Перейти на главную страницу
Қаза – істердің оның заңымен өлшеміне сай пайда болуы болып табылады. Барлық нәрсенің тағдырын Алла белгілеген.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында тағдыр сөзі кездестіруге болады.
Мысалы:
Парахзат патша болып орнын алды.
Бұл дүние жеті басты жалмауыз ғой,
Бай-жарлы жұтқан және уәзір, ханды
- дейді. Басқа да қолжазбаларынан тағдыр сөзі қолданысқа түскен.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 4 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2004. –Б. 361. Лүтфи Шентүрк Исламда сенімнің негіздері. Анкара – 2000. 78 б.
ХАЗІРЕТ (حدرت) хадратун ишан. Түбір тұлғасы қазақша - әзірет. 1) тарихи ағзам, ұлы мәртебелі, мырза, ханум, бәйбіше деп патшалардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың, пайғамбарлардың, пірлердің атына, титулына қосылып айтылып, солай жазылатын құрметті атақ (әзірет Әлі – Мұхаммедтен кейінгі төртінші халифаның теңеуі); 2) әулие, жырықтық (Әзірет Сұлтан – Ахмет Яссауидің теңеуі); 3) қатынасу, қатысу, ішінде болу. Ғазірет, Қазірет, Қазырет, Хазрет, Хазірет, Хәзрәт, Хәзрет т.б. варианттары бар.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында әсіресе діни лирикасында осы хазірет сөзі жиі кездеседі. Мәселен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) сазабасы қолдаушысы, күйеу баласы болған Әли (р.а.) жайында былай жазған:
Бәрекелді! – десіпті жұрттың бәрі,
Шаттанысып отырды жас пен кәрі.
Жамағат жайланысып отырғанда,
Ашуланып отырды Хазірет Ғалы.
«Хазірет» сөзі басқа да ақынның қолжазбаларынан да кезіктіруге болады.
Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 130. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 61.
НӘКИР - періште аты. қ. «МҮҢКІР».
МҰСА (موس) – пайғамбар. Египет жерінде Ибраһим пайғамбардың ұрпағы Яқуб пен Жүсіп тұрған еді. Сол жерді кейіннен Ферғауын басқарған. Ол Ферғауын Аллаһқа сенбегендіктен еліне қаһарлы, әділетсіз хан болған. Яқуб пайғамбардың тағы бір есімі Исраил. Сондықтан оның ұрпақтарын Исраил ұрпақтары деп атайды.
Ферғауын бір күні түс көреді. Түсінде бір сәбидің дүниеге келіп, оның хандығын тас-талқан еткенін көреді. Бұл түсінен шошынған ырымшыл Ферғауын осы түстің міндетті түрде орындалатынын сезіп, өз құлдарына Египеттің барлық ұл балаларын өлтіруге әмір берді. Осы кезде Мұса атты сәби дүниеге келген еді. Оны да Ферғауынның зұлым құлдары өлтіріп қояр деген қауіптен анасы Мұсаны себетке салып, суға ағынымен жайлап ағызып жібереді. Бұл себетті Ферғауынның мейірімді әрі балажанды әйелі тауып алады да өзіне қалдырып, асырайды. Мұсаның ата-анасы кім екенін ешбір жан білмейтін еді. Сол себепті ханшайым сәбиге лайықты «сүт ана» іздеді. Аллаһтың құдіретімен Мұсаның туған анасы хан сарайына балаға сүт ана ретінде орналасты. Анасы баласын құшағына алып қайта қауышты. Өзі өсіріп, жеткізді.
