Перейти на главную страницу
Павлодар облыстық «Облыстық мамандандырылған»
білім басқармасының дарынды балаларға арналған
бастығы кадет мектеп-интернаты» ММ
директордың міндетін атқарушы
________________________________ ______________________________________
«____»_________________2013 жыл «____»__________________2013 жыл
1.1.Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережелерін бекіту туралы» № 69-Қаулысы негізінде құрастырылды (арығарай- Ережелер) және оқу бағдарламаларын, тереңдетілген әскерге дейінгі дайындығы бар әскери іс және спорт бағдарламаларын меңгеруде жоғары деңгейлі қабілеті немесе айрықша дарындылығы байқалған балаларды оқыту және тәрбиелеуге бағытталған «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» Мемлекеттік мекемесінде үміткерлердің оқуы үшін іріктеуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
1.2. Осы Ережелерде келесі анықтамалар қолданылады:
Қабылдау комиссиясы – «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-нің 9-11-сыныптарында оқытылуы үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайтын комиссия;
Байқау комиссиясы – дарынды балаларға арналған мектептердің 9-11-сыныптарында оқытылуы үшін үміткерлердің конкурстық іріктеуін жүргізетін комиссия;
апелляциялық комиссия – байқау кезеңіндегі тапсырмаларды бағалауда даулы мәселелерді шешетін комиссия;
білімдерін кешенді тексеру– белгілі пәндер бойынша үміткерлердің білімдерін тексеруге бағытталған іс-шаралар;
Түсуге ықылас білдірген үміткерлер (арығарай – үміткерлер) –білім беру ұйымдарында оқитын және «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-де оқуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;
Қосымша тізім – оқу жылының ағымында күші жойылмайтын, мектептегі бос орындарға түсетін үміткерлердің тізімі;
2.2.Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны, сондай-ақ байқаудың бірінші кезеңін өткізудің мерзімін конкурстық комиссиясы белгілейді, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпараттар құралдарында және оқу орнының интернет қорында жарияланады.
2.3. Түсу алдындағы конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Ереженің 1-қосымшадағы үлгісіне сәйкес конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2) осы Ереженің 2-қосымшадағы үлгісіне сәйкес толтырылған сауалнама;
3) қол қойылған «келісім», осы Ереженің 3-қосымшасы;
4) үміткердің туу туралы куәлігі, жеке куәлігі (бар болған жағдайда)- көшірмелері;
5) 4-қосымшаға сәйкес үлгідегі медициналық анықтама;
6) үміткердің тұрғылықты жерін растайтын мекенжай анықтамасы;
7) үміткердің соңғы екі жылдағы үлгерім табелі, егер де талапкер ағымдағы оқу жылын аяқтамай, оқуын жалғастырып жатқан жағдайда бірінші жартыжылдықтың үлгерім және тәртібінің табельдері – басшының қолымен бекітіліп, білім беру ұйымының тиісті мөрімен расталған көшірмелері;
8) үміткердің мадақтамалары, дипломдары, сертификаттары, соңғы екі жылдағы оқу мен қоғамдық істерін растайтын басқа да құжаттар (бар болған жағдайда)- көшірмелері;
9) 3х4 үміткердің фотосуреті - 4 дана;
10) білім беру ұйымының мөрімен бекітілген мінездеме;
11) полицияның балалар бөлмесінен анықтамасы.
2.3. тармағында көрсетілген барлық ұсынылған құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
2.4. Үміткердің конкурсқа қатысуға рұқсат беретін құжаты «Уақытша рұқсатнама» деп аталады. «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ басшысының қолымен бекітіліп, мөрімен расталады, үміткердің атына құжаттарды тапсырған күні беріледі.
2.5. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту болып табылатындар:
1) конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімнен кейін өтініш білдірсе;
2) осы Ережедегі 2.3. тармағының 7-тармақшасында көрсетілген құжаттардан басқа құжаттардың толық тізімі ұсынылмағанда .
3. Конкурсты өткізу тәртібі.
3.1.Конкурстық іріктеу негізінде үміткерлердің білім деңгейлерінің білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, денсаулық жағдайы мен дене шынықтыру дайындығының сәйкестігі арқылы жүргізіледі.
З.2. Үміткерлердің конкурстық іріктеуін өткізу шін мектеп директорының бұйрығымен мектеп педагогтері, Павлодар облыстық білім басқармасының өкілі, мектеп психологі, дәрігері және директордың орынбасарлары құрамынан тұратын конкурстық комиссиясы құрылады. конкурстық комиссиясының төрағасы мектеп директоры болып табылады.
3.3. Осы Ережелерге сәйкес құжаттарды ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға ұсынылады.
Конкурс төрт кезеңнен тұрады.
