Перейти на главную страницу
Немесе, «Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған күнімізде неміс жұртынан шыққан Василеиш Радлов қазақ әдебиетін жинап бастырған екен. Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Қазақтың түбі» деп, Васили Василиш Радлов баспаға бастырған» - деп жазды (ОҒКҚҚ, №1177 папка, 279 бетте) [24, 400-401],
Мәшһүр Жүсіп «1810-1848 жылдардың арасында тіршілік қылған Висарион Белинский - өз тұсында замандастарынан басы озған, арттағыларына ұстаз болған орыстың атақты, ірі әдебиетшісі, тарихшысы. Ол айтқан пәлсапа: «Дүниеде, бір-ақ жалпы тіршілік бар, - дейді, - жеке заттар, жеке көріністер туады, өледі, кетеді, - дейді. –Бірақ тіршілік еш уақыт өлмейді, ешқайда кетпейді. Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады. Толқынмен толқын ауысады. Бір толқынның орнын екінші толқын басып, ауысып, өзгеріп жатса да, түпсіз тереңдер я әлі күнге орында, әлі күнге тірі қозғалады, ұшы-қиыры жоқ ауданды кең бесігінде толғанады». Осы сөзге менің жаным ырза болды, оны орыс деп айту жарамайды, «ерсің!» - деп сөйлеу керек. Дарвин айтады: «Талай замандар өткенде, биттей көзге ілінбейтін бір бүршікті құрттан мал, құс, аң, ағаш сияқты жәндіктер мен өсімдкітер шығады» - деген. Үшінші сөз Михаил Баскин сөйлеген: «Әлем жүзіндегі барлық нәрселер тоқтаусыз қозғалып, өзгеріп отырады. Осы күнгі қап-қатты болып тұрған жеріміз бір кезде дауылдап жанып тұрған отты зат болған. Нешелер замандар өтіп сырты суый бастаған соң, осы қалыпқа келген» - дейді [26, 56]. Мәшһүр Жүсіп тек қана оқып қоймаған көңіліне жаққан сөздерді қойын дәптеріне жазып қойған және де өзінің ойын пікірін де ашық айтқан. Айталық, Мұсабековтің рақмет ғұмұмия дегені, Дарвиннің тұрмыс – тартысын сөйлегені, Виссарион Белинскийдің: «Толқынды толқын қуады – дегені, Мұхат Әуезовтің осы жүрген жандарды: «Босқа еріп жүрген соқыр» - дегені, оның ішінде «Ақын – жынды қатын» - дегені, Михаил Баскиннің: «Бұл жүрген жанның көбі басы жоқ мұжық» - дегені, Затаевичтің қазақтың әнін жұрт көзіне түсіргені. Бұл сөздерге қол қойған – Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы» дейді [26, 60]. Жалинус атанған бір данышпан айтқан: «Һауа түзу бұзылмаған уақытта өзі жүруге жарамай қалған жан арбамен болса да, күнде бір қабат таза ауада жүруді ғадат (әдет) қылсын!» - деген [27, 26].
Сол сияқты, 1828-інші жылда 10 сентябрьде туып, 1910-жылда 20-ыншы ноябрьде өлген – Лев Николаевич Толстой: 1801-1851-інші жыл туған жаннан 30 жас үлкендігі бар 82 жаста қаза тапқан» - депті [28, 180]. Бұл - ақынның орыс (еуропа) әдебиетін, философиясын, географиясын көп оқып, тоқығандығының белгісі, дәлелі болып табылады.
Мәшһүр – Жүсіп ««Л.Н. Толстой және басқалар айтқандары» - дегенде: Адам баласынан – озған күн жоғалмаса, аты жоғалмайтын Лев Николаевич Толстой «Ұят-ай!»- деген мақала жазды: «Біз адам емес пе едік?» Ұят біздің белгіміз емес пе еді? Осы жалғыз белгіден айрылып, ана төрт аяғынан сыйынған аталарымыздың аулына қайтқанымыз ба?!» - деп.
Адам баласынң сөлекеттік қылған ісін-«Хайуандықпен қылған ғой»! – деуге болады. Ғылымды, білімді болған затлар бізді қанша жоғары тартса да, біз тырысып, ащыға қашқан түйедей, төрт аяқтының аулына қайтып жатырмыз. Орыс жазушысы Салтыков «Түзулік пен шошқа» - деп, мақала жазған: «Түзулік, сен: «Күн бар»! – дейсің, рас па, мен көрмеген күнді сен қайдан көрдің?»-деп шошқа түулікті балтырдан алған.
