Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Ф КГМА 1-8-22/02


МУ «Организация

методической работы в

соответсвии с ГОСО 2006

года» от 04.07.2007г.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Химия кафедрасы

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Сабақтың тақырыбы: Химиялық эквивалент.Ерітінділердің ағзалардың тіршілігіндегі

маңызы.Ерітінділердің құрамын бейнелеу эдістері.
Мамандығы: 051102 Қоғамдық денсаулық сақтау.

Пәні: Химия


Құрастырушы: Реметова Н.С.
Курс: 1

Қарағанды 2007


Тақырыбы: Химиялық эквивалент.Ерітінділердің ағзалардың тіршілігіндегімаңызы.Ерітінділердің құрамын бейнелеу эдістері.

Мақсаты: Студенттерге әр-түрлі қосылыстардағы эквиваленттік массаны, ерітінділердегі молярлы, массалық және эквиваленттік концентрацияларды есептеуді оқыту.Берілген концентрациямен ерітіндіні дайындай білу қажет.
Оқыту мақсаты:

  • химиялық эквивалент, массалық үлес, молярлы ерітіндіні, эквивалентті концентрация туралы ұғымды қалыптастыру.

  • Ерітінділердің ағзалардың тіршілігіндегі маңызын, ерітінділерді медициналық практикада қолдана білуді оқыту.

  • Масалық үлесті, молярлықты, заттардың эквиваленттік концентрациясын есептей білуді, практикада есептерді қолдана білуді оқыту.

  • өлшеуіш ыдыстармен, лабораториялық таразылармен, әдеби және электрондық базалармен жұмыс істей білуді оқыту.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Химиялық эквивалент. Эквиваленттік масса.Эквиваленттік фактор.

  2. Ерітінділердегі заттың массалық үлесі.

  3. Моль.Молярлы концентрация.

  4. Заттың эквиваленттік молярлы концентрациясы.

  5. Берілген концентрациясы бойынша ерітінділерді дайындау.

  6. Ерітінділердің ағзалардың тіршілігіндегі маңызы.

Білім берудің және оқытудың әдістері: дискуссия, жағдайлық есептер шығару, жаттығулар орындау,семинарлар, шағын топтағы жұмыс. әдістері

Әдебиеттер:

Негізгі:


1.Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия М., 2001.

2.Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого С-Пб.:Химиздат, 2001.

3.Ершов Ю.А. Общая химия. Биофизическая химия.Химия биогенных элементов: М.: ВШ 2003.

4.Асанбаева Р.Д., Илиясова М.И. Теоретические основы строения и реакционный способности биологически важных органических соединений.Алматы,2003.

Қосымша:

1.Глинка Н.Г. Общая химия. М.,2003.


Бақылау:

Сұрақтар:
1.Ерітінді дегеніміз не? Заттың еріген күйін қалай түсінесіз?

2.Тірі ағзалардағы ерітінділерді атңыз.

3.Ерітінділердің жіктелуі.

4.Қатты ,сұйық және газ тәрізді ерітінділерге мысал келтіріңіз.

5.Сольваттар дегеніміз не?

6.Қаныққан және қанықпаған ерітінділерге мысал келтіріңіз.

7.Еріген заттың массалық үлесі.Ерітіндінің массасын және заттың массалық үлесін қандай формуламен есептеуге болады?

8.Молярлы концентрациясы.Ерітіндінің молярлы концентрациясын қандай формула арқылы есептеуге болады?


Тесттер:

1. Ерітіндінің құрамындағы еріген зат мөлшерінің сол ерітіндінің көлеміне қатынасы қалай аталады?

А) массалық үлес

В) молярлық концентрация

С) эквиваленттің молярлық концентрациясы

D) моляльдық концентрация

Е) молярлық масса

2. Ерітіндінің құрамындағы еріген зат массасының сол ерітіндінің массасына қатынасы қалай аталады?

А) массалық үлес

В) молярлық концентрация

С) эквиваленттің молярлық концентрациясы

D) моляльдық концентрация

Е) молярлық масса

3. Ерітіндінің құрамындағы еріген зат мөлшерінің еріткіштің массасына қатынасы қалай аталады?

А) массалық үлес

В) молярлық концентрация

С) эквиваленттің молярлық концентрациясы

D) моляльдық концентрация

Е) молярлық масса

4. Ерітіндінің құрамындағы еріген заттың эквивалент мөлшерінің сол ерітіндінің көлеміне қатынасы қалай аталады?

