Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігі

(Монополияға қарсы агенттік)

төрағасының

2013 жылғы «____» мамырдағы

№ __________ бұйрығымен бекітілген



Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер

 

1. Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-IV Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.



Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық жоғары бағаны анықтау тәртібін айқындау болып табылады.

2. Осы Әдістеме монополиялық жоғары бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы анықталған кезде қолданылады.

3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында анықталатын мағыналарда пайдаланылады.

2. Монополиялық жоғары бағаны белгілеу туралы тергеу тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді қарау шеңберінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер
4. Монополиялық жоғары бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу/болмау фактісін белгілейді;

2) Заңмен бекітілген тиісті тауар нарығында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығының болу/болмау фактісін белгілейді;

3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) болу фактісін куәландырады;

4) Тізілімге енгізілген нарық субъектісінің үстем үлесін белгілейді.

5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленбеген жағдайда, монополиялық жоғары бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.

6. Монополияға қарсы орган тауар нарығына талдау жүргізгеннен және Субъектіні Тізілімге енгізгеннен кейін, қажет болған жағдайда Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді.

7. Монополияға қарсы орган монополиялық жоғары бағаның мынадай:



1) Субъектінің осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының тиісті және салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің осындай тауар бағасынан асып түсуін белгілеу;

2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бағаның өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда ол бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының асып түсу;

3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы осы бойынша Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының көтерілу;

4) өндіру және беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтату;

5) тауарлар қалдығы құнының негізсіз көтерілу;

6) тауар (жұмыс, қызмет) құнына осы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнында ескерілген нақты орындалмаған немесе толық көлемде орындалмаған жұмысты, сондай-ақ толық жинақталмаған өнімді өткізуді енгізу;

7) өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына материалдар мен шикізаттың негізсіз көтерілген құнын енгізу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының серпініне және көлемдеріне талдау жүргізеді.

8. Үстем үлесі 90 пайыз және одан астам субъектілер үшін монополияға қарсы орган қосымша монополиялық жоғары бағаның мынадай:

1) Субъектінің тауары бірлігінің өндірістік өзіндік құнының өсімінен кезең шығыстары өсімінің асып түсуі;

2) Субъектінің өндірістік персоналы жалақысының өсу қарқынымен салыстырғанда әкімшілік персонал жалақысының өсу қарқынының ұлғаюы;

3) Субъектіде сала немесе өңір бойынша орташа айлық жалақыдан орташа айлық жалақы деңгейінің асып түсуі белгілерін анықтау мақсатында тауарды өндірудің (өткізудің) өзіндік құнына және рентабельділігіне талдау жүргізеді.

9. Монополиялық баға белгілерінің болуы туралы куәландыратын фактілер Субъектінің монополиялық жоғары бағаны белгілеуінің дәлелі болып табылмайды, тек тергеу жүргізу үшін негіз болады.



Субъектінің көтеруі Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуымен байланысты емес объективті факторлардың салдары болуы мүмкін.

3. Тергеу жүргізу кезінде монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі іс-әрекеттер

 

10. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық жоғары бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің болуын белгілеу қажет.



11. Монополияға қарсы орган тергеу жүргізген кезде:

1) Субъектінің осы нарықтағы үстем үлесін көрсете отырып, тауар нарығында оның үстем жағдайының болуын нақтылайды;

2) Субъекті өз өнімін өткізетін тауар нарығының шекараларын нақтылайды;

3) салыстырмалы тауар нарығының болуын белгілейді;

4) әлеуетті бәсекелестердің болуын нақтылайды;

5) Субъект жүзеге асыратын (немесе Субъектінің үстінен) тікелей бақылаудың болуын нақтылайды.

Егер субъектінің үстем үлесі 90 және одан астам пайызды құраған, сондай-ақ салыстырмалы тауар нарығы болмаған жағдайда монополиялық жоғары бағаны айқындау Әдістеменің 14-тармағына сәйкес жүргізіледі.

12. Салыстырмалы тауар нарығын анықтау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:

1) сатылатын тауардың көлемі;

2) тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (берушілер) құрамы;

3) тауар нарығына қолжетімділік шарттары;

4) өндіру және салық салу шарттары;

5) бәсекелестіктің даму деңгейі.

13. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығындағы тауардың бәсекелес бағасын айқындайды.

Бұл ретте бәсекелестік жағдайда Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін, осы тауар нарығындағы тауардың ең жоғары бағасы тауардың бәсекелес бағасы болып табылады. Бұл ретте, Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келетін нарық субъектілерін ескеру қажет.

Нақ сол тауар нарығындағы бәсекелес бағаны белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.

Бәсекелес бағаны айқындау кезінде тауардың сапалық өлшемдері ескеріледі.

Салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан не салыстырмалы тауар нарығының, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығының бағасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда шығыстары мен пайдасына талдау жүргізіледі және негізделген бағасы айқындалады.

14. Егер Субъект белгілеген баға бәсекелес бағадан аспайтын болса, онда мұндай баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды.