Сонда түзулік айтқан:
- Шошқа, сені Құдай жаратқанда, жоғары қаратпай жасатқан. Сен күнді осы себеппен көрмейсің.
-Есті (ыссы) күнде көретұғын, жұрта көрсетіп тұрғандар, балтырды басқаға бере беріңдер! – деген.
1910 – ыншы жылы опат болды дума члены Василий Иван Королев. Бұл төрт жыл Шилисбилпорых абақтысында отырып, ғұмырынша Сібірге айдалған еді.
1910 – ыншы жыл жазғытұры үшінші (3-інші) дума, государский думаға дін құрдастығы туралы Закон жобасы қаралды. Сонда Королев докладчик: «Дін бәрі құрдас (кордас) дінге бостандық, Құай жолы-адам көкірегінде. Бұған ешкімнің таласы жоқ!» - деп.
Думаның оң жағынан бір депутат:
- Каторжник!-деп, жуандық қылып, Королевтің бетінен алды. Осы надандық, әдепсіздік қылған депутат бір поп еді. Қазақшаға тәржімә қылсам, қажы деуге зор ұқсайды. Сонда Королев айтты:
-Рас, мен абақтыда отырдым, айдалдым да, міне, сендердің государский думаға отырғандарың – осы мен атқарған істің аяғы. Мен бұған мақтанамын!-деп. Осы Королевтің попқа берген жауабы би бетінде тасқа жазулы.
- Королев өлгенде, 3-інші Уфа губерниясынан депутат молда Тоқаев жас әйел баласына ұстатып гүл әкеліпті. Дүйсекең бұған не айтар? Қажы Дүйсекей осы Королев, Потанинмен бір қос болмай:
- Сенімен бір жүріп, тозаққа кетірейін бе?! Жақынға қас қылған Қабыл мен Яһуданың қайда екені белгілі еді. Бұларға да бір атшы керек қой! Жолың болсын! – «Қыр баласы» баласы. Қазақ ішіндегі надан қажылармен айтысу жарамайды. Бәрінің сыбағасына осы сөз де жетерлік сөз. Рахмет «Қыр баласына!»- Анадан бала туса, осындай ту!
54-інші номер «Қазақ» газетасында басылған сөз: «Күллі дүниедегі қажыларға тартылған бір табақ».
1914-інші жылында, апрельде біздің қолымызға келді» - деп Ресей тарихынан көптеген тарихи мәліметтер келтіреді [29, 198-199]. Егер де Мәшһүр – Жүсіп орысша білмесе, оқымаса, саяси сауаты болмаса онда осыншама деректерді қалай білген деген заңды сұрақ туады. Осы сұрақты сейілту мақсатында да және Мәшһүр – Жүсіптің тек қана түркі тарихын ғана біліп қоймай, орыс (еуропа) тарихында жетік білгендігінің нақты дәлелі деп білеміз
Мәшһүр Жүсіп «Әбілғазы ханның шежіресін» жете зерттеп тарихына тоқталады: «Оның сөйлеген шежіресін Яуропа жұрты атам заманда перуаттап алған, Вельяминов-Зернов жазған тариқтан көдедей көп Николайдың әкелері Александр патша француз тілінен орыс тіліне айналдырып, Казимбекке перуатдатқан. Сол Казимбек баспасынан алынған сөз – «Уыз хан шежіресі». Мұны «Әбілғазы хан шежіресі» атаған [24, 397].
«192? - ншы жылдың 21-ші ноябрінде жеке басылған «Еңбекші қазақ» газеті №2- нші нөмірінде: «Ескі заманның мәдениетінен мәжнүн есалаңдар безеді, депті. Оны Маркс айтты дегенге келеді. «Сотқа сот қосылса - салмасын, сөзге сөз қосылса - демесін». Бұл мәдениет ертегіні жаздық. Сайрам қаласының мешітіндегі тас бағанды орнатқан кім екенін жазам» [24, -Б. 416] - деп ақын ескі мәдениеттің керек екендігіне ден қойып, Маркс ілімін жақтайды. Және «мәдениет» - деген терминді ХIХ ғасырда бірінші қолданған да Мәшһүр Жүсіп екендігін ескерте кеткенді жөн көрдік.