Мұса Ферғауынның хан сарайында өсірілгендіктен оған пайда келтірер деген түрлі ілімдер үйретті. Күндердің күнінде Мұса Ферғауынның сарайынан шығып, қалаға барғанда өз елінің және египеттік екі жігіттің төбелесіп жатқанын көріп араша түпек болады. Абайсызда египеттік жігітті өз елінің жігітін қорғамақ мақсатта өлтіріп алады. Өз ісіне өкініш білдіріп, қатты қапалана Аллаһ күнәсін кешірер ме екен деп жылайды. Мейірімді Аллаһ Мұсаны өз күнәларынан босатты. Бір күні өз елінің жігіті төбелесқор екені соншалықты, тағы да бір жігітпен ілігісіп тұрғанын көріп, қасына барғанда әлгі жігіт: «О. Мұса! Сен енді мені өлтірмек ойың бар ма? Сен кеше бір адамның жанын о дүниеге аттануға себепші болдың. Ол жақсы адамдардың қылығы емес.» - дейді. Шошып кеткен Мұса өз жөніне кетеді. Ферғауын Мұсаның бұл ісін біліп қояды да, Мұса елі мен жерін тастап кетеді. Жүре-жүре Шұғайыб пайғамбардың еліне келеді. Қойшылар қойларын бағып, суғаратын бұлақ басына жеткенде кезек күтіп тұрған екі қызды көріп, жәрдемдеседі. Әлгі қыздар әкесіне баяндап болған оқиғаны айтады. Әкесі Мұсаны шақырып алып, екі қыздың біріне үйленуін және бірнеше жылдар бойы қой бағып, бірге тұруын ұсынады. Болашақ пайғамбар оған келіседі де, бай бақытты өмір сүре береді.
Бірнеше жылдар өткен соң Мұса әйелімен өз еліне оралып, анасымен қауышпақ үшін Египетке аттанады. Шөл далада түнде суық болғандықтан Мұса әйелі екеуі тоңа бастайды. От жағып, жылынбақ болғанымен Мұсаның қолынан ештеңе келе қоймады. Сол кезде Мұса Синин тайының шыңына қараса, оның оң жағында от жанып тұрғанын көреді. Әйеліне ол жерде не ел бар екенін немесе бір от барын айтып, сол жерде өзін күтуін өтінеді. Мұса тауға қарай бет алып бара жатып, оттың шыққан жеріне жақындағанда күтпеген жерден бір ғажайып дауыс естиді.
О, Мұса! Мен сенің құдайыңмын! Мен Аллаһпын! Сен Тува жерінің қасиетті жерінде тұрсың. Сол себептен сен аяқ киіміңді шеш. Сені Өзімнің пайғамбарым етемін. Мен жалғыз құдаймын. Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Маған ғана құлшылық қыл, Менен ғана жәрдем ізде және Менен ғана дұға тіле! – дейді.
Аллаһ оған өзін нақты сезіну үшін және өз еліне пайғамбар екенін дәлелдей алу үшін түрлі қасиет дарытты. Соның бірі қолындағы таяғын жерге тастаса жыланға айналатын болған. Ал қолын қатты қысып жанына ұстаса қолдары аппақ болып кететін болған. Осы қасиеттерді Аллаһ оғанбергендіктен Ферғауын шектем тым шығып кетті, ол өзін құдай санап, шатасып жүргендігін білдір деп аттандырады. Сол кезде Мұса Аллаһтан ақиқи білім, көркем мінез сұрайды.
О, Мұса, Мен сені ақиқи біліммен және көркем мінезбен көрікті еттім. Сен Харунды өзіңе шақыр. Екеуің бірігіп Ферғауынға бірге аттаныңдар. Ол адамдарға рұқсат еткен барлық шектен тым шықты. Бірақ сен онымен жұмсақ түрде сөйлес. Бәлкім ол Аллаһтың қаһарынан қорқып, менің дініме бет бұратын болар. Аллаһтан басқа Құдай жоқ. – дейді Аллаһ. Харун мен Мұса Египетке аттанады. Ферғауын Аллаһтың айтқандарын естіп қатты ашуланып, қаһарланады. Бірақ Ферғауынның қаһары Мұса мен Харунды еш шошытпады. Мұса Аллаһтың қалауымен құдіретке айналған таяғын жерге лақтырып жібергенде, таяқ жыланға айналды. Бірақ Ферғауын сен сиқыршысың, сенде еш пайғамбарлық қасиет жоқ деп қарсы тұрып, өз еліндегі барлық сиқырмен айналысатын адамдарын алдыртып, сынатады. Барлық сиқыршы өздерінше бір жылан жасағанымен Мұсаның таяғы еңгезердей бір жыланға айналып, барлық ұсақ жыландарды әп сәтте жұтып қояды. Бұл құдіретті көрген сиқыршылар Құдайдың барын мойындап, Мұсаның дінін қабылдайды. Сөйтіп олар Аллаһтың адал құлдарына айналады.