А) массалық үлес

В) молярлық концентрация

С) эквиваленттің молярлық концентрациясы

D) моляльдық концентрация

Е) мольдік үлес

5. Еріген зат немесе еріткіш мөлшерінің ерітіндінің құрамына кіретін барлық заттар мөлшерінің қосындысына қатынасы аталады:

А) массалық үлес

В) молярлық концентрация

С) эквиваленттің молярлық концентрациясы

D) моляльдық концентрация

Е) мольдік үлес

6. Молярлық концентрацияның өлшем бірлігін көрсетіңіз:



  1. г/л

  2. моль/л

  3. %

  4. моль/кг

  5. г/мл

7. Моляльдық концентрацияның өлшем бірлігін көрсетіңіз:

  1. г/л

  2. моль/л

  3. %

  1. моль/кг

  2. г/мл

8. Массалық үлесті бейнелейді:

  1. г/л-мен

  1. моль/л-мен

  2. % -пен

  3. моль/кг-мен

  4. г/мл-мен

9. Молярлық концентрацияны қандай формула бойынша есептейді?

  1. N2=n2/n1+n2

  2. Cм= m(х)/ МV

  3. С(1/zx)= n(1/zх)/V

  4. -Cm(x)=n(х)/mраст

m е.з.

  1. -W = ------------ 100%

m(ер-ді)

m е.з.


10.W = -------- 100% формуласы бойынша есептеуге болады:

m(ер-ді)




  1. мольдік үлесті

  2. молярлық концентрацияны

  3. эквиваленттік молярлық концентрацияны

  4. массалық үлесті

  5. моляльдық концентрация

m

11. Cм= --------- бойынша есептеуге болады:

M V


  1. мольдік үлесті

  2. молярлық концентрацияны

  3. эквиваленттік молярлық концентрацияны

  4. массалық үлесті

  5. моляльдық концентрация

12. Балқыған немесе еріген күйде электр тоғын өткізбейтін заттар аталады.

  1. күрделі заттар

  2. жай заттар

  3. электролиттер

  4. электролит еместер

  5. газдар

13. Массалық үлестің өлшем бірлігін көрсетіңіз:

  1. г/л

  2. моль/л

  3. %

  4. моль/кг

  5. г/мл

14. Ерітіндінің құрамы ------- тұрады:

  1. еріген заттан

  2. еріткіштен

  3. еріген зат және еріткіштен

  4. судан

  5. иондардан

15. Ерітінділер агрегаттық күйіне байланысты жіктеледі:

  1. қатты және газ тәріздес ерітінділер

  2. сұйық ерітінділер

  3. қатты және сұйық

  4. сұйытылған, концентрленген

  5. А және В жауаптары



Тақырыбына арналған жаттығулар

№1 жаттығу

Қан плазмасына қатысты изотонды ерітінді болып есептелетін 0,9% - тік NаCI ерітіндісінің 500 г –ын дайындау үшін қажетті еріген заттың және еріткіштің массаларын есептеу керек.

№2 жаттығу

Хирургияда жарақаттарды жуу үшін 4%-тік NаCI дың гипертоникалық ерітіндісі қолданылады. Осы ерітіндінің 400 г дайындау үшін есептеулер жүргізіңдер.

№3 жаттығу

Массасы 400 г 5 %-тік глюкоза ерітіндісін дайындау үшін неше грамм құрғақ зат, неше грамм еріткіш қажет?

№4 жаттығу

Медицина практикасында калий перманганатының әр түрлі ерітінділері қолданылады. Осы 3%-тік 100 г калий перманганаты ерітіндісін дайындау үшін қажетті КМпО4–тің массасын және судың көлемін есептеңіз. Жауабы: 3г; 97 мл

№5 жаттығу

Медицина практикасында 5-10 %-тік йодтың спирттегі ерітіндісі жараны, кескен жерлерді, операция алаңын залалсыздандыру үшін қолданылады. 10 г кристаллдық йодтан 5%-тік йодтың спирттегі ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады. Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/ мл. Жауабы:

V-211 мл


№6 жаттығу

10 % - тік сілті ерітіндісін алу үшін 30 % - тік 200 мл NаОН (р=1,33 г/мл)ерітіндісіне қосылатын судың көлемін есептеңіз

№7 жаттығу

Кұрамында 40 г глюкоза мен 280 г суы бар ерітіндінің концентрациясын процентпен өрнектеу қажет.