Жердің үстінде болған топырағын һәм суларды, патшалық шаһарларды айырып көрсеткен қағазға: «Харита» (карта)-дейді. Әр патшалықты қағазға түсіріп, [ол] кітап сияқты түптелген болса: «Атлас» - дейді. Жердің домалақтығын жасап қағазға түсірген нәрсені креміс (глобус) [дейді]. Сол жерді екіге жарып көрсеткен қағазға: «Кіремстиға» - дейді. Жер жүзінде миллиард алты жүз миллион халық бар. Бұлардың тірісінің түсіне, бетінің қияпаиына қарап, 3 түрге бөлінеді. Бірінші-ақ, екінші-сары, үшінші қара түсте келеді. Ақ түсте – бұларға Еуропада, Азияның күнбатыс жағында, Африканың сол жағында, Американың әр жерінде тұрушы адамдар. Бұлар ғылдауандарда ең ілгері халық. Екінші Сары түсте келеді. Бұлардың ескі қонысы Азияның күншығыс жағы болса да, осы көне Азия, Еуропа, Америка һәм Аустралияда бар. Бұл үш түрде басқа Американың тұрған елі-қызыл түсті һәм Аустралияда тұрған Мализ жұрты. Бұлар сарыға қосылады. Осы адамның тіршілігі. Адамның тіршілігі туралы дүние жүзіндегі кісілер тіршілік жағынан үшке бөлінетінін де жазып кеткен.
Иауропаның сол жағында Пішғұра өзені сол жақтары Мұз теңізге құяды. Сол жақ Диюна (Двина) өзені Ақ теңізге кұяды. Күнбатыс Диюна Рига гүргізіне кұяды. Иауропаның ортасында Ұсылы (Висла), Одыр (Одер) өзендері Балтии теңізіне кұяды. Елба, Маузыр, Рейін өзендері Сол теңізге құяды. Күнбатыс жағында Сыпана өзені Маныш теңізіне құяды. Луара, Тарой өзендері Біскей теңізіне құяды. Оң жағында Тәж өзені Атлас теңізіне құяды. Ұна өзені Ақ теңізге, Дөң-ай, Дініпір, Діністір өзендері Қара теңізге, Дөң (Дон) өзені Азау теңізіне Уолға (Волга), Орал өзендері Кеспе (Каспий) теңізіне ағады. Бұл өзендердің ең үлкені- Уолга, екіншісі- Дөң-ай.
Иауропаның сол жағында: Өнеге, Ладога, Мінлер,Уезер, Үйтер көлдері. Бұлардың соңғы үшеуі Скандинауия жартыаралында, ортасында Жануа, Күнстан, Тыныс көлдері.
Иауропаның оң жағы- таулық, күншығыс жағы һәм Балти теңізі. Сол теңізінің жиектері таусыз. Сол жағының ауасы салқын болғандықтан, егін өспейді, кісісі де бек аз болады. Орта жерінің ауасы орташа: егін жақсы шығады, адамдары көп тығыз тұрады. Ауылдары, шаһарлары тәртіпті болады. Оң жағының ауасы ыстық болса да, адамның тууына, егіннің шығуына зиян келтірмейді.
Иауропада төрт жүз миллион шамасында адам бар. Бұлардың көбі- ақ түстілер болып, атақты төрт руға бөлінеді. Олар мыналар: бірінші-Латын (Блата), екінші-Герман, үшінші- Слауиан, төртінші-Тұран. Латын жынысындағы қауымдар- Италия, Франция, Испания һәм Румения қауымдары. Бұлардың саны-жүз миллионға жақын.
Екінші Герман жыныстағы болғандар. Біріншісі екінші пілеменнің (племяның): Скандинауия, ағылшындар болып, Бұлар 80 миллионға жақын. Үшіншісі Слауиан жынысындағылар: Орыс, Полак (Поляк), Чех, Слауак, Былғар (Болгар), Сырып (Серб)- бұлардың саны 90 миллионға жақын. Төртінші:Тұрандар, Түріктер, Россия татарлары, Мажарлар, Фин, Самуи. Бұлардың саны 30 миллионға жақын, дін һәм мінхұб.