Ферғауынды тастап кеткен Мұса Харун екеуі зұлымдықтан көз ашпаған халыққа барып: «Аллаһ бізге Ферғауын мен Египеттен бас тартуымызды бұйырды» - дейді. Ел-жұртымен Мұса Египетті тастап жолға шығады. Ферғауын оны өз әскерлерімен артынан қуғанда Мұса өз елімен теңізге дейін жетеді. Артынан ерген ел теңізді көріп қатты шошынып, абдырап қалады. Сол кезде Аллаһ Мұсаға қолындағы таяғымен теңізді бір ұруын бұйырады. Аллаһтың айтқанын жасағанда теңіз екіге айрылып, Мұса ортасынан елімен өте шығады. Артынан қуып келе жатқан Ферғауынның әскері теңіздің ортасына жеткенде теңізді Мұса қайта таяғымен бір ұрғанда теңіз қайта қосылып, Ферғауын әскерімен қоса теңізге батып қырылады.
Көптеген уақыт елімен бірге шөл далада өмір сүрген Мұсаға бір күні Аллаһ Синин тауына шығып, 40 күн сонда болуын әмір етеді. 40 күнді көп санаған халық имандары әлсіреп, басқа пұттарға табына бастайды. Алтыннан бұзаудың мүсінін құйып, жансыз мүсінге жан-тәнімен табынып, құлдық ұрып жүреді. Таудан қайтқан Мұса халқының осы бір жиіркенішті ісіне қапаланып, алтын бұзауды өз қолымен сындырады. «Аллаһтан басқа еш құдайға табынбаңдар!» - деп Аллаһтың уаһи еткен қасиетті кітабы «Тауратты» ұсынады. Бұл кітапта Аллаһ адамдардың екі дүниеде бақытты өмір сүруі үшін тек Аллаһқа жалбарынуын, әділетті, бейбіт өмір кешуін, қайырымды болуын бұйырған.
Хазірет Мұсаның уақытында оқу-жазу білетін адам өте аз болған. Израйылдықтар хазірет Мұса ғалаиһиссалам өліп, бірнеше жылдан кейін Алладан түскен Тәураттың түпнұсқасын жоғалтты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көкке көтерілгенде Мұсаға (ғ.с.) жолыққандығы баян етілген.
Бесінші көкке және жетіп қалдық,
Тұр екен Ыдырыс сонда: хабар алдық.
Бесіншіде жолықтық біз һарұнға
Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.
-Көрмей ме сендей болып тусам, кәне-ей?»
Соң қылып бәрімізден шығарса да,
Оң қылып, абзал қылды Құдай сені!
М±самен мен сµйлессем Т±р тауында,
Сенімен жолыќтым ѓой н±р тауында.
Таурат ‰шін аятыл к‰рсі бердім,
Оќыса болар пайда кµп ќауымѓа.
