Перейти на главную страницу
Е. Б. Ахметов
Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Е. Б. Ахметов
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Студенттерге арналған оқу құралы
ӘОЖ 34(574) (075.8)
КБЖ 67 (5 каз) я73
А 94
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Б. Х. Олжабаев – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы;
С. К. Жетписов – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Инновациялық Еуразия университетінің «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының меңгерушісі.
В. Н. Жамулдинов – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Экономика,құқық және философия» кафедрасының меңгерушісі.
А94 Құқық негіздері : студенттеріне арналған оқу құралы /
Е. Б. Ахметов. – Павлодар : Кереку, 2012. – 109 б.
ISBN
Оқу құралы бакалавриат мамандықтарының студенттеріне арналған.
ISBN
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Құқық негіздері бойынша оқу құралы жоғары оқу орындарының бакалавр мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған. Бұл ғылыми еңбек болашақ мамандарының күнделікті мамандық салалары бойынша заң саласында құқық негіздері заңдарың дұрыс пайдалануға көзделген.
Құрылымы бойынша еңбек он бір тақырыптан тұрады. Осы бөлімде құқық негіздері мазмұнының сипаттамасы берілген:
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1) Бұқаралық биліктің болуы;
2) Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу;
3) Салық жүйесі;
4) Егемендік.;
5) Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси – бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1) Бұқаралық (көпшілік ) билік;
2) Аппараттық билік;
3) Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
1) таптық;
2) жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
1) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
2) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
3) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай –ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1) Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2.) Биліктің бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот;
3) Қызметінің құқықтық нысаны бойынша – құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы;
4) Иерархия бойынша – республикалық және жергілікті;
5) Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);
6) Құзырлығының сипаты бойынша – жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).
Мемлекет нысаны – бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия – бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның – монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз – бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі – бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай – да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер –министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай – ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер – бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік – құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) ерікті сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формалды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні – мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нормативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік – жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде – құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи – құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық – тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.
Құқық қағидасы – бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативті заңды актілер;
2) Санкцияланған әдет – ғұрыптар;.
3) Заң прецеденті;
4) Нормативті шарт;
5) Құқықтың жалпы қағидалары;
6 ) Діни мәтіндер.
Заңның түрлері:
1) Конституция;
2) Конституциялық заңдар;
3) Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер – бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2) Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3) Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4) Ведомствалық актілер.
2 ҚР Конституциялық құқығының негіздері
2.1 Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері
Конституциялық құқық – құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқық – бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық құқықтық субъектілері – бұл конституциялық – құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.
Конституциялық – құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық – құқықтық нормалар – бұл мемлекеттің мәжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституциялық – құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:
1) Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды;
2) Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы;
3) Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды;
4) Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды;
5) Тұрақтылығы.
11 10 2014
9 стр.
09 09 2014
15 стр.
12 10 2014
3 стр.
16 12 2014
7 стр.
С 23 Английский язык: лексика, грамматика, речь, общение. Я и мое окружение. 1 часть : учебное пособие для студентов неязыковых специальностей / К. Н. Булатбаева., Л. Б. Аскарова.,
12 09 2014
7 стр.
С 83 Сақтандыру : сырттай оқитын 050509 Қаржы мамандықтарының студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқаулық / Ксембаева А. Н., Дүйсембекова С. Р. – Павлодар : Керек
09 10 2014
1 стр.
Охватывает период с 1990 г по осень 1995 г. Он характеризовался образованием первых политических партий, которые, однако, не отвечали всем критериям партии как устойчивой политичес
25 12 2014
15 стр.
Охватывает множество треугольников, которые существуют в математике, а слово «данные» – только те из них, которые даны, т е получаем не высказывание, а высказывательную форму, так
11 10 2014
12 стр.