№8 жаттығу

15 % - тік Н24 (р=1,10 г/мл) ерітіндісінің молярлық, моляльдық эквиваленттік молярлық концентрацияларын есептеу қажет.

№9 жаттығу

Адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының орташа массалық үлесі 0,5 %. 500 г асқазан сөлінде тұз қышқылының неше мольі болады? Жауабы: 0,068 моль

№10 жаттығу

Аналитикалық практикада NаОН, КМпО4 ерітінділері кеңінен қолданылады. Есептеңіз:

а) 1л концентрациясы 0,1М ерітінді дайындау үшін неше г NаОН; б) 5л концентрациясы 0,02 М ерітінді дайындау үшін неше г КМпО4 қажет. Жауабы: 4г NаОН; 3,16 КМпО4

Өздік жұмысқа арналған есептер.

1.Массалық үлесі 5% , 300г йод ерітіндісін дайындау үшін қанша масса йод және спирт қажет.

2.Массасы 1 кг. қантты 5л суда ерітті.Ерітіндідегі қанттың массалық үлесін (%) есептеңіз.

3.Массалық үлесі HCL 36 %(р= 1,19 г/мл) ерітіндідегі хлорсутек қышқылының молярлы концентрациясын есептеңіз.

4.Массалық үлнсі 14%,120г фруктоза ерітіндісіне 180 мл.су құйды. Алынған ерітіндідегі фруктозаның массалық үлесін (%) есептеңіз.

5.Массалық үлесі 20 % ,500г Na2CO3 ерітіндісін дайындау үшін кристаллды соданың

Na2CO3 *7 H2O қанша массасын алу қажет.

6.Күкірт қышқылы ерітіндісінің молярлығы 4,5 моль/л тең, ал тығыздығы 1,26г/мл. Ерітіндінің процентті концентрациясын анықтаныз.
Топтағы жұмыс.

Практикалық тапсырма 1.

Ерітіндінің молярлы концентрациясын дайындау.

Ерітіндінің молярлы концентрациясын өлшеуіш колбаларда дайындайды.

Жұмысқа төмендегі тапсырмалар кіреді.

1.Концентрациясы 0,1моль/л 100,200,250,500,1000 мл ерітінді дайындау үшін қанша тұз қажет екенін есептеу.

2.Тұздың мөлшерін техникалық таразыда өлшеу.

3.Өлшенген тұзды воронка көмегімен өлшеуіш колбаға салып (колбаның 2/3 көлемін дистиллденген суға толтыру керек), зат толық ерігенше айналдырып араластыру қажет.Зат толық ерігеннен кейін колбаның өлшенген жеріне дейін суды толтыру керек.

4.Судың ең соңғы порциясын пипетка арқылы тамшылатып толтыру керек.Сұйықтың теңдігін боялмаған сұйықтық үшін ең төмен мениск бөлігімен және боялған сұйықтық үшін ең жоғары бөлігімен анықтаңыз.

5.Колбаны тығыздап пробкамен жауып ерітіндіні араластыру қажет, колбаны бірнеше рет айналдырып (үстіге-астыға) араластыру керек.

6.Лабораториялық тапсырманың отчетын келесі форма арқылы өрнектеу қажет.


молярлы концентрациясы

ерітіндінің көлемі

есептеу

0,1 моль/л










қорытынды




Маршруттық карта.

1.Концентрациясы 0,1моль/л 100мл және 250мл ерітінді дайындау үшін қанша тұз NaCl қажет екенін есептеңіз.

2.Тұздың мөлшерін техникалық таразыда өлшеу қажет.

3.Ерітіндіні тапсырма бойынша дайындау.

4.Лабораториялық жұмыс бойынша отчет құру.


Практикалық тапсырма 2.

Ерітінді эквиваленттінің молярлық концентрациясын дайындау.

Ерітінді эквиваленттінің молярлық концентрациясын өлшеуіш колбаларда дайындайды.
Жұмысқа келесі тапсырмалар кіреді:

1.Эквиваленттің молярлық концентрациясы 0,1 моль * экв/л 50,100,200,250,500 мл ерітінді дайындау үшін, қанша зат қажет екенін есептеу.