Ислам дінінің негізін салушы, адамзаттың сұлтаны Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың хадитерінде Мүңкәр мен Нәкирді былайша сипаттайды. Омар ибн Хаттабтан жеткен хадисте «Ол пайғамбарымыздан (с.а.с.): Ей, Аллаһтың Елшісі! Мүңкәр-Нәкир дегеніміз кім? – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қабірде сынақтан өткізетін періште. Жердің астынан тістерімен, шаштарымен сүзіп шығады. Дауыстары қатты күннің шатырлаған күннің күркірегеніндей. Көздері жалт етіп атылған найзағайдай. Өздерімен бірге жер бетіндегі адамдар жиналып көтере алмайтын темір шоқпарды ала келеді » - деп жауап берді.» (Әбу Дәуіт, Әл –Байһақи, Әл-Қубур).
Мүңкәр мен Нәкир туралы діни лирикалық шығармалардың авторы, діндар ақын Мәшһүр-Жүсіптің өлеңдерінен де ұшырастыруға болады.
Мысалы:
Аѓалар, іш к‰йгеннен ќыламын аћа!
«Мен раббик!» - деген шаќта Мєњк‰р-Нєњк‰р,
Тіліме жєрдем бергіл, Раббым Алла!
Дінім – ислам: руза, намаз – бізге міндет!
Періште М‰њкір-Нєњк‰р, менде нењ бар,
Мєзћабым [55] улфа сізден ізгі миллєт [56]!
Ақын өлеңдерінде «Мүңкәр» мен «Нәкир» «Мәңкүр-Нәңкүр», «Мүңкір-Нәңкүр» варианттарымен кездеседі.
Әдеб.: Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 6 том./ Бас. ред. Б.Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2004. 646 б.
Оңдасынов Н. Д. Арабша- қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 174. Будагов. Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том II. Санктпетербургъ. Типографиія импераьорской академіи наукъ. 1871. - С. 254. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б.103, 104. Мәжди Мухаммад Әш-Шиһауи. «Қабір азабы» Алматы – «Кәусар» - 2006ж. – Б. -32-33.
Мәшһүр – Жүсіп:
Сол кезде ханшаңыз қатты састы,
Жалғанда не өтпейді ғазиз бастан?!
Шақырып оңашада қасыма алдым,
Бар еді бір қара құл қызылбастан
- дейді.
Түйін. Мәшһүр - Жүсіп олжа лексемасын тұтқынға түскен құл сияқты мағынада қолданған. Олжа > жесір <> құл (күң).
Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 172.
КӨР - адам денесі жерленетін жер. [гробница, могила] – могила. Көрді тағы «мақбар», «қабір» деп те атайды. Ол жер ең ауыр әрі қорқынышты орын. Адам дүниеден қайтқаннан кейін мекен-жайлардың алғашқысы. Бұл жайында Ахмад ибн Мәжәһ Пайғамбарымыз (с.а.с.) – ның бір хадисін риуаят еткен. «Хазіретті Осман ибн Аффан қабір басына барған кезде көзінен жас парлап жылайтын еді. Бірде одан: «Жәннәт пен тозақ жайлы айтқан кезіңде жыламайсың да, қабір басына келген кезде неге жылайсың?» - деп сұрайды. Сонда Осман (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әлбетте қабір ахиреттегі мекен жайлардың алғашқысы. Егер иесі оның азабынан құтылса, кейінгі сынақтардан жеңілірек болады. Ал құтылмаса одан да қиын болады.»-дейді.»
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында көр сөзі кездеседі.
Мысалы:
Иншалла, жазған сөзім бір де қалмас.
Болат мәтін қанжармен – тесілген тас,-
«Тесік тас, - деген сөз бар, - жерде қалмас.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 142.
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында да әулие сөзі кездеседі:
- Алатау – басы толған қар, - деп айтты,
- Пішкәмнің жолы қиын, тар – деп айтты.
- Сахабауыл Ғабдолла ансары мен
Әулие «Күміс кептер» бар – деп айтты
- дейді.