Егер Субъект белгілеген баға бәсекелес бағадан асып түсетін болса немесе бәсекелес бағаны анықтау мүмкін болмаса, монополияға қарсы орган осындай тауарды өндіру мен өткізу қажеттілігін, шығындар мен пайданы бағалау мақсатында шығындар мен пайдаға талдау жүргізеді.

15. Шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган:

1) Субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметіне;

2) өндіріс шығындарының ұлғаю себептерін анықтау мақсатында Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;

3) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардан Субъектінің алатын пайдасына;

4) Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының серпініне;

5) Субъектінің тауар өндіру (өткізу) көлемінің серпініне;

6) өндірістік қуаттарды пайдалануға;

7) нәтижесінде Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарға;

8) өндірістік шығындарға және кезең шығыстарына;

9) Субъектінің инвестициялық бағдарламасына;

10) кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелеріне талдау жүргізеді.

16. Қажет болған кезде қосымша негіздеме үшін Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының өсу қарқыны, өзіндік құны (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейі басқа нарық субъектілерімен салыстырылады.

Мәселен, егер Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар бағасының өсу қарқыны, өзіндік құны, пайдасы және рентабельділігі басқа нарық субъектілерінің осы көрсеткіштерінің өсу қарқынынан елеулі асатын болса, бұл монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланудың мүмкін болатындығын қосымша растай алады.

17. Субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауар өндірумен (өткізумен) тікелей байланысты қажетті шығындар мен пайданы айқындау кезінде:

1) растайтын құжаттарда (шарттар, шот-фактуралар) және тауардың бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделе отырып көзделген бағалардан айқындалатын өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар;

2) еңбек жағдайлары үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығыстар;

3) Субъектінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын амортизациялық аударымдар;

4) қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар;

5) Субъектінің тауар өндіруіне (өткізуіне) тікелей қатысты басқа да шығыстар;

6) кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін пайда деңгейі ескеріледі.

Пайда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарды өндіруден (өткізуден) алынған табыс пен тауарды өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті негізделген шығыстар және нақты төленген салықтар арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Субъектінің дамуы үшін талап етілетін қажетті пайданың шамасы өндірілетін (өткізілетін) тауардың өзгешелігін, тауар нарығының ерекшелігін және Субъектінің жұмыс істеу шарттарын көрсетуі, сондай-ақ:

жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға инвестицияларды;

тәуекел деңгейін (өндірудің немесе тұтынудың маусымдық сипаты, климаттық факторларға жоғары тәуелділік және т.б.);

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарттарда, Бас, салалық және өңірлік келісімдерде көзделген міндеттемелерді;

жекешелендіру және концессия шарттарында, лицензиялық келісімдерде, инвестициялық шарттарда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілік бойынша өзге де келісімдерде көзделген міндеттемелерді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларынан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де төлемдерді ескеруі тиіс.

18. Субъектінің тауардың бір бірлігіне қажетті шығындары мен пайдасын бағалау кезінде қажет болған кезде тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығындағы басқа нарық субъектілерінің ұқсас шығындары мен пайдасын салыстырмалы талдау әдісі қолданылуы мүмкін.

19. Егер осының негізінде тергеу басталған материалдарда шартқа Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасын ұлғайтуға әкелетін белгілі бір талаптарды енгізу арқылы Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасын жасанды ұлғайтумен байланысты бұзушылық көрсетілсе, шарттарға талдау жүргізу қажет.

Егер осының негізінде тергеу басталған материалдарда тауардың физикалық сипаттамаларын төмендету арқылы бағаны жасырын көтерумен байланысты бұзушылықтар көрсетілсе, монополияға қарсы орган Заңға сәйкес сарапшыларды тарта отырып, Субъект тауарының сипаттамаларына сараптама жүргізеді.

20. Егер Субъект белгілеген тауар бағасы монополияға қарсы органның тауар өндіру (өткізу) үшін қажет шығындар мен пайда негізінде айқындаған бағасынан асып түсетін болса, онда бұл баға монополиялық жоғары баға деп танылады.

21. Талдау нәтижелері бойынша Субъектінің монополиялық жоғары баға белгілеуі фактісінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды дайындалады.

22. Монополиялық жоғары баға белгіленген жағдайда монополияға қарсы орган Заңның 68-бабына сәйкес монополиялық табыстың есебін жүргізеді.

_______________




Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме Жалпы ережелер

Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы №112-iv қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –

91.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме Жалпы ережелер

Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы №112-iv қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –

52.95kb.

25 12 2014
1 стр.


Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме Жалпы ережелер

Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы №112-iv қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –

41.99kb.

25 12 2014
1 стр.


1. жалпы ережелер нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон»

Нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон» олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сонымен қатар жеңімпаздарды анықтау ережелерін айқындайды

47.57kb.

13 10 2014
1 стр.


«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу»

РЭҚ және жжқ) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұд

265.27kb.

02 10 2014
1 стр.


«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

Йынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның

976.36kb.

25 12 2014
4 стр.


«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

Йынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның

1046.26kb.

25 12 2014
4 стр.


«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»

Нша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның

909.71kb.

16 12 2014
5 стр.