Ф КГМА 1-8-23/02
МУ «Организация
методической работы в
соответствии с ГОСО 2006
года» от04.07.2007г.
Қарағанды мемлекеттік медицицна академиясы
Қазақстан тарихы және саяси -әлеуметтік пәндер кафедрасы
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Тақырыбы: Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы.
Пән: Саясаттану
Мамандық: «051101»-« Мейірбике ісі,»
Курс: I
Құрастырған: Темірқұлов О.Ж.
Қарағанды
2007 ж.
1. Тақырыбы: Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы
2. Сабақтың мақсаты:. Студенттерге әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы туралы тұжырымдамалар, қызметтері мен жіктелуі, саяси жүйе мен мемлекеттік саяси жүйе жайлы ұғымдарды түсіндіру
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
1.Мемлекеттің пайда болуымен түрлерін
2.Мемлекеттің құрылымы мен қызметін
3.Мемлекеттік басқару түрлерін
4.Мемлекеттік азаматтық қоғамның пайда болу мен дамуы
5.Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін
4. Өткізу түрі: топтық жұмыс
5.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1.Алғашқы кездегі мемлекет жайындағы теориялар түсініктер
2.Мемлекеттің егемендігі жайындағы түсінік
3.Монархиялық басқару жүйесі
4.Азаматтық қоғам жайында
5.Партияның мемлекеттегі орны.
6. Таратылатын материал: газет журналдардан мақалалар, тесттер
7. Әдебиеттер:
1.Оқу құралы. Саясаттану негіздері. Д. Жамбылов
2.Балгимбаев А.С. Саясаттану. Алматы -2004ж
3.ҚР конституциясы, - Алматы 2004
4.Хан И.Г. Политология. Уч.пособие – А;2000г.
Қорытынды тест
1.Азаматтық қоғам – бұл:
А) мемлекеттен дербес және тәуелсіз қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі;
В)мемлекеттік органдар мен қатынастардың жүйесі;
С)мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар;
Д)партиялық жүйе;
Е)сайлаушылардың ассоциацияллары.
2.Антикалық дәуірде «азаматтық қоғам» түсінігі қалай тұжырымдалды?
А)азаматтық ұжымның мемлекетпен қосылуы;
В)жеке меншікке қол сұқпау идеясы;
С)азаматтардың құқықтық қорғалуы;
Д)саяси плюрализм.
3.«Азаматтық қоғам» ұғымы қай кезеңде шықты?
А)орта ғасырларда;
В)антикалық дәуірде;
С)жаңа заманда;
Д)Ренессанс дәуірінде;
Е)қазіргі кезеңде.
4.Азаматтық қоғамның пісіп-жетілуімен басталған және оның мемлекеттік институттармен арасындағы айырмашылықтарымен айқындалатын кезең:
А)ортағасырлық;
В)ағартушылық дәуір;
С) жаңа заман;
Д)қайта өрлеу дәуірі;
Е)қазіргі кезең.
5.Жаңа заманның қай ойшылы қоғам мемлекеттен бұрын болған, ол «табиғатында» бар деген пікір айтты?
А)Ж. – Ж. Руссо;
В)О. Конт;
С)Т. Гоббс;
Д)И. Бентам;
Е)Д. Локк.
6.Мемлекетке қарсы тұрған азаматтық қоғам тақырыбы өзекті болып табылатын «Адам құқығы» атты белгілі эссенің авторы кім?
А)Т. Ходжескин;
В)Ж. Э. Сиэйс;
С) Т. Пейн;
Д)И. Бентам;
Е)О. Конт.
7.Қай ойшылдың еңбегінде жеке құқық, отбасы, тұтас алғанда азаматтық қоғамға қатысты мемлекет бір мезгілде сыртқы қажеттілік пен имманенттік мақсат ретінде алға шығады?
А)Ф. Ницше;
В)Г. Гегель;
С)И. Кант;
Д)И. Бентам;
Е)Дж. Милль.
8.Қандай теория мемлекеттің детермиделуін азаматтық қоғамның дамуымен түсіндіреді?
А)либерализм;
В)консерватизм;
С)анахизм;
Д)марксизм;
Е)социал-реформизм.
9.Саяси билікті конституциялық тәртіп бойынша жүзеге асырумен сипатталатын саяси режим қалыптасқан мемлекеттің түрі:
А)зайырлы;
В)әлеуметтік;
С)құқықтық;
Д)әскери (полицейлік);
Е)тоталитарлық.
10.Б. д. д. VІ ғасырдағы қай ежелгі грек билеушісі барлық азаматтарға бірдей заң билігі туралы айтқан?
А)Перикл;
В)Солон;
С)Фемистокл;
Д)Гераклит;
Е)Поликрат