3.4. Бірінші кезеңде конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды зерделейді: соңғы екі жылдың ішіндегі, бірінші жартыжылдықтағы (егер де үміткер ағымдағы оқу жылын аяқтамай, оқуын жалғастырып жатқан жағдайда) үлгерім табельдерінің орташа ұпайын есептейді, мінзедемесімен танысып, алдын ала медициналық куәландыруын жүргізеді.
3.5. Егер де үміткердің денсаулық жағдайы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскер және әскери құрылымдарында әскери- дәрігерлік сараптауды өткізу Ережелері» (3-тарау. 3 жылдық оқыту мерзімімен кадет корпустарына,
С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебіне, кадеттер мен тәрбиеленушілердің республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлеріне) түсетінүміткерлердің медициналық куәландыруы) талаптарына сәйкес келсе және оқу үлгерімінің орташа балы 3,8-ден кем болмаса, үміткер конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
3.6.Екінші кезеңде 9-сыныпта оқытылуына өтініш берген үміткерлер емтихандар тапсырады: қазақ тілі, орыс тілі, математикадан- жазбаша, Қазақстан тарихынан- ауызша.
3.7. Емтихандар «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-нің интернет қорында жарияланатын конкурстық комиссиясының бекіткен кестесі бойынша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өткізіледі.
3.8. Кестеде үміткерлердің әр тобында күніне бір емтихан өткізілуі қарастырылған, әр оқу пәні бойынша емтихандар арасындағы үзіліс екі күннен аспайды.
3.9. Жазба жұмыстарын орындау және ауызша жауап беруге дайындалу үшін үміткерлерге мектептің бұрыштама мөртабаны басылған қағазы беріледі. Жұмысты орындаған үміткерлер оны шимай қағазымен бірге конкурстық комиссиясына тапсырады.
Берілген уақытта аяқтай алмаған үміткерлер жұмысты аяқталмаған күйде тапсырады.
3.10. Жазба емтиханын өткізу кезеңінде (диктанттан басқа) үміткерге сыныптан 5 минутқа шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихан жұмысында үміткердің емтиханнан шығу ұзақтығы көрсетіліп жазылады.
3.11. «2»-ге (қанағаттанарлықсыз) және «5»-ке (үздік) бағаланған жазба жұмыстарына рецензия жазылады.
3.12. Кезекті емтиханда «2» бағасын алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.
3.13. 9-сыныпқа түсетіндердің жазба емтихан жұмыстарына 60 минут уақыт беріледі.
3.14. Ауызша емтихандарды тапсыруда жауапты дайындау үшін кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер үміткер билет бойынша сұрақтарға жауап бере алмаса, клнкурстық комиссиясы оған екінші рет билетті алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға кемітіледі). 3.15. 10-11-сыныптарда оқытылуға өтініш берген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеу үлгісі және материалдары бойынша кешенді тестілеу тапсырады- математика, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы.
Тестілеуді өткізуге 180 минут уақыт беріледі.
3.16. Емтихан материалдарын таратуға, аудиторияда тәртіп ережелерін түсіндіруге бөлінген уақыт белгіленген уақытқа кірмейді. 3.17. Кешенді тестілеуде үміткерге сұрақ-кітапшасы, жауап парақшасы және жауап парақшасының көшірмесі беріледі. Барлық қажетті есептеулерді үміткер сұрақ-кітапшасында орындайды, дұрыс жауаптарын жауап парақшасына енгізеді және өзімен бірге алып шығатын жауап парақшасының көшірмесіне көшіріледі.
Жауап парақшасының көшірмесі апелляцияға берудің негіздемесі болып табылады.
3.18. Емтиханды сәтті тапсырған үміткерлер үшінші кезеңде психологиялық тестілеу мен сауалнамадан өтеді.
3.19.Психологиялық тестілеудің нәтижесі бойынша әскери іске жақын және тереңдетілген әскерге дейінгі дайындыққа дайын үміткерлер төртінші кезеңге жіберіледі.
3.20. Төртінші кезеңде үміткерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруға жіберіледі.
Бозбалалар: 100 метрге жүгіру; 2000 метрге жүгіру; «Үстінен шап беру» қалпымен түрникте тартылу.
Бойжеткендер: 60 метрге жүгіру; 1000 метрге жүгіру; «Арқасымен жатып, қолдарын басқа қою» қалпымен бастапқы қалпынан денесін көтеру.
Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді бағалау 5-қосымшада.
3.21. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен ең көп ұпай жинаған үміткерлер «курсанттар» қатарына қабылданады және «Жас кадет курсынан» өтеді.