Алғашқы пайғамбар хазіретті Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар хазіретті Мұхаммед (с.а.с.)-ға дейінгі пайғамбарлардың бір бөліміне, ешкімге тәуелсіз кітап, шариғат заңы жіберілген. Басқаларына да өздерінен бұрын жіберілген пайғамбарлардың кітабына және шариғатына мойынұсынулары әмір етілген. Міне осы жөнінен пайғамбарлар екіге бөлінеді.
1 Расул. Алла Тағаладан тәуелсіз жаңа кітаппен, шариғатпен адамзатты дінге уағыздау үшін жіберілген пайғамбарларды «Расул» деп атайды. Расул сөзінің көпше атауы «Русул».
2 Нәби. Аллаһ Тағаладан өзіне тәуелсіз жаңа бір кітап немесе шариғат жіберілмеген, бірақ өзінен бұрынғы пайғамбарлардың шариғатымен үкім еткендерді «Нәби» дейміз. Нәби атауының көпше түрі «Әнбие». Осыған байланысты әр Расул нәби бола алады, бірақ әр Нәби Расул бола алмайды.
Әулие- әнбие. Әнбие кейде әмбие н//м үнді дыбысына ауысып келе береді.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің діни жырларында да әнбие сөзі ұшырасады.
Мысалы:
Әнбие айтып өткен мұрсал нәби,
«Жарайды, болсаң бол-деп, пәлі, пәлі!»
Көктен түскен сақаба – жүз жиырма,
Мақтауменен сөйлеген бәрі де, әні
- дейді.
Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 46. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115. Х. Жанарыс. «Имандылықтың ғылыми негіздері» Павлодар. 2006ж. – Б. -78-79.
БАЙТУЛЛАҺ (بيت الله) Араб тіліндегі «Байтун» үй және «Аллаһ» құдай, Алла деген екі мағынаның қосындысынан шыққан «Аллаһтың үйі» деген сөз. Яғни Аллаһты еске алып, ғибадатететін ғибадатхана, мешіт, намазханаларды Аллаһтың үйі дейді. Ислам дінінде алғашқы байтуллаһты Мұхаммед (с.а.с.) Мекке қаласына өзі салдыртқан еді. Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы Мәсжидул-Харамның ішінде орналасқан төрт бұрышты биік әсем ғимарат бар. Оны Байтуллаһ, Байтул-Муаззам, Байтул-Шариф, Байтул-Мукаррам, Қағбатул-Мукаррам деп те атайды.
Осы Байтуллаһ сөзі Мәшһүр – Жүсіптің діни лирикасында да кездеседі.
Бұл жөнінде ол:
-Үстіне Байтолланың қара жауып,
Байларға рақат екен сонда бару.
Күші жетіп, шамасы келген жанға,
Жалғанда зор күшті армна-көрмей қалу
- дейді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни лирикасында «Бес парыз» атты шығармасында калимаи шахадатты былайша жырлайды.
Исламның бес парызы: біреуі – иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтықат, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.
Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.
«Бір!» - деп, «бар!» - деп, илану – бізге парыз,
Ғаламға он сегіз мың патша өзі.
Екінші, намаз екен бізге парыз,
Айтпасақ, білмегенге бізге қарыз.
Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,
Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.
3. Саум – Жылына бір рет Рамадан айында ораза тұту. Осы кезде күн шығардан бұрын күн батқанға дейін адам ішуден, ішуден және жұбайлық қатынастан аулақ болуы керек. Ораза тұту Аллаһ алдында ғибадат жасау мен құлшылық қылудың үлкен бір түрі. Сондай-ақ ораза адам ағзасына зор пайдасын тигізеді.
Мәшһүр-Жүсіп:
Үшінші бізге парыз – Шаһи Рамадан,
Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң.
Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса,
Алпыс күн кіпарат бар осы – сазаң
- дейді.