Иауропаның күншығыс оң жағында тұрған халықтар: түріктер мен татарлар Ислам дінінде болып, басқасының бәрі христиандар 3 түрлі дінге айрылады. Латын бөліміндегі адамдар католик дінінде, Герман бөлігіндегі адамдар пурустан (бұрыс) дінінде, Слауиан бөліміндегілер прауслунай (православный) дінінде.
Иауропада болған хүкіметтер.
Иауропа бөлімінде түрлі үлкендікте, түрлі дәрежеде 2 хүкімет бар. Олардың төртеуі- патшалық, он бірі- король, екеуі -жымһуриат, екеуі- князь, бірі- духалық. Патшалықтар мыналар: 1.Россия, астанасы-Петрград. 2.Германия, астанасы-Берлин. З.Аустырия (Австрия), Мажарстан, астанасы-Уина (Вена). 4.Түркия, астанасы-Стамбул.
Бірінші- Англия, астанасы-Лондон. Екінші- Италия, астанасы-Рим. Үшінші Шуетсия (Швеция), Нұруегия (Норвегия), астанасы-Стокголм (Стокгольм). Төртінші- Испания, астанасы-Мадрид. Бесіншісі- Бельгия, астанасы-Бұрөсіл (Брюссель). Алтыншы- Голландия, астанасы-Амстердам. Жетінші- Португалия, астанасы-Лиссабон. Сегізінші- Румыния, астанасы-Бұғарыш (Бухарест). Тоғызыншы- Дания, астанасы- Көпенқаған (Көпенгаген). Оныншы- Ионан, астанасы- Афина. Он бірінші-Сорұя, астанасы- Белқырат (Белград).
Бірінші- Былгария (Болгария), астанасы- Сопы-ия (София). Екінші-Қаратау, астанасы-Шегенит.
Бірінші- Беренсие (Франция), астанасы-Парыз (Париж). Екіншісі- Шуетсария (Швецария), астанасы- Берін (Берн).
Духалық- Лүксенбөрік (Люксенбург), астанасы- Лүксенбөрік (Люксен-бург).
Европа (Иауропа) бөлімінде болған хүкіметтер.
Россия. Россияның орны һәм бөлігі. Россия мемлекеті жер жүзінде болған мемлекеттердің ең үлкені. Иауропа бөлімінің жартысы, Азияның үштен бірі Россия хүкіметінің билеуінде болып, бүтін жер жүзінің алты үлестен біреулігі Россия мемлекеті болады. Иауропаның күншығыс жағы, Азияның сол һәм орта жерлері Россияның билеуінде больш, Үлкен теңізден: Балти теңізінің жиегінде, сол жақ Мұз теңізден Қара теңізге шейін жайлаған. Сол жағында сол жақтағы Мұз теңізі, күншығысында Үлкен теңіз. Оң жағында Қытай мемлекеті, Афганистан, Персия, Түркияның Азиядағы бөлімі, Қара теңіз. Күнбатыс жағында- Румыния, Аустрия [Австрия], Бенгерия [Венгрия], Германия, Балти теңізі, Шуетсия (Швеция) мемлекетіменен бөлінеді. Солдан оңға 4000 шақырым, күншығыстан күнбатысқа 12000 шақырымнан артығырак жері бар.
Россиядағы атақты бұғаздар һәм гүрпіздер, теңіздер.
Тысқы көлден, теңізден басқа Иауропаның сол жағында Ақ теңіздің оң жағында Орта теңіз, күншығыс жағында Беренгей (Беринг) теңізі, Қамшат жартыаралы, Уахотский [Чукотский] теңізі бар. Бұл теңіздердің жиектері жырымдалған жартыаралы, гүрпіздері көп болады. Балтии теңізінен айрылған Рига, Финландия... сол жақ Мұз теңізден айрылған Обь, Енисей гүрпизі, оң жағында Қырым жартыаралы, Азау теңізі, Қара теңіз, Керіс, Боснау мен Беренгей теңізі. Сол жақ Мүз теңізге Беренгей бұғазымен қосылады.
09 09 2014
15 стр.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
11 10 2014
9 стр.
12 10 2014
3 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
16 12 2014
7 стр.
С 23 Английский язык: лексика, грамматика, речь, общение. Я и мое окружение. 1 часть : учебное пособие для студентов неязыковых специальностей / К. Н. Булатбаева., Л. Б. Аскарова.,
12 09 2014
7 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.