3.22.«Жас кадет курсы» 30 оқу сағаттарына есептелген бағдарламасы бойынша өткізіледі. Оған «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-нің күн тәртібін орындауға және интернатта тұру жағдайларына дайындығы мен курсанттардың бейімделуін тексеру мақсатында өткізілетін саптық, дене шынықтыру дайындығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жарғылары бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтары кіреді. 6- қосымша.
4. Конкурс қорытындысын қайта қарау тәртібі
4.1. «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-не түсетін үміткерлердің құқықтарының қорғалуын қамтамамасыз ету, үміткерлерді іріктеудің бірыңғай талаптарын сақтау және конкурс өткізу кезеңінде тапсырмаларды бағалауда даулы мәселелерді шешу мақсатында білім беру ұйымының педагогтері қатарынан апелляциялық комиссиясы құрылады.
Апелляциялық комиссиясы мүшелерінің құрамы жұп санынан құралады, бірақ саны бес адамнан кем болмауы керек. Апелляциялық комиссиясының төрағасы «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп- интернаты» ММ-нің директоры болып табылады.
4.2. Үміткердің конкурс тапсырмаларын бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда, нәтижелерді жариялағаннан кейінгі келесі күні апелляциялық комиссиясына жолығуға құқығы бар.
4.3. Апелляцияға (өтініш, шағым) үміткердің бағасының төмендеуіне әкелген конкурс шараларының бұзылғандығы немесе ,оның ойынша, конкурс тапсырмалары үшін қойылған бағаның қате екендігі жөнінде жазған дәлелді жазба өтініші жіберіледі.
4.4. Апелляцияда қаралмайтын мәселелер:
1) конкурс тапсырмаларының мазмұны мен құрылымы;
2) үміткердің конкурс тапсырмаларын орындау кезіндегі белгіленген тәртіп ережелерін бұзғандығымен байланысты болса.
4.5. Апелляцияны апелляциялық комиссиясына 9.00-ден 16.00-ге дейін апелляциялық комиссиясының төрағасы атына осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес үміткер немесе оның заңды өкілдері бере алады. Өтініш білдірушінің өзімен бірге оның жеке тұлғасын куәландыратын құжаттары болуы қажет.
4.6. Апелляциялық комиссияның жұмысы бір жұмыс күнінің ішінде жергілікті уақытпен 9.00-ден 17.00-ге дейін созылады. Апелляциялық комиссиясының жұмысына апелляциялық комиссиясының төрағасы басшылық жасайды, ол жоқта апелляциялық комиссиясы төрағасының орынбасары орнын алмастыра алады.
4.7. Апелляцияны қарастыру барысында конкурс тапсырмаларының дұрыс бағалануы тексеріледі. Емтихандарды қайта тапсыруға жол берілмейді.
4.8. Апелляциялық комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшіліктің дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Дауыс беру тең болған жағдайда апелляциялық комиссиясы төрағасының дауыс беруі шешуші болып саналады.
Апелляциялық комиссиясының отырысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қол қоюы арқылы осы Ережедегі 8-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
4.9. Апелляциялық комиссия конкурс тапсырмаларының нәтижелерін сол қалпында қалдыруға немесе конкурс тапсырмаларын бағалау нәтижелеріне өзгеріс енгізуге шешім қабылдайды. Осыған байланысты үміткерге балдарды қосқаны туралы конкурс комиссиясына ұсыныс енгізеді және апелляция қорытындылары туралы оны берген сәтінен бастап жұмыс күнінің ішінде апелляцияға берген тұлғаларды ақпараттандырады.
5. Қабылдау тәртібі.
5.1 «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-нің кадеттер қатарына қабылданған үміткерлер тізімі конкурс комиссиясының хаттамаға қол қойған күнінен бастап бес күннен кештетпей, оқу мекемесінің интернет қорында жарияланады.
6. Сақтық тізімдегі үміткерлерді құру және қабылдау тәртібі
6.2.Конкурстық іріктеуін өткізу кезінде немесе сақтық тізімдегі үміткерлерді анықтауда ұпай саны тең болған жағдайда басымдылық беріледі:
1) соңғы оқу жылындағы үлгерім табелі бойынша жоғары орташа ұпай жинаған үміткерлерге ;
2) бірінші кезең қорытындысы бойынша жоғары ұпайы басымырақ болған үміткерлерге.
6.3. Сақтық тізімдегі қабылданған үміткерлер туралы шешім оқу мекемесінің интернет қорында жарияланады.