2.Өлшенген заттың мөлшерін технохимиялық таразыда өлшеу.

3.Өлшенген мөлшерді воронканың көмегімен өлшеуіш колбаға салып (колбаның 2/3 көлемін дистиллденген сумен толтыру керек), зат толық ерігенше айналдырып араластыру қажет.

Зат толық ерігеннен кейін колбаның өлшенген жеріне дейін суды құю керек.

4.Судың ең соңгы порциясын пипетканың көмегімен тамшылатып қосу қажет.

Сұйықтықтың теңдігін боялмаған сұйықтық үшін ең төменгі бөлігімен анықтаңыз.

5.Колбаны пробкамен тығыздап жауып, ерітіндіні араластыру керек.

6.Лабораториялық тапсырманың отчетын келесі форма арқылы өрнектеу қажет.


Эквиваленттің молярлық концентрациясы

Ерітіндінің көлемі

Есептеу

0,1 моль/л




С(1/z х)=m(х)




қорытынды

М(1/z х)* Vер-ді.

Практикалық тапсырма 3.


Берілген концентрациясы бойынша ерітінді дайындау.

Жұмысқа келесі тапсырмалар кіреді:

1.Массалық үлесі 6,8,10,12,14,16% , 250г ерітінді дайындау үшін (м1) натрий хлоридінің, және (м2) судың массасын есептеу қажет.

2.Өлшенген натрий хлоридінің мөлшерін техникалық таразыда өлшеу.Өлшенетін зат таразының сол жақ чашкасында фильтр қағазының үстінде өлшенеді, ал оң жақ чашкасына өлшеуіштер қойылады.

3.Судың өлшенген көлемін цилиндрмен өлшеу керек.

4.Өлшенген натрий хлоридін химиялық стаканға немесе колбаға салып оған цилиндрдаға суды аздап құйып еріту қажет.

5.Натрий хлориді толық ерігеннен кейін, химиялық стакандағы немесе колбадағы ерітіндіні цилиндрға ауыстыру қажет, ареометрмен тығыздығы өлшенеді.

6.Цилиндрдағы ерітіндіге ареометрді қолмен жайлап түсіру керек.

Ареометр ерітіндіде еркін жүзуі қажет.

7.Үш рет өлшенген ерітіндінің орташа арифметикалық өлшеуін табамыз.



8.Ареометрді сумен жуып кою қажет.

9. 1 кестені пайдалана отырып тығыздығы бойынша дәлме-дәл проценттік концентрациясын анықтайды.

Му «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г

Мақсаты: Биополимерлердің физикалы-химиялық қасиеттерінінің құрамын,жіктелуін оқыту

54.12kb.

15 10 2014
1 стр.


Му «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г

Сабақтың тақырыбы: Моно-,олиго- және полисахаридтер. Биологиялық белсенді гетероциклдық қосылыстар. Нуклеин қышқылдары

48.22kb.

09 09 2014
1 стр.


Му «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г

Тақырыбы: Химиялық эквивалент. Ерітінділердің ағзалардың тіршілігіндегімаңызы. Ерітінділердің құрамын бейнелеу эдістері

94.33kb.

01 09 2014
1 стр.


Му «Организация методической работы в соответсвии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007г

Сабақтың тақырыбы: Термохимия. Термохимиялық есептеулер. Химиялық реакциялардың кинетикасы. Химиялық байланыстың табиғаты. Биокомплекстер. Биогенді элементтердің химиясы

32.46kb.

06 10 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-23/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от04. 07. 2007г

Сабақтың мақсаты: Студенттерге элита жайындағы тұжырымдарды, олардың тарихи дамуын және қоғамдық түрлерін түсіндіру

41.23kb.

24 09 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-24/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от04. 07. 2007г

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Қазақстанның егемендік жолындағы қалыптасуы, ішкі және сыртқы саясаттың құрылы мен ерешеліктерін түсіндіру

36.56kb.

24 09 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-24/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от04. 07. 2007г

Сабақтың мақсаты: Студенттерге саясаттану туралы тұжырымдамалар мен ұғымдакрды, саясаттану ғылымын пән ретінде түсіндіру

41.29kb.

09 10 2014
1 стр.


Ф кгма 1-8-24/02 му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

45.68kb.

06 10 2014
1 стр.