 стр.


«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

Протездік-ортопедиялық көмек мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды үйрету, протездеу жөнінде медициналық қызмет көрсету

214.14kb.

04 09 2014
1 стр.


Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу

95.25kb.

15 09 2014
1 стр.