7. Қорытынды Ережелер
7.1.Конкурстық іріктеуден өтіп, оқуға қабылданған үміткерлердің ата-аналары (заңды тұлғасы) «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ директорының бұйрығына сәйкес қабылданғаннан күннен бастап, 10 күн ішінде білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімшартқа отырады. 7.2. «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» ММ-нің әкімшілігі оқушыларды және олардың заңды тұлғаларын білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін мектеп Ережесімен, сондай-ақ басқа да құжаттармен таныстырулары қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің Ережесі». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы, 25 қаңтардағы №69- Қаулысы .
3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскер және әскери құрылымдарында әскери- дәрігерлік сараптауды өткізу Ережелері». 3-тарау. 3 жылдық оқыту мерзімімен кадет корпустарына, С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебіне, кадеттер мен тәрбиеленушілердің республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлеріне) түсетінүміткерлердің медициналық куәландыруы . Қазақстан Республикасының 2006 жылғы, 31 наурыздағы №226- Қаулысы.
4. «Оқушылар үлгерімінің ағымды бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізудің типтік ережелері». Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125-бұйрығы.
5. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау Ережелері». Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2001 жылғы, 24 маусымдағы № 275- бұйрығы.
6. «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет іс-әрекетінің Ережелері». Қазақстан Республикасы Министрлігінің 2011жылғы, 20 желтоқсандағы №7380- бұйрығы.
7. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы. 1999ж., 2 желтоқсан№ 490.
Телефоны (қалалық, ұялы)___________________________________________________________
______________ жылы туған менің балам (ТАӘ толық), ____________________________________________________________________________
Тегі/Фамилия _______________________________________________________________________
Аты/Имя, Әкесінің аты/Отчество_________________________________________________
Фотография 3*4 (міндетті түрде/ (обязательно) |
Азаматтығы______________________________________________
Гражданство
Туған күні ________________________________________________
Дата рождения
Ұлты_____________________________________________________
Национальность
Сынып ___________________________________________________
Класс (болжанып отырған оқу сыныбын көрсетіңіз /укажите предполагаемый класс обучения)
Оқу тілі __________________________________________________
Язык обучения (болжанып отырған оқу тілін көрсетіңіз/ укажите предполагаемый язык обучения)
Қай мектептен келді __________________________________________
Из какой школы прибыл
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(мектептің толық атауы мен мек ен жайы/Полное наименование и адрес школы)
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Байланыс деректері /Контактные данные
Yй телефоны, ұялы телефоны_______________________________________________________
Домашний телефон, мобильный телефон
___________________________________________________________________________________
e-mail _____________________________________________________________________________
Проверил (жауапты қызметкердің аты-жөні, лауазымы/Ф.И.О., должность ответственного сотрудника)
Подпись Дата проверки
Табельдердің жылдық орташа балы/Годовой средний балл табеля
Сыныбы/Класс |
Орташа балы/Средний балл |
|
|
|
|
|
|
Оқу барысындағы жетістіктері/Учебные достижения
№ |
Қатысқан шаралар атауы/ Наименование мероприятий (олимпиадалар, зияткерлік марафондар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқаулар және т.б./ олимпиады, интеллектуальные марафоны, научные проекты, творческие конкурсы и т.д.) |
Шараның өту деңгейі/ Уровень проведения мероприятий (мектепішілік, аудандық, облыстық т.с.с/ районный, областной и т.д.) |
Қатысқан мерзімі/ Период участия |
Пәні/ Предмет
|
Нәтижелері/Результаты (алған орны/занятое место) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша жүктемелері/ Дополнительные занятия (үйірмелер, секциялар және т.б./ кружки, секции ид р.)
Туысқандық дәрежесі/ Степень родства |
Аты-жөні,туған жылы/Ф.И.О., год рождения |
Жұмыс,оқу орны, қызметі/ Место работы, учебы, должность
|
Мекен-жайы, үй, жұмыс телефоны, қаланың коды/Домашний адрес, домашний и рабочий телефон, код населенного пункта места проживания |
Әкесі Отец
|
|
|
|
Анасы Мать
|
|
|
|
Қамқоршылары Попечители |
|
|
|
«Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған кадет мектеп-интернаты» мм-не оқушыларды қабылдау
25 12 2014
2 стр.
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ гимназия-интернаты
25 12 2014
1 стр.
«Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп»
05 09 2014
1 стр.
Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – бұл 125 жылдық тарихы бар жаңа инновациялық білім беру ұйымы
09 10 2014
20 стр.
Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
25 12 2014
1 стр.
М. Т. Жунусбаева. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының география пәні мұғалімі
25 12 2014
6 стр.
Бұл әдістемелік құралға «Деңгейлеп оқыту» технологиясы негізінде екшеленген есептер енген. Бастауыш сынып мұғалімдеріне, 4- сынып оқушыларына және ата-аналарға арналады
25 12 2014
1 стр.
Жетім балалар мен ата –аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат
17 12 2014
1 стр.