Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі
(Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының
2013 жылғы «____» мамырдағы
№ __________ бұйрығымен бекітілген
Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-IV Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Осы Әдістеменің мақсаты тиісті тауар нарығында монопсониялық жағдайға ие нарық субъектілері белгілеген (бұдан әрі – Субъекті) монопсониялық төмен бағаны анықтау тәртібін айқындау болып табылады.
2. Осы Әдістеме монопсониялық төмен бағаны белгілеуден көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігіндегі Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын анықтау кезінде қолданылады.
3. Осы Әдістемеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мәндерде, сондай-ақ мынадай ұғымдарда пайдаланылады:
Сатып алушы – бұл монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі - Субъекті);
Сатушы – бұл тауарды өткізетін нарық субъектісі (бұдан әрі - Сатушы).
2. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу
тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді қарау шеңберінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер
4. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы мәліметтерді қарау шеңберінде монополияға қарсы орган мынадай іс-әрекеттерді жүргізеді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар нарығында бағаларды мемлекеттік реттеудің болу/болмау фактісін белгілейді;
2) тауарды өндіру және (немесе) сату, сатып алуға немесе тиісті тауар нарығында оларды пайдалануға Заңмен бекітілген мемлекеттік ерекше құқықтың (мемлекеттік монополияның) болу/болмау фактісін белгілейді;
3) нарық субъектісінің Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) болу фактісін куәландырады;
4) нарық субъектісі Тізілімге енгізілген үстем үлесін белгілейді.
5. Осы Әдістеменің 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптардың біреуі белгіленбеген жағдайда монопсониялық төмен бағаны белгілеу туралы тергеу жүргізілмейді.
6. Монополияға қарсы орган монопсониялық төмен бағаның мынадай:
1) Субъектінің тауарды нарық субъектісінде монопсониялық жағдайы жоқ бәсекелес нарықтарда қалыптасуы мүмкін деңгейден төмен баға бойынша сатып алу;
2) сатылатын (өндірілетін) тауарға сұраныс болған кезде өндіру көлемін қысқарту және Сатушылардың қуаттарын толық пайдаланбау;
3) Субъектінің арандата отырып олардың қызметінің шығындылығы салдарынан екі немесе одан да көп Сатушылардың (өндірушілердің) нарықтан кету белгілерін анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру бағасының серпініне және көлемдеріне талдау жүргізеді.
3. Тергеу жүргізу кезінде монопсониялық төмен бағаны анықтау
жөніндегі іс-әрекеттер
7. Тергеу жүргізу кезінде Субъектінің монопсониялық төмен бағаны белгілеу жөніндегі іс-әрекеттерін растайтын фактілердің болуын белгілеу қажет.
8. Монопсониялық төмен бағаны белгілеу фактілерін анықтау мақсатында монополияға қарсы орган Сатушының басқа да бәсекелестерінің шығынды болу фактілерін белгілейді.
9. Егер тауарды сатып алу бағасы бәсекелес нарықта немесе салыстырмалы тауар нарығында қалыптасуы мүмкін деңгейдегі бағадан төмен болса, монополияға қарсы орган осындай тауарды өндіру және сату қажеттілігін бағалау мақсатында Сатушының шығыстары мен пайдасына талдау жүргізеді.
10. Шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган:
1) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелесінің қаржылық-шаруашылық қызметіне;
2) Субъекті, Сатушы және оның бәсекелесі тауарының өндірістік және толық өзіндік құнының серпініне;
3) Сатушының және оның бәсекелесінің тауар бағасының серпініне;
4) Субъектінің, Сатушының және оның бәсекелестерінің тауар өндіру (өткізу) көлемінің серпініне;
5) нәтижесінде Сатушының және оның бәсекелестерінің тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарға;
6) Субъекті, Сатушы және оның бәсекелестері ұсынған өзге де негіздемелік материалдарға талдау жүргізеді.
11. Негізді шешім қабылдау үшін тексерілетін өнім серпінінде Сатушының сатылатын (өткізілетін) тауарына баға құрылымын талдау керек.
Сатушының тауардың бір бірлігі үшін қажетті шығындарын бағалау кезінде қажет болған жағдайда тиісті тауар нарығындағы басқа субъектілердің ұқсас шығындарын салыстырмалы талдау әдісі қолданылады.
Бұдан басқа, қосымша негіздеме үшін қажет болған жағдайда Субъекті, Сатушы және тауар нарығындағы басқа да нарық субъектілері бағасының, өзіндік құнның (шығындардың жекелеген баптары) және рентабельділік деңгейінің өсу қарқынын салыстырады.
Мәселен, өзіндік құн бағасының өсу қарқыны ұқсас нарық субъектілеріне қарағанда, осы көрсеткіштердің өсу қарқынына қарағанда төмен болса, бұл Субъектінің монопсониялық төмен баға белгілеу бөлігінде өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігін қосымша растай алады.
12. Егер Субъектінің тауарды сатып алу бағасы Сатушының осындай тауарды өндіру мен өткізуге арналған қажетті шығыстар сомасынан төмен болса, онда осы баға монопсониялық төмен баға деп танылады.
13. Талдау нәтижелері бойынша Субъектінің монопсониялық төмен бағаны белгілеу фактісінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды дайындалады.
__________________