4. Зекет Аллаһ әрбір жағдайы жетік мұсылманға өзі тапқан ризығынан белгілі мөлшерде салық төлеуді бұйырған. Одан түскен пайданы кедей-кепшіктерге, жетім-жесірлерге, жағдайы нашар адамдарға беріледі. Егер мұсылман адамның жағдайы берілетін зекеттің мөлшерінен асып жатса, оған қанша берем десе де шек қойылмайды. Мәшһүр – Жүсіп:
Төртінші, бізге парыз – зекет малдан,
Бұл пәле тосатұғын әр қамалдан.
Жүрмейді зекетіңе қабыл болып,
Ақсақ, соқыр, тып-типыл құйрық жалдан
- дейді.
5. Хадж тым құрыса өмірінде бір рет Аллаһ ризалығы үшін Меккеге барып қажылық жасау. Бұл мұсылмандар үшін ең қайырлы амалдардың бірі. Себебі, әр мұсылман бұл амалды бар ынта ниетімен, денесімен әрі дүниесімен жасайды. Бұл жөнінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев былай деген:
Біреуі бес парыздың қажығы бару,
Бұл жолға мал мен жанды керек салу.
Шақырған бір Алланың ол жеріне,
Байларға қиын екен бармай қалу.
Ақынның діни сарындағы лирикалық жырларында бес парыз туралы көптеген өлең жолдары баршылық.
Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б.138-141. «Ќ±ран кєрім ќазаќша маѓынасы» Х. Алтай аудармасы. 16-пара, 18-Кеһф с‰ресі, 110-аят, -Б. 304.
ЗАМАН АҚЫР – Аллаһтың әмірімен Исрафил (ғ.с.) сүр үрлегенде дүниенің күл болып өртеніп, таулар балқып, өзен-көлдер тасып, жер бетін қаптаған өрт болып, дүниенің астан-кестен болып жойылуы. Күллі әлемдегі дүние яғни он сегіз мың ғалам Аллаһқа бағыныштылығы сондай, мезгіл-мерзімі жеткенде жоқ бомақ. Барлық мұсылмандар бірігіп Аллаһқа ғана жалбарынып, содан ғана медет тілейтін болады. Исрафил (ғ.с.) сүрін екінші рет үрлегенде күллі жан-жануар, адамдар мен жындар қайта тіріліп, әр істеген амалдары үшін талан-таражыға салынады. Бір-бірінен сауап сұрап, қайыр тілейтін күйге жетеді. Сол кезде адамдардың амал дәптерлері не оң жақ немесе сол жақтан берілетін болады. Амалдарына қарай рухтардың не жәннәттық не тозақтық болатыны анықталатын болады. Күллі әлемнің жаратушы патшасы Аллаһ ең әділетті үкім шығаратын болмақ. Қазақ ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің діни дастандарында да осы ақыр заман жайында жыр етіп кеткен.
Мәселен:
Қойыныңда қатын жатпайды.
Ұрсаң тілін тартпайды.
Кінәсі асқан бұл пенде,
Құдайдан асылы қорықпайды.
Шешесіне бүлініп,
Ұлы шоқпар саптайды.
«Алжыған кәрі қақпас!» - деп,
Келіні сырттан боқтайды.
десе, тіпті «Заман ақыр» атты жыр да жазған.
09 09 2014
15 стр.
Оқу құралы Қазақстан Республикасының ммос-ға сәйкес криминалистиканы оқуға бөлінген кредиттер бойынша жинақталған
25 12 2014
14 стр.
11 10 2014
9 стр.
12 10 2014
3 стр.
Жоғары оку орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік оқу құралы
23 09 2014
3 стр.
16 12 2014
7 стр.
С 23 Английский язык: лексика, грамматика, речь, общение. Я и мое окружение. 1 часть : учебное пособие для студентов неязыковых специальностей / К. Н. Булатбаева., Л. Б. Аскарова.,
12 09 2014
7 стр.
Айдос Е. Ж., Жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған математика: оқу құралы / Е. Ж. Айдос. Алматы: Дәуір, 2006. 464 б
17 12 2014
